Туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы N 957 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 405 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет көрсетудің үлгі шарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                              2008 жылғы 16 қазандағы
                                                 N 957 қаулысымен
                                                    бекітілген

           Туристік қызмет көрсетудің үлгі шарты 

_________________                              "______"______ 2008 ж.

      Бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын____________________________
______________________________________________________________ атынан
  (туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның толық атауы)
_________________ және _______________________________________ берген
________ж."_____"________N______________ лицензияның негізінде әрекет
ететін_______________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрі "Тұтынушы" деп аталатын__________________
_____________________________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты)
жеке басын куәландыратын құжаты______________________________________
_____________________________________________________________________
                (нөмірі, берілген күні, кім берді)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Орындаушы осы Шартта көзделген көлемде және шарттарда Тұтынушының саяхат кезеңіндегі және осы саяхатқа байланысты қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті туристік қызмет көрсетуге міндеттенеді.
      2. Орындаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (тек қана туроператор/турагент үшін) туроператордың___________________________
                                           (сақтандырушының атауы)
_________ ж."____"___________N__________________________ қолданыстағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына сәйкес сақтандырылды.
      3. Тұтынушы отбасының деректері_______________________________
      4. Өткізілетін туристік өнімді туроператор қалыптастырады
_____________________________________________________________________
  (туроператордың толық атауы, лицензияның N, мекен-жайы, банктік
               деректемелері, телефоны және Е-mаіl)
және Орындаушы - турагент_________ ж."____"_________________________ N _____________ Шарттың негізінде өткізеді.

               2. Тұтынушыға берілетін ақпарат

      1. Саяхаттың бағдарламасын және бағытын сипаттау______________
____________________________________________________________________
(уақытша болатын (жер) ел, болатын пункттер, туристік ресурстарға бару)
      2. Саяхаттың басталған және аяқталған күні мен уақыты
____________________________________________________________________
      3. Тұтынушыны тасымалдау жөніндегі қызметтер
____________________________________________________________________
(трансфертті коса алғанда, саяхаттың барлық кезеңіндегі көліктің түрі, үлгісі және санаты, тасымалдаушының (тасымалдаушылардың) атауы)
      4. Саяхаттың ерекшелігі_______________________________________
____________________________________________________________________
      5. Тұтынушыны орналастыру орындары туралы ақпарат
____________________________________________________________________
(орналастыру орындарының атауы, оның санаты, тұру, тамақтану жағдайлары)
      6. Белгіленген жерге жүкті жеткізу шарты ____________________

         3. Тұтынушыға туризм нұсқаушысы беретін ақпарат

      1. Туристік бағыттың атауы_____________________________________
      2. Тұтынушының жүру жолы_______________________________________
      3. Туристік бағыттың ұзындығы мен ұзақтығы_____________________
      4. Қауіпсіздік шаралары________________________________________
      5. Киімге және жабдықтарға қойылатын талаптар
_____________________________________________________________________
                (қажет болған кезде толтырылады)
      6. Туристік бағыттың қиын учаскелерін қысқаша баяндау
_____________________________________________________________________

4. Бағасы және оны төлеу тәртібі

      1. Осы Шарт бойынша қызмет көрсету құны______ теңгені құрайды.
      2. Тур құрамына кіретін қызметті алған кезде Орындаушы Тұтынушыға туристік ваучер (және/немесе туристік жолдама) береді.
      Орындаушы Тұтынушының келісімінсіз ақысына қосымша қызметтер көрсете алмайды. Тұтынушы осындай қызметтерді төлеуден бас тарта алады, ал егер олар төленген болса, Орындаушы төленген соманың қайтарылуын қамтамасыз етеді.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Саяхатқа дайындық кезінде транзитті қоса алғанда, оны жүзеге асыру уақытында Тұтынушы мыналарға құқылы:
      1) оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда консульдық, дипломатиялық, өзге мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге хабарлауға;
      2) уақытша болатын елге (жерге) кіру, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) шығу және онда болу ережелері, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасының ерекшеліктері, жергілікті халықтың дәстүрлері, діни әдет-ғұрыптары, киелі жерлері, табиғат, тарих, мәдениет ескерткіштері және ерекше қорғауға алынған басқа да туристік көрсету объектілері, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпаратқа;
      3) уақытша болатын ел (жер) қабылдаған шектеу шараларын ескере отырып, жүріп-тұру еркіндігіне, туристік ресурстарға бару еркіндігіне;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орындаушы туристік қызмет көрсету Шартының талаптарын орындамаған жағдайда шығындары мен моральдық зиянының орнын толтыруға;
      5) Орындаушы Шартты орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда және тәртіппен Шартты бұзуға;
      6) Орындаушыға Шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етілгенге дейін көрсетілген қызметтері үшін олардың іс жүзінде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейін Шартты орындаудан бас тартуға;
      7) жедел медициналық жәрдем алуға;
      8) шетелдік туристерге құқықтық және өзге көмек түрлерін алуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;
      9) қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуге.
      2. Транзитті қоса алғанда, саяхат уақытында Тұтынушы мыналарға міндетті:
      1) уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасын сақтауға;
      2) уақытша болатын елде (жерде) қоршаған ортаны сақтауға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштеріне мұқият болуға;
      3) уақытша болатын елге (жерге) кіру және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету және транзиттік өту елдерінде болу ережелерін сақтауға;
      4) саяхат уақытында жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға.
      Уақытша болатын елге (жерге) саяхатқа баруды болжамдайтын Тұтынушылар, халықаралық медициналық-санитарлық ережеге сәйкес алдын-ала тексерістен өтуге міндетті.
      Өзге міндеттер болатын елдің (жердің) заңнамасымен анықталады.
      3. Тұтынушының кінәсінен болған жағдайдан басқа, Орындаушы тапсырыс берушіге Шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ғана Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
      4. Орындаушы мыналарға міндетті:
      1) осы Шарт бойынша қызметтерді тиісті түрде, сапалы және мерзімінде көрсетуге;
      2) туристік өнімге кіретін жеке туристік қызметтер көрсететін нақты үшінші тұлғалар туралы ақпаратты ұсынуға;
      3) жолаушыларды кез келген көлік түрінде тасымалдаған кезде Тұтынушыға жүру және болу пункттерінің атаулары, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері бар жеке немесе топтық (туристік топқа қызмет көрсеткен кезде) тасымалдау құжатын (билетін) беруге;
      4) Тұтынушыларға саяхат басталғанға дейін үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, одан шығу және онда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрыптары, киелі жерлері, табиғат, тарих, мәдениет ескерткіштері және туристерге көрсетілетін ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға;
      5) саяхат уақытында Тұтынушымен төтенше жағдай болғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ Тұтынушының отбасына дереу хабарлауға міндетті.
      Егер шетелдік туристер Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, Орындаушы дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Туристік қызметтің сапасы және (немесе) көлемі басқа елге келген жері бойынша не жүру бағыты бойынша Шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Орындаушы Шарт талаптарының тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.
      2. Шартты Тұтынушының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заңнамалық актілерде немесе өтеусіз қызмет көрсету Шартында өзгеше көзделмесе, қызметтерге толық көлемде ақы төленуі тиіс.
      3. Шартты орындамау мүмкіндігі тараптардың бірде бірі жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда Тұтынушы Орындаушыға іс жүзінде шығарған шығындарын өтейді.
      4. Жолаушыларды кез келген көлік түрімен тасымалдаған кезде Орындаушы Тұтынушыға жүру және бару пункттерінің атауы, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері бар жеке немесе топтық (туристік топқа қызмет көрсеткен кезде) тасымалдау құжатын (билетін) беруге міндетті.
      5. Таразыға тартылуға ұсынылмаған жүктің тасымалы мен сақталуы үшін жауапкершілік Тұтынушыға жүктеледі. Егер Орындаушы тасымалға алынған жүкке билет, багаж түбіртегін немесе жүк құжаттамасын берсе, бірақ олар дұрыс ресімделмеген немесе жоғалған, немесе қандай да бір себептермен ұсынуға мүмкіндік болмаған жағдайда тасымалдау Шарты күшінде қалады.
      6. Орындаушы саяхат жасау кезінде дүлей күштің салдарынан Тұтынушыға келтірілген залал үшін жауап бермейді.
      7. Шартты жасасу кезінде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулі түрде өзгеруіне байланысты тараптардың әрқайсысы Шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы.
      8. Мән-жайлардың елеулі түрде өзгеруіне мыналар жатады:
      1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзімінің өзгеруі;
      2) көлік тарифтерінің ойламаған жерден өсуі;
      3) салық пен алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жаңа ставкаларын енгізу немесе қолданыстағы ставкаларының артуы;
      4) тараптардың келісімі бойынша белгіленетін өзге де негіздер.
      9. Осы Шартта көзделмеген тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес қолданылады.

7. Қорытынды ережелер

      1. Осы Шартқа барлық толықтырулар және өзгерістер жазбаша жасалуы және екі тарап қол қоюға тиіс.
      2. Осы Шарт бірдей заң күші бар орыс және мемлекеттік тілдерінде екі данада жасалды.
      3. Осы Шартқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) туристік қызметке арналған тиісті лицензияның көшірмесі;
      2) туристің жадынамасы;
      3) туристік жолдама;
      4) ақы төленгендігі туралы түбіртек;
      5) туристік ваучер (туристік өнімді өткізген кезде).

8. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері

____________________________        ___________________________
 (Орындаушының толық атауы)                (Тұтынушының Т.А.Ә.)
_______________________________         _____________________________
(мекен-жайы, телефоны, факсы)          (мекен-жайы, телефоны, факсы)
_______________________________         ____________________________
          (қолы)                                   (қолы)

      Мөр орны

Об утверждении Типового договора на туристское обслуживание

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2008 года № 957. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2015 года № 405

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.06.2015 № 405 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 июня 2001 года "О туристской деятельности в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый Типовой договор на туристское обслуживание.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 16 октября 2008 года № 957

Типовой договор
на туристское обслуживание

      _____________                          "__"____________ 2008 г.

      ______________________________________________________________
(полное наименование лица, осуществляющего туристскую деятельность)
в лице_____________________________________________, действующего на
           (фамилия, имя, отчество, должность)
основании ___________ и лицензии № ____ от _____________ г. выданной
____________________________, именуемый в дальнейшем "Исполнитель",
с одной стороны, и ________________________________________________,
                           (фамилия, имя, отчество)
документ удостоверяющий личность___________________________________,
                               (номер, дата выдачи, кем выдан)
именуемый в дальнейшем "Потребитель", с другой стороны, далее
именуемые Стороны, заключили настоящий договор (далее - Договор)
о нижеследующем:

1. Предмет договора

      1. Исполнитель обязуется оказать туристские услуги, необходимые для удовлетворения потребностей Потребителя в период его путешествия и в связи с этим путешествием, в объеме и на условиях, предусмотренных настоящим Договором.
      2. Гражданско-правовая ответственность Исполнителя (только для туроператора/турагента) застрахована согласно действующему договору обязательного страхования гражданско-правовой ответственности
туроператора №___ от "___"___________ г. с__________________________.
                                           (наименование страховщика)
      3. Данные семьи Потребителя __________________________________.
      4. Реализуемый туристский продукт сформирован туроператором ___
_____________________________________________________________________
   (полное наименование туроператора, № лицензии, адрес, банковские
_____________________________________________________________________
                        реквизиты, телефон и Е-mail)
и реализуется Исполнителем-турагентом на основании Договора №_____
от "___"___________ 200__ г.

2. Информация, представляемая Потребителю

      1. Описание программы и маршрута путешествия__________________
____________________________________________________________________
      (страна (место) временного пребывания, пункты пребывания,
____________________________________________________________________
                       посещения туристских ресурсов)
      2. Дата и время начала и окончания путешествия________________
____________________________________________________________________
      3. Услуги по перевозке Потребителя ___________________________
                                            (вид, тип и категория
____________________________________________________________________
     транспорта на всех этапах путешествия, включая трансферт,
____________________________________________________________________
             наименование перевозчика (перевозчиков))
      4. Особенности путешествия____________________________________
      5. Информация о средствах размещения Потребителя______________
                                                      (наименования
____________________________________________________________________
    места размещения, его категория, условия проживания, питание)
      6. Условия доставки багажа в пункт назначения_________________
____________________________________________________________________

3. Информация, представляемая
инструкторами туризма Потребителю

      1. Наименование туристского маршрута__________________________
      2. Путь следования Потребителя________________________________
      3. Протяженность и продолжительность туристского маршрута_____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      4. Меры безопасности__________________________________________
      5. Требования к одежде и снаряжению___________________________
                                     (заполняется при необходимости)
      6. Краткое описание сложных участков туристского маршрута_____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

4. Цена и порядок ее оплаты

      1. Стоимость оказания услуг по настоящему Договору составляет
_____________________ тенге.
      2. При приобретении услуг, входящих в состав тура, Исполнитель выдает Потребителю туристский ваучер (и/или туристскую путевку).
      Исполнитель не может без согласия Потребителя оказывать дополнительные услуги за плату. Потребитель может отказаться от оплаты таких услуг, а если они оплачены, Исполнитель обеспечивает возврат уплаченной суммы.

5. Права и обязанности сторон

      1. При подготовке к путешествию, во время его совершения, включая транзит, Потребитель имеет право на:
      1) обращение в консульские, дипломатические, иные государственные, а также туристские представительства в случае посягательства на его личную безопасность или имущество;
      2) необходимую и достоверную информацию о правилах въезда в страну (место) временного пребывания, а также выезда из страны (места) временного пребывания и пребывания там, особенностях законодательства страны (места) временного пребывания, об обычаях местного населения, о религиозных обрядах, святынях, памятниках природы, истории, культуры и других объектах туристского показа, находящихся под особой охраной, состоянии окружающей среды;
      3) свободу передвижения, свободный доступ к туристским ресурсам с учетом принятых в стране (месте) временного пребывания ограничительных мер;
      4) возмещение убытков и морального вреда в случае невыполнения условий Договора на туристское обслуживание Исполнителем в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      5) расторжение Договора, в случае неисполнения или ненадлежащего исполнения Договора Исполнителем, на условиях и в порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;
      6) отказ от исполнения Договора до начала путешествия при условии оплаты Исполнителю фактически понесенных им расходов за услуги, оказанные до уведомления об отказе от исполнения Договора;
      7) получение экстренной медицинской помощи;
      8) содействие органов государственной власти Республики Казахстан в получении правовой и иных видов помощи иностранным туристам;
      9) беспрепятственный доступ к имеющимся средствам связи.
      2. Во время совершения путешествия, включая транзит, Потребитель обязан:
      1) соблюдать законодательство страны (места) временного пребывания;
      2) сохранять окружающую среду, бережно относиться к памятникам природы, истории и культуры в стране (месте) временного пребывания;
      3) соблюдать правила въезда и пребывания в стране (месте) временного пребывания, а также выезда из страны (места) временного пребывания и в странах транзитного проезда;
      4) соблюдать во время путешествия правила личной безопасности.
      Потребители, предполагающие совершить путешествие в страну (место) временного пребывания, обязаны проходить профилактику в соответствии с международными медико-санитарными правилами.
      Иные обязанности определяются законодательством страны (места) пребывания.
      3. Исполнитель имеет право отказаться от исполнения Договора лишь при условии полного возмещения заказчику убытков, причиненных расторжением Договора, кроме случая, когда это произошло по вине Потребителя.
      4. Исполнитель обязан:
      1) надлежащим образом, качественно и в срок оказать услуги по настоящему Договору;
      2) представить информацию о конкретных третьих лицах, оказывающих отдельные туристские услуги, входящие в туристский продукт;
      3) при перевозке пассажиров на любом виде транспорта выдать Потребителю индивидуальный или групповой (при обслуживании туристской группы) перевозочный документ (билет), содержащий названия пунктов отправления и назначения, основные права и обязанности пассажиров;
      4) за три дня до начала путешествия в письменной форме представить Потребителям сведения об особенностях путешествия, включающие в себя необходимую и достоверную информацию о правилах въезда, выезда и пребывания в стране (месте) временного пребывания, о законодательстве, об обычаях местного населения, о религиозных обрядах, святынях, памятниках природы, истории, культуры и других объектах туристского показа, находящихся под особой охраной, состоянии окружающей среды, а также об опасностях, с которыми они могут встретиться при совершении путешествий, и осуществить предупредительные меры, направленные на обеспечение безопасности Потребителей;
      5) незамедлительно информировать уполномоченный орган в области туристской деятельности и уполномоченный орган в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, а также семью Потребителя с момента, когда они узнали или должны были узнать о чрезвычайном происшествии с Потребителем во время путешествия.
      Если чрезвычайное происшествие произошло с иностранными туристами на территории Республики Казахстан или туристами-гражданами Республики Казахстан за пределами Республики Казахстан, Исполнитель обязан проинформировать также органы дипломатической службы.

6. Ответственность сторон

      1. В случае несоответствия качества и (или) объема туристских услуг условиям Договора по прибытии в другую страну либо по маршруту следования Исполнитель несет ответственность за ненадлежащее исполнение условий Договора.
      2. В случае невозможности исполнения Договора, возникшей по вине Потребителя, услуги подлежат оплате в полном объеме, если иное не предусмотрено законодательными актами или Договором возмездного оказания услуг.
      3. В случае, когда невозможность исполнения Договора возникла по обстоятельствам, за которые ни одна из сторон не отвечает, Потребитель возмещает Исполнителю фактически понесенные им расходы.
      4. Исполнитель, при перевозке пассажиров на любом виде транспорта обязан выдать Потребителю индивидуальный или групповой (при обслуживании туристской группы) перевозочный документ (билет), содержащий название пунктов отправления и назначения, основные права и обязанности пассажиров.
      5. Ответственность за перевозку и сохранность непредставленного к взвешиванию груза возлагаются на Потребителя. Если Исполнитель выдал билет, багажную квитанцию или грузовую накладную на принятый к перевозке груз, но они неправильно оформлены или утеряны, или их по каким-либо другим причинам невозможно предъявить, Договор перевозки остается в силе.
      6. Исполнитель не несет ответственности за ущерб, понесенный Потребителем во время совершения путешествия вследствие действия непреодолимой силы.
      7. Каждая из сторон вправе потребовать изменения или расторжения Договора в связи с существенными изменениями обстоятельств, из которых исходили при заключении Договора.
      8. К существенным изменениям обстоятельств относятся:
      1) ухудшение условий путешествия, изменение сроков путешествия;
      2) непредвиденный рост транспортных тарифов;
      3) введение новых или повышение действующих ставок налогов и сборов и других обязательных платежей в бюджет;
      4) иные основания, определяемые по соглашению сторон.
      9. Меры ответственности сторон, непредусмотренные в настоящем Договоре, применяются в соответствии с нормами гражданского законодательства, действующего на территории Республики Казахстан.

7. Заключительные положения

      1. Все дополнения и изменения к настоящему Договору должны быть составлены письменно и подписаны обеими сторонами.
      2. Настоящий Договор составлен в двух экземплярах на русском и государственном языках, имеющих одинаковую юридическую силу.
      3. К настоящему договору прилагаются следующие документы:
      1) копия соответствующей лицензии на туристскую деятельность;
      2) памятка туриста;
      3) туристская путевка;
      4) квитанция об оплате;
      5) туристский ваучер (при реализации турпродукта).

8. Адреса и реквизиты Сторон

_________________________________              ______________________
(полное наименование Исполнителя)               (Ф.И.О. Потребителя)
_________________________________              ______________________
     (адрес, телефон, факс)                    (адрес, телефон, факс)
_________________________________              ______________________
           (подпись)                                  (подпись)

         Место печати