Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы акционерлік қоғам басқармасының құрамына мыналардың сайлануын қамтамасыз ету ұсынылсын:
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - басқарма төрағасының орынбасары;
Құлыбаев Тимур Асқарұлы - басқарма төрағасының орынбасары.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов