Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат, N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж. 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 ж. 6 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 ж. 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 ж. 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 ж. 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
):
213-бапта:
тақырыптағы "Шетел" деген сөз "Ұлттық және шетел" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "Ұйым басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын" деген сөздер "Ұйым басшысының немесе жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын ұлттық және" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"он мыңнан жиырма мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
Ескертудегі "шетел валютасындағы қаражат сомасы бес" деген сөздер "ұлттық және шетел валютасындағы қаражат сомасы он" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-кұжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар, N 13, 85, 86-құжаттар, N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 ж. 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 ж. 6 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 ж. 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 ж. 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 ж. 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 ж. 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 ж. 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 ж. 23 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 ж 24 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 ж. 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 ж. 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 ж. 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 ж. 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 ж. 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
):
1) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды
қамтамасыз етпеу
Уәкілетті банктердегі банк шоттарына:
тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған, резидент еместің міндеттемелерді орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есептемеу түрінде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеу, -
жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - есептелмеген ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есептелмеген ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.";
2) мынадай мазмұндағы 188-1-баппен толықтырылсын:
"188-1-бап. Операцияларды арнайы валюта режимін бұза отырып
жүргізу
Арнайы валюталық режимді:
валюталық операцияны жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алу талабын орындамау;
резиденттер алған шетел валютасын міндетті сату талабын орындамау;
шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу, -
жеке және заңды тұлғаларға арнайы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 572-баптың бірінші бөлігі "188 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "188-1," деген цифрлармен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат):
1) 8-баптың и-1) тармақшасындағы "қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
2) 56-баптың г) тармақшасындағы "валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау" деген сөздер "валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 62-2-баптың 3) тармақшасының екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті" деген сөздер "валюталық операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 62-3-бапта:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті" деген сөздер "валюталық операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті" деген сөздер "валюталық операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 11, 38-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбастау пункттері - шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;
2) базалық актив - бағасына туынды қаржы құралының құны тәуелді қаржы құралы, көрсеткіш немесе тауар;
3) валюта - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірлігі немесе банкноталар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;
4) валюталық құндылықтар:
шетел валютасы;
номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
тазартылған құйма алтын;
резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
5) валюталық операциялар:
валюталық құндылықтарға меншік құқығының және де құқықтардың көшуіне байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану;
валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару;
6) валюталық шарт - өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келісім, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар;
7) коммерциялық кредиттер - тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізушілер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тікелей жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем);
8) қаржы заемдары:
заемдар (коммерциялық кредиттерді қоспағанда);
шет елде халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында құрылған еншілес ұйымдары енгізген банктердегі салымдар (депозиттер);
борышкердің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге берілетін ақша;
үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кредитор алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауы, соның нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлікті сыйақымен немесе онсыз қайтару жөніндегі міндеттемесі орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеттілігі туындайды;
қаржы лизингі, сондай-ақ кейіннен өтеуін төлеп сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда);
9) мәміле паспорты - валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;
10) резидент еместер:
осы баптың 11) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;
егер халықаралық (мемлекетаралық) келісімде оларды құру жөнінде өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар;
шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері;
11) резиденттер:
Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік қызметінде жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
12) туынды қаржы құралдары - құны базалық активтің құнынан бөлек бағалануы мүмкін және мәмілелердің дербес объектісі бола алатын қаржы құралдары;
13) тікелей инвестициялар:
егер осындай салымдарды жүзеге асыратын тұлғаға осы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызы (қатысушылары дауысының жалпы санының он және одан да көп пайызы) тиесілі болса немесе осындай салымдардың нәтижесінде тиесілі болатын болса, заңды тұлғаның акцияларын (қатысушыларының салымдарын) төлеуге зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды қоса алғанда, ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды және өзге де мүлікті салу;
осы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызы (қатысушылары дауысының жалпы санының он және одан да көп пайызы) тиесілі тұлға жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталдан өзге капиталын ұлғайтуға әкеліп соқтыратын мүлікті салу;
14) уәкілетті банктер - Қазақстан Республикасында құрылған банктер және осы баптың 15) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды жүзеге асыратын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге құқығы бар ұйымдар;
15) уәкілетті ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;
16) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасы валютасы;
17) шетел валютасы - шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктері;
18) шетелдік банктер - Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер және өзге де қаржы институттары;
19) экспорт (импорт) - резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) тауарларды сатуы, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі.";
2) 5-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;";
3) 6-бапта:
тақырыптағы "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты" деген сөздер "Шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.";
2-тармақтағы "осы баптың 1-тармағында аталған қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша сауда нүктелері мен айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін" деген сөздер "осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Валюталық операцияға қатысушы резидент:
1) егер валюталық шартқа тіркеу режимі бастапқы кезден қолданылған жағдайда - тараптардың бірінің міндеттемелерін орындауы басталғанға дейін;
2) егер тараптардың бірінің міндеттемесін орындауы валюталық шартқа тіркеу режимін қолдануға әкеліп соқтырған жағдайда - осындай міндеттемені орындау басталғанға дейін;
3) егер тіркеу режимі валюталық шартқа оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде қолданылған жағдайда және тіркеу режимі валюталық шартқа қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тараптардың бірінің міндеттемелерін орындауы қажет болған кезде - осындай міндеттемелерді орындау басталғанға дейін;
4) өзге жағдайларда - валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тіркеу үшін өтініш беруге міндетті.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жататын мәміленің сомасына қатысты шекті мән, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режиміндегі ерекше жағдайлар белгіленеді.";
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияға қатысушы резидент ақпарат ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде хабарлама туралы растайды. Валюталық операцияларға қатысушы резидентке белгіленген үлгідегі құжат - хабарлама туралы куәлік беріледі.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептер беру арқылы валюталық операциялар туралы хабарламаның оңайлатылған нысанын енгізуге құқылы. Хабарламаның оңайлатылған нысаны қолданылатын операциялардың тізбесі, сондай-ақ есептер беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Хабарлама оңайлатылған нысанда жүзеге асырылған жағдайда хабарлама туралы куәлік берілмейді.";
4-тармақтағы "растау" деген сөз "куәлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде одан асып кеткен кезде валюталық шарт хабарлануға жататын мәміленің сомасына қатысты шекті мән, сондай-ақ хабарлама режиміндегі ерекше жағдайлар белгіленеді.";
6) 10-бапта:
бірінші бөліктегі "валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруы" деген сөздер "шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Шет тілде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік немесе орыс тіліне аударыла отырып ұсынылады.";
7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау
1. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына:
1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;
2) резидент емес міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын есептеуді білдіреді.
Резидент ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының репатриациялау мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Репатриациялау мерзімі - тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен резидент есептейтін уақыт кезеңі.
Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы.
2. Репатриациялау талабы осы Заңға сәйкес:
1) біртекті қарсы талапты есепке жатқызу арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
3) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған;
4) резиденттің резидент еместен тартылған заем талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетел банктеріндегі шоттарына ұлттық валюта және шетел валютасы нақты есептелген жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі.
3. Резидент резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап ету құқығын қабылдаған резидентке көшеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ одан асып кеткен кезде мәміле паспортын рәсімдеу талап етілетін мәміленің сомасына қатысты шекті мәнді белгілейді.
5. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды бақылау мақсатында, валюталық шартта резидент еместердің міндеттемелерді орындау мерзімдері міндетті түрде көзделуі тиіс.
Міндеттемелердің орындалу мерзімдері өзгерген, репатриациялаудың белгіленген мерзімдеріне әсерін тигізетін өзге де жағдайлар туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті негіздемені және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті.
6. Осы баптың талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды салық қызметі, кеден және құқық қорғау органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.";
8) 13-бапта:
4) тармақшадағы "резиденттердің шетел валютасымен шығарған бағалы қағаздарын және резидент еместердің шығарған бағалы қағаздарын" деген сөздер "номиналдық құны шетел валютасымен көрсетілген эмиссиялық бағалы қағаздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезінде жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар;";
9) 16-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезінде жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысулар;";
10) тармақшада:
"ашылған" деген сөз "резиденттер ашқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"арқылы" деген сөзден кейін "резидент еместермен операциялар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "лицензиялау," деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы "лицензиялау," деген сөз "мәміле паспортын ресімдеу," деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Шетел валютасын сатып алу және сату
1. Өздеріне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елдерде еркін сата алады және сатып ала алады.
2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді.";
11) 18-баптың 2-тармағындағы "қолма-қол шетел валютасын және (немесе)" деген сөздер "қолма-қол шетел валютасын және баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі қолма-қол" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 20-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарлар экспортына (импортына) байланысты 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер тіркеу режимінде жүзеге асырылады.
Резиденттің немесе резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзге де орындауының нақты мерзімі 180 күннен асып кеткен жағдайда, тіркеу режимі тауарлар экспортына (импортына) байланысты және 180 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттерге де қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жұмыстар, қызметтер көрсету экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер хабарлама режимінде жүзеге асырылады. Хабарлауды осындай төлемдерге қызмет көрсететін уәкілетті банк жүргізеді.
3-2. Валюталық реттеу режимі мәміле паспортын рәсімдеу талап етілетін экспортқа (импортқа) байланысты коммерциялық кредиттерге қолданылмайды.";
7-тармақ алып тасталсын;
13) 24-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша "ерекше құқықтарды" деген сөздерден кейін "толығымен" деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақша "орындау" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сенімгерлік басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты резиденттердің резидент еместердің пайдасына төлемдері, резидент еместердің резиденттердің пайдасына төлемдері, сондай-ақ резиденттердің резидент еместерге (резидент еместердің резиденттерге) ақшаны және өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі хабарлама режимінде жүзеге асырылады.";
4-тармақтағы "ерекше, құқықты" деген сөздерді "ерекше құқықты толығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 25-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Резидент заңды тұлғалар, банктерді және ұлттық почта операторын қоспағанда, шетелдік банкпен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шетелдік банктерде банк шоттарын ашқаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жеке тұлғадан шетелдік банктегі шоты туралы хабарлау талап етілмейді. Резидент жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) аударымдардың көлемдері туралы осындай аударымдарды жүзеге асыратын уәкілетті банк хабарлайды.";
15) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар валюталық бақылау агенттері болып табылады.";
16) 29-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) валюталық операциялар бойынша есептілік беру тәртібін белгілейді;";
3-тармақтың 4) тармақшасы "операциялар туралы" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Арнайы валюталық режим
1. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер ахуалды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, арнайы валюталық режим енгізіледі.
Арнайы валюталық режим - елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнген қатерді жою үшін жағдайлар жасауға бағытталған валюталық реттеу шараларының жиынтығын көздейтін және резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуіне жекелеген валюталық шектеулер енгізуге жол беретін валюталық операцияларды жүргізудің айрықша режимі. Арнайы валюталық режим оны енгізу үшін негіздеме болған жағдайларды жою мақсатында ғана қолданылатын уақытша шара болып табылады. Арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілуі мүмкін шектеулерге мыналар жатады:
1) валюталық операция сомасынан пайыз ретінде айқындалатын мөлшердегі депозитті уәкілетті банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне белгіленген мерзімге сыйақы төлеместен орналастыруды талап ету;
2) валюталық операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алуды талап ету;
3) резиденттер алған шетел валютасын міндетті сатуды талап ету;
4) шетелдік банктерде шоттарды пайдалану бойынша шектеулер, валюталық түсімді қайтару мерзімін және валюталық операциялар бойынша көлеміне, санына және есеп айырысу валютасына лимиттерді белгілеу.
Қазақстан Республикасының Президенті өзге де уақытша валюталық шектеулерді енгізуі мүмкін.
2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен консультациялар негізінде дайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мерзімдерде қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі мыналардан тұрады:
1) енгізілетін шаралардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге уақытша шектеулердің тізбесі;
2) арнайы рұқсат беру шарттарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібі;
3) арнайы валюталық режимді енгізу уақыты және қолданылу мерзімі.
4. Арнайы валюталық режимнің қолданылу мерзімі бір жылдан асырылмайды.
Арнайы валюталық режим енгізілген мерзім аяқталғаннан кейін арнайы валюталық режимнің күші жойылды деп саналады.
Арнайы валюталық режимді енгізу үшін негіз болған жағдайлар өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті тиісті акт шығару арқылы оның қолданылуын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не оның толық немесе ішінара мерзімінен бұрын күшін жоюға құқылы.
5. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісімен белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.".
5. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 10-баптың үшінші бөлігіндегі "32 және 37-баптарында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға және валюталық құндылықтарды пайдалануға" деген сөздер "32-бапта көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;
3) 37-бап алып тасталсын;
4) 42-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
5) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі ", сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті