"2008 жылға арналған республикалык бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия жэне сауда министрлігіне өңірлік басымдықтарға сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын үлғайтуға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте кезделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шүғыл шығындарға арналған резервінен 28000000000 (жиырма сегіз миллиард) теңге сомасында қаражат бөлінсін.