"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Қызылорда облысының 2008 - 2009 жылдардағы су тасқыны кезеңінде ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға және Сырдария өзенінің арнасын қорғау іс-шараларын жүргізуге, жағалау қорғаныс бөгеттерін және бұру каналдары бөгеттерін күшейтуге, бекітуге және қалпына келтіруге, қауіпті учаскелердегі өзен арнасын түзетуге, гидротехникалық құрылыстар орнатуға және оларды жөндеуге Қызылорда облысының әкіміне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 970000000 (тоғыз жүз жетпіс миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.