2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандума Қосымша хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 794 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 29 тамыздағы
N 794 қаулысымен    
мақұлданған      

жоба 

  2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы
Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға
Қосымша хаттама 1. Жалпы ережелер

      1. Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Меморандумның және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес ағымдағы жобаларды қолдау мақсатында 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) өзгерістер енгізуге келісті.

      2. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі төменде сипатталған жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қосымша көмек көрсету үшін 200000 (екі жүз мың АҚШ долларын) ұсынады. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жәрдемді Америка Құрама Штаттары Үкіметінің өзге органдары мен тиісті институттары арқылы осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес береді.

      3. Осы Қосымша хаттамада көзделетін ақшалай қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметіне есірткіге сұранысты азайту мәселелерінде жәрдем көрсетуге бағытталған жобаға қолданылады.

      4. Тараптар осы жобаларды қолдау үшін жасайтын іс-әрекеттер және ұсынатын ресурстар төменде көрсетілген.

      5. Осы жобалар бойынша қаржы бөлу Америка Құрама Штаттары Конгресінің жыл сайынғы мақұлдауына және қорларды қаржыландыруына, сондай-ақ оларды Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік Департаментінің бекітуіне байланысты.

  2. Жобаның сипаттамасы, мақсаты және оны бағалау

      6. Зерттеу 20000 (жиырма мың АҚШ доллары):
      1) қорлар екі зерттеу жүргізуге пайдаланылады: есірткіге сұранысты азайту жөніндегі жобаның басталуы алдындағы бірінші зерттеу және жобаның аяқталуы бойынша екінші зерттеу. Зерттеулер Қазақстанның алты немесе жеті ең ірі қалаларында 7-11-сынып оқушылары арасында жүргізілетін болады. Сұрақ-жауапқа оқушылардың есірткінің зияны туралы пікірлерін және есірткіге қарым-қатынасын қамтитын болады. Зерттеу ең осал өңірлер мен топтарды анықтауға арналған және оларға осы Қосымша хаттаманың 2-бөлімінің 7 және 8-тармақтарына сәйкес осы жобаның күш-жігерін бағыттау үшін қажет;
      2) қорытынды зерттеу жобаның тиімділігін бағалайтын болады. Зерттеуді Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі анықтайтын ұйым жүргізеді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.

      7. "Астана-есірткісіз қала" жобасы 80000 (сексен мың АҚШ доллары):
      1) аталған жобаны есірткіге сұранысты азайту жөніндегі күш-жігерді іске асыру үшін Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірлесе отырып, Астана қаласында жүргізетін болады. Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, жастар үшін есірткіні пайдаланудың қауіптілігін жария етуге және "Жастар есірткіге қарсы" ұранымен денсаулық үшін оң әсерлі әрі пайдалы әрекетті насихаттауға бағытталған қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырады. Бұл іс-шаралар дөңгелек үстелдер, концерттер, әр түрлі жастар жарыстарын ұйымдастыруды және басқа да тиісті қызметті қамтуы мүмкін.
      2) Америка Құрама Штаттарының Үкіметі:
      қатысушыларды/сарапшыларды және қажетті ақпараттық материалдарды ұсынады;
      Америка Құрама Штаттарының Үкіметі демеушілік жасайтын іс-шараларды қазақстандық тараппен үйлестіре отырып, материалдық-техникалық қамсыздандыруды қамтамасыз етеді;
      егер іс-шаралар қатысушылардың жұмыс орнынан қашықта өткізілсе, олардың жол және тәуліктік шығыстарын қамтамасыз етеді;
      жастар арасында бірлескен қоғамдық іс-шараларды жарнамалайды;
      ресми арналар арқылы орындалған іс-шаралар, қол жеткен мақсаттар туралы ақпаратты және бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығыстар және жобаның басталуынан және жобаның аяқталуынан алты айдан кейін бағдарламаға байланысты басқа да шығыстар туралы ақпаратты қамтитын есепті ұсынады;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      қоғамдық іс-шараларды өткізу үшін үй-жай ұсынады;
      қоғамдық іс-шараларды өткізу үшін қолда бар жабдықты ұсынады;
      жастар арасындағы бірлескен іс-шараларды жарнамалайды;
      барлық қоғамдық іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етеді;
      Астана қаласындағы Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне ресми арналар арқылы орындалған іс-шаралар, қол жеткен мақсаттар туралы ақпаратты және жобаның басталуынан және аяқталуынан алты айдан кейін бағдарламаның қандай әсері бар екендігі туралы ақпаратты қамтитын есепті ұсынады;
      4) аталған жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеу мынадай көрсеткіштермен есептеледі:
      едәуір қатысушылар саны бар қоғамдық іс-шаралардың табысты өтуі;
      жастар арасында есірткіге тәуелділік қаупі туралы хабардар болуды арттыру;
      5) жобаны бағалау: осы Қосымша хаттаманың 3-бөлімі.

      8. Үкіметтік емес ұйымдарға гранттар 100000 (жүз мың АҚШ доллары):
      1) қорлар есірткінің таралуына қарсы тұру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік және жастар ұйымдарына қоғамдық хабардар ету жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін аз мөлшердегі гранттарды ұсынуға пайдаланылады. Гранттар жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға Қазақстанның түрлі өңірлерінде есірткінің таралуына бағытталған қызметті жария ету және есірткіге сұранысты азайту жөніндегі күш-жігерде азаматтардың белсенділігін көтермелеу үшін жәрдем ретінде беріледі. Гранттар жүргізілген зерттеуге сәйкес жағдайы аса қиын өңірлерде өз қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады. Гранттар қатерлі топқа жататын жастар үшін қоғамдық іс-шара (музыкалық, білім беру, спорттық және басқа іс-шаралар) өткізудің ұсынылған жобасына байланысты конкурстық негізде беріледі. Қорлар сондай-ақ нашақорлық проблемасына қоғамдық назар аудару және ресурстар тарту үшін жарнамалық науқандарға, білім беру материалдарын жариялауға және семинарлар өткізуге пайдаланылады. Әрбір жеке грант 10000 (он мың АҚШ долларынан) аспайтын болады;
      2) Америка Құрама Штаттарының Үкіметі:
      грантты алуға конкурс жариялайды;
      грантты алуға өтінімдерді қарастыру үшін кездесулер өткізеді;
      грантты беру туралы соңғы шешімді қабылдайды;
      грантты іске асыруды қадағалайды;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      гранттың тақырыптары бойынша ұсынымдарды береді;
      гранттарды қарастыруға қатысады;
      4) аталған жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеу мынадай көрсеткіштермен есептеледі:
      қоғамдық іс-шараларды табысты өткізу және едәуір қатысушылар саны бар гранттарды іске асыру;
      жастар арасында есірткіге тәуелділік қаупі туралы хабардар болуды арттыру;
      5) жобаны бағалау: осы Қосымша хаттаманың 3-бөлімі.

  3. Жобаны бағалаудың бас жоспары

      9. Осы Қосымша хаттаманың жоғарыда көрсетілген жобаларының әрқайсысын бағалау мақсатында екі Тарап та төмендегілер туралы келісті:
      1) қол жеткен нәтижелерді және жобаларды жақсарту немесе өзгерту жөніндегі ұсыныстарды талқылау үшін осы Қосымша хаттамаға қол қойылған сәттен бастап кемінде әрбір алты айда кездесіп тұру;
      2) жобаның нәтижелерін уақтылы бағалау үшін қажетті барлық ақпаратты ұсыну.

      10. Әр жобаның қорытындысында Тараптардың өкілдері болашақ жобалардың тиімділігін жақсарту ниетімен табыстар мен проблемаларды бөліп көрсете отырып, әрбір жобаны толық бағалауды жүргізеді.

  4. Қорытынды

      11. Осы Қосымша хаттама екі Тарап та оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Қосымша хаттамада көзделген барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.

      12. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Өзара түсіністік туралы меморандумның барлық шарттары қолданыста қала береді.

      2008 жылғы "___"_____________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі түпнұсқа данада жасалды.

       Қазақстан Республикасының       Америка Құрама Штаттарының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертуі: Әрі қарай мәтін ағылшын тілінде берілген.

О подписании Дополнительного протокола к Меморандуму о взаимопонимании между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки в области контроля над наркотиками и обеспечения правопорядка от 12 декабря 2002 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2008 года N 794

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Одобрить прилагаемый проект Дополнительного протокола к Меморандуму о взаимопонимании между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки в области контроля над наркотиками и обеспечения правопорядка от 12 декабря 2002 года.

      2. Уполномочить Министра образования и науки Республики Казахстан Туймебаева Жансеита Кансеитовича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Дополнительный протокол к Меморандуму о взаимопонимании между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки в области контроля над наркотиками и обеспечения правопорядка от 12 декабря 2002 года, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Одобрен            
постановлением Правительства 
Республики Казахстан    
от 29 августа 2008 года N 794

проект

  Дополнительный протокол
к Меморандуму о взаимопонимании
между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Соединенных Штатов Америки
в области контроля над наркотиками и обеспечения правопорядка
от 12 декабря 2002 года

  1. Общие положения

      1. Правительство Республики Казахстан и Правительство Соединенных Штатов Америки, далее именуемые Сторонами, соглашаются внести изменения в  Меморандум о взаимопонимании между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки в области контроля над наркотиками и обеспечения правопорядка от 12 декабря 2002 года (далее - Меморандум) в целях поддержания текущих проектов в соответствии с условиями Меморандума и настоящего Дополнительного протокола.

      2. Правительство Соединенных Штатов Америки предоставляет 200000 (двести тысяч долларов США) для дополнительной помощи Правительству Республики Казахстан в рамках проекта, описанного ниже. Правительство Соединенных Штатов Америки предоставляет соответствующее содействие Правительству Республики Казахстан через другие органы Правительства Соединенных Штатов Америки и соответствующие институты в соответствии с условиями настоящего Дополнительного протокола.

      3. Денежные средства, предусматриваемые данным Дополнительным протоколом, распространяются на проект, направленный на содействие Правительству Республики Казахстан в вопросах снижения спроса на наркотики.

      4. Действия, которые предпринимаются, и ресурсы, которые предоставляются Сторонами в поддержку данных проектов, указаны ниже.

      5. Выделение финансирования по данным проектам зависит от ежегодного одобрения и ассигнования фондов Конгрессом Соединенных Штатов Америки, а также их утверждения Государственным Департаментом Соединенных Штатов Америки.

  2. Описание проекта, цель и оценка

      6. Исследование 20000 (двадцать тысяч долларов США):
      1) фонды будут использованы на проведение двух исследований: первого исследования перед началом проекта по снижению спроса на наркотики и второго исследования по окончанию проекта. Исследования будут проводиться в шести или семи самых крупных городах Казахстана среди школьников с 7 по 11-й классы. Опрос будет включать мнение школьников о вреде наркотиков и отношение школьников к наркотикам. Исследование предназначено для определения наиболее уязвимых регионов и групп, чтобы направить на них усилия данного проекта согласно пунктам 7 и 8 раздела 2 настоящего Дополнительного протокола;
      2) Заключительное исследование будет оценивать эффективность проекта. Исследование будет проводиться организацией, определяемой Посольством Соединенных Штатов Америки в Республике Казахстан. Результаты исследования будут переданы в Министерство образования и науки Республики Казахстан.

      7. Проект "Астана - город без наркотиков" 80000 (восемьдесят тысяч долларов США):
      1) данный проект будет проводиться совместно Посольством Соединенных Штатов Америки в Республике Казахстан с Министерством образования и науки Республики Казахстан для реализации усилий по снижению спроса на наркотики в городе Астане. Посольство Соединенных Штатов Америки в Республике Казахстан совместно с Министерством образования и науки Республики Казахстан будут организовывать общественные мероприятия для молодых людей, направленные на освещение опасности употребления наркотиков и пропаганду положительной и полезной для здоровья деятельности под девизом "Молодежь против наркотиков". Эти мероприятия могут включать организацию круглых столов, концертов, различных молодежных соревнований и другую соответствующую деятельность;
      2) Правительство Соединенных Штатов Америки:
      предоставляет участников/экспертов и необходимые информационные материалы;
      обеспечивает материально-техническое обеспечение в координации с казахстанской стороной мероприятий, спонсируемых Правительством Соединенных Штатов Америки;
      обеспечивает проезд и суточные участников, если мероприятия проходят далеко от места их работы;
      рекламирует совместные общественные мероприятия среди молодежи;
      предоставляет через официальные каналы отчет, включающий информацию о выполненных мероприятиях, достигнутых целях и информацию о финансовых расходах, связанных с реализацией программы, и других расходах, связанных с программой после шести месяцев от начала проекта и по окончанию проекта;
      3) Правительство Республики Казахстан:
      предоставляет помещение для проведения общественных мероприятий;
      предоставляет имеющееся оборудование для проведения общественных мероприятий;
      рекламирует совместные общественные мероприятия среди молодежи;
      обеспечивает освещение всех общественных мероприятий в средствах массовой информации;
      предоставляет Посольству Соединенных Штатов Америки в Республике Казахстан в городе Астане через официальные каналы отчет, включающий информацию о выполненных мероприятиях, достигнутых целях и информацию о том, какое воздействие имеет программа после шести месяцев от начала проекта и по окончанию проекта;
      4) прогресс в достижении целей данного проекта исчисляется в следующих показателях:
      успешное проведение общественных мероприятий со значительным количеством участников;
      повышение осведомленности среди молодежи об угрозах наркозависимости;
      5) оценка проекта: раздел 3 настоящего Дополнительного протокола.

      8. Гранты неправительственным организациям 100000 (сто тысяч долларов США):
      1) фонды будут использованы на предоставление небольших грантов неправительственным организациям, социальным и молодежным организациям для проведения мероприятий по общественной информированности с целью противостояния распространению наркотиков. Гранты предоставляются как содействие местным неправительственным организациям для освещения деятельности, направленной против распространения наркотиков в различных регионах Казахстана и для поощрения активности граждан в усилиях по снижению спроса на наркотики. Гранты будут распространяться на организации, осуществляющие свою деятельность в регионах с наиболее сложной ситуацией, согласно проведенному исследованию. Гранты будут предоставляться на конкурсной основе в зависимости от предложенного проекта проведения общественного мероприятия для молодежи, находящейся в группе риска (музыкального, образовательного, спортивного или другого мероприятия). Фонды также будут использоваться на рекламные кампании, публикацию образовательных материалов и проведение семинаров для привлечения общественного внимания и ресурсов к проблеме наркомании. Каждый отдельный грант не будет превышать 10000 (десять тысяч долларов США);
      2) Правительство Соединенных Штатов Америки:
      объявляет конкурс на получение гранта;
      проводит встречи для рассмотрения заявок на получение гранта;
      принимает окончательное решение о предоставлении гранта;
      контролирует реализацию гранта;
      3) Правительство Республики Казахстан:
      предоставляет рекомендации по тематике грантов;
      участвует в рассмотрении грантов;
      4) прогресс в достижении целей данного проекта будет исчисляться в следующих показателях:
      успешное проведение общественных мероприятий и реализация грантов со значительным количеством участников;
      повышение осведомленности среди молодежи об угрозах наркозависимости;
      5) оценка проекта: раздел 3 настоящего Дополнительного протокола.

  3. Главный план оценки проекта

      9. С целью оценки каждого из вышеперечисленных проектов настоящего Дополнительного протокола, обе Стороны согласились о нижеследующем:
      1) встречаться не реже, чем каждые шесть месяцев с момента подписания настоящего Дополнительного протокола для того, чтобы обсудить: достигнутые результаты и предложения по улучшению или изменению проектов;
      2) предоставлять всю необходимую информацию, чтобы своевременно оценивать результаты проекта.

      10. В заключение каждого проекта представители Сторон проводят полную оценку каждого проекта, выделяя успехи и проблемы, с намерением улучшить эффективность будущих проектов.

  4. Заключение

      11. Настоящий Дополнительный протокол вступает в силу со дня его подписания обеими Сторонами и прекращает свое действие после исполнения Сторонами всех обязательств, предусмотренных настоящим Дополнительным протоколом.

      12. Все условия Меморандума о взаимопонимании с изменениями и дополнениями остаются применимы.
      Совершен в городе Астана, "__"____________2008 года, в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском, английском и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу.

      За Правительство                        За Правительство
      Республики Казахстан               Соединенных Штатов Америки

      Примечание РЦПИ: Далее прилагается текст Дополнительного протокола на английском языке.