Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-4 және 5-5-тармақтармен толықтырылсын:
"5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
5-5. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжілісінің хаттамаларын ресімдейді.
Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.";
7-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген сөздер "Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
"8. Комиссия қызметінің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жұмыс органы қамтамасыз етеді.
9. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі, төраға
Исабаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бейбіт Өксікбайұлы және ақпарат вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Кәрібжанова - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Роза Самидоллақызы және ақпарат министрлігі Мәдениет
комитеті төрағасының орынбасары,
хатшы
Есім - Қазақстан Республикасының
Ғарифолла Есімұлы Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша)
Қырықбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы және ақпарат министрлігі Мәдениет
комитетінің төрағасы
Абаев - Қазақстандық суретшілер
Хасен Сейілханұлы қауымдастығы басқармасының
төрағасы, Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген өнер қайраткері
(келісім бойынша)
Досжан - мүсінші, Т. Жүргенов атындағы өнер
Болат Сапарұлы академиясының профессоры, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген өнер
қайраткері (келісім бойынша)
Мансұров - мүсінші, Қазақ көркем қорының
Мұрат Амангелдіұлы төрағасы (келісім бойынша)
Нұразхан - Қазақстан Республикасындағы
Алмас Шайкенұлы мәдениет пен өнерді қолдау
мемлекеттік қорының директоры
(келісім бойынша)
Садықов - Қазақстан сәулетшілер одағының
Амангелді Зейноллаұлы мүшесі, Қазақстанның құрметті
сәулетшісі (келісім бойынша)
Оразбекова - өнертанушы, Қазақстан Республикасы
Лаура Сакенқызы Көркемөнер академиясының президенті
(келісім бойынша)
мына жолдар:
"Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Білім
Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлігі Ш. Уәлиханов
атындағы тарих және этнология
институтының директоры
Ли - өнертанушы (келісім бойынша)
Камилла Витальевна
Рүстембеков - Қазақстан Сәулетшілер одағының
Ақмырза Исаұлы президенті (келісім бойынша)
Сергебаев - мүсінші, Қазақстанның еңбек
Ескен Аманжолұлы сіңірген өнер қайраткері (келісім
бойынша)
Өмірбеков - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік
Байтұрсын Есжанұлы өнер мұражайының директоры (келісім
бойынша)"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Қойгелдиев - "Қазақстан тарихшылар қоғамдастығы"
Мәмбет Құлжабайұлы қоғамдық ұйымының төрағасы, тарих
ғылымдарының докторы, профессср
(келісім бойынша)
Ли - өнертанушы, Қазақстан Суретшілер
Камилла Витальевна одағының жауапты хатшысы, ЮНЕСКО
жанындағы суретші-сыншылар
қауымдастығының мүшесі (келісім
бойынша)
Рүстембеков - Қазақстан Сәулетшілер одағы
Ақмырза Исаұлы басқармасының төрағасы (келісім
бойынша)
Өмірбеков - өнертанушы, Қазақстанның еңбек
Байтұрсын Есжанұлы сіңірген өнер қайраткері, профессор
(келісім бойынша)";
көрсетілген Комиссияның құрамынан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Әлиев Арыстанбек Мұхамедиұлы, Шаймерден Ербол Шаймерденұлы, Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы, Әбішев Бақытжан Әлімбайұлы, Байпақов Карл Молдахметұлы, Кацев Владимир Зеликович, Мергенов Еркін Тілекұлы, Ерғалиева Райхан Әбдешқызы, Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов