"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 860 қаулысымен бекітілген |
Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың
салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру,
материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын
күштеп өзгертуге ұмтылыс жасауға террористік актілерге; билікті күштеп қолына алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билікті күштеп ұстауға бағытталған іс-қимылдарға; қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық іс-қимылдарға; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға; жаппай тәртіпсіздікке, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстарға; жекелеген жерлерді, экстремистік топтамалармен бірге аса маңызды объектілерді блокадалауға немесе басып алуға; заңсыз қарулы құрамаларды дайындауға және олардың қызметіне қатысқан адамдарға қолданылмайды.
2. Тұрғын үй-жайлар беру тәртібі
3. Тұрғын үй-жаймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-жайсыз қалған адамдар аумағында төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлар сәтінен бастап немесе төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде бір апта мерзімде аумағында төтенше жағдай енгізілген жергілікті атқарушы органға тұрғын үй-жай беру туралы өтініш береді, ал төтенше жағдай екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте енгізілген жағдайда өтінішті Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) береді.
4. Тұрғын үй-жайсыз қалған жеке тұлғаларды қамтамасыз ету үшін
төтенше жағдай енгізілген аумақтың жергілікті атқарушы органы, ал төтенше жағдай екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте енгізілген жағдайда Мемлекеттік комиссия:
1) тұрғын үй-жайлар беруге мұқтаж зардап шеккендердің тізімін
жасайды;
2) орналастыруға арналған тұрғын үй-жайларды белгілейді;
3) зардап шеккендерді орналастырады.
5. Төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлар
салдарынан немесе төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде зардап шеккендерге уақытша тұру үшін тұрғын үй-жай беру аумағында төтенше жағдай енгізілген жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде, ал төтенше жағдай екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте енгізілген жағдайда Мемлекеттік комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Төтенше жағдай енгізілген аумақтың жергілікті атқарушы органы, ал төтенше жағдай екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте енгізілген жағдайда Мемлекеттік комиссия тұрғын үй-жай беру туралы өтініш қабылдау мерзімі өткеннен кейін екі апта мерзім ішінде зардап шеккендер үшін уақытша тұрғын үй-жай беру туралы шешім шығарады.
3. Материалдық залалды өтеу тәртібі
6. Төтенше жағдай енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлар сәтінен бастап екі апта мерзімде материалдық залалды бағалау және өтеу жөнінде комиссия құрады.
Материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері кіреді.
7. Материалдық залал шеккен зардап шегушілер төтенше жағдай енгізу үшін негіз болған мән-жайлар сәтінен бастап екі апта мерзімде немесе төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
8. Материалдық залалды өтеу туралы өтінішке:
1) зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың
салдарынан осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің аумақтық органынан уақытша жеке куәлік;
2) денсаулық сақтау ұйымынан зардап шеккен адамның еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын құжаттар;
3) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты дәрілік заттар сатып алуға кеткен шығындарды растайтын құжаттар (шот-фактуралар, жөнелтпе құжаттар, кіріс кассалық ордері немесе фискалдық чек және өзгелері);
4) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес төтенше жағдай енгізу үшін негіз болған мән-жайлар сәтінен бастап немесе төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде зардап шегушінің жоғалған немесе бүлінген мүлкінің тізбесі;
5) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде зақымданған мүліктің тұтыну сапасын қалпына келтіру кезінде шеккен шығыстарды (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кіріс кассалық ордерін немесе фискалдық чекті) растайтын құжат қоса беріледі.
9. Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналына зардап шегушіге құжаттарды қабылдағандығы туралы растама бере отырып жүзеге асырады.
10. Материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия
материалдық залалды өтеу туралы өтінішті қабылдау мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде өтелетін залалдың көлемін анықтайды.
11. Материалдық залалдың көлемін және материалдық залал шеккен адамдардың тізімін әкім бекітеді.
12. Материалдық залалды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын мөлшерде республикалық бюджет және төтенше жағдай енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің шешімімен айқындалатын мөлшерде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Материалдық залалды өтегеннен кейін материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында күнін, өтелген материалдық залалдың мөлшерін және төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жасалады.
4. Қажетті көмек беру тәртібі
14. Төтенше жағдай енгізілген аумақтың жергілікті атқарушы органы, ал төтенше жағдай екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте енгізілген жағдайда Мемлекеттік комиссия қажеттілікті айқындайды және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес зардап шеккендерді қажетті көмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Материалдық көмекті және бірінші қажеттілік тауарларын бөлу төтенше жағдай енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі, ал ол екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте туындаған жағдайда Мемлекеттік комиссия төрағасы бекіткен тізімдерге сәйкес жүргізіледі.
15. Зардап шеккендерді ыстық тамақпен, ауызсумен, киіммен, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етуді төтенше жағдай енгізілген аумақтың жергілікті атқарушы органы азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып ұйымдастырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Зардап шеккендерді медициналық қамтамасыз етуді және оларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді төтенше жағдай енгізілген аумақтың жергілікті атқарушы органы азаматтық қорғау медициналық қызметін тарта отырып дереу ұйымдастырады.
Медициналық қамтамасыз ету емдеу-эвакуациялау, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы алдын алу іс-шараларын көздейді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17. Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға оңалту көмегін қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау ұйымдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін беру тәртібімен жүргізеді.
Ережеге 1-қосымша |
Кімге______________________________
(материалдық залалды бағалау
және өтеу жөніндегі комиссия
төрағасының Т.А.Ә.)
___________________________________
___________________________________
тұратын_____________________
(өтініш берушінің
Т.А.Ә)
тел.________________________
Материалдық залалды өтеу туралы өтініш
Сізден________________________________________________________
______________________________________________________________
___________________________________________________ байланысты
(оқиғаның сипаты көрсетіледі)
маған материалдық залалды өтеуіңізді сұраймын.
Материалдық залалды мына мекен-жай бойынша
өтеуді сұраймын:______________________________________________
______________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, тұратын мекен-жайы)
Банк мекемесінің N ___________________________________________
филиалдың N __________________________________________________
Жеке есеп шоты немесе карт-шоты_______________________________
______________________________________атына аударуды сұраймын. (Т.А.Ә.)
Алушының СТН N _______________________________________________
Өтінішіме мына құжаттарды қоса беріп отырмын:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
5.____________________________________________________________
____ж."___" ___ Өтініш беруші___________
(жылғы)(күні)(айы) (Т.А.Ә. қолы)
Ережеге 2-қосымша |
Өтеуге жататын жоғалған немесе
бүлінген мүліктің тізбесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Зардап шегушіге жеке меншік құқығында тиесілі, оған қажетті мынадай мүлік пен заттар түрлері өтеуге жатады:
1. Тұрғын үй, пәтер немесе оның жекелеген бөліктері.
2. Үй орналасқан жер учаскелері және жеке қосалқы шаруашылық
жүргізу үшін қажетті шаруашылық құрылыстары.
3. Негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын зардап шегушілер үшін:
1) шаруашылық құрылыстары және үй малы;
2) малға арналған азық;
3) ауыл шаруашылығы дақылдарын кезекті егу үшін қажетті тұқымдар.
4. Үй жағдайындағы заттар, жабдық, киімдер:
1) киім, аяқ киім, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ас үйлік және асханалық аспаптар;
2) зардап шегуші мен оның отбасы мүшелеріне ең аз қажетті жиһаз.
5. Зардап шегушінің отбасының ас әзірлеуіне және тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.
6. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдары.
Мүлік зардап шегуші мен оның отбасы мүшелерінің ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті мөлшерде өтеуге жатады.
Тері және басқа бағалы киімдер, асханалық сервиздер, қымбат бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар заттар өтеуге жатпайды.
Ережеге 3-қосымша |
Материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналы
Р/с N | Төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шегушінің Т.А.Ә. | Түскен күні, кіріс N | Тұратын мекен- жай | Материалдық залалды өтеу себебі (төтенше жағдай орнының, уақыты мен түрінің қысқаша сипаттамасы) | Материалдық залалдың мөлшері | Берілген материалдық көмек бойынша төлем тапсырмасының N және күні (тіркеушінің қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ережеге 4-қосымша |
Жеке тұлғаларға берілетін қажетті көмек тізбесі
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Зардап шегушіге қажетті көмек беруге мыналар жатады:
1. Тәулігіне үш рет ыстық тамақ, ауыз су, киім (жылдың суық уақытында — жылы киім), төсек-орын жабдықтары.
2. Жылыну үшін үй-жай беру.
3. Жеке тұрғын үйге, пәтерге көлемі үлкен жүкті, мүлікті (оның ішінде орны толтырылған) тасу.
4. Тұру үшін жарамды жеке тұрғын үйді, пәтерді күрделі жөндеу және (немесе) қалпына келтіру.
5. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті шаруашылық құрылыстарын қалпына келтіру немесе құрылыс салу.
6. Мыналарды:
тамақ дайындауға және зардап шеккен отбасылардың тұрғын үйін жылытуға арналған отынды;
мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдарын жеткізу.
7. Материалдық көмек және бірінші қажеттілік тауарлары.
8. Медициналық қамтамасыз ету және шұғыл медициналық көмек көрсету (емдеу-эвакуациялау, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар).
9. Оңалту көмегі.