Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 705 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       РҚАО-ның ескертуі.
      1-тармаққа ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 493 қпү Қаулысымен өзгерту қарастырылған.

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне құрғақ сүтті ішкі және сыртқы нарықтардан сатып алуға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 795000000 (жеті жүз тоқсан бес миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

      1) құрғақ сүтті ішкі және сыртқы нарықтардан оны жаппай өндіру кезеңінде (2008 жылдың шілдесі, тамызы, қыркүйегі) сатып алуды қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыға сәйкес сатып алынатын және сатылатын құрғақ сүтке сатып алуға және сатуға тіркелген бағаларды белгілесін;

      3) ішкі нарықтағы құрғақ сүттің құны орташа жылдық нарықтық бағадан асып кеткен жағдайда құрғақ сүтті Орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында белгіленген өткен жылғы инфляция деңгейін ескере отырып, тіркелген бағалармен маусымаралық кезеңде (2009 жылдың қаңтары, ақпаны, наурызы) сатуды қамтамасыз етсін;

       РҚАО-ның ескертуі.
      2-тармақтың 4) тармақшасына ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 493 қпү Қаулысымен өзгерту қарастырылған.

      4) құрғақ сүтті тіркелген бағалармен сату қажеттілігі болмаған жағдайда құрғақ сүтті нарықтық бағамен экспортқа немесе ішкі нарықта сатуды қамтамасыз етсін;

      5) сатып алынған құрғақ сүттің құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде мамандандырылған ұйымға комиссиялық сыйақы, сондай-ақ оны сатып алу, сақтау және тасымалдау жөніндегі шығыстарды бөлінетін қаражат есебінен төлеуді қамтамасыз етсін;

       РҚАО-ның ескертуі.
      2-тармақтың 6) тармақшасына ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 493 қпү Қаулысымен өзгерту қарастырылған.

      6) құрғақ сүтті сатудан алынған ақшалай қаражатты он күн мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года N 705

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года "О республиканском бюджете на 2008 год", постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов", а также в целях обеспечения экономической и социальной стабильности, продовольственной безопасности в Республике Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

       Примечание РЦПИ!
      В пункт 1 предусмотрены изменения постановлением Правительства РК от 09.04.2009 № 493 дсп .

      1. Выделить Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2008 год на неотложные затраты, 795000000 (семьсот девяносто пять миллионов) тенге на закуп сухого молока на внутреннем и внешнем рынках.

       Примечание РЦПИ!
      В пункт 2 предусмотрены изменения постановлением Правительства РК от 09.04.2009 № 493 дсп .

      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан:

      1) обеспечить закуп сухого молока в период его массового производства (июль, август, сентябрь 2008 года) на внутренних и внешних рынках;

      2) установить фиксированные цены на закуп и реализацию сухого молока, закупаемого и реализуемого в соответствии с настоящим постановлением;

      3) обеспечить реализацию сухого молока по фиксированным ценам в период межсезонья (январь, февраль, март 2009 года) в случае превышения стоимости сухого молока на внутреннем рынке выше среднегодовой рыночной цены с учетом уровня инфляции за предыдущий год, определенного в Среднесрочном плане социально-экономического развития;

      4) в случае отсутствия необходимости реализации сухого молока по фиксированным ценам, обеспечить реализацию сухого молока на экспорт и на внутреннем рынке по рыночным ценам;

      5) обеспечить выплату комиссионного вознаграждения специализированной организации в размере 3 (три) процентов от стоимости закупленного сухого молока, а также расходы по его закупу, хранению и транспортировке за счет выделяемых средств;

      6) обеспечить перечисление денежных средств от реализации сухого молока в доход республиканского бюджета в десятидневный срок.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов