"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 661 Қаулысы

       Ескерту. Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.12.14 N 2096 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

жоба

  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж, N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж, N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 78-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж, N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж, N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж, N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж, N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж, N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж, N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж, N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж, N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат, N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 20,153-құжат):
      49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
      "ұйымын" деген сөзден кейін "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және мақта саласын дамыту" деген сөздер "мақта саласын дамыту және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж, N 13, 99-құжат; 2005 ж, N 9, 26-құжат; 2006 ж, N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж, N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат, N 24, 180-құжат):
      1) 43-бап мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жер учаскелеріне құқықтар беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен және жағдайда жүзеге асырылады.".
      2) 48-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер учаскелері немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы мыналарға:
      1) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
      3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;
      4) жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін оралмандарға;
      5) мемлекеттік және (немесе) уәкілетті органдар жүргізетін объектілер салу жөнінде конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған адамдарға және мұндай құрылыс тікелей көрсетілген адамдарға жер учаскесін беруді қажет етсе;
      6) оларға меншік құқығында және (немесе) өзге де заттық құқықтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес аумақта іргелес ғимараттарды (құрылымдарды, құрылыстарды) кеңейту және қайта жаңарту үшін тиесілі ғимараттарды (құрылымдарды, құрылыстарды) пайдалану және ұстау үшін жеке және заңды тұлғаларға;
      7) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиум қатысушыларына;
      8) халықтың жеке қора шаруашылығын ұстау бойынша мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ бау-бақша мақсатында жайлау және шабындықты алқаптарда пайдалану үшін;
      9) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған Келісім-шарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;
      10) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған Келісім-шарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
      11) арнайы экономикалық, индустриялық жерінің құрамынан;
      12) темір жол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр жол көлігінің, байланыс және энергетика мұқтаждықтары үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
      13) халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған жалпы пайдалану объектілеріне (су құбыры, жылу құбыры, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;
      14) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аймақтарды белгілеу үшін;
      15) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай салу үшін;
      16) мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар мен мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларда көзделген объектілерді салу үшін;
      17) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға және отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға ұсынылмаған жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға беру құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.";
      екінші бөліктегі "ауыл шаруашылығы мақсатындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-1-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын;
      2-тармақтың екінші абзацындағы "белгілі бір жерде" және "айқындалғаннан және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социально-предпринимательских корпораций"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года N 661

      Сноска. Проект Закона отозван из Мажилиса Парламента РК постановлением Правительства РК от 14.12.2009 № 2096.

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социально-предпринимательских корпораций".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

проект

Закон Республики Казахстан
О внесении дополнений и изменений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан по вопросам
социально-предпринимательских корпораций

       Статья 1 . Внести дополнения и изменения в следующие законодательные
                 акты Республики Казахстан:
      1. В  Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., N 23-24 (приложение); 1995 г., N 15-16, ст. 109; N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 2, ст. 187; N 14, ст. 274; N 19, ст. 370; 1997 г., N 1-2, ст. 8; N 5, ст. 55; N 12, ст. 183, 184; N 13-14, ст. 195, 205; 1998 г., N 2-3, ст. 23; N 5-6, ст. 50; N 11-12, ст. 178; N 17-18, ст. 224, 225; N 23, ст. 429; 1999 г., N 20, ст. 727, 731; N 23, ст. 916; 2000 г., N 18, ст. 336; N 22, ст. 408; 2001 г., N 1, ст. 7; N 8, ст. 52; N 17-18, ст. 240; N 24, ст. 338; 2002 г., N 2, ст. 17; N 10, ст. 102; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 11, ст. 56, 57, 66; N 15, ст. 139; N 19-20, ст. 146; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 56; N 16, ст. 91; N 23, ст. 142; 2005 г., N 10, ст. 31; N 14, ст. 58; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45, N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 13, ст. 85; 2007 г., N 2, ст. 18; N 3, ст. 20, 21; N 4, ст. 28; N 20, ст. 153):
      в части второй пункта 1 статьи 49:
      после слов "хлопкоперерабатывающей организации" дополнить словами ", социально-предпринимательской корпорации";
      слова "и развитии хлопковой отрасли" заменить словами ", развитии хлопковой отрасли и социально-предпринимательских корпорациях;".
      2. В  Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 13, ст. 99; 2005 г., N 9, ст. 26; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22; N 11, ст. 55; N 12, ст. 79, 83; N 16, ст. 97; 2007 г., N 1, ст. 4; N 2, ст. 18; N 14, ст. 105; N 15, ст. 106, 109; N 16, ст. 129; N 17, ст. 139; N 18, ст. 143; N 20, ст. 152; N 24, ст. 180):
      1) статью 43 дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      "12-1. Предоставление прав на земельные участки социально-предпринимательским корпорациям осуществляется в порядке и на условиях, предусмотренных настоящим Кодексом и законодательным актом Республики Казахстан о социально-предпринимательских корпорациях.".
      2) в статье 48:
      в пункте 1:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      "1. Предоставление земельных участков или права аренды земельных участков, находящихся в государственной собственности и не предоставленных в землепользование, осуществляется на торгах (конкурсах, аукционах), за исключением случаев, когда земельный участок или право аренды земельного участка предоставляется:
      1) социально-предпринимательским корпорациям для реализации инвестиционных и инновационных проектов;
      2) государственным землепользователям Республики Казахстан;
      3) иностранным государствам и международным организациям в соответствии с международными договорами;
      4) оралманам для ведения личного подсобного хозяйства;
      5) лицам, выигравшим конкурсы (тендера) по строительству объектов, проводимые государственными и (или) уполномоченными органами, и когда такое строительство требует предоставления земельного участка непосредственно указанным лицам;
      6) физическим и юридическим лицам для эксплуатации и содержания зданий (строений, сооружений), принадлежащих им на праве собственности и (или) иных вещных прав, в том числе, для расширения и реконструкции зданий (строений, сооружений) на прилегающей территории в соответствии с архитектурно-градостроительной и (или) строительной документацией, утвержденной в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;
      7) участникам кондоминиума для эксплуатации и содержания объекта кондоминиума;
      8) для использования пастбищных и сенокосных угодий в целях удовлетворения нужд населения по содержанию их личного подворья, а также для целей огородничества;
      9) для целей недропользования на основании Контракта, заключенного в соответствии с законодательством о недрах и недропользовании Республики Казахстан;
      10) в качестве государственных натурных грантов на основании Контракта, заключенного в соответствии с законодательством об инвестициях Республики Казахстан;
      11) из состава земель специальных экономических зон, индустриальных зон;
      12) для нужд железнодорожного, автомобильного, морского и внутреннего водного, воздушного, трубопроводного транспорта, связи и энергетики, а также для строительства иных объектов, имеющих государственное значение;
      13) под объекты общего пользования, предназначенные для удовлетворения нужд населения (водопроводы, теплотрассы, очистные сооружения и другие инженерно-коммуникационные сети и системы), а также под объекты специального назначения в соответствии с подпунктом 10) пункта 3 статьи 107 настоящего Кодекса;
      14) для установления зон с особыми условиями пользования землей в соответствии со статьей 121 настоящего Кодекса;
      15) для ведения личного подсобного хозяйства, садоводства, индивидуального жилищного и дачного строительства в соответствии с пунктом 3 статьи 9 настоящего Кодекса;
      16) для строительства объектов, предусмотренных государственными и региональными программами, и инвестиционных проектов, обеспечивающих государственные интересы и достижение общественно значимых целей;
      17) научным центрам с международным участием и отечественным промышленным предприятиям в соответствии с пунктом 3 статьи 9 настоящего Кодекса.";
      в части второй слова "сельскохозяйственного назначения" исключить;
      часть первую пункта 1-1 исключить;
      в абзаце втором пункта 2 слова "и установления" и "на местности" исключить.
       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти
                 календарных дней со дня его первого официального
                 опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан