Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындардың 2008 жылға арналған нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 309
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындардың 2008 жылға арналған нормативтерінде:
5-бағанда:
"Ақтөбе облысы" деген 2-бөлімде:
"II дала аймағы" деген кіші бөлімде:
"Мақсары" деген жолдағы "2637" деген сандар "3081" деген сандармен алмастырылсын;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген 4-бөлімде:
"II дала аймағы" деген кіші бөлімде:
"Қара құмық" деген жолдағы "2880" деген сандар "3880" деген сандармен алмастырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов