Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Парижде халықаралық эпизоотиялық бюроны құру туралы халықаралық келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Парижде халықаралық эпизоотиялық бюроны құру туралы
халықаралық келісімді ратификациялау туралы
Парижде 1924 жылдың 25 қаңтарында қол қойылған Парижде халықаралық эпизоотиялық бюроны құру туралы халықаралық келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті