Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ЖОБА
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң жер қойнауын пайдалануға қатысты құқықтық реттеуді белгілейді, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды қамтамасыз ету саласында басқару негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының мүдделері мен оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау - жер қойнауын пайдаланушының жобалау жұмыстарына арналған мердігерлік шартқа сәйкес жобалық құжатты жасаған жобалаушы ұйым жүзеге асыратын жобалау құжаттарының ережелерін сақтау мониторингі;
2) алғашқы ашушы - өнеркәсіптік құндылыққа ие бұрыннан белгісіз кенорнын ашушы, сондай-ақ бұрыннан белгілі кенорнында пайдалы қазбалардың қосымша қорларын немесе оның өнеркәсіптік құндылығын едәуір ұлғайтқан жаңа минералдық шикізатты анықтаушы тұлға;
3) бағалау жұмыстары - табылған объектінің жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
4) бағалау жұмыстарының жобасы - табылған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, табылған объектінің өнеркәсіптік маңызын жіті бағалау және өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесін және көлемін белгілейтін, пайдалы қазбалардың перспективалық учаскелері мен білінулері байқалған жағдайда барлау жүргізген кезде жасалатын жобалық құжат;
5) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруге және оларды бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар);
6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру - мұнай мен газды сақтау үшін жерасты құрылыстарын, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды және сарқынды суларды көму үшін жерасты инженерлік құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
7) бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті орган - басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде бюджетті орындау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
8) экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) геологиялық ақпарат - құрамында геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтер, үңгімелердің, ұңғымалардың техникалық құжаттамасы, кенорнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісім-шарттық аумақтардағы жұмыс учаскелері мен объектілердің болжамды ресурстары, баланстық қорлары бар материалдардың жиынтығы;
10) геологиялық бөлу - жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауының учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге жасалатын келісім-шартқа қосымша;
11) жер қойнауын пайдаланудың қауіпсіздігі - жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген кезде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
12) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
13) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімді әлемдік нарыққа ықпалдастыру мақсатында қолданылатын жаңа және жетілдірілген өнім мен барынша экологиялық таза технология ретінде сатуға шығарылған техника мен технологиялық процестердегі жалпы жұрт мойындаған жаңа жетістіктер;
14) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы - пайдалы қазбалардың қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауының басқа да қасиеттері туралы ақпараттардың оларды жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды мемлекеттік балансқа қою кезінде қолдану мүмкіндігіне арналған кешенді сараптамасы;
15) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйінің мониторингіне, жер қойнауы учаскелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);
16) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия - осы Заңға сәйкес конкурс өткізу және оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі актісінің негізінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган;
17) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтарды шоғырландыру - бір елден шыққан бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағындағы келісім-шарттарда осындай үлесті иеленуі немесе Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында (акциялар санымен) осындай меншік үлесін иеленуі;
18) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (ұлттық компания) - Үкімет шешімі бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация;
19) жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі;
20) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;
21) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге, бастапқы өңдеуге, оның ішінде жерасты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндіруге, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
22) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
23) жер қойнауын пайдалану құқығы - жер қойнауын пайдаланушыға осы Заңға сәйкес келісім-шарттық аумақтың шегінде берілген жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;
24) жерасты сулары - жер қойнауында жатқан және осы Заңға және Қазақстан Республикасының су туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылатын сулардың шоғырлануы;
25) жобалық құжаттар - техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан дұрыстығын бағалауды қоса алғанда, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын ескере отырып, пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің, бағалаудың және игерудің техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткіштерін негіздейтін және белгілейтін құжаттар;
26) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта көзделген қызмет үшін де ілеспе ретіндегі өзге де қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
27) жұмыс бағдарламасы - келісім-шарттың қолданылу мерзіміне жер қойнауын пайдаланушының жоспарларының жиынтығын айқындайтын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын көлемі мен шығындарына қарай жылдарға бөле отырып, қорытылған көрсеткіштерімен бірге қамтитын жобалық құжаттарда берілген көрсеткіштер негізінде жасалатын құжат;
28) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы басшылықты, осы Заңмен белгіленген құзыретке сәйкес келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
29) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
30) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия - құзыретті органға осы Заңның 22-бабында айқындалған мәселелер бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыратын, құзыретті органның актісінің негізінде құзыретті органның жанынан құрылатын консультативтік-кеңесшілік орган;
31) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия - осы Заңға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурсты өткізу және конкурстың жеңімпазын анықтау мақсатында облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның актісі негізінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган;
32) кенорнының игерілуін талдау - мұнай мен газ қорларының ағымдағы орналасуын және осының негізінде игеруді реттеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, өнімді қабаттарда жүріп жатқан үдерістерді анықтау үшін және мұнай өндіру көлемін оңтайландыру мен алу коэффициентін ұлғайту мақсатында пайдалану объектісін игеру үдерісінде ұңғымалар мен қабаттарды геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ игеру көрсеткіштерінің динамикасын кешенді зерделеу;
33) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшін өндіруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндіру;
34) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтаждары үшін өндіру - өндірілген кең тараған пайдалы қазбаларға не жерасты суларына қатысты кейіннен мәмілелер жасау ниетінсіз, жеке меншіктегі, не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын өндіру;
35) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия - осы Заңның 22-бабында айқындалған мәселелер бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органға ұсыныстар дайындауды жүзеге асыратын, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның жанындағы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның актісінің негізінде құрылатын консультативтік-кеңесшілік орган;
36) коммерциялық табу - келісім-шарттық аумақта барлаудың нәтижесінде коммерциялық мүддені білдіретін және жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
37) келісім-шарт - осы Заңмен белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті органның не жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның, не осы Заңмен белгіленген құзыретке сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның, және жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт;
38) келісім-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
39) келісім-шарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануы - жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлерінің бірінің осы қатысушыға келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімдерді айқындауға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасымен жасасылған келісім-шарттагы үлесінің шамасы;
40) кең таралған пайдалы қазбаларды (КПҚ) барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссия - кең таралған пайдалы қазбаларды іздестіру, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды қарау бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының алқалы органы;
41) кенорны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлігі;
42) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйінде немесе сәл өңделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын құм, саз, қиыршық тас және басқалар;
43) кенорындарын игерудің оң іс-тәжірибесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық тиімді деп саналатын жалпы қабылданған халықаралық іс-тәжірибе;
44) кенорнын сынамалық пайдалану - көмірсутек шикізатының кенорындарында қолдағы барды нақтылау және қабаттар мен жатындардың, ұңғымалардың кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерінің геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары, технологиялық схемалары мен өнеркәсіптік игеру жобасын жасауға арналған мұнайлы-газды қабаттардың өндіру мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында жүргізілетін операциялар. Сынамалық пайдалану бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді;
45) кенорнын игеру жобасы - кәсіпорынның берілген еңбек өнімділігін және өндіруге септігі тиетін басқа өндірістік операцияларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді айқындайтын, тиісті кенорнында пайдалы қазбалар өндіру тәсілін, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу параметрлерін реттейтін жобалық құжат; тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, персонал жұмысының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны жұмыстардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін шаралар; бұзылған жерлерді қайта өңдеу шаралары. Кен орнын игеру жобасы жылдар бойынша өндіру және өндіруге септігін тигізетін жұмыстарды қаржыландыру көлемін көрсетеді;
46) кенорындарын өнеркәсіптік игеру - жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды ескере отырып, одан пайдалы қазбалардың бекітілген қорларын алуға бағытталған жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
47) кенорнын игерудің технологиялық схемасы - кенорнын өнеркәсіптік игеруге қосу мақсатында жасалған және мұнай қабаттарының негізгі параметрлерін, пайдалану объектілерін игерудің ұтымды жүйесінің өлшемдерін анықтау үшін кенорнының технологиялық шешімдері мен игеру көрсеткіштерін, игеру жүйесін талдау әдістемесін көздейтін жобалық құжат;
48) қазақстандық өндіруші - Қазақстанда шығатын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
49) қазақстандық шығарылым (Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында тікелей өндіруі (орындауы);
50) қазақстандық кадрларды ұстау - шетел қызметкерлерімен ара қатынасында әр санаты бойынша жеке пайыздық мазмұнының көрсетілуімен қызметкерлерді санаты бойынша бөлуімен қазақстандық кадр бойынша келісім шарттарды орындау кезіндегі әрекет өтуіндегі әр жылдық сыйымдылықты пайыздық ұстауының саны қазақстандық кадрлар біліктілігінің жоғарлауы және міндетті оқыту бағдарламасын іске асыру шаралары бойынша жыл сайын төмендеуі қажет;
51) тауарлар жұмыс және қызметтерді қазақстандық ұстау - әр жылдық тауарлар, жұмыстар және қазақстан шыққан жерінің қызметтерін пайыздық ұстауы мердігердің тауарлар, жұмыстар және қызметтерінің жалпы бағасымен қосалқы мердігердің қорытындысы арқылы тура жолымен сатып алынады;
52) Қазақстанда шығарылатын тауарлар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілгенін растайтын шығарылу сертификаты бар тауарлар;
53) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
54) қызметтер көрсету - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажет қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
55) жазылу бонусы - келісім-шарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін жер қойнауын пайдаланушының тіркелген бір жолғы төлемі;
56) магистральдық құбыр - мұнайды мердігердің құбырынан көліктің басқа түріне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейін тасымалдауға арналған желілік бөліктен және онымен іргелес жатқан жер үсті объектілерінен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын инженерлік құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбыр магистральдық құбырға жатпайды;
57) мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия - мемлекеттің жер қойнауын пайдалану құқығына иелік ететін заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты болып, оның тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ете алатын мүмкіндігі бар заңды тұлғаның иеліктен ажыратылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлесін (акцияларының пакеттерін) сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы мәселелерді қарау және ұсыныстарды әзірлеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің негізінде құрылатын консультативтік-кеңесшілік орган;
58) минералдық шикізат - жер қойнауының (тау жынысы, кен шикізаты және басқалар) жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі;
59) модельдік келісім-шарт - келісім-шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операцияларды жүргізу көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін және келісім-шарттар жасау кезінде үлгі ретінде пайдаланылатын типтік келісім-шарт;
60) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның ішінде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесі не оның жекелеген бөліктері арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөніндегі жабдықтар мен тетіктер, бақылау және оқшаулау жүйелері, электрлі-химиялық қорғаныс жүйелері мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;
61) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикі мұнай, табиғи газ тазартылғаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектері;
62) мұнай операциялары - құрлықта, өзендердің, көлдердің және басқа да ішкі су айдындарының шектерінде жүргізілетін барлау, өндіру, жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ теңіздегі мұнай операциялары;
63) магистральдық құбырмен ұштасып жатқан объектілер - жер телімдері мен жолдарды алып жатқан ғимараттар, өзге де құрылыстар, мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді атқаратын магистральдық құбыр құрамындағы құрылғылар мен жабдықтар;
64) магистральдық құбырдың күзет аймағы - магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құбыр объектілерін қауіпсіз әрі іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған айрықша күзет және пайдалану жағдайындағы аумақ, оның шегінде оны орнату мақсаттарымен үйлеспейтін қызмет түрлеріне шек қойылады немесе тыйым салынады;
65) минералдық
шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі қызметінің өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сорттауды), брикеттеуді, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын айтарлықтай өзгертпестен) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндіру жөніндегі жұмыстардың (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық еріту, ұсақ тау-кен жынысты кенорнын ұсақтап және гидравликалық жолмен игеру) арнайы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкін түрі;
66) минералдық шикізатты өңдеу - минералдық шикізаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөліп алуға байланысты жұмыстар;
67) мердігер - құзыретті органмен келісім-шарт жасасқан тарап болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
68) мұнайдағы ілеспе компоненттер - мұнай мен қабатты су құрамындағы технологиялық бөліп алуды талап ететін пайдалы қазбалар мен әртүрлі қосындылар;
69) мемлекеттің басымдық құқығы - ақылы және ақысыз негіздемелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иелік етуші заңды тұлғадан, сондай-ақ тура және (немесе) жанама түрде шешімдер белгілеу мүмкіндігі бар және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ете алатын заңды тұлғадан, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, келісім-шарттың келесі тарапының немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысының, және басқа тұлғалардың алдындағы иеліктен айырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын осы Заңға сәйкес ұлттық компанияның немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік еткен мемлекеттік органның мемлекеттің басымдық құқығы;
70) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңізде және басқа да ішкі су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргізілетін кез келген жұмыстар (операциялар);
71) негізгі пайдалы қазба - кенорнының өндірістік маңызын айқындайтын, бастапқы шикізаттың құрамында барынша көп немесе кенорны өнімінде неғұрлым жоғары үлеске ие және кенорны өнімін пайдаланудың негізгі бағытын айқындайтын пайдалы қазба;
72) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша мердігерлер құратын немесе белгілейтін, келісім-шартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін мердігер мемлекет алдында мүліктік жауапкершілікте болады;
73) өндіру - минералдық шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногенді минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
74) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
75) пайдалы қазба - химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіріс және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы жарамды табиғи - минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары;
76) пайдалы қазбаларды ұтымды және кешенді пайдалану - кенорнын игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тәжірибесі негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру;
77) Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия (БОК) - кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың кенорындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды қарау бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның алқалық органы;
78) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
79) сынамалық пайдалану жобасы - негізгі құжаттарды - технологиялық схеманы және өнеркәсіптік игеру жобасын жасау үшін қолдағы барды нақтылау және қабаттар мен жатындардың, ұңғымалардың кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерінің геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары, мұнайлы газды қабаттардың өндіру мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында көмірсутек шикізатының кенорындарына жасалатын жобалық құжат сынамалық пайдалану жобасы іздеу жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемін көрсетеді;
80) стратегиялық мәні бар жер қойнауы (кенорындары) учаскелері - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде айқындалған, қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жер қойнауының (кенорындарының) учаскелері;
81) стратегиялық минералдық шикізат - қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы үшін стратегиялық мәні бар минералдық шикізат;
82) стратегиялық серіктес - мердігерді таңдау үшін, ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісім-шарттар жөніндегі жобаларды іске асыру жөнінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемдер негізінде ұлттық компания құзыретті органмен келісе отырып таңдаған немесе айқындаған қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлға (олардың бірлестіктері);
83) тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді сатып алудың жылдық бағдарламасы - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстанда шығарылғандарының, жер қойнауын пайдаланушы жоспарлайтын номенклатурасы мен көлемі және оларды иемденіп алудың тәсілдері мен мерзімдері;
84) тау-кендік бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге жасалатын келісім-шарттардың ажырамас бөлігі болып табылатын құжат;
85) теңізді ластау - адамдардың денсаулығына, теңіздің жанды ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін не зиян келтіруге қабілетті, теңізде не оның жағалауында заңды жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын немесе залал келтіретін не залал келтіруге қабілетті материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелістің теңіз аясына келіп түсуі, сондай-ақ мен өрістердің алуан үлгілерінің пайда болуы;
86) тарихи шығындар - мемлекет келісім-шарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға, ал жер қойнауын пайдаланушы мемлекетпен келісім-шарт бойынша жұмсаған, ол жөніндегі геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар;
87) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
88) теңіз - Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі су айдыны мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңіздерінің (көлдерінің) түбі;
89) теңіз ғылыми зерттеулері - теңізде мұнай операцияларын жүргізуге және олардың салдарларын зерделеуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;
90) теңіздік қорғау аймақтары немесе қауіпсіздік аймақтары - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, адамдардың, теңіздің биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, сондай-ақ кеме қатынасын, балық аулауды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың теңіздегі басқа да қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында теңіз құрылыстарының айналасында белгіленетін аймақтар;
91) теңіздік құрылыстар - жасанды аралдарды, бөгеттерді, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелі жабдықтарды қоса алғанда, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жасанды құрылыстар;
92) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру - жер қойнауының тиісті учаскесінің геологиялық құрылысы, өндірудің тау-кендік-геологиялық жағдайлары туралы, кендердің заттық және минералдық құрамы, өңдеу технологиясы, тау-кен жабдығын таңдау және кенорнын пайдалану тәсілі бойынша қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында, коммерциялық табылымды бағалауға арналған бағалау жұмыстары кезеңінде жүргізілетін пайдалы қазбалар өндіру. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру сондай-ақ Жобалау құжаттарында белгіленген мерзімдер мен көлемдерде пайдалы қазба өндіру үдерісінде де жүргізілуі мүмкін;
93) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру - кенорындары мен көмірсутек шикізатының жатындарын жаңа немесе бұрыннан белгілі, бірақ қосымша деректер алу үшін кенорнының геологиялық-физикалық жағдайларында сынақтан өткізуді қажет ететін технологияларды сынау мақсатында пайдалану;
94) табиғи газ - майлы газдан сұйық көмірсутектерін сығымдаудан немесе айырудан кейін қалатын, майлы газды, құрғақ газды, ілеспе газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температурада және қысымда газ тектес фазада болатын көмірсутектері және сұйық немесе газ тектес көмірсутектерімен бірге алынған көмірсутек емес газ;
95) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы - жер қойнауының тиісті учаскесінің геологиялық құрылысы, игерудің тау-кендік-геологиялық жағдайлары туралы, кендердің заттық және минералдық құрамы, өңдеу технологиясы, тау-кен жабдығын таңдау және кенорнын игеру тәсілі бойынша қолда барды нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында пайдалы қазбалардың перспективалық учаскелері мен білінулері байқалған жағдайда қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізген кезде жасалатын жобалық құжат;
96) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы - қосымша деректер алу үшін жаңа немесе бұрыннан белгілі, бірақ кенорнының геологиялық-физикалық жағдайларында сынақтан өткізуді қажет ететін технологияларды сынау мақсатында көмірсутек шикізатына жасалатын және кенорындары мен жатындарды пайдалануға беруді көздейтін жобалық құжат;
97) өтелген қорлар - өндіру процесінде түзілетін, пайдалы қазбалардың нормаланган шығынын қоса алғанда, оларды өңдеу салдарында жер қойнауын пайдаланушының кәсіпорын балансынан шығаратын, Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі комиссиясы бекіткен қатты пайдалы қазбалардың өндірілген баланстық қорлары;
98) техногендік су - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қалауы бойынша билік етуге құқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде технологиялық процестерді өткізу үшін мүлде жойылуы қажет су;
99) техногендік минералдық түзілімдер - жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзілімдердің, кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың шоғыры;
100) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдық, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құндылықтар;
101) табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату - кенорнында табиғи және ілеспе газды технологиялық мұқтаждықтарға және (немесе) тауарлық өнім ретінде дайындауға пайдалану мақсатында кәсіпшілік жинауды қамтамасыз ету;
102) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
103) құзыретті орган — келісім-шарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
104) шикі мұнай - табиғи газдан табиғи сұйылу жолымен пайда болған дистиллят және конденсат атауымен белгілі сұйық көмірсутектерін қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде үлес салмағына қарамастан жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын кез келген көмірсутектері;
105) шекара маңындағы кенорны - Қазақстан Республикасы аумағының шектерінде немесе бір бөлігі, сондай-ақ басқа не іргелес немесе қарама-қарсы жатқан мемлекеттің заңдық құзырындағы аумақта немесе теңізде орналасқан кенорны;
106) іздеу жұмыстарының жобасы - пайдалы қазбалардың перспективалық учаскелері мен білінулерін анықтау және дөңгелектеу, болжамдық ресурстарды анықтау, оларды алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан арғы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында жер қойнауы учаскесінің барлық аумағын қамти отырып, жер қойнауы учаскесін тиімді және кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі мен көлемін айқындайтын, барлау жүргізген кезде жасалатын жобалық құжат. Іздеу жұмыстарының жобасы іздеу жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемін көрсетеді;
107) ішкі су қоймалары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да айдынды су объектілері;
108) ілеспе пайдалы қазбалар - негізгі пайдалы қазбаларды игеру кезінде өндіру мен өңдеуі рентабельді және шаруашылықта пайдалануға экономикалық жағынан қолайлы болып табылатын негізгі пайдалы қазбалармен бірге өндірілетін және солармен ұласып жатқан минералдық кешендер, минералдар, металдар және басқа химиялық элементтер мен олардың қоспалары;
109) іздестіру жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен кендік нышандарын табу және сұлбасын жасау, болжамдық ресурстарын бағалау, оларға алдын ала геологиялық-экономикалық баға беріп, геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрі негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
110) ілеспе газ — мұнай, газ-мұнай, газ жатындарындағы мұнайдың құрамында еріген күйінде кездесетін және қысым төмендеген кезде одан бөлініп шығатын көмірсутек газы, сондай-ақ сұйық және газ тәріздес көмірсутектермен бірге өндірілген көмірсутек емес газдар;
111) экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтары қорғалуының жай-күйі;
112) жер қойнауын пайдаланудағы техникалық-экономикалық негіздеме - кенорындарын игеру жобасының техникалық және экономикалық параметрлерін, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарт бойынша оны іске асырудың экономикалық орындылығын бағалауды қамтитын, пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық ұсынысқа қосымша.
113) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың барлау, өндіру жүргізу үшін немесе осы Заңда көзделген жағдайларда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін басқа тұлғаларға берілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін шектеулі мақсатты пайдалану құқығы;
114) жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың нормаланған ысырабы - деңгейі техникалық-экономикалық есептеулермен негізделген пайдалы қазбаларды игерудің қабылданған тәсілдері мен жүйелеріне технологиялық жағынан байланысты ысырап.
2-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама
1. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және осы Заңға сәйкес қабылданатын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Осы Заң жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
2. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсімдік және жануарлар әлемін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар тиісінше жер, су, орман, өсімдік және жануарлар әлемін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау туралы заңнамаға сәйкес реттеледі.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңнама нормаларымен реттеледі.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмеген болса, шетелдік азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей құқықтармен пайдаланады және міндеттер атқарады.
4-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
заңнаманың мақсаттары мен міндеттері
1. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың мақсаттары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы қатынастарды реттеу және Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың міндеттері Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі мен Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласындағы заңдылықтарды нығайту, республикалық және өңірлік мүдделердің үйлесуін қамтамасыз ету, минералдық шикізат базасын ұдайы өндіруді қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
5-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
заңнаманың принциптері
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негізделеді:
1) жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргізу;
4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы.
6-бап. Жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз ету
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің міндетті шарты кенорындарын игерудің озық технологиялары мен оң тәжірибесін пайдалану негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық жағынан тиімді игеру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
7-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету
Жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты жер қойнауының ластануын болдырмауды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету болып табылады.
8-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізудің жариялылығы
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты ақпаратты беру және келісім-шарт талаптары осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың құзыретті органда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізудің шарттарымен және оның нәтижелері туралы шешімнің мазмұнымен;
2) жасалған келісім-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты мемлекеттік органдарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Парламентіне және жергілікті өкілді органдарға беру құпиялылық режимді бұзу болып табылмайды.
9-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастар осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, ақылы негізде ққрылады.
10-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік
минералдық түзілімдерге, техногендік суларға және
минералды шикізатқа меншік құқығы
1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншігі болып табылады.
Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет осы Заңда көзделген негіздемелерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
2. Егер келісім-шартта өзгеше көзделмеген болса, минералды шикізат меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының (Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына - шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен) меншігіне жатады.
3. Техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады. Техногендік минералдық түзілімдерді игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығын алған үшінші тұлға кенорнын игеру кезінде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргізуге және құзыретті органмен оны өндіруге келісім-шарт жасасуға міндетті.
4. 1992 жылғы 30 мамырға дейін қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына қосылған техногендік минералдық түзілімдер мемлекет меншігі болып табылады.
Мемлекет меншігіндегі техногендік минералды түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға иелік ету құқығы келісім-шартта айқындалады.
5. Минералды шикізат, техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар немесе пайдалы қазбалар меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелігінде болса, ол минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге, техногендік суларға немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, олар жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға хақылы.
11-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа иелік құқығы
1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлері, қор мөлшері, игеру жағдайлары, сондай-ақ геологиялық есептердегі, карталардағы және басқа материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшеліктері туралы ақпараттар, егер олар Қазақстан Республикасының бюджеттік қаржыландыруы арқылы алынса - ол мемлекеттік меншікте, егер бұл мәліметтер жер қойнауын пайдаланушының жеке қаржысына алынса - жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болып табылады.
2. Қаржыландыру кезіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге ақпарат міндетті түрде белгіленген стандарт бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтауға, жүйелеуге және қорытуға өтеусіз тапсырылады.
3. Геологиялық ақпарат ақылы (төлем) немесе ақысыз (төлемдерді алусыз) негіздері арқылы ұсынылады.
жер қойнауы туралы ақпарат төлемдерді алусыз арқылы ұсынылады:
мемлекеттік бюджет құралдары арқылы жер қойнауын геологиялық зерделеуімен байланысты жұмыстарды жүргізетін тұлғаларға қатысты;
ғылыми зерттеу кезінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жағдайда, ғылыми мақсаттарға қатысты;
мемлекеттік, сонымен қатар аккредиттелген жеке оқу орындарына қатысты оқу мақсаттарына;
мемлекеттік органдарға қатысты.
Жер қойнауы туралы ақпараттары нақ осы тармақта қарастырылған айрықша жағдайлары ақылы (төлем) негізінде ұсынылады. Жер қойнауы туралы және оның көшірілген шығындарының ақпараттарын ұсыну жағдайларынан тәуелділігі ақпаратты алушымен жеке өтеледі.
Мемлекеттік жеке меншік болып табылатын оқу, ғылыми, коммерциялық орындарында және өзге де жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттар мақсатында ережелерді қолдануы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
4. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5. Келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне көшеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық тасушыларын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беруге міндетті.
12-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану
саласындағы басымдық құқықтары
1. Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын басқа тұлғалар алдында жер қойнауын пайдаланушының экспорт бойынша көліктік шығыстар мен сату шығындарын шегерумен, мәміле жасасу күніне қалыптасқан тиісті пайдалы қазбаларға экспорттық мәмілелерді жасасу кезінде қолданатын бағаларынан аспайтын бағамен сатып алуға басымдық құқығы бар.
Экспорттық мәмілелерді жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушының қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, мәміле жасасу күніне қалыптасқан әлемдік нарық бағаларынан аспайтын баға қолданылады.
Сатылып алынатын пайдалы қазбалардың шекті мөлшері және төлем түрлері келісім-шартта айқындалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға арналған басымдық құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрыннан жасалған келісім-шарттарда ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтау және нығайту үшін, мемлекеттің ақылы және ақысыз негіздемелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иелік етуші заңды тұлғадан, сондай-ақ тура және (немесе) жанама түрде шешімдер белгілеу мүмкіндігі бар және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ете алатын заңды тұлғадан, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, келісім-шарттың келесі тарапының немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысының, және басқа тұлғалардың алдында иеліктен айрылатын жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға басымдық құқығы бар.
Осы тармақтың ережелері осы Заңның 34-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
13-бап. Мемлекеттің басымдық құқығын іске асыру тәртібі
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні иеліктен айыру ниеті болған жағдайда, мемлекет ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні иеліктен айыру құқығын сатып туралы (сатып алудан бас тарту) шешімдер қабылдау бойынша өкілеттік құзыретті органға тиесілі.
Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерге жер қойнауын пайдалану құқығына иелік етуші заңды тұлғаның, сондай-ақ тура және (немесе) жанама түрде шешімдер белгілеу мүмкіндігі бар және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ете алатын заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, қатысу үлесі (акциялардың пакеттері) жатады.
2. Өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні иеліктен айыруды жүргізу ниеті бар тұлға жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні иеліктен айыру туралы құзыретті органға өтініш жібереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні иеліктен айыру туралы өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға және онда осы Заңның 35-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтер болуға тиісті.
3. Құзыретті орган өтініш түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттің иеліктен айырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектілерді сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсыныстар дайындауға қажетті материалдарды Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына береді.
4. Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 30 жұмыс күні ішінде ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтау және нығайту жөніндегі ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өтінішті және өзге де материалдарды қарайды, мемлекеттің жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы шешім қабылдайды.
Жер
қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні
сатып алуы туралы ұсыныстарды әзірлеу жағдайында Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жер қойнауын пайдалану қүқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алуға уәкілетті ұлттық компанияны белгілейді.
Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерге қатысты Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай объектілерді сатып алуға уәкілетті мемлекеттік органды белгілеуге құқылы.
5. Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өтініш берушіден және басқа да тұлғалардан, жер қойнауын пайдаланушылардың, сондай-ақ тура және (немесе) жанама түрде шешімдер белгілеу мүмкіндігі бар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ете алатын заңды тұлғаның қаржылық-экономикалық жағдайлары туралы құжаттарды қоса алғанда, мемлекеттің жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы шешім қабылдауына қажетті кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
6. Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мемлекеттің жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынысы хаттамамен ресімделіп, құзыретті органға жіберіледі.
7. Құзыретті орган Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімінің негізінде хаттаманы алған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттің иеліктен айырылатын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы шешім қабылдайды, оны иеліктен айырушыға жібереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім сонымен бірге сатып алуға уәкілетті етілген ұлттық компанияға немесе сатып алуға уәкілетті етілген мемлекеттік органға жіберіледі.
8. Иеліктен айырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алу туралы құзыретті органның шешімін алғаннан кейін ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіге иелік етуші тұлғамен келіссөздер үдерісіне бастамашы болады.
Ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган иеліктен айрылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алуы, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, басқа сатып алушылардың ұсынғандарынан кем емес жағдайларда жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні ақысыз негізде иеліктен айырған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні заңды тұлғаның жарғылық капиталына берген жағдайда, мұндай объектілерді сатып алу бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес айқындалатын нарық құны бойынша жүзеге асырылады.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алу мерзімдері жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) онымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бастап алты айдан аспауға тиісті.
10. Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мемлекеттің жер қойнауын пайдалануға байланысты иеліктен айырылатын объектіні сатып алуға уәкілетті етілген мемлекеттік органды белгілеген жағдайда басымдық құқығын іске асыру бюджеттік рәсімдерді ескере отырып жүзеге асырылады.
14-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу
1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары саласындағы заңнамамен көзделген нормаларды сақтаумен жүзеге асырылады.
15-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау
1. Соғыс, табиғи апат кезінде немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тән пайдалы қазбалардың барлығын немесе бір бөлігін реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Қазақстан Республикасының мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше жағдайдың барлық мерзімінде жүргізілуі мүмкін. Пайдалы қазбаларды реквизициялау жер қойнауын пайдаланушылардың меншік түріне және мемлекеттік тиесілігіне қарамастан, олардың әрқайсысында жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасы, реквизицияланган пайдалы қазбалардың өтемақысын заттай немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға - еркін айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға - осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіптегі бағалар бойынша Ұлттық валютамен төлейді.
2-тарау. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу
16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік меншік объектісі ретінде жер қойнауының мемлекеттік қорын басқаруды ұйымдастырады;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
3) кенорындарын игерудің оң іс-тәжірибесін негізге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерін, мұнай және газ кенорындарын игерудің бірыңғай ережелерін белгілейді;
4) минералдық шикізаттың стратегиялық және тапшы түрлеріне деген мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерін анықтайды;
5) ұлттық қауіпсіздікті және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды;
6) болашақ ұрпақ мүддесіне орай минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау тәртібін анықтайды;
7) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің (кенорындарының) тізбесін бекітеді;
8) кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін анықтайды;
9) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;
10) кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығарылуға тиіс жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
11) модельдік келісім-шарттарды бекітеді;
12) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа, жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасайтын және орындайтын құзыретті органды айқындайды;
13) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін бекітеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
14) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін бекітеді;
15) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, түзу және жүргізу тәртібін бекітеді;
16) келісім-шарттар талаптарының орындалуын қадағалаудың мониторингін және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
17) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рүқсат беру тәртібін айқындайды;
18) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды кему және қалдық суларды ағызу тәртібін айқындайды;
19) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
20) мұнай экспортын, оның ішінде акциздердің, кедендік, қорғаушылық, демпингке қарсы және өтемақылық баж салықтарының мөлшерлемелерін, мұнай экспорты квоталарын реттейді;
21) мұнайды көліктің әр түрімен тасымалдауға сандық шектеулерді (квоталарды) белгілейді;
22) мұнай өндіру мен айналымының бірыңғай.дерекқорын жүргізу тәртібін айқындайды;
23) жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін анықтау тәртібін бекітеді;
24) Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы Ережені бекітеді;
25) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы Ережені бекітеді;
26) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға арналған басымдық құқығын іске асыру тәртібін белгілейді;
28) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен және Президенттің актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Құзыретті органның өкілеттіктері
1. Құзыретті органның өкілеттіктеріне мыналар кіреді:
1) Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені (ПҚБ) және комиссияның құрамын бекіту;
2) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа, пайдалы қазбаларға барлау, өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындау және ұйымдастыру;
3) тікелей келіссөздердің негізінде кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларға барлау, өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
4) жер қойнауын пайдаланушымен кең таралған пайдалы қазбалардан басқа, пайдалы қазбаларға барлау, өндіру жүргізуге арналған келісім-шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу;
5) жер қойнауын мемлекеттік зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келісім-шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
6) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім-шартты қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісім-шарт жасасу және оны тіркеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
8) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
9) Мемлекеттің басымдық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары негізінде мемлекеттің жер қойнауын пайдалану құқығына иелік ететін заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты болып, оның тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ете алатын мүмкіндігі бар заңды тұлғаның иеліктен ажыратылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлесін (акцияларының пакеттерін) сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешімдер қабылдау;
10) Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлесін (акцияларының пакеттерін) иеліктен айыруға рұқсат (рұқсат беруден бас тарту) беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, осы Заңның 34, 35-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;
11) осы Заңда көзделген тәртіпте және негіздемелер бойынша, кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім-шартты орындауды және қолданылуын тоқтатуды қамтамасыз ету;
12) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім-шарттар бойынша келісім-шарт талаптарының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы есеп беру;
13) конкурсқа шығаруға жататын құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын әзірлеу;
14) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
15) салық салу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жазылу бонусының мөлшерін есептеу тәртібін белгілеу;
16) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім-шарттардың қолданылуын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау;
17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша келісім-шартты орындау, мұнай экспорты үшін құбырларды және олардың аумағындағы басқа да тасымал құралдарын салу және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;
18) кенорнын игерудің жобалық құжаттамаларына сәйкес мұнай өндіруді, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
19) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды және олардың республика аумағында орналастырылуын есепке алуды қамтамасыз ету;
20) еркін өткізу қуаты болған жағдайда, әрбір жер қойнауын пайдаланушының, бірдей қолжетімділігі қағидатынан магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуаттарын пайдалану тәртібін бекіту;
21) қажет болған жағдайда ішкі нарықтың жанар-жағар материалдарға деген мұқтаждықтарын жабуға қажетті мөлшерде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өңдеуге арналған мұнай мөлшерінің кестелерімен (жылдық және ай сайынғы) мұнай көлемін айқындау;
22) техникалық регламенттермен белгіленген мұнайдың және оның өмірлік циклдерінің үдерістеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) минералдық-шикізат кешенін дамытудағы басым бағыттарды белгілеу;
24) модельдік келісім-шарттардың жобаларын әзірлеу;
25) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары кенорындарын тұңғыш ашушыларды көтермелеу тәртібін анықтау;
26) жер қойнауын пайдаланушылардың негізді өтініші бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша газды кәдеге жаратудың бекітілген бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
27) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуге минералды шикізаттың кішігірім санының индустриалдық саясатты және тауарларды мемлекеттік реттеу аумағында уәкілетті органымен бірге анықтауды конкурсқа қатысушысы қамтамасыз етуге міндеттенеді;
28) осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Президенттің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкілетті органның құзыреті
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) осы Заңның 33-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне 2000 және одан да астам текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсат береді және рұқсатты қайтып алады;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын береді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісім-шарттар жасасады;
4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісім-шарттар жасасады;
5) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалардың қорларын бекітеді;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
7) тарихи шығындардың көлемін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен шарттарын айқындайды;
8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттардың талаптарын орындау мониторингін жүзеге асырады;
11) құзыретті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
12) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;
13) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын қалыптастыру бойынша құзыретті органға ұсыныстар енгізеді;
14) минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
15) геологиялық және тау-кендік бөлулерді береді;
16) техногендік және минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді;
17) келісім-шарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келіседі;
18) су пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалану есебі деректерінің негізінде жерасты суларының мемлекеттік есебін жүзеге асырады;
19) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізеді;
20) жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ та ішуге сапалы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ішуге сапалы жерасты суларын пайдалануға рұқсатты келіседі;
21) жерасты су объектілерінің сарқылуын болдырмауға бағытталған су қорғау жөніндегі іс-шараларға рұқсатты келіседі;
22) бассейндік схемалардың және су объектілеріне шекті ұйғарынды зиянды әсер ету нормативтерінің негізінде жерасты су объектілеріне арналған су пайдалану лимиттерін келіседі;
23) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен алаптарында кэсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта құру және пайдалануға беру жағдайларын келіседі;
24) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы; жерасты су объектілері арқылы өтетін коммуникациялардың салу жобаларын келіседі;
25) жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты суларын алуға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта құруға, пайдалануға беруге, консервациялауға, жоюға қорытынды береді;
26) осы Заңда көзделген жағдайларда алау түріндегі ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға рұқсат береді;
27) БОК ұсынымдары мен нұсқаулары негізінде жобалық құжаттарды бекітеді.
28) осы Заңда, өзге де заңдарда және Президенттің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19-бап. Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі
орталық комиссия (БОК) және Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық
комиссиялар (БӨК)
1. БОК-тың негізгі міндеті пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау мен игерудің неғұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
БОК-тың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша оның ұсынымдары мен нұсқаулары хаттамамен ресімделеді, меншік нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді жобалаумен және жүзеге асырумен айналысатын шетелдік субъектілер үшін орындалуы міндетті болып саналатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қабылданады.
БОК пен БОК қызметін ұйымдастыру, БОК құрамы, құрылымы, іс қағаздары, материалдар мен құжаттарды жинау және сақтау құзыретті органның құқықтық актісімен бекітілетін БОК туралы ережеде айқындалады.
Құзыретті орган БОК-тың құрамына қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми зерттеу институттарының, ұйымдардың өкілдерін (сарапшыларын), өзге де тұлғаларды тартуға құқылы.
2. БОК-тың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсынымдарды қамтитын ұсыныстарды қарау мерзімдері бес айдан аспауға тиісті.
3. БОК-тың құзыретіне жобалау кезінде пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау мен игерудің неғұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету жатады.
4. БОК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды, оларға толықтырулар мен өзгерістерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды бекіту және бекітуден бас тарту жөніндегі ұсыныстарды қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді;
2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға кенорындарын пайдалануға сынақ жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсыныстарды жібереді;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсыныстар жібереді;
4) жобалық құжаттарда пайдалы қазбаларды барлау және игерудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларының қолданылуын қамтамасыз етеді;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері жөніндегі әзірленімдерін қарайды.
5. БОК:
1) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан анықтамалық және жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша басқа да материалдарды сұратуға;
2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың олардың құзыреттері шегінде ұсынылатын жобалық құжаттарға ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарда қосымша сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы ұсыныстар жіберуге;
3) жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша жаңа нысандары мен әдістерін қолдануды ұсынуға құқылы.
6. БӨК функциясына жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсыныстарды жер қойнауын зерттеу және пайдалану уәкілетті органның аумақтық органына енгізу және қарау кіреді.
20-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның және
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе
игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру
жөніндегі конкурстық комиссиялардың міндеттері,
функциялары және құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері:
1) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа, пайдалы қазбаларды барлауға не өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) кең таралған таралған пайдалы қазбалардан басқа, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтау болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның функциялары:
1) конкурстық ұсыныстарды уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) ұсынылған конкурстық ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болып табылады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия:
1) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға;
2) конкурс жеңімпазын анықтауға;
3) осы Заңмен белгіленген негіздер бойынша конкурсты өтілмеді деп тануға;
4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге де тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға;
5) отырыстарда комиссия мүшелерін, мемлекетгік органдардың, ұйымдардың, өзге де тұлғалардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
6) осы Заңмен белгіленген негіздер бойынша конкурстық ұсынысты қабылдамауға;
7) қажет болған жағдайда тиісті салалардагы мамандар қатарынан сарапшыларды тартуға;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның актісі негізінде құрылатын Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның негізгі міндеттері:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтау болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға.немесе игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялар осы баптың 2-тармағымен анықталған функцияларды жүзеге асырады және осы баптың 3-тармағымен анықталған құқықтарға ие болады.
21-бап. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның міндеттері,
функциялары және құқықтары
1. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын және ұлттық қауіпсіздік туралы, ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтау және бекіту туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығына иелік ететін заңды тұлғаның, сондай-ақ оның тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ете алатын мүмкіндігі бар заңды тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлесін (акцияларының пакеттерін) иеліктен айыру жөніндегі өтініштерді қарау;
2) мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
2. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның функцияларына:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен айыру туралы жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғалардағы оларға тиісті қатысу үлестерін (акциялар пакетін) иеліктен айыру туралы тұлғалардың өтініштерін қарау;
3) егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға әсер етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы оларға тиісті қатысу үлестерін (акциялар пакетін) иеліктен айыру туралы тұлғалардың өтініштерін қарау;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты иеліктен айырылатын объектіні мемлекеттің сатып алуы туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді.
3. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) мемлекеттік органдардың, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да ұйымдар мен тұлғалардың өкілдерін отырысқа шақыруға және тыңдауға;
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен тұлғалардан сұратуға және алуға құқылы.
22-бап. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі
сараптамалық комиссияның және Кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге
арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері
жөніндегі сараптамалық комиссияның міндеттері,
функциялары және құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның негізгі міндеттері құзыретті органға кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының, және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғалардағы қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) айналымына байланысты осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның функциясына:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен айыру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (акциялар пакетін) иеліктен айыру;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (акциялар пакетін) кепілге беру;
4) ақы өндіріп алу жағдайында, оның ішінде кепіл кезінде, мұндай жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлестеріне (акциялар пакетіне), жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлестерін (акциялар пакетін) өткізу (сату) бойынша жария сауда-саттыққа қатысу;
5) банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру кезінде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бір бөлігі), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлестері (акциялар пакеті) кіретін конкурстық массаны өткізу (сату) бойынша жария сауда-саттыққа қатысу;
6) кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлестерін (акциялар пакетін) сату бойынша сауда-саттықты өткізілмеді деп жариялаған жағдайда, кепіл ұстаушының кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлестерін (акциялар пакетін) сатып алу;
7) заңды тұлғаның құрамына жаңа қатысушыны қабылдаған жағдайда, жарғы капиталының ұлғаюы нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы үлеске құқықты сатып алу;
8) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның және заңды тұлғаларда - жер қойнауын пайдаланушыларда қатысу үлестерін (акциялар пакетін) иеленуші заңды тұлғалардың бағалы қағаздар акцияларының ұйымдастырылған нарығындағы айналымға, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған, осындай заңды тұлғалардың багалы қағаздар акцияларының ұйымдастырылған нарығында бастапқы орналастыруға бастапқы шығару;
9) жұмыс бағдарламасы, келісім-шарт бойынша міндеттемелерді өзгерту;
10) келісім-шарттардың қолданылу мерзімдерін ұзарту туралы өтініштерді қарау, рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді.
Құзыретті органның тапсыруы бойынша Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия жер қойнауын пайдалануға байланысты өзге де мәселелерді қарауға, олар бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеп, құзыретті органға енгізуге құқылы.
3. Жер қойнауын пайдалану және олармен байланысты құқық мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) мемлекеттік органдардың, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да ұйымдар мен тұлғалардың өкілдерін отырысқа шақыруға және тыңдауға;
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен тұлғалардан сұратуға және алуға құқылы.
4. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның актісі негізінде құрылатын Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссиялардың міндеттері облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органға пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының, және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғалардағы қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) айналымына байланысты осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу-. болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссиялар осы баптың 2-тармағында анықталған функцияларды жүзеге асырады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның тапсыруы бойынша Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссиялар кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалануға байланысты өзге де мәселелерді қарауға, олар бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органға енгізуге құқылы.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссиялар осы баптың 3-тармағында анықталған құқықтарға ие болады.
23-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
органның құзыреті
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін айқындайды;
4) келісім-шарттық аумақтағы немесе оның шегінен тыс жерлердегі барлауға немесе өндіруге байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат беруді келіседі;
5) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар бағдарламаларын келіседі;
6) жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мен таратуға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) барлау мен өндіруге арналған келісім-шарт жобаларына экологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
8) конкурсқа шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын келіседі.
9) осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Президенттің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзеді және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты пайызға шаққандағы ең төменгі қазақстандық мазмұнды есептеу тәртібін бекітеді;
3) белгіленген тәртіп негізінде құзыретті органға конкурс шарттарына енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты пайызға шаққандағы ең төменгі қазақстандық мазмұнның ең төменгі мөлшерін ұсынады;
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуі жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе келісім-шартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдістемссін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
6) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанда шығарылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде олардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
7) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін құзыретті органмен келісім бойынша бекітеді;
8) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлары, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері туралы есебінің және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық бағдарламасының нысандарын бекітеді;
9) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалардан тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алу жүргізілетіні және жүргізілгені туралы ақпарат сұратады.
10) Қазақстан Республикасының аумағында өңдеуге, минералды шикізаттың кішігірім саны құзыретті органымен бірге анықтауды конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге міндеттенеді;
11) осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Президенттің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіруші уәкілетті орган:
1) құзыретті органның келісімі бойынша қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдістемесін жасайды және бекітеді;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды тарту бөлігінде қазақстандық мазмұн бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізінде олардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісім-шарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
3) құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын жүргізуге тартылатын персоналдың жалпы санынан пайызға шаққандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
4) белгіленген тәртіп негізінде құзыретті органға конкурс шарттарына енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын жүргізуге тартылатын персоналдың жалпы санынан пайызға шаққандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын ұсынады;
5) осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Президенттің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган:
1) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісуімен бекітеді;
2) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындау мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
3) оқытуға жататын персоналдың жалпы санынан пайызға шаққандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
4) белгіленген тәртіп негізінде құзыретті органға конкурс шарттарына енгізу үшін оқытуға жататын персоналдың жалпы санынан пайызға шаққандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын ұсынады.
5) осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Президенттің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) атқарушы органдардың құзыреті
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:
1) жер заңнамасына сәйкес, келісім-шартта белгіленген мөлшерде және мерзімге жер қойнауын пайдаланушыға жер пайдалану құқығына жер учаскесін береді; қажет болған жағдайда көрсетілген мақсаттар үшін жер заңнамасымен белгіленген тәртіппен жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қоюды жүргізеді;
2) өздеріне заң актілері берген құзырет шегінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік ережелерін бұзбауына, археологиялық ескерткіштер және басқа тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) келісім-шарт жасалған кезде өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтаумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізуге қатысады;
4) қазақстандық мазмұн мен аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт міндеттемелерін орындау мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
5) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзу мақсатында сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етілетін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуді жүзеге асырады;
7) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
8) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның құрамын бекітеді;
9) жер қойнауын пайдаланушымен келісім-шарт талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған келісім-шарт жобасын дайындайды;
10) жер қойнауын мемлекеттік зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалалық-сметалық құжаттамасының сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттық құжаттар жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
11) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім-шарттарды жасайды, тіркейді және орындайды;
12) жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсаттар береді, сондай-ақ осы Заңның 35-бабына сәйкес кең таралған пайдалы қазбалар бойынша кепілге жер қойнауын пайдалану кұқығын беру жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
13) заңнамамен көзделген негіздер мен тәртіпте кең таралған пайдалы қазбаларға арналған келісім-шарттардың орындалуы мен бұзылуын қамтамасыз етеді;
14) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық мәні бар, жер қойнауын пайдалануға байланысты объектілерді құру мен сақтауға жәрдемдеседі;
15) құзыретті орталық атқарушы органдармен келісе отырып, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергілікті маңызы бар ерекше - қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
16) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған келісім-шарттардың қолданылуын жаңғырту туралы шешімдер қабылдайды;
17) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
18) жер заңнамасымен белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жерді резервте ұстауды жүзеге асырады.
19) осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Президенттің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы
26-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының түрлері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен алынатын немесе алынбайтын, өтемді және өтемсіз болуы мүмкін.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріндегі кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсіз құқығы бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа қапған түрлерінің бәрі уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
27-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар кең тараптан пайдалы қазбаларды және жеке мұқтаждықтарға арналған жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері болып табылуы тиіс.
3. Егер заңнамалық актілермен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы рұқсаттар (лицензиялар) талап етілсе, жер қойнауын пайдаланушылар белгіленген тәртіппен тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсаттар (лицензиялар) алуы тиіс.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері бір келісім-шарт бойынша бірнеше тұлға болуы мүмкін. Мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иеленушілері болып табылады және келісім-шарт негізінде туындаған міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иеленушілерінің құзыретті органға қатысты құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығындағы олардың үлестерінің мөлшері келісім-шартта анықталады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иеленушілерінің құқықтары мен міндеттері және ортақ істерді жүргізу тәртібі келісім-шартта, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартта (жай серіктестік шартында, консорциалдык келісімде) анықталады. Бірлескен қызмет туралы шарттың (жай серіктестік шартының, консорциалдық келісімнің) ережесі келісім-шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс.
Келісім-шарт бойынша операторды құру немесе анықтау жағдайында жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иеленушілері бұл туралы құзыретті органға жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
Ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуы бар келісім-шарттарда оператордың жарғы капиталындағы ұлттық компанияның қатысу үлесі елу пайыздан кем болмауы тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иеленушілері оператордың әрекетіне мүліктік жауапкершілікте болады.
28-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқығының кепілдіктері
Жер қойнауын пайдаланушыға заңнамаға сәйкес оның құқықтарын қорғау кепілдендіріледі. Келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық қызметінің нәтижелерін тікелей нашарлататын заңнаманың өзгерістері мен толықтырулары осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісім-шарттарға қолданылмайды.
Осы баппен белгіленген кепілдіктер ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгертуге қолданылмайды.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта белгіленген салық режимі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте келісім-шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде сақталуы мүмкін.
29-бап. Ұлттық компанияның функциялары
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес ұлттық компанияның функциялары:
1) жер қойнауын пайдалану саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және келісім-шартта бекітілген өкілеттіктер шектерінде ұлттық компаниялардагы олардың қатысу үлесін көздейтін келісім-шарттарда мемлекеттік мүддені білдіру;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша келісім-шарттарда үлестік қатысу жолымен конкурс жеңімпаздарымен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;
4) тікелей келіссөздер негізінде берілген жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру бойынша халықаралық және Қазақстан Республикасының ішкі жобаларына қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көмірсутек шикізатын тасымалдау бойынша халықаралық және Қазақстан Республикасының ішкі жобаларына қатысу;
7) келісім-шарттардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы есептерді дайындауға қатысу;
8) көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ өнеркәсіптік инфрақұрылымды жобалау, салу пайдалану мәселелері бойынша корпоративтік басқару мен мониторингті жүзеге асыру;
9) егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға әсер етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың (оның бір бөлігінің) және (немесе) қатысу үлесін (акциялар пакетінің) иеліктен айырылған құқығын осы Заңның 13-бабының 8-тармағымен белгіленген тәртіпте сатып алу туралы келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу болып табылады.
Ұлттық компания мердігер болатын келісім-шарттар бойынша барлауды қаржыландыруды, егер бірлескен қызмет туралы (жай серіктестік шартымен, консорциалды келісіммен) шартта өзгеше көзделмесе, оның стратегиялық әріптесі жүргізеді.
30-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу үшін берілетін жер қойнауының учаскелері
1. Қазақстан Республикасы аумағының шекараларындағы жер қойнауының учаскелері мемлекеттік меншік болып табылады және осы Заңмен белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін беріледі.
2. Жер қойнауы учаскесі айналым мәні бола алмайды.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарда айналым объектісі бола алады.
31-бап. Геологиялық және тау-кен бөлулері
1. Барлауға, өндіруге, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығының иегері жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес белгіленген жер қойнауы учаскесінің шектерінде ғана жүргізуге құқылы.
2. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазының немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткізбей ұсынылатын тұлғаның өтініш берген күнінен бастап жиырма күн ішінде оларға геологиялық бөлуді береді.
3. Тау-кендік бөлуді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазына немесе осы Заңның 33-бабының 2-тармағымен көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткізбей ұсынылатын тұлғаға, аталған тұлға тау-кендік бөлу жобасын ұсынған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей береді.
4. Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының иегері тау-кендік бөлумен белгіленген жер қойнауы учаскесінің шектерінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы. Қорлардың өсуі жағдайында және оларды жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік сараптау растағанда келісімшартқа тараптар жазбаша түрде тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте енгізілуі тиіс.
32-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы
1. Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
3) жер қойнауын пайдалану құқығы құқықтық мұрагерлік тәртібімен ауысу жолымен пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттің тікелей беруін білдіреді.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруін көрсетеді.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының құқықтық мұрагерлік тәртібімен көшуі заңды тұлғаның қайта құрылуы кезінде және жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші жеке тұлғаның өлімі жағдайында құқықтық мұрагерде жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болғанын білдіреді.
33-бап. Жер қойнауын пайдалану құқыгын беру
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын барлауға, өндіруге беру осы баптың 3, 5, 6, 9-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, келісім-шартты жасасу арқылы жүргізіледі.
2. Барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарт конкурс өткізудің нәтижелері негізінде жасалады.
Конкурс өткізбей тікелей келіссөздер негізінде:
1) барлауға арналған келісім-шарттың негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол мен автомобиль жолдарын және көпірлерді салу (қайта құру, жөндеу) кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
4) ұлттық компаниямен сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен бірлесіп барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
5) осы Заңның 52-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарттар жасалады.
3. Келісім-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жазбаша рұқсаты негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Барлаумен немесе өндірумен байланысты және барлауға немесе өндіруге арналған келісім-шарттардың жұмыс бағдарламаларында көзделген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етілмейді.
5. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсатқа арналған жерасты суларын тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитімен өндіру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
6. Мердігерге пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес не тау-кен өнімдерін пайдалану кезінде суды азайту мақсатында жерасты суларын өндіруге қойнауқатқа айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлау немесе өндіру құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат беруі жолымен жүзеге асырылады.
7. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органымен келісім-шарт жасасу жолымен жүргізіледі.
8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге шарт жасасу жолымен жүргізіледі.
9. Өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды, сондай-ақ әулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша пайдалануға берген кезде өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерілуі мүмкін.
34-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен
байланысты объектілерді беру
Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді беру:
1) ақылы не ақысыз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен айыру;
2) ақылы не ақысыз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) басқа заңды тұлғаның жарғы капиталына беру;
4) жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендерін жекешелендіру процесінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен айыру;
5) банкрот кезіндегі конкурстық өндіріс процесінде жер қойнауын
пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды
тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру;
6) жер қойнауын пайдалану құқығына, заңды тұлғадағы қатысу үлесіне (акциялар пакетіне), оның ішінде кепіл кезінде ақы өндіріп алу;
7) заңды тұлға құрамына жаңа қатысушыны қабылдаған жағдайда,
жарғы капиталын ұлғайту нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығын
иеленуші заңды тұлғадағы үлеске құқықтың пайда болуы арқылы жүзеге
асырылады.
Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлестері (акциялар пакеті) жатқызылады.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді беру осы Заңның 35-бабымен белгіленген тәртіпте берілетін. құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді беру осы Заңның 35-бабымен белгіленген тәртіпте берілетін облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы органдардың рұқсатымен жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның және заңды тұлғаларда - жер қойнауын пайдаланушыларда қатысу үлестерін
(акциялар пакетін) иеленуші заңды тұлғалардың багалы қағаздар
акцияларының ұйымдастырылған нарығындағы айналымға, оның ішінде
қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған, осындай заңды тұлғалардың
бағалы қағаздар акцияларының ұйымдастырылған нарығында бастапқы орналастыруға бастапқы шығару осы Заңның 35-бабымен белгіленген тәртіпте берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) кепілге беру осы Заңның 35-бабымен белгіленген тәртіпте берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдапану құқығы кепілге қойылып алынған кредит келісім-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағының ережелері мына жағдайларда қолданылмайды:
1) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы айналымындағы, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғадағы акцияларды немесе олардың туынды бағалы қағаздарын иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасау;
2) жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің (акциялар пакетін) бәрін немесе бөлігін жүз пайыздық еншілес ұйымның пайдасына беру;
3) жүз пайыздық қосылма тұлға болып табылатын заңды тұлғалар арасында жер қойнауын пайдалану құқығының, заңды тұлғаның қатысу үлесінің (акциялар пакетін) бәрін немесе бөлігін беру.
Осы баптың мақсаты үшін жүз пайыздық қосылма тұлғалар қатысу үлестерінің (акциялар пакетінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама бір тұлғаға тиесілі тұлғалар болып табылады.
6. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен шарт негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу құқығын беру осы- органның алдын ала келісімімен ғана жүргізіле алады.
7. Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажетті кең таралған пайдалы жазбаларды және жерасты суларын барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең таралған пайдалы қазбалары немесе жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жерді пайдалануға берумен қатар жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға берген ретте, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдалану шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерілуі мүмкін.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдалану жер қойнауын пайдалану құқығын беруге облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарының рұқсаты талап етілмейді.
Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажетті кең таралған пайдалы қазбаларға және жерасты суларына арналған жер қойнауын пайдалану құқығын астында олар жатқан жер учаскесінсіз беруге жол берілмейді.
8. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа адамға ішінара берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мен осындай жеке немесе заңды тұлға келісім-шарт бойынша құқықтарды бірлесіп жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не құқықтар мен міндеттерді осындай шектеу туралы өзге де шарт құзыретті органмен келісіледі және ол келісім-шарттың тараптары үшін міндетті күші бар келісім-шартқа қосымша болып табылады.
9. Иеленушілері бірнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бөлігін берген жағдайда мұндай беру тек осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық осындай иеленушілерінің келісімімен ғана мүмкін болады.
10. Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шартқа қандай болсын қатысы сақталып қалатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан тұлға келісім-шарт бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесін, тау-кендік немесе геологиялық бөлуді және тарату қорын қайта ресімдеуге сөзсіз негіз болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім-шарт талаптары бойынша құрылған тарату қорын қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі барлық шығыстар, егер беру шартында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын
пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
13. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім-шартқа тиісті
өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Құзыретті орган келісім-шартты тіркеуден жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле жасасу фактісі болмаған жағдайда не жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға соның негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат берілген жалған ақпарат ұсынуы фактісі болған жағдайда, не осы баптың 8 және 9-тармақтары сақталмаған жағдайда бас тартуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесіне (акцияларына) құқықтарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте ресімделеді.
14. Осы баптың 2-тармағына және осы Заңның 35-бабына сәйкес
берілетін құзыретті органның рұқсатынсыз, сондай-ақ осы баптың
6-тармағына сәйкес берілетін жер қойнауын зерттеу және пайдалану
жөніндегі уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз жасалған, жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де іс-қимылдар оларды жасасу сәтінен бастап жарамсыз болады.
15. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын, қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға бағытталган мәмілелер мен өзге де әрекеттер бойынша құқықтар мен міндеттерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
35-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен
байланысты құқықтарды иеліктен айыру туралы
рұқсат беру тәртібі
1. Егер осы Заңмен өзгеше көзделмесе, өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруды жүргізуге ниет білдірген адам құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге рұқсат беру туралы өтініш жібереді.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруды жүргізуге ниет білдірген адам облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарына өтініш жібереді.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге рұқсат беру туралы өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуы және мыналарды қамтуы тиіс:
1) заңды тұлғаның не жер қойнауын пайдалану құқығына не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесіне (акциялар пакетіне) ие жеке тұлға атының толық атауы;
2) иеліктен айырылатын не заңды тұлғаға тиесілі жер қойнауы учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), иеліктен айыруға жататын қатысу үлесін (акциялар пакетін) көрсету;
3) иеліктен айырылатын жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) көлемін не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) көлемін дәл көрсету, оның ішінде бастапқы иегерде және тұлғаларда қалған құқықтардың көлемін, иеліктен айырылатын акциялардың (егер оларды иеліктен айыру жүргізілсе) түрлерін көрсету;
4) жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның жарғы капиталының жалпы көлемі және қатысу үлесінің (дауыс беруші акциялар пакетінің) жалпы саны мен ара қатынасы туралы мәліметтер;
5) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алушы туралы мәліметтер:
заңды тұлғалар үшін - сатып алушының атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, басшылар мен олардың өкілеттіктері туралы мәліметтер, құрылтай құжаттары туралы мәліметтер, қатысу үлестерінің (акциялар пакетінің) көлемін көрсетумен қатысушылар туралы мәліметтер, мұндай қағаздардың жалпы санын көрсетумен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында заңды тұлғаның бағалы қағаздарының айналымы туралы мәліметтер, сатып алушының еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
жеке тұлғалар үшін - сатып алушының тегі мен аты, оның тұрған жері, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттар, салық органдарында тіркелуі, кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуде бар не жоқ екендігі туралы мәліметтер, қатысушы (акционер) сатып алушы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтер;
6) соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізбесін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ персоналдың біліктілігін қоса алғанда, сатып алушының қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық
мүмкіндіктері туралы деректер;
7) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру негізі;
8) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру бойынша құқық қатынасында өтініш берушінің құқықтық мәртебесін көрсету;
9) сатып алушының өтініште көрсетілген және оған қоса берілетін барлық мәліметтерінің дұрыс екендігін көрсететін сатып алушының жазбаша өтініші;
10) өтінішті жазған адамның тегі мен аты толығымен, мұндай адамның өкілеттігін көрсету, оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
11) жер қойнауын пайдалану құқықтарының, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) сату бағасы туралы мәліметтер.
Өтінішке тиісінше көрсетілген мәліметтерді растайтын куәландырылған құжаттар (не олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері) қоса беріледі.
Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар мемлекеттік не орыс тілінде жасалуы тиіс. Егер өтінішті шетелдік тұлға берсе, мұндай құжаттар міндетті түрде осы құжаттың мемлекеттік не орыс тіліне нотариалдық куәландырылған аудармасымен өзге тілде жасалуы мүмкін.
3. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге рұқсат беру туралы өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзірлеу үшін қажетті материалдарды Жер қойнауын пайдалану құқығының мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның қарауына енгізеді.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығы мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия 20 жұмыс күні ішінде өтініш пен өзге де материалдарды қарайды, жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін
(акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы тиісті ұсынысты әзірлейді.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия өтініш беруші мен басқа тұлғалардан жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға тікелей қатысты кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы құзыретті органға жіберетін ұсынысы хаттамамен ресімделеді.
5. Құзыретті орган Жер қойнауын пайдалану құқығы мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның ұсынысы негізінде ұсыныс сәттен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
6. Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсатты құзыретті орган мына шарттарды сақтағанда ғана береді:
1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) сатып алушы осы заңмен жер қойнауын пайдаланушыларға және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарға толығымен сай келсе;
2) егер мұндай беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, келісім-шарт шеңберіндегі құқықтарды шоғырландыру және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған құқықтарды шоғырландыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жасалған
халықаралық келісімдердің талаптарын сақтамауға әкеп соқпаса;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге рұқсат беру туралы өтініш осы баптың 2-тармағының талаптарына сай келсе.
7. Құзыретті органның белгілі бір тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беруі туралы мәселе мұндай иеліктен айырудың әрбір жағдайы үшін жеке қаралады. Жер қойнауын пайдаланушының не оның қатысушысының (акционердің) қалауы бойынша мұндай иеліктен айыруға жалпы рұқсатты келісім-шартта не өзге шартта белгілеуге рұқсат етілмейді.
8. Жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалану құқығын өндіріп алу не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайларын қоспаганда, келісім-шарт күшіне енген сәттен бастап екі жыл ішінде берілуі мүмкін емес.
Осы тармақтың ережелері ұлттық компанияның немесе оның еншілес ұйымының жер крйнауын пайдалану құқығын беру немесе сатып алу жағдайларында қолданылмайды.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдалуы мүмкін.
10. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарының рұқсат беруі (беруден бас тартуы) және Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзірлеуі осы бапта белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
36-бап. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы кезінде жер
қойнауын пайдалану құқығының және онымен
байланысты құқықтардың құқықтық мирасқорлық
тәртібімен ауысуы
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) құқықтық мирасқорлық тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның немесе жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайында табыстау актісі не бөлу балансы негізінде ауысуына осы Заңның 35-бабында белгіленген тәртіпте берілетін құзыретті органның рұқсаты негізінде ғана рұқсат етіледі.
37-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және олармен
байланысты құқықтардың азаматтың қайтыс болуы
жағдайында әмбебап құқықтық мирасқорлық
тәртібімен ауысуы
Жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) мұрагерлік тәртібімен ауысуы азаматтық заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
38-бап. Жер қойнауын пайдалану қүқығының тоқтатылуы
1. Осы Заңмен және басқа да заңнамалық актілермен белгіленген негіздемелерден басқа, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айрылуы
мүмкін емес.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы мына жағдайларда тоқтатылады:
1) келісім-шарттың тоқтатылуы;
2) барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға операцияларды жүргізуге және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған, сондай-ақ осы Заңның 33-бабының 6-тармағына сәйкес тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға немесе өндіруге қолданылу немесе рұқсатты кері қайтару мерзімінің етуі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауы учаскелерін пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдауы;
4) жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның таратылуы;
5) осы Заңмен белгіленген өзге де жағдайларда.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы жер қойнауын пайдалану мақсатында берілген жер теліміне жер пайдалану құқығын тоқтатуға сөзсіз негіз болып табылады.
39-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын мәжбүрлі түрде
тоқтату рәсімі
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) өндіріп алу жағдайларында, оның ішінде кепіл кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлестерін (акциялар пакетін) тиісінше өткізу (сату) осы Заңмен өзгеше белгіленбесе, жария сауда-саттық өткізу жолымен жүргізіледі.
Мұндай сауда-саттыққа қатысуға жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу (сату) бойынша сауда-саттыққа қатысуға құзыретті органның рұқсатын алған тұлғалар жіберіледі.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу (сату) бойынша жария сауда-саттыққа қатысуға ниеті бар адам құзыретті органға мұндай жария сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу (сату) бойынша сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуы және осы Заңның 35-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөліктерін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу (сату) бойынша сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтінішті осы Заңның 35-бабында белгіленген тәртіппен құзыретті орган қарайды.
Осы тармақтың ережесі сонымен бірге банкроттық рәсімдерді жүзеге асыру кезінде конкурстық массаны сату жағдайында қолданылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығын, иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру бойынша сауда-саттықтар нәтижелері бойынша осы тармаққа сәйкес осындай сауда-саттықтарға қатысуға құзыретті органның рұқсатын алған адаммен мәмілелер жасасу кезінде, жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) олармен байланысты объектілерді иеліктен айыруға құзыретті органның қосымша рұқсаты талап етілмейді.
2. Кепіл ұстаушының талаптарын кепілге салынған жер қойнауын
пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды
тұлғаның қатысу үлесінің (акциялар пакетін) құнынан қанағаттандыру сот тәртібімен жүргізіледі.
3. Кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) сату бойынша сауда-саттықты етілмеді деп жариялау кезінде, кепіл ұстаушы құзыретті органның рұқсатымен кепілген салынған мүлікті өз меншігіне айналдыруына (жер қойнауын пайдалану құқығының немесе жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесінің иегері болуға) не жаңа сауда-саттықтарды тағайындауды талап етуге құқылы.
4. Кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алу ниеті бар кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) сату бойынша сауда-саттықты өтілмеді деп жарияланған жағдайда, құзыретті органға кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.
Кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш мемлекеттік және орыс тілінде жасалуы және осы Заңның 35-бабының 2-тармағымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға рұқсат беру туралы өтінішті осы Заңның 35-бабында белгіленген тәртіппен құзыретті орган қарайды.
5. Осы баптың ережелеріне қайшы келетін кепіл туралы шарттардың және өзге де келісімдердің ережелері жарамсыз болады.
40-бап. Техногендік минералдық түзілімдерге байланысты
жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру
Мемлекеттік меншікке жататын және нақтылы мемлекеттік кәсіпорындарға бекітіліп берілмеген техногендік минералдық түзілімдерден өндіру келісім-шарт негізінде жалпы негіздерде жүргізіледі.
41-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді осы Заңның 33-бабының 8-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргізе алады.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу кезіндегі жұмыстар (операциялар) өңірлік және геологиялық-түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізуді, іздестіру, іздестіру-бағалау, іздестіру-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді, өздігінен ағып шығатын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын таратуды және консервациялауды қамтуы мүмкін.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін.
42-бап. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуды және (немесе)
пайдалануды жүзеге асыру
1. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің шарттары мен тәртібі келісім-шартпен айқындалады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға осы Заңның өндіруге қатысты нормалары қолданылады.
43-бап. Минералдық шикізатты бастапқы өңдеу
1. Минералдық шикізатты бастапқы өңдеу және қайта өңдеу өндіруден кейінгі тікелей операция болып табылады.
2. Минералдық шикізатты бастапқы өңдеу мен қайта өңдеуді лицензиялау осы Заңның ережелеріне бағынбайды және Қазақстан
Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен
жүргізіледі.
4-тарау. Конкурс негізінде барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру
44-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері
1. Құзыретті орган барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін, сондай-ақ конкурстың шарты ұлттық компанияның (әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорацияның) қатысу үлесі болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін қалыптастырады.
Жер қойнауы учаскелерінің тізбелері жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
2. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін
Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал кең таралған пайдалы қазбалар
бойынша - жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде орналасқан конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты құзыретті орган осы Заңға сәйкес жүргізеді.
5. Құзыретті орган кенорындарының қорларына қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен және өнеркәсіптік категориялар қорларының барлығы расталғаннан кейін ғана өндіру бойынша операцияларды жүргізуге конкурс өткізеді және келісім-шарттар жасасады.
45-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс
өткізудің шарттары
1. Конкурс өткізу және оның шарттары туралы хабарлама Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасез
басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген барлық тұлгалардың он күнтізбелік күннен кем емес мерзімде конкурсқа қатысуға етінімдер берудің түпкілікті мерзіміне дейін конкурс өткізудің тәртібіне байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізу туралы хабарламаларда мыналар:
1) оның өткізілетін уақыты мен орны, сондай-ақ өтінімдер берудің мерзімі;
2) конкурстың негізгі шарттары;
3) жер қойнауын. пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін ұсынылу көзделген жер қойнауы учаскелерінің орналасқан жерін көрсету және қысқаша сипаттамасы;
4) конкурсқа қатысу үшін жарна мөлшері туралы ақпарат және оны төлеуге арналған банк деректемелері;
5) жазылу бонусы;
6) тартылатын қазақстандық кадрлардың ең аз саны (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тартылатын жалдамалы қызметкерлердің жалпы санына пайызбен шаққанда);
7) қазақстандық мазмұнның ең аз көлемі (жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы көлеміне пайызбен
шаққанда);
8) қазақстандық мамандарды оқыту шығынының ең ең төменгі
мөлшері қамтылуға тиісті.
3. Қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында өңдеуді міндетіне алатын минералдық шикізаттың ең аз мөлшері қамтылуға тиісті.
Қазақстан Республикасының аумағында өңдеуге, минералды шикізаттың кішігірім санын индустриалды саясат және тауарларды мемлекеттік реттеу аумағындағы уәкілетті органы және құзыретті органымен бірге анықталған конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуді міндеттенеді
4. Конкурсқа қатысушыларга өтінім беру үшін берілетін мерзім кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда, конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бір айдан кем болмауы тиіс.
5. Конкурс шарттарының жарияланған күні мен конкурс өткізілетін (қорытындылар шығарыла бастайтын) күннің арасындағы мерзім терт айдан кем болмауы, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша үш айдан кем болмауы тиіс.
6. Конкурсқа қатысу жарнасы қайтарылуға жатпайды.
46-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурсқа қатысуға берілетін өтінім
Конкурсқа қатысуға берілетін өтінімде:
1) заңды тұлғалар үшін - өтінім берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, олардың жарғы капиталындағы үлестерінің (жарғы капиталының жалпы көлемінен) көлемін көрсетумен өтінім беруші заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, мұндай қағаздардың жалпы санын көрсетумен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында заңды тұлғаның бағалы қағаздарының айналымы туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін - өтінім берушінің атауы, оның орналасқан жері, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, өтінім берушінің салық органдарында тіркелуі туралы, өтінім берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер;
3) мұндай тұлғалардың өкілеттігі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтінім берушіні білдіретін басшылар немесе өкілдер туралы деректер;
4) соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізбесін қоса алғанда, өтінім берушінің бұрынғы қызметі туралы ақпарат;
5) өтінім берушінің жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміттеніп отырған жер қойнауы учаскесінің атауы;
6) өтінім берушінің конкурсқа қатысу үшін жарна төлегені туралы құжаты.
Өтінімге өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісінше куәландырылган құжаттар қоса беріледі.
2. Өтінім осы баптың талаптарын өтінім беруші сақтаған жағдайда қарауға қабылданады. Осы баптың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім қайтарылуға жатады.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылдануы туралы құзыретті орган өтінім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан күннен бастап бір айлық мерзімде ресми түрде хабарлайды.
47-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері
бойынша геологиялық ақпарат топтамасы
1. Конкурс туралы хабарламаға дейін уәкілетті орган шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын дайындайды және оның құнын анықтайды. Топтама қолда бар геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық ақпаратты және конкурсқа қатысу туралы өтінім берушінің шешіміне қажетті өзге де ақпарат көлемін қамтуы тиіс.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданғаннан кейін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган өтінім берушінің өтінішінен кейін бір ай ішінде өтінім берушіге ақысына берілетін жер қойнауы учаскесі бойынша геологиялық ақпарат топтамасын береді.
Геологиялық ақпарат топтамасының құны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталатын тарихи көлеміне байланысты белгіленеді.
Геологиялық ақпарат топтамасының құны қайтарылуға жатпайды.
3. Өтінім берушінің алған геологиялық ақпаратты кез келген нысанда ашуға немесе үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
48-бап. Конкурстық ұсыныс
1. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім беруші конкурс шарттарымен белгіленген мерзімде барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты жасайды.
2. Құзыретті орган конкурс жарияланған күннен бастап үш ай ішінде конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық ұсыныстарды қабылдайды.
Конкурстық ұсыныс берген конкурсқа қатысушының конкурстык ұсыныстар беру аяқталған күннен бастап конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін оны кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
3. Конкурстық ұсыныста мыналар қамтылуы тиіс:
1) жазылу бонусының ұсынылатын мөлшері;
2) мәлімделген жазылу бонусын толық көлемде төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаржылары, банк кепілдіктері);
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған жергілікті бюджетке аударымдардың мөлшері. Бұл ретте өңірдің және оның инфрақұрылымының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу бойынша міндеттемелер мен ниеттер тек ақшалай көріністе белгіленеді және жергілікті бюджеттің кірісіне төленеді;
4) кадр жұмысына тартылатын жалпы саннан пайызға шаққанда тартылатын қазақстандық кадрлар бойынша міндеттемелер;
5) қазақстандық кадрларды оқыту бойынша міндеттемелер;
6) қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің пайыздық көріністегі міндеттемелері;
7) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісім-шартқа қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелері;
8) геологиялық ақпаратты сатып алуға төлемді растайтын құжаттың көшірмесі.
Конкурс өткізу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында өңдеуді міндетіне алатын минералдық шикізаттың ең аз мөлшері белгіленген жағдайда конкурстық ұсыным мұндай талапқа сәйкес болуға тиісті.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Заңның 45-бабының 2-тармағында көрсетілген жазылу бонусының, қазақстандық мазмұнның және қазақстандық мамандарды оқыту шығындарының ең аз мөлшері туралы талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық ұсыныс бас тартуға жатады.
4. Конкурстық ұсыныста өтінім берушінің ұсынған міндеттемелері мен ниеттері жұмыс бағдарламасы мен келісім-шартқа енгізіледі.
49-бап. Конкурсқа қатысу құқығынан бас тарту
Конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғаға мынадай жағдайларда:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім осы Заңның 46-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
2) конкурстық ұсыныс конкурс шарттарына сәйкес келмесе;
3) өтінім беруші жалған мәліметтер ұсынса;
4) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану кұқыгын беру елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде келісім-шарт шеңберінде құқықтарды шоғырландырған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған құқықтарды шоғырландырған жағдайда талаптардың сақталмауына апарып соқса, оның конкурсқа қатысу құқығынан айрылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тарту осы тармақшаға сәйкес себептерді түсіндірусіз ресімделеді.
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
50-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару
1. Конкурстың жеңімпазы конкурстық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша мынадай өлшемдер жиынтығының негізінде анықталады:
1) жазылу бонусының мөлшері;
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған жергілікті бюджетке аударымдардың мөлшері.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар жасаған өтінім берушілер арасынан конкурс жеңімпазын, құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия айқындайды.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстарды өткізу кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдары құрады.
3. Конкурстың қорытындыларын шығару Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) барлық қатысушы мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Конкурстың қорытындыларын шығару мерзімі конкурстық ұсыныстар беруге арналған мерзім бітетін күннен бастап - он бес күннен аспауға тиіс. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзімі Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) шешімімен, бірақ бір айдан көп емес ұзартылуы мүмкін.
4. Конкурстың қорытындыларына конкурсқа қатысушылар белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
5. Конкурс жеңімпазымен келісім-шарт осы Заңмен белгіленген тәртіпте және шарттарда жасалады.
6. Конкурс нәтижелері ресми баспасөз басылымында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға және уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылуға тиіс.
51-бап. Конкурс өткізілмеді деп танудың тәртібі мен
негіздері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия (Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) мынадай жағдайларда:
1) берілген өтінімдер болмаған;
2) екі өтінімнен кем болған;
3) конкурсқа қатысуға бір де бір өтінім беруші жіберілмеген;
4) конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім беруші жіберілген;
5) тек бір қабылданған конкурстық ұсыныс қалғанда өткізілмеді деп таниды.
2. Конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешімді Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия (Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) хаттамамен ресімдейді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) конкурс өткізілмеді деп тану туралы шешімі конкурсқа жіберілген барлық қатысушыларга хабарланады.
3. Конкурсты өткізілмеді деп тану туралы хабарландыру ресми баспасөз басылымдарында жариялануы тиіс.
52-бап. Конкурсты қайта өткізудің тәртібі мен негіздері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда құзыретті орган мына:
1) конкурсты қайта өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурсты қайта өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін.
2. Қайталанған конкурс осы заңда көзделген конкурсты өткізуге арналған тәртіппен және мерзімде өткізіледі.
3. Егер конкурс бір конкурстық ұсыныстың түсуіне байланысты өткізілмеді деп танылған жағдайда, қайта конкурс өткізу кезінде осы конкурстық ұсынысты берген өтінім берушіден конкурсқа қатысқаны және геологиялық ақпарат пакетінің құны үшін жарна алынбайды.
4. Егер қайта өткізілген конкурс қабылданған бір ғана конкурстық ұсыныстың болуы себепті өткізілген жоқ деп танылған жағдайда, құзыретті орган осындай конкурстық ұсынысты берген конкурсқа қатысушымен конкурстық ұсыныста жазылған шарттарға қарағанда нашар емес жағдайда тікелей келіссөздер арқылы келісім-шарт жасасуға құқылы.
53-бап. Конкурсты жарамсыз деп тану
1. Осы Заңда белгіленген ережелердің бұзылуымен өткізілген конкурс мүдделі тұлғаның талабы бойынша сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Конкурсты жарамсыз деп тану үшін мыналар:
1) конкурс жеңімпазын анықтауға ықпалын тигізген осы Заңда белгіленген конкурс өткізу ережелерінің бұзылуы;
2) құзыретті органға конкурс жеңімпазы туралы оның шешіміне әсер еткен, көрінеу жалған ақпарат беру фактісінің анықталуы;
3) келісім-шарт жасасқан күнге дейін конкурс жеңімпазы болып танылған қатысушылар құрамының не заңды тұлға акционерлерінің өзгеруі;
4) конкурсты өткізуге қатысушы лауазымды тұлғалардың конкурста жеңімпаз болып танылған тұлғаға жағдайды ырықтандыру және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің мөлшерін төмендетуге конкурстың басқа қатысушылары (өтінім берушілері) алдында заңсыз басымдықтар беру фактісінің аныкталуы негіз болып табылады.
2. Келісім-шартты жасасқанға дейін конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда келісім-шарт жасалмайды, келісім-шарт жасалғаннан кейін - конкурс жеңімпазымен жасалған келісім-шарт осы Заңда белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылады.
3. Конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда осындай конкурс жеңімпазы деп жарияланған тұлға егер конкурс оның кінәсінсіз жарамсыз деп танылғанын дәлелдесе, осы Заңның 65-бабында белгіленген тәртіп бойынша төленген қол қойылатын бонусты қайтарып беруді талап етуге құқылы.
5-тарау. Тікелей келіссөздер негізінде барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру
54-бап. Тікелей келіссөздер объектілері
1. Барлауга арналған келісім-шарт негізінде коммерциялық табылымға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға басым құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операцияны өткізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін құзыретті орган анықтайды.
Осы Заңның 33-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда келісім-шарттар тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізусіз жасалады.
2. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісім-шарт жасау жөніндегі тікелей келіссөздер объектілері мыналар болып табылады:
1) мұнай мен газдың, сондай-ақ олардың өңделген өнімдерінің қоймалары мен резервуарлары үшін жерасты және топырақ қабатынан төмен жасалған құрылыстар;
2) орналасу тереңдігі үш метрден жоғары тоннелдер, метрополитендер, жерасты жол отпелері мен инженерлік қүрылыстар;
3) қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар;
4) жер қойнауына қатты, сұйық қалдықтарды, зиянды улы заттарды кему мен жинақтау және сарқынды және өндірістік суларды ағызуға арналған қалдық қоймалары мен қойыртпақ қоймалары.
3. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауы учаскесін белгілейді.
55-бап. Тікелей келіссөздерді жүргізудің тәртібі мен
шарттары
1. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасау құқығына осы заңда белгіленген тұлға ие болады.
Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін өтініш білдіретін тұлға осы заңда жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынылған талаптарға сәйкес келуі тиіс.
2. Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді құзіретті органның жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобының құрамын құзыретті орган бекітеді.
Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобының құрамын құзыретті органның келісімі бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
3. Келісім-шарт жасасуға үміткер тұлға тікелей келіссөздерге қатысу үшін өтінімді осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес құзыретті органға жібереді.
4. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімдер қабылданғаннан кейін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішінен кейін бір айдың ішінде ақысына берілетін жер қойнауы учаскесі бойынша геологиялық ақпарат пакетін береді.
Геологиялық ақпарат пакетінің құны осы Заңның 47-бабында белгіленген тәртіппен белгіленеді.
4. Құзыретті орган өтінім берушіге өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау туралы хабардар етуге міндетті.
Құзыретті орган өтініш берушіні тікелей келіссөздер жүргізілетін күн туралы хабардар етеді.
5. Тікелей келіссөздер осы Заңның 56-бабының талаптарына сәйкес ресімделген өтінімнің түскен күнінен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның шешімімен ұзартылуы мүмкін.
56-бап. Тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім
1. Тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім:
1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, басшылар және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, олардың жарғылық капиталдагы үлестерінің мөлшерін (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің) көрсете отырып, қатысушылар немесе өтініш берушінің - заңды тұлғаның акционерлері туралы мәліметтерді, заңды тұлғаның бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарықтағы бағалы қағаздарын осындай қағаздардың жалпы санын көрсете отырып бағалы қағаздардың айналысы туралы мәліметтерді, өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
2) жеке тұлғалар үшін - өтінім берушінің тегі мен аты, оның орналасқан жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді, өтініш берушінің салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызметтің субъектісі ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді;
3) өтініш беруші беретін басшылар немесе өекілдер туралы, осындай тұлғалардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда деректерді;
4) ұлттық компанияларды қоспағанда барлық өтініш берушілердің, сондай-ақ барлауға арналған келісім-шарт негізінде олардың коммерциялық табылым жүргізу негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін өтініш беретін тұлғаның өтінімінде көрсетілген техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректерді қамтуы тиіс;
Құзыретті органның талабы бойынша өтінім беруші тікелей келіссөздерді жүргізудің негіздемесіне байланысты өзге де ақпаратты қосымша береді.
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісім-шарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қосымша мынадай мәліметтерді:
1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды кему объектілерінің, сарқынды және өндірістік сулардың ағызылатын жерінің жалпы сипаттамасын (объектінің орналасқан жері, пайдалану мерзімі, үстауға арналған шығындар, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауының мониторингін қадағалау желілерінің болуы және орналасқан жері);
2) объектілердің жеке сипаттамасын - оқшаулау сипаттамасы, тау жыныстарының түрі, қойнауқат коллекторының орналасу тереңдігі ментиімді қуаты, оның алаңы, кеуектілік коэффициенті, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасы, жерасты суларының табиғи ағу жылдамдығы, кемудің, жинау мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштері, тау-кен техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын;
3) зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өндірістік сулардың түзілуіне әкеп соғатын қызметті ұйымдастыру туралы (орналасқан жері мен ведомстволық бағыныстылығы);
4) зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өндірістік сулардың сипаттамасын (нәтижесінде өнім жасалатын өнімнің атауы, техникалық өндірісі немесе процесі, олардың жеке сипаттамасы, химиялық толық қүрамы, улы компоненттердің мөлшері, өрт-жарылысқа қауіптілігі, ерігіштігі, сақтау кезіндегі басқа заттармен үйлесімділігі) негізгі ластайтын радионуклидтер, олардың белсенділігі, тасымалдау жүйесінің сипаттамасын;
5) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын;
6) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қамтитын құжаттар қоса ұсынылады.
3. Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінім мыналарды:
1) жазылу бонусының көлемін;
2) конкурс шарттарын белгілеу үшін әдістеме бойынша есептелген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің және тартылатын мамандардың пайыздық қатысында қазақстандық мазмұн көлемін;
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған жергілікті бюджетке аударымдар мөлшерін алдын ала ескеруі тиіс.
4. Өтінімге тиісті түрде өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын расталған құжаттар (не оның көшірмесі) қоса беріледі.
57-бап. Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша
шешімдер қабылдау
1. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы не бас тарту туралы шешім, келісім-шарт бойынша өтінім берушінің міндеттемелерін орындау мүмкіндігі туралы куәландыратын деректер негізінде қабылданады.
2. Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша құзыретті органның шешімі құзыретті орган құрған жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері қол қойған тікелей келіссөздердің хаттамасымен ресімделеді.
Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда тікелей келіссөздердің хаттамасына өтініш берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
Тікелей келіссөздердің хаттамасына қол қойылған күн тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім қабылдаған күн болып есептеледі.
Құзыретті орган тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде 10 күнді қамтитын мерзімде тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы өтінім берушіні хабардар етуге міндетті.
3. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған жағдайда, өтінім беруші келісім-шартты осы Заңның белгіленген тәртібінде және шарттарында осы тарауда көзделген ерекшіліктерді ескере отырып жасайды.
Тікелей келіссөздер барысында және құзыретті орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары міндетті түрде өтінім беруші ұсынған тікелей келіссөздер хаттамасына, ал соңынан -жұмыс бағдарламасы мен келісім-шартқа қосылады.
58-бап. Барлау сатысынан өндіру сатысына көшу кезінде жер
қойнауын пайдалану құқығын беру ерекшіліктері
1. Егер өзгесі осы Заңда белгіленбесе, барлауға арналған келісім-шарт негізінде кен орындарын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушы, оған тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге басқа тұлғалар алдында басым құқыққа ие.
2. Барлауға арналған келісім-шарт негізінде кен орындарын табу және бағалауды жүргізген тұлға, өндіруге арналған келісім-шартты жасау жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы барлауға келісім-шарт жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірмей құзыретті органға өтініш білдіруге құқылы.
3. Құзыретті орган өтінім түскеннен күннен бастап екі айдан кешіктірмей біржақты тәртіппен өтінім берушіге жіберілетін өндіруге арналған келісім-шартың мынадай талаптарын белгілейді:
1) жазылу бонусының мөлшерін;
2) қазақстандық мазмұнның көлемін: тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге, сондай-ақ қазақстандық мамандарға қатысты;
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған жергілікті бюджетке аударымдар мөлшері.
4. Тараптардың ұсынған шарттарымен келіскен жағдайда тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылады. Өтінім беруші хаттамаға қол қойылғаннан кейін 12 айға дейінгі мерзімде уәкілетті органға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі қажетті жобалық құжаттарды және құзыретті органға - келісім-шарттың жобасын дайындауға және беруге міндетті. Егер өтінім берушінің кінәсі бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 24 ай ішінде келісім-шарт жасалмаған жағдайда, өтінім беруші өндіруге арналған келісім-шарт жасауға өз құқығынан айырылады, ал жер қойнауының тиісті учаскесі (учаскелері) осы Заңда көзделген тәртіппен осындай тұлғаға барлауға арналған шығынды өтеу талабымен конкурсқа қойылуы мүмкін.
5. Өтінім беруші құзыретті органның ұсынған шарттарымен келіспеген жағдайда, құзыретті орган тікелей келіссөздер негізінде өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ал кенорнын тапқан және бағалаған өтініш беруші өндіруге келісім-шарт жасауға басым құқығынан айырылады, және жер қойнауының тиісті учаскесі (учаскелері) 3 айдың ішінде құзыретті органда конкурсқа қойылады.
Осындай конкурсқа қатысудың қажетті шарттары келісім-шартты жасауға үміткер тұлғаның мынадай міндеттемелері болып табылуы тиіс:
1) жазылу бонусының мөлшері туралы ережелерінде келісім-шарт жасалады, тауарлары, жұмыстары және көрсететін қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұн, қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұн, осы баптың 3-тармағына сәйкес құзыретті орган белгілеген көлемнен аз болуы мүмкін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған жергілікті бюджетке аударымдар;
2) экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін келісім-шарттық аумақты жарамды күйде ұстау және тиісті келісім-шарттық аумақта өндіруге келісім-шарт жасасқанға дейін конкурстың жеңімпазын анықтаған күннен бастап халық пен қызметкерлер үшін қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдану жөнінде
3) коммерциялық табуды жүргізген тұлға барлауға арналған келісім-шарттың негізінде конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесін табуға және бағалауға арналған шығындарды мұндай шығындардың толық сомасын бір жолғы төлем тәртібімен өтеуге және келісім-шарттық аумақты осы баптың 10-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес өндіру жөніндегі мұнан былайғы операцияларды жүзеге асыру үшін жарамды күйде ұстау.
Осындай өтеу статистика жөніндегі уәкілетті органның деректерінің негізінде анықталатын инфляцияны ескере отырып тиісті шығындардың толық сомасын бір жолғы төлем тәртібімен жүзеге асырылады.
Осындай шығындардың өтеу мерзімін құзыретті орган белгілейді және келісім-шартты конкурс жеңімпазымен жасаған күннен бастап 3 айдан асырмауы тиіс.
Конкурстың жеңімпазы олардың өтелген аудит шығындарын жүргізуге құқылы.
6. Құзыретті органның тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешімі құзыретті орган ұсынған келісім-шарттың талаптарымен келіспеген тұлға сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
7. Егер осы баптың 5-тармағына сәйкес өткізілген конкурс өткізілмеген деп танылса құзыретті орган мен барлауға арналған келісім-шарт негізінде кенорнын табу және бағалау жүргізген тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттарды анықтау мақсатында тікелей келіссөздер жүргізуге тиісті.
Осындай шарттар бойынша келісімге жеткен жағдайда тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылады және осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жобалық құжаттар мен келісім-шарттың жобасын әзірлеу жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар бойынша келісімге қол жетпеген жағдайда құзыретті орган мен барлауға арналған келісім-шарт негізінде кенорнын ашқан және бағалау жүргізген тұлға бірлесіп тауарлар, жұмыстар, қызметтер мен қазақстандық кадрлар, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджетке аударымдар жөніндегі қол қойылатын бонустың, қазақстандық мазмұнның көлемдеріне қатысты қайталанған конкурстың қажетті шарттарын анықтайды.
8. Қайтадан өткізілген конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда барлауға арналған келісім-шарт негізінде кенорнын ашқан және бағалау жүргізген тұлға тікелей келіссөздер барысында ол ұсынған шарттарда өндіруге онымен келісім-шарт жасасуды талап етуге құқылы.
9. Барлауға арналған келісім-шарттың негізінде кенорнын тапқан және бағалаған және барлауға арналған тиісті келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өндіруге келісім-шарт жасасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініш берген жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісім-шартқа, жұмыс бағдарламасына және жобалық құжаттарға сәйкес міндеттемелерін орындауды жалғастырады.
10. Барлауға арналған келісім-шарт қолданылуын тоқтатқаннан кейін өндіруге келісім-шарт жасасуға тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініш берген жер қойнауын пайдаланушы
1) келісім-шарттық аумақтың бір бөлігін (бөліктерін) қайтарған жағдайда осы заңның 108-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе сақтау жөнінде жұмыстар жүргізуге, соның ішінде барлау бойынша операциялар жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді келісім-шарттық аумақтың қайтарылатын бөлігінде (бөліктерінде) одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға дейін қалпына келтіруге;
2) барлық келісім-шарттық аумақта немесе қайтаруға жатпайтын келісім-шарттық аумақтың бір бөлігінде (бөліктерінде) өндіру бойынша операциялар жүргізу ниеті кезінде - өндіруге келісім-шарт жасасқанға дейін экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, өндіру бойынша мұнан былайғы операцияларды жүзеге асыру үшін жарамды күйде келісім-шарттық аумақты (келісім-шарттық аумақтың бөліктерін) сақтау үшін тиісті шаралар қолдануға және тиісті келісім-шарттық аумақта (келісім-шарттық аумақтың бөліктерінде) халық пен персонал үшін қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуге міндетті.
Барлауға арналған келісім-шарттың негізінде кенорнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер негізінде өндіруге келісім-шарт жасалмаған жағдайда, оның өндіру жөніндегі мұнан былайғы операцияларды жүзеге асыру үшін келісім-шарттық аумақты (келісім-шарттық аумақтың бөліктерін) жарамды күйде ұстау жөніндегі міндеттемесі осы бапта белгіленген тәртіппен өткізілген конкурстың жеңімпазын анықтау кезінде тоқтатылады.
6-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт
59-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған
келісім-шарттардың түрлері
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін келісім-шарттардың мынадай түрлері қолданылады:
1) барлау жүргізу үшін - барлауға арналған келісім-шарт;
2) өндіру жүргізу үшін - өндіруге және бастапқы өңдеуге арналған келісім-шарт:
3) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарының құрылысын жүргізу және/немесе пайдалану үшін - барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және/немесе пайдалануға арналған келісім-шарт;
4) жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу үшін - жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісім-шарт.
Келісім-шартты жасау, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
2. Келісім-шарттың талаптары жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша үлгілік келісім-шарт ережелерін ескере отырып, белгіленуі тиіс және мынадай талаптарды қамтуы тиіс:
1) Анықтамалар;
2) Келісім-шарттың мақсаты;
3) Келісім-шарттың қолданылу мерзімі
4) Келісім-шарттық аумақ;
5) Мұлікке және ақпаратқа меншік құқығы;
6) Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және иеліктен алу құқығы;
7) Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері;
8) Жұмыс бағдарламасы;
9) Барлау немесе өндіру кезеңі (келісім-шарттың түріне байланысты);
10) Коммерциялық табылым;
11) Пайдалы қазбаны өлшеу;
12) Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау;
13) Қаржыландыру;
14) Салық салу;
15) Бухгалтерлік есеп;
16) Сақтандыру;
17) Тарату және жою қоры;
18) Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау;
19) Халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігі;
20) Мердігердің келісім-шарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы;
21) Дүлей күш;
22) Құпиялылық;
23) Құқықтар мен міндеттерді беру;
24) Қолданылатын құқық;
25) Дауларды шешу тәртібі;
26) Келісім-шарт тұрақтылығының кепілдіктері;
27) Келісім-шарттың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату жағдайлары;
28) Келісім-шарт тілі;
Келісім-шарт басқа да ережелерді қамтуы мүмкін.
Келісім-шарт мынадай: жазылу бонусын төлеудің мелшері мен шарттары; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға арналған жергілікті бюджетке аударымдардың мөлшері мен талаптары бойынша; қосалқы мердігердің жұмыстарымен айналысатын персоналын қоса алғанда, жұмысқа тартылатын мамандардың жалпы санының пайыздық көрінісінде қазақстандық мамандарды тарту бойынша; қазақстандық мамандарды оқытуға арналған аударымдардың мөлшері мен шарттары бойынша; қазақстанда шыққан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді пайдалану бойынша пайыздық көрінісінде; қазақстандық қызметкер үшін тең жағдайлар мен еңбек ақы ережелерін қамтамасыз етуге қосалқы мердігердің жұмыстарымен айналысатын персоналды қоса алғанда, тартылған шетелдік персоналға қатысы бойынша міндеттемелерді қамтуы мүмкін.
Келісім-шарттың талаптары жер қойнауын пайдаланушының, оның ішінде қазақстандық мазмұн бойынша, салықтық емес сипаттағы төлемдер бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін, келісім-шартта белгіленген (айыппұлдар мен өсімпұлдардың) тұрақсыз көлемін қамтуы тиіс.
3. Келісім-шарттың талаптары тікелей келіссөздер не конкурстық ұсыныстар нәтижесі бойынша шарттары белгіленген Қазақстан Республикасына қатысы бойынша аса тиімді болмауы мүмкін.
4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісім-шарттарды қоспағанда келісім-шартқа міндетті қосымшалар геологиялық немесе тау-кендік бөлу және жұмыс бағдарламасы болып табылады.
5. Келісім-шарттың талаптары міндетті түрде келісім-шарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылатынын қарауы тиіс.
6. Келісім-шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуы тиіс. Келісім-шарт тараптарының келісімі бойынша, келісім-шарттың мәтіні де өзге тілдерге аударылуы мүмкін.
7. Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралғандарды қоспағанда пайдалы қазбаларға барлау мен өндіру жүргізуге арналған келісім-шарттардың талаптарын орындауын бақылауды құзыретті орган жүзеге асырады.
Кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдаланушылардың барлау немесе өндіру жүргізуге арналған келісім-шарттардың талаптарын орындағанын бақылауды облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдары жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыретті орган, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісім-шарттарға қатысты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органы жазбаша хабарламамен жер қойнауын пайдаланушының міндетіне белгіленген мерзімде осындай бұрмалаушылықты жою жөнінде көрсетеді.
8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісім-шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жасалады.
60-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізуге арналған келісім-шарттың жобасын
дайындау
1. Келісім-шарттың жобасын конкурс жеңімпазы не тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасайтын тұлға әзірлейді және келіссөздер арқылы құзіретті органмен келіседі.
2. Келісім-шарттың жобасы модельдік келісім-шарт, тікелей келіссөздер хаттамасы немесе жеңімпаздың конкурстық ұсынымы және жобалық құжаттардың белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген негізде жасалған және бекітілген жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленеді.
Келісім-шарт жобасының ережесі осы заңда көрсетілген келісім-шарт ережелерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Барлауға арналған келісім-шарттың жобасы осы Заңның талаптарына сәйкес бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу бойынша мердігердің міндеттерін қарауы тиіс.
3. Келісім-шарттың жобасы жұмыс бағдарламасымен бірге оған қол қойылғанға дейін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс. Келісім-шарт жобасы мынадай: құқықтық, экологиялық, экономикалық міндетті сараптамаларға жатады.
Сараптама қорытындыларын тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде келісім-шарттың жобасына ескертулердің соңғы тізбесімен келісім-шарттың алғашқы жобасына не соңғы келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар түскен күннен бастап 2 айдан кешіктірмеген мерзімде Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес береді.
Тиісті мемлекеттік органдардың сараптау қорытындыларында баяндалған келісім-шарттың жобасына ескертулер келісім-шарттың жобасында міндетті түрде жойылуы тиіс.
4. Келісім-шарт жасауға үміткер тұлға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарттың және жұмыс бағдарламасының жобасын келіскенге және қажетті сараптамалардың қорытындыларын алғанға дейін, бірақ белгіленген тәртіпте бұрын бекітілген жобалық құжаттарды келісім-шарттың жобасын және жұмыс бағдарламасын құзыретті органға келісуге жіберуге құқылы.
Құзыретті орган келісім-шарттың жобасын жұмыс бағдарламасымен келісуді, олардың түскен күнінен бастап бір ай ішінде жүргізеді.
5. Келісім-шарт жасауға үміткер тұлға келісім-шарттың жобасын және жұмыс бағдарламасын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келіскеннен кейін, сараптамалардың қорытындыларында көрсетілген барлық ескертулерге қажетті сараптама жүргізу және жою, келісім-шарт жобасын жұмыс бағдарламасымен, барлық бекітілген жобалық құжаттармен, келісімдер мен сараптамалардың қорытындыларымен бірлесіп құзыретті органда соңғы рет келісу үшін келісім-шарт жасауға үміткер тұлға жібереді.
Құзыретті орган келісім-шарттың және жұмыс бағдарламасының соңғы мәтінін келісуді құжаттардың осы тармағында көрсетілген келісім-шартты жасауға үміткер тұлға берген күннен бастап 2 айдан кешіктірілмеген мерзімде жүргізеді.
61-бап. Жұмыс бағдарламасы
1. Жұмыс бағдарламасы жобалық құжаттардың белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген негізде жасалатын келісім-шарттың құрамдас белігі және оған ажырамас қосымша болып табылады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу келісім-шарттың жобасын сараптауды жүргізумен бір уақытта жүзеге асырылады. Жұмыс бағдарламасын келісу мерзімі жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жұмыс бағдарламасы түскен күннен бастап кемінде 1 айды құрайды.
2. Жобалық құжаттардың көрсеткіштерін өзгерту кезінде нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгертілсе, жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуі тиіс.
62-бап. Іздестіру жұмыстарының жобасы
1. Барлауға арналған келісім-шартқа, тікелей келіссөздер негізінде жасалатын келісім-шартқа қол қойылғанға және тіркелгенге дейін, конкурстың жеңімпазы, не тұлға іздестіру жұмыстарының жобасын әзірлейді.
Іздестіру жұмыстарының жобасы жер қойнауын пайдалану учаскесін тиімді және кешенді зерттеуді қамтамасыз етуі және жер қойнауын пайдалануға берген учаскесінің барлық аймағын толық қамтуы тиіс іздестіру мен зертханалық-аналитикалық зерттеудің қазіргі және жоғары дәл әдістерін қоса отырып, зерттеу аймағының ең тиімді және қарқынды бағдарламасын ұстауы тиіс.
Іздестіру жұмыстарының жобасы іздестіру жұмысы сатыларының барлық мерзімінде кен орындарын іздестіру және табу бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шығындардың оның көрінісіндегі қаржылық бөлігін қамтуы тиіс.
2. Іздестіру жұмыстарының жобасы міндетті тәртіппен мынадай:
1) қоршаған ортаны қорғау саласына,
2) өндірістік қауіпсіздік саласына,
3) денсаулық сақтау және санитария саласына міндетті сараптамаларға жатады.
3. Іздестіру жұмыстарының жобасын әзірлеу және келісу мерзімі,
тұлға үшін тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап тікелей келіссөздер негізінде жасалатын келісім-шартпен, конкурс жеңімпазын хабарлаған күннен бастап - конкурстың жеңімпазы деп танылған тұлға үшін 6 айдан аспауы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жобалау бойынша жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін іздестіру жұмыстарының жобасын әзірлеу мен келісу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген міндетті рәсімдерді ескере отырып, құзыретті органның шешімінің негізінде ұзартылуы мүмкін
Іздестіру жұмыстарының жобасы 6 жылға дейінгі мерзімде әзірленеді.
Іздестіру жұмыстары жобасының қолданылу мерзімі осы Заңның 67-бабының 1-тармағына сәйкес теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлауға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзімін құзыретті орган ұзартқан жағдайда ұзартылуы тиіс.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда пайдалы қазбалар бойынша іздестіру жұмыстарының жобасы жоба БОК-ке түскен күннен бастап 1 ай ішінде қаралады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БОК-тен ұсыныстар түскен күннен бастап 15 күн ішінде бекітеді.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша іздестіру жұмыстарының жобасы жоба БӨК-ке түскен күннен бастап 1 айдың ішінде БӨК-те қаралады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда БӨК-тен ұсыныстар түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бекітіледі.
5. Іздестіру жұмыстарының бекітілген жобасымен белгіленген жұмыстардың шарттары мен көлеміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың қажеттілігі жағдайында іздестіру жұмыстарының жобасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың жобасы жасалады, ол осы баптың 4-тармағында белгіленген органда қаралады және бекітіледі.
Бағалау жұмыстарының жобасына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзімі іздестіру жұмыстарының жобасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар жобасы БОК-ге немесе БӨК-ге түскен күннен бастап 1 айдан аспауы тиіс.
6. Іздестіру жұмыстарының бекітілген жобасы келісім-шартты құру және жасау үшін негіздеме болып табылады.
Іздестіру жұмысының жобасын белгіленген тәртіпте бекітпей кен орындарын іздестіру бойынша жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ іздестіру жұмысы жобасының талаптарын бұзуға тыйым салынады.
63-бап. Бағалау жұмыстарының жобасы
1. Коммерциялық табу болған жағдайда мердігер құзыретті органға бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.
Құзыретті орган 1 ай ішінде бағалау жұмыстарының сатысына көшуге рұқсат береді. Бағалау жұмыстарының сатысына көшу кезінде міндетті түрде жұмыс бағдарламасына өзгеріс енгізіледі және келісім-шартқа толықтыру жазылады.
Табуды растау және оны бағалау мерзімін айқындауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша құзыретті орган белгілейді. Коммерциялық табуды растауды жер қойнауын пайдаланушы жариялайды.
2. Бағалау жұмыстарының жобасын кен орындары табылған жағдайда жасайды және білінген кен орындарын бағалау мақсатында геологиялық барлау жұмыстарының жүргізу әдістемесі мен көлемін анықтайды.
Бағалау жұмыстарының жобасы міндетті түрде мынадай:
1) қоршаған ортаны қорғау саласына,
2) өндірістік қауіпсіздік саласына,
3) денсаулық сақтау және санитария саласына міндетті сараптауларға жатады.
3. Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстары сатысының барлық мерзімінде кен орындарын іздестіру және білінуі жөніндегі жұмыстарға арналған оның шығындарының көрінісімен қаржылық бөлігін қамтуы тиіс.
Бағалау жұмысының жобасы кенорындарын игерудің қорларын есептеу және технологиялық көрсеткіштері мен экономикалық мақсаттылығын анықтау үшін қажетті мерзімде әзірленеді.
4. Бағалау жұмыстары қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша тәжірибелік-өндірістік өндіру жобасын қамтуы мүмкін.
Тәжірибелік-өндірістік өндіру көлемі мен мерзімін жер қойнауын алдын ала сараптау нәтижелері бойынша анықтайды.
Бағалау жұмыстары көмірсутегі шикізаты бойынша сынамалық пайдалану жобасын қамтуы мүмкін.
Сынамалық пайдалану жобасы бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды қарайды.
сынамалық пайдалануды жүргізудің қажеттілігі мен мерзімдері туралы ұсыныстарды БОК жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
5. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасы және Бағалау және тәжірибелік-өндірістік өндіру жұмыстарының жобасы БОК-ке тиісті жобаның түскен күнінен бастап 1 айдың ішінде БОК-те қаралады және БОК-тен ұсыныстар алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда бекітіледі.
Сынамалық пайдалану жобасы жоба БОК-ке түскен күннен бастап 3 айдың ішінде БОК-те қаралады және БОК-тен ұсыныстарды алған кезден бастап 15 жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда бекітіледі.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасы мен тәжірибе-өнеркәсіптік өндіру жобасы тиісті жоба БӨК-ке түскен күннен бастап 1 айдың ішінде БОК-те қаралады және БӨК-тен ұсыныстарды алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда бекітіледі.
6. Жобаны әзірлеу және келісу мерзімін бағалау жұмыстарының сатысына көшу туралы шешімдерді қабылдаған күннен бастап 5 айдан асырмауы тиіс.
7. Бекітілген жобаның анықталған жұмыс шарттары мен көлемдерін өзгерту және (немесе) толықтыру қажет болған жағдайда, бекітілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, олар осы баптың 5-тармағында белгіленген органда қаралады және бекітіледі.
Жобаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзімі тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасының БОК-ке немесе БӨК-ке түскен күнінен бастап бір айдан аспауы тиіс.
8. Бағалау жұмыстарының жобасын белгіленген тәртіпте бекітпей кен орындарын бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ бағалау жұмысы жобасының талаптарын бұзуға тыйым салынады.
64-бап. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған
жобалық құжаттар
1. Өндіруге арналған келісім-шартқа қол қойылғанға және тіркелгенге дейін, келісім-шартты тікелей келіссөздер негізінде жасайтын конкурс жеңімпазы не тұлға, осы бапта белгіленген жобалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша әзірленеді:
1) міндетті түрде мыналар: кәсіпорынның тапсырылған өндірістілігін және өзге де өндірістік операциялардың ілеспе өндірісін қамтамасыз ететін тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен техникалық шешімі; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі персоналдың жұмыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін шаралар; бүлінген жерлерді шұрайландыруды, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды жылдар бойынша бөлумен қаржыландыру туралы мәліметтер жөніндегі шараларды қамтитын кен орындарын игеру жобасы әзірленеді;
2) техникалық-экономикалық негіздеме.
3. Көмірсутегі шикізаты бойынша мыналар әзірленеді:
1) кенорындарын геологиялық-физикалық жағдайларда сынақтан өткізуді талап ететін және технологияны оны кен орындарында толық қолданылуын оң сынақтан өткізу жағдайында жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынау мақсатында жекелеген кен орындарын немесе шоғырларды пайдалануға қосу үшін жасалатын тәжірибелік-өндірістік игеру жобасы; тәжірибелік-өндірістік игеруді жүргізудің қажеттілігін, мерзімі мен көлемін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімі айқындайды;
2) кенорындарын өндірістік игеруге қосу мақсатында жасалатын және кен орындарын игерудің технологиялық шешімдері мен көрсеткіштерін қарайтын құжаттар, мұнай қойнауқаттары негізгі өлшемдерінің білінуі үшін игеру жүйесін талдау әдістемесі және пайдалану объектілерін игерудің оңтайлы жүйесінің өлшемі болып табылатын игерудің технологиялық схемасы;
3) Өндірістік әзірлеу жобасы;
4) техникалық-экономикалық негіздеме.
4. Осы бапта көзделген жобалық құжаттар кенорындарында пайдалы қазбалардың қорларын толық өңдегенге дейінгі мерзімде әзірленеді, ол 25 жылдан аспауы тиіс, ал пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорының кенорындары бойынша 45 жыл. Өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық құжаттардың қолданылу мерзімін пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының көлеміне байланысты БОК-пен келісім бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган ұзартуы мүмкін.
Осы бапта көзделген жобалық құжаттар жобалауға қажетті лицензиясы бар жобалық ұйымдардың шарты негізінде міндетті тартумен әзірленеді. Осындай жобалық ұйымдармен жасалған шарт авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі жобалық ұйымдардың міндеттемелерін қарауы тиіс.
Кенорындарының қорларын жіктеу жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
5. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, техникалық-экономикалық негіздемені қоспағанда, жобалық құжаттар міндетті түрде мынадай:
1) қоршаған ортаны қорғау саласына,
2) өндірістік қауіпсіздік саласына,
3) денсаулық сақтау және санитария саласына,
4) жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану саласына міндетті сараптамаларға жатады.
Техникалық-экономикалық негіздеме міндетті экономикалық сараптауга жатады.
6. Жобалық құжаттарды әзірлеу және келісу мерзімі, тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасайтын тұлға үшін, конкурс жеңімпазын хабарлаған күннен бастап - конкурстың жеңімпазы деп танылған тұлға үшін он сегіз айдан аспауы тиіс. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес жобалау жөніндегі жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін ендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық құжаттарды әзірлеу мен келісу мерзімі мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада белгіленген міндетті рәсімдерді ескере отырып құзыретті органның шешімі негізінде ұзартылуы мүмкін.
7. Қатты пайдалы қазбалар кенорындарын игеру жобасы тиісті жоба БОК-ке түскен күннен бастап бір айдың ішінде БОК-те қаралады және БОК-тен ұсыныстар алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Көмірсутек шикізатын игерудің технологиялық схемасын және игерудің тәжірибелік-өндірістік және өндірістік жобалар БОК-ке технологиялық схемалар немесе тәжірибелік-өндірістік және өндірістік жобалар түскен күннен бастап үш ай ішінде қаралады және БОК-тен ұсыныстар алған күннен бастап 15 күннің ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Осы бапта көзделген кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жөніндегі жобалық құжаттар тиісті жоба БОК-ке түскен күннен бастап 1 айдың ішінде БОК-те қаралады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары БӨК-тен ұсыныстар алған күннен бастап 15 күн ішінде бекітеді.
8. Бекітілген жобаларда белгіленген жұмыстардың шарттары мен көлемдеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда, бекітілген жобаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 8-тармағында белгіленген орган қарайды және бекітеді.
Жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзімі тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасының БОК-ке немесе БОК-ке түскен күнінен бастап бір айдан аспауға тиіс.
9. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бекітілген жобалық құжаттар өндіруге арналған келісім-шартты құру және жасау үшін негіздеме болып табылады.
10. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жобалық құжаттарды белгіленген тәртіпте бекітпей өндіру жөнінде жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ осындай жобалық құжат талаптарының бұзылуына тиым салынады.
65-бап. Қол қойылатын бонустың төлеу шарттары
1. Конкурстың жеңімпазы конкурстың қорытындылары ресми баспасөзде жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қол қойылатын бонустың белгіленген елу пайызын төлейді. Қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының қалған елу пайызын жеңімпаз келісім-шарт тіркелген күннен бастап бір айдың ішінде төлейді.
Тікелей келіссөздердің негізінде келісім-шарт жасапатын тұлға құзыретті органның тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған осындай тұлғамен келісім-шарт жасасу шешімі туралы хабарламаны алған күннен бастап бір айдың ішінде қол қойылатын бонустың белгіленген елу пайызын төлейді. Қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының қалған елу пайызын тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасалатын тұлға келісім-шарттың тіркелген күнінен бастап бір айдың ішінде төлейді.
2. Жазылу бонусының мөлшері жазылу бонусының бастапқы мөлшерінен кем болмауы тиіс, бастапқы жазылу бонусын белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Келісім-шарт бойынша ұлттық компания мердігермен жасаса жазылу бонусын егер бірлескен қызмет туралы шарт осындай әріптеспен өзгеше қаралмаса, Қазақстан Республикасының пайдасына қол қойылатын бонустың төлемін, оның стратегиялық әріптесі жүргізеді.
4. Қол қойылатын бонустың уақытылы және толық төленгенін бақылау салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Егер тұлға конкурс жеңімпазы болып жарияланған жағдайда, белгіленген мерзімде өтінім білдірген жазылу бонусының 50% (елу) жазылу бонусын төлеуді жүргізбейді, осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен конкурстық комиссия осындай тұлғаны конкурс жеңімпазы деп тану туралы шешімді жоюға құқылы.
Егер тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасалатын тұлға белгіленген мерзімде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен қол қойылатын бонустың белгіленген елу пайызына төлем жүргізбеген жағдайда құзыретті орган тікелей келіссөздер негізінде осындай тұлғамен келісім-шарт жасасу туралы шешімді жоюға құқылы.
6. Қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған тұлғаны, конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы деп тану туралы шешімді, немесе құзыретті орган қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған тұлғамен тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасасу туралы шешімді жойған жағдайда мұндай тұлға келісім-шарт жасау құқығынан айырылады, ал құзыретті орган осы Заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда қайтадан конкурс өткізу немесе қайтадан тікелей келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Конкурс жеңімпазының немесе тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасалатын тұлғаның кінәсінен келісім-шарт белгіленген мерзімде жасалмаған жағдайда төленген қол қойылатын бонус қайтарылмайды.
66-бап. Келісім-шарт жасау және тіркеу
1. Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт осы Заңда қаралған келісім-шарттың талаптарын, жұмыс бағдарламасын және белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық құжаттарды, сондай-ақ келісім-шарт жасауға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалардың нәтижелерін алуға арналған жобаларды құзыретті органмен соңғы рет келіскеннен кейін жасалады.
2. Барлау жүргізу үшін келісім-шарт жасау мерзімін келісім-шарт жасау туралы құзыретті орган және тікелей келіссөздер хаттамасына жазылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасайтын тұлға үшін, конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап конкурс жеңімпазы деп танылған тұлға үшін он сегіз айдан асырмауы тиіс.
Өндіруді жүргізу үшін келісім-шарт жасау мерзімін келісім-шарт жасау және тікелей келіссөздер хаттамасына жазылу туралы құзыретті орган шешім қабылдаған күннен бастап тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасалатын тұлға үшін, конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап конкурс жеңімпазы деп танылған тұлға үшін жиырма төрт айдан асырмауы тиіс.
Егер конкурс жеңімпазы немесе тікелей келіссөздер негізінде келісім-шарт жасалатын тұлға осындай ұзарту себептерін дәлелдеп келісім-шарт жасау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінсе құзыретті орган келісім-шарт жасау мерзімін ұзартуы мүмкін.
Егер келісім-шарт жасауға үміткер тұлғаның кінәсі бойынша белгіленген мерзімде келісім-шарт жасалмаса, мұндай тұлға келісім-шарт жасауға өз құқығынан айырылады, бұл ретте мұндай тұлғаның геологиялық ақпараттарды сатып алуға, жобалық құжаттарды, жұмыс бағдарламасы және келісім-шарттың жобасын әзірлеуге және келісуге жұмсаған шығындары өтеуге жатпайды. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланудың тиісті учаскесін осы Заңда белгіленген тәртіппен конкурсқа қоюға құқылы.
3. Келісім-шарт, құзыретті органда міндетті түрде тіркелуі тиіс және оның тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
Келісім-шартты тіркеген құзыретті орган келісім-шарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісім-шарттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ келісім-шартты мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізу арқылы құзыретті органда міндетті тіркеуге жатады. Келісім-шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар олардың тіркелген сәтінен бастап күшіне енді деп танылады.
4. Келісім-шарттың көшірмесі оның құзыретті органда тіркелгеннен кейін міндетті түрде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға, және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және бюджеттің орындалуы жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
5. Келісім-шарт жасасу жергілікті атқару органдары жер учаскелерін жер қойнауын пайдаланушының өтініш берген күнінен бастап отыз күн ішінде дереу ресімдеуі үшін негіздеме болып табылады.
Үшінші тұлғаның жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ресімделетін жер учаскесінің кеңістік шекаралары жер учаскесін нақты пайдаланудың мерзімдері шегінде жер бетінің бұзылуына байланысты жер қойнауын пайдаланушының нақты пайдаланатын аумағымен шектеледі.
6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісім-шарттар жасасуды және тіркеуді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдары жүзеге асырады.
67-бап. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі
1. Барлауға арналған келісім-шарт 6 жылға дейінгі мерзімге жасалады.
Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлауға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзімі егер жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі алты айдың ішінде мұндай ұзартудың себебін дәлелдеп келісім-шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінсе құзыретті орган 2 жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Коммерциялық табу жағдайында мердігердің барлауға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзімін оны бағалау үшін қажетті кезеңге ұзартуға құқығы бар.
Табуды бағалау үшін келісім-шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінімді оның құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап 1 айдан кешіктірмей қарауға тиіс.
2. Өндіруге арналған келісім-шарт өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобада белгіленген мерзімге жасалады.
Құзыретті орган өндіруге арналған келісім-шарттың мерзімі, егер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға жұмыс аяқталғанға дейін алты айдың ішінде келісім-шарттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін осындай ұзарту себебінің негіздемесімен өтініш жасаса, ұзартуы мүмкін. Келісім-шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінім оның құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап 2 айдан кешіктірмей қаралуға тиіс.
3. Келісім-шарттың қолданылу мерзімін өзгерту кезінде келісім-шартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
68-бап. Келісім-шарттың қолданылуының аумақтық аясы
1. Келісім-шарттық аумақтың шегінде жер қойнауының бір немесе жер қойнауы учаскелерінің аралас және бөлек бірнеше учаскесі болуы мүмкін. Келісім-шарттық аумақтың шегінде бөлінетін жер қойнауы учаскесі (жер қойнауы учаскелері) белгілі бір тереңдікпен шектелуі мүмкін.
2. Бір келісім-шарттық аумақтың шегінде екі немесе одан көп жер қойнауын пайдаланушылар әртүрлі келісім-шарттар бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген жағдайда келісім-шарттық аумақтың шегінде жұмыстарды жүргізу тәртібі осындай жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісіммен анықталады.
Егер бір келісім-шарттық аумақтың шегінде түрлі келісім-шарттар бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы мәселе бойынша келісімге келе алмаған жағдайда құзыретті органмен жасалған келісім-шарт бойынша пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттық аумақта жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілеуге арналған құқыққа ие болады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарымен жасалған келісім-шарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органмен жасалған келісім-шарт бойынша пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы белгілеген келісім-шарттық аумақта жұмыстарды жүргізу тәртібін сақтауға міндетті.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарымен жасалған келісім-шарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттық аумақта жұмыстар жүргізудің белгіленген тәртібімен келіспеген кезде сотқа жүгінуге құқылы.
Бір келісім-шарттық аумақтың шегінде жер қойнауын пайдалану операцияларын құзыретті органмен жасалған әртүрлі келісім-шарттар бойынша екі немесе одан көп жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда келісім-шарттық аумақта жұмыстар жүргізу тәртібін анықтау құқығына келісім-шарт бұрын жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
Егер барлауды немесе өндіруді жүргізген кезде кенорны географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасқанына қарамастан) көрсетілген геологиялық немесе тау-кендік бөлудегі келісім-шарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыретті орган, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болса келісім-шарт жобасын келісу және оны жасау үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде конкурс өткізбестен келісім-шарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.
3. Егер жер қойнауы учаскесінде осы Заңда көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізу мүмкін болмаған немесе қиын не жер қойнауын пайдаланушыны оған шектес немесе өзге жер қойнауы учаскесіне сертивут берусіз шамадан тыс шығынға алып келетін болса, сервитут алуға (сертивут алуға үміткер) мүдделі тұлға сертивут белгіленуі тиіс жер қойнауы учаскесіне сертивут белгілеу туралы шарт жасасу ұсынысымен жер қойнауын пайдаланушыға өтінішпен баруға құқылы.
Сервитут алуға үміткер мен жер қойнауын пайдаланушының арасында сервитут белгілеу мүмкіндігі немесе сервитутты белгілеу туралы шарттың талаптары туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде мүдделі тұлға мәжбүрлеу тәртібімен сертивут белгілеу туралы талаппен сотқа өтінішпен баруға құқылы.
Сервитут құзыретті органда тіркелуге тиіс.
Егер мұндай белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер тудырған, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінде барлау және (немесе) өндіру жүргізудің мүмкін еместігіне не жүргізілген барлаудың және (немесе) өндірудің пайдасыздыгына апарып соққан жағдайда сервитут белгілеуге тыйым салынады.
Жер қойнауы учаскесіне сервитутты белгілеген кезде егер сервитутты белгілеу туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитутты алғаш рет иеленуші жер қойнауын пайдаланушыға сервитутқа байланысты шығындарды өтеуге міндетті.
Сервитутты белгілеу туралы шартта немесе соттың шешімінде сервитутты иелену құқығы бар адам жер қойнауын пайдаланушыға сервитут үшін төлейтін төлем көзделуі мүмкін.
Сервитут өзіне белгіленген мерзім біткеннен кейін немесе өзі белгіленген негіздемелердің тоқтатылуы бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Сервитут мәмілелердің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілдің дербес мәні бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға осындай сервитут белгілеуді қамтамасыз етуге арналған құқықпен бірге ауысуы мүмкін. Сервитут басқа тұлғаға сервитут ретінде жүктелген жер қойнауы учаскесіне қатысты әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібінде жер қойнауын пайдалану құқығын берген және жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда сақталады.
Жер қойнауы учаскесінің бір бөлігіне сервитут белгілеу, Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес, мұндай сервитутты алу қажет болған жағдайда жер теліміне арналған сервитуттың пайда болуына негіз болады.
4. Егер барлауды немесе өндіруді жүргізген кезде кенорны географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасқанына қарамастан) көрсетілген геологиялық немесе тау-кендік бөлудегі келісім-шарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыретті орган, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болса келісім-шарт жобасын келісу және оны жасау үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде конкурс өткізбестен келісім-шарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.
5. Келісім-шарттық аумақты қайтару шарттары мен тәртібі келісім-шартта айқындалады.
6. Келісім-шарттық аумақтың бөліктерін қайтару келісім-шарттық аумақтың қайтарылатын бөліктерін тиісті геологиялық бөлуден алып тастай отырып, геологиялық бөлуді қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.
69-бап. Келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Келісім-шарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға, егер өзгесі осы Заңда белгіленбесе, Тараптардың келісімі бойынша рұқсат етіледі.
2. Тараптардың бірінің талабы бойынша келісім-шарттың талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға Қазақстан Республикасының заңдарында және келісім-шартта көзделген негіздеме бойынша және тәртіпте рұқсат етіледі.
3. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне (кен орындарына) қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкелген жағдайда, құзыретті орган келісім-шарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісім-шарттың талаптарына өзгеріс және/немесе толықтыруды Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында талап етуге құқылы.
Құзыретті орган мұндай келісім-шарттың қолданылуын мынадай жағдайларда біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы:
1) жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан келісім-шарттың талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарламаны алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде осындай келіссөздерді жүргізуге жазбаша түрде өз келісімін бермесе не оларды жүргізуден бас тартса;
2) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келіссөздерді жүргізуге келісім алған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісім-шарттың талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келісімге қол жеткізбесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөнінде келісілген шешімдерге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісім-шарттың талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға қол қоймаса.
70-бап. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату
1. Келісім-шарт, егер тараптар осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен келісім-шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, оның қолданылу мерзімі өткен соң тоқтатылады.
2. Келісім-шарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда және тараптардың бірінің талабы бойынша рұқсат етіледі.
3. Құзыретті орган келісім-шарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға мынадай жағдайларда құқылы:
1) жер қойнауын пайдаланушы осы Заңның 59-бабының 7-тармағына
және (немесе) 124-бабының 5-тармағына сәйкес құзыретті орган жер
қойнауын пайдаланушыға жіберген үш және одан да көп жазбаша
хабарламаларда көрсетілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде
жоймаған кезде;
2) жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) басқа тұлғалар мемлекеттің басымдық құқығына қатысты осы Заңның 12-бабы 2-тармағының ережелерін сақтамаған кезде;
3) осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде.
Жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісім-шарт талаптарының бұзылуы келісім-шарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болмайды.
4. Облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың)
атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушы осы Заңның 59-бабының 7-
тармағына және (немесе) 124-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық
(республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы орган жер
қойнауын пайдаланушыға жіберген үш және одан да көп жазбаша
хабарламаларда көрсетілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде
жоймаған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісім-шарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушының облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісім-шарт талаптарының бұзылуы келісім-шарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болмайды.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша құзыретті орган келісім-шарттың қолданылуын, оның ішінде егер жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті стратегиялық мәні бар жер қойнауы (кенорындары) учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ұлттық қауіпсіздікке қауіп туғызатын Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келген жағдайда бұрын жасалған келісім-шартты біржақты тоқтатуға құқылы.
Көрсетілген негіздеме бойынша келісім-шарттың қолданылуын біржақты тоқтатқан жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуі тиіс.
6. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығысы нарықта қолданыстағы бағаның өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне бағынышты емес басқа жағдайлар бойынша аз болса, келісім-шарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендер, алайда бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісім-шартта, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарында көзделген міндеттемелерінің нақты көлемі толық көлемде орындалғанда, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарын соншама азайту келісім-шарт талаптарының бұзылуы және бір жақты тәртіппен келісім-шарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
7. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартта белгіленген негіздеме бойынша келісім-шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға немесе сот тәртібімен келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
8. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келісім-шарт аумағын мемлекетке қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындаудан және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жоюдан босатпайды.
9. Құзыретті орган келісім-шарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компания келісім-шарттық аумақты өз қарамағына алады. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының аталған аумақтағы мүлкі, құрылыстары, жабдығы белгіленген тәртіппен республиканың меншігіне өтеді.
Ұлттық компания мен құзыретті орган белгіленген тәртіппен бұрын қолданыста болған келісім-шартқа қажетті өзгерістерді енгізеді.
71-бап. Барлауға немесе өндіруге арналған келісім-шартты
қайта жаңғырту үшін негіздемелер
1. Құзыретті орган сот тәртібінде барлау немесе өндіруге арналған келісім-шарттың оның бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған қолданысын құзыретті органның бастамасы бойынша келісім-шарттың қолданылуын қайта жаңғырту туралы шешімдерді қабылдау және келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімдерді жою арқылы қайта жаңғыртуға мынадай жағдайларда құқылы:
1) келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешімдерді қабылдауға тікелей әсер ететін сенімсіз деректер негізінде келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешімдерді қабылдау фактісін анықтауға, оның ішінде егер жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешімдерді қабылдау күніне дәлелді себептері бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындауды растайтын құжаттары болмаса;
2) салдары келісім-шарт жөніндегі міндеттемелерді орындамаған не орындауға жатпайтындықтан, оның ішінде еңсерілмейтін күшінің қолданысын, яғни келісім-шарт жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына не орындауға жататын тікелей әсер ететін осы жағдайлардың төтенше және жол берілмейтін кезінде (стихиялық құбылыс, әскери күш және т.б.) болған жер қойнауын пайдаланушының еркіне байланысты емес себептерін белгілеу және растау.
2. Құзыретті органның бастамасы бойынша келісім-шарттың бұрын тоқтатылған қолданысын қайта жаңғырту туралы мәселелерін құзыретті органда қарау үшін келісім-шарттың негіздемесі, келісім-шартты тоқтатқан тұлғаның өтінімі, не құзыретті органның келісім-шартты қайта жаңғырту үшін өздігінен анықталған негіздемесі болып табылады.
3. Құзыретті органның келісім-шарттың қолданылуын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісім-шартты тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімін жою туралы шешімі, келісім-шартты тоқтатқан тұлғаның өтініші түскен күннен бастап не құзыретті органның осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттемелерін анықтаған бір ай ішінде қабылданады.
Құзыретті орган келісім-шарттың қолданылуын қайта жаңғырту туралы шешімін қабылдаған және келісім-шартты тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімін жойған жағдайда келісім-шарт жөнінде қызметтің үзілісіне байланысты жауапкершілік көлемін және мұндай салдарларды реттеу тәсілдерін қоса алғанда, келісім-шарт бойынша қызмет үзілісінің мүмкін салдарларын қарайды.
Құзыретті органның бастамасы бойынша келісім-шарттың қолданылуын қайта жаңғырту және келісім-шартты тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімдерді жою туралы келісім-шарттың қолданылуын қайта жаңғырту туралы шешімдерді қабылдау құзыретті органның бастамасы бойынша келісім-шартты тоқтатқан тұлғаны тартумен жүргізілуі мүмкін.
4. Осы баптың 1-тармағында қаралған негіздемелер бойынша,
барлауға және өндіруге арналған келісім-шартың қолданысын қайта
жаңғырту туралы шешімін қабылдаған жағдайда және құзыретті органның
бастамасы бойынша келісім-шартты тоқтату туралы бұрын қабылданған
шешімдерді жойғанда, құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы
белгіленген тәртіпте мұндай шешімнің қабылданған күнінен бастап үш ай
ішінде келісім-шарттың қолданылуын қайта жаңғырту мәселелері, оның
ішінде келісім-шарт бойынша қызметтің үзілісіне байланысты мәселелері
және жауапкершілік мәселелері реттелуі тиіс келісім-шартқа қосымша
келісімдерді келіседі және жасайды. Құзыретті органның шешімі бойынша
осы тарауда көрсетілген мерзім келісім-шартқа қосымша келісімді келісу және жасау үшін ұзартылуы мүмкін.
5. Құзыретті органның барлауға және өндіруге арналған келісім-шарттың қолданылуын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісім-шартты тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешімі оны қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде келісім-шартты бұрын тоқтатқан тұлғаның назарына жеткізілсін және осы баптың 4-тармағына сәйкес келісім-шартқа қосымша келісімдерге қол қойғанға дейін келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының қызметін жаңғырту үшін негіздеме болып табылады.
72-бап. Келісім-шартты жарамсыз деп тану
1. Келісім-шарт мынадай негіздемелер бойынша жарамсыз деп танылады:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты жарамсыз деп танығанда;
2) осы Заңда белгіленген міндетті талаптардың келісім-шартта болмауы;
3) құзыретті органға осы тұлғамен келісім-шарт жасауға шешім қабылдауға ықпал еткен керінеу жалған ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда;
4) заңнамалық актілерде қаралған өзге де негіздемелермен.
2. Келісім-шарт жарамсыз деп тану оның жарамсыздығымен байланыстыларды қоспағанда, заңды салдарларға әкеп соқпайды және оны жасаған кезден бастап жарамсыз деп есептеледі.
Келісім-шарт жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарынан жоюды және келісім-шарт аумағын мемлекетке қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
3. Сот тәртібімен оның негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын
беру және қайта ресімдеу жүзеге асырылған шартты жою не бұзу келісім-
шарттың өзінің емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай берумен
байланысты қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына
әкеліп соғады.
4. Келісім-шартты жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдалану құқығы болып табылатын осындай келісім-шарттың негізінде беруге барлық кейінгі мәмілелердің жарамсыздығына әкеп соғады.
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқығы мен міндеттері
73-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқығы
Жер қойнауын пайдаланушы мынадай құқыққа ие:
1) келісім-шартта тіркелген талаптарға сәйкес оған келісім-шарт
аумағында берілген шекте жер қойнауын пайдалану бойынша кез келген
заңды әрекетті дербес жүргізуге;
2) ез қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералдық шикізатты өз қалауынша пайдалануға, егер өзгесі келісім-шартта, не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаралмаса;
3) келісім-шарт аумағында, ал қажет жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік саланың объектілерін салуға, сондай-ақ уағдаластық бойынша және оның шектерінен тысқары жерлерде жалпы пайдаланудағы объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
4) ең бірінші кезекте белгіленген мерзімдерден тыс келісім-шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келіссөздерді жүзеге асыруға.
5) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлерді тартуға;
6) осы заңда белгіленген шарттарды сақтай отырып, өз құқығының бір бөлігін немесе барлығын өзге тұлғаларға беруге;
7) осы Заңда және келісім-шартта белгіленген жағдайларда өз қызметін тоқтатуға.
74-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
1. Жер қойнауын пайдаланушы міндетті:
1) Қазақстан Республикасының келісім-шарттарына және Заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға заңнамамен белгіленген талаптарды сақтауға;
2) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде адам өмірін, денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) келісім-шарт аумағын тек келісім-шартта көзделген мақсатта пайдалануға;
4) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдап алуға;
5) келісім-шарттың тіркелген күнінен бастап барлау мен өндіруді жүргізуге кірісу, егер өзгесі келісім-шартта көзделмесе;
6) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттарды қоспағанда Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін сақтауға;
7) қызметкерлер мен халықтың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге келісілген технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға;
8) басқа тұлғаларға келісім-шарт аумағы шектерінде еркін жылжуына кедергі болмау, жалпы пайдаланудағы объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға, егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет барлау жүргізуге кедергі келтірмеуге;
9) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы Заңнамасының талаптарына оны сәйкестендіру жағдайында Қазақстан
Республикасында өндірілген құрал-жабдықтар, материалдар мен дайын
өнімдерді пайдалануға міндетті;
10) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жұмыстар мен қызметтерді орындау үшін, егер бұл қызметтер Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсететін біртекті жұмыстар мен қызметтердің стандарттарына, бағалы және сапалы сипаттамаларына сәйкес келсе әуе, теміржол, су және тасымалдаудың басқа түрлерін пайдалануды қосқанда, қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарды міндетті түрде тартуға;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;
12) келісім-шарт бойынша жұмыспен қамтылған Қазақстан Республикасы азаматтарын дайындау және қайта дайындауды қаржыландыруды жүзеге асыруға.
13) құзыретті органға жұмыс багдарламасын іске асыру туралы ақпарат беруге;
14) қызметтік функцияларды орындау кезінде қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына қол жеткізуді кедергісіз беру және олардан табылған бұрмалаушылықтарды уақтылы жоюға;
15) келісім-шарт аумағында қызметтің нәтижелері бойынша
геологиялық есептілікті жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкілетті органға беруге;
16) салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
17) жыл сайын сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласында бекіткен нысан бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын алдағы жылға сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға беруге;
18) тоқсан сайын есептік кезеңнің келесі айының 15 күнінен кешіктірмей, сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласында уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер жөніндегі есепті сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға беруге;
19)Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте Өндіруші салалар қызметтерінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есеп бекіткен есептемені беруге;
20) егер келісім-шартпен өзгесі белгіленбесе, егер қажеттілік туындаса, тек тараптың жазбаша келісімімен үшінші тұлғаның операцияларды ұстауы туралы ақпаратты беруге;
21) мәдени-тарихи мәні бар объектілерді сақтауға;
22) заңнамаға сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйіне дейін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді қалпына келтіруге;
23) жобалау сатысында өз қызметінің экологиялық салдарларын болжауға;
24) қоршаған ортаға келтірген зияны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға;
25) келісім-шарт аумағында болатын барлық бұрынғы бұрғылау ұңғымаларының балансына қабылдау, олар бойынша мониторинг жүргізуге;
26) жер қойнауының жағдайына мониторингті жүргізуді және кен орындарын игеру үшін бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
2. Келісім-шарт жер қойнауын пайдаланушылардың заңнамасына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді қарауы мүмкін.
75-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып алу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде, оның ішінде қосалқы мердігерлердің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы мына тәсілдердің бірімен:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден сатып алу;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы;
5) ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ашық
конкурс тәсілімен сатып алу кезінде конкурсты хабарландыру өткізу туралы аптасына кемінде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
4. Жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында конкурстар өткізуге міндетті.
5. Осы баптың талаптары:
1) кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
76-бап. Қазақстандық өндірушілерді қолдау
1. Мердігер, сондай-ақ оның қосалқы мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді осы Заңның талаптарына сәйкес, қазақстандық өндірушілерден сатып алуға міндетті.
2. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қазақстандық жеткізушілері (өндірушілері) болған кезде конкурс өткізуге бірыңғай шетелдік ұйымдарды тартуға жол берілмейді.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңімпазын анықтаған езде тауарлары, жұмыстары және көрсететін қызметтері конкурстың талаптарына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
77-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтін
өндірістерді, магистральдық және өзге де
құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық
және өзге объектілерді тұрғызу мен бірлесіп
пайдалану жөніндегі міндеттемелерді іске асыру
Жер қойнауын пайдаланушының жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттемелерді іске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
78-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан
көздегі міндеттері
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері және жер учаскелері тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілуі қажет, ал жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің салдарлары белгіленген заңнамалық тәртіпте жойылуға тиісті.
2. Барлауды немесе өндіруді, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтатқан кезде, жұмыс аяқталған кездегі геологиялық және өзге құжаттама, осы Заңның 11-бабында белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
79-бап. Мердігердің жабдыққа және өзге мүлікке меншігі
1. Егер Заңда өзгеше белгіленбесе, барлау жүргізу мен өндіру үшін мердігер пайдаланған жабдық пен өзге мүлікке, ақшаны, бағалы қағаздар мен басқа да өндірістік емес мүлікті қоспағанда меншік құқығының сондай-ақ мұндай көшудің өтем мәселелері келісім-шартта белгіленеді.
2. Жабдық пен мүлікке меншік құқығының Қазақстан Республикасына көшуіне қарамастан, келісім-шарт аумағынан мұндай жабдық пен мүлікті жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның немесе құзыретті органның талап етуі бойынша келісім-шарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықтың немесе мүліктің басқа жер қойнауын пайдаланушыға берілген жағдайларын қоспағанда, құзыретті органның нұсқауына сәйкес, не келісім-шартта өзгеше белгіленген кезде, келісім-шарттың қолданылу мерзімі өткен кезден бастап бір жылдың ішінде мұндай мүлік пен жабдықты келісім-шарт аумағында өзінің есебінен бөлшектеу не әкету міндеттілігі мердігерде сақталады.
3. Мұндай жабдық пен мүліктің тиесілілігіне қарамастан келісім-шарт аумағынан жабдық пен өзге мүлікті бөлшектеу мен әкетуді мердігер адамдардың өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және құзыретті органның нұсқауларына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
8-тарау. Мұнай операцияларын жүргізу
80-бап. Мұнай операцияларын жүргізудің шарттары
1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігер мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ келісім-шартта айқындалған тәртіпте және шарттарда жүргізуге міндетті.
2. Мердігер жұмыс бағдарламасын және бекітілген жобалық құжаттардың талаптарын әзірлеу кезінде, сондай-ақ жүргізілген барлау мен өндіру процесінде кенорындарын әзірлеудің оң тәжірибесін басшылыққа алуға міндетті.
3. Барлауды жүзеге асыратын мердігер кен орындарының қорларын
сынамалы пайдалануды жүргізуге құқығы бар.
Сынамалы пайдалануды жүргізудің қажеттілігі мен мерзімін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
4. Кенорнындағы мұнайдың қоры, сондай-ақ мұнайдың алыну деңгейі Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясында мемлекеттік сараптауға және бекітуге жатады.
81-бап. Көмірсутегі шикізаты кенорындарын барлау және
сынамалы пайдалану
1. Барлау далалық геология-геофизикалық зерттеулерді, құрылымдық бұрғылауды, бұрғылауды, іздестіру және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сынауды және сынауды қамтиды. Барлау ұңғыманы бұрғылаудың саны, орналасқан жері және мерзімдері, олар шешетін міндеттері, қажетті зерттеулердің кешені мен көлемдері негізделетін іздестіру жұмыстарын бекіту жобасы бойынша жүргізіледі.
2. Мұнай және газ-мұнай кенорындарында барлау процесінде осы заңда белгіленген тәртіппен бекітілген сынамалық пайдалану жобасына сәйкес ұңғымаларға сынамалық пайдалану жүргізіледі.
3. Іздестіру жұмыстары жобасының белгіленген тәртіппен бекітілмеген іздестіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ іздестіру жұмыстары жобасының талаптарын бұзуға тыйым салынады.
4. Сынамалық пайдалану жобасының белгіленген тәртіппен бекітілмеген сынамалық пайдалану жүргізуге, сондай-ақ сынамалық пайдалану жобасының талаптарын бұзуға тыйым салынады.
82-бап. Көмірсутек шикізаты кенорындарын өнеркәсіптік
игеру
1. Кенорны немесе көмірсутектер шоғыры өнеркәсіптік игеру объектісі деп танылады, оны қабылданған игеру нұсқасы сәйкес пайдалану іске асырудың барлық мерзімінде рентабельді деп танылады.
2. Көмірсутек кенорындарын игеру жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін көмірсутек кенорындарын игеру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Көмірсутек кенорындарын (шоғырларын) өнеркәсіптік игеруге қосуға, егер:
1) мұнай кенорнын барлау жұмыстары орындалған болса, қажет болған жағдайда шоғырларга сынамалық пайдалану немесе кенорнының ұсынылған учаскелерін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру, ал газ кенорнына-кенорнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жұмыстары жүргізілген болса;
2) көмірсутектердің қорларына және оларда болатын басқа ілеспе компоненттерге мемлекеттік сараптама жүргізілген және қорлар пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансына қойылған болса;
3) жоба өнеркәсіп қауіпсіздігі және жұмыс жүргізу технологиясы саласындағы уәкілетті органмен келісілді және қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілді;
4) өнеркәсіптік игеруге арналған жобалау құжаттары белгіленген тәртіппен бекітілген болса рұқсат етіледі.
4. Кенорнын өнеркәсіптік игеру тәжірибелік-өнеркәсіптік жобаға, игерудің технологиялық схемасына және өнеркәсіптік игеру жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізаты кенорындарын өнеркәсіптік игеруді жүзеге асыру кезінде геологиялық және маркшейдерлік бақылаудың және тиісті құжаттамалардың толық, жүйелі және сапалы жүргізілуін, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Заңнамалық тәртіппен бекітілмеген тиісті жобалау құжаттарынсыз өнеркәсіптік игеру, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ жобалау құжаттарының талаптарын бұзуға тыйым салынады.
7. Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг және кенорындарын игеруге бақылау жүргізбей өнеркәсіптік игерумен байланысты кез келген жұмысты жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
8. Табиғи газды өндіруге арналған келісім-шартта табылған кенорнынан табиғи газдың жеткізлімі бойынша мәміле жасалғанға дейін табиғи газды өндіруді бастауға құзыретті орган талап етуге құқығы жоқ, ал мердігер міндетті емес екені көзделуі мүмкін. Бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі егер келісім-шартта өзгеше көзделмесе табылған табиғи газ кенорнынан табиғи газдың жеткізілімі бойынша тиісті мәмілелер жасалған кезге дейін тоқтатылады.
Егер мердігер бір жылдың ішінде табиғи газдың жеткізілімі бойынша мәміле жасмаған жағдайда, құзыретті орган қисынды жағдайда үшінші тұлға арқылы мердігерден газдың жеткізіліміне арналған, оның ішінде мердігермен мәміле жасауға үшінші тұлғаның келісу шартымен отандық не шетелдік тұтынушыларға жеткізілетін газды кейіннен қайта сату мақсатында шарт жасасуды талап етуге құқылы. Егер мердігер және құзыретті орган белгілеген осындай үшінші тұлға осы мәселе бойынша келісімге келе алмайған жағдайда олар сот тәртібімен осы даудың шешілуін талап етуге құқылы.
83-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату,
жағу
1. Мұнай-газ кенорындарын ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жаратпай өнеркәсіптік игеруге тыйым салынады.
2. Авариялық жағдайлар және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп-қатер оқиғаларын қоспағанда, алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға тыйым салынады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының күші 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігерлерге ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске асыру мерзімі аяқталғанға дейін, егер олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бекітілген (келісілген) немесе 2006 жылғы 1 шілдеге дейін құзыретті органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса қолданылмайды.
Бұл ретте ілеспе және (немесе) табиғи газды алауларда жағуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша және ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны белгіленген іске асыру мерзімінде орындаған жағдайда немесе авариялық жағдайлар мен халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп-қатер жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласындагы уәкілетті органның келісімімен рұқсат етіледі.
3. Ұңғымалар мен табиғи газды кенорындарын жалпы үш жылдан аспайтын мерзімде сынамалық пайдалану жағдайында сынау кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның келісімімен рұқсат етіледі.
4. Мердігер осы баптың 4-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз ілеспе және (немесе) табиғи газды жаққан жағдайда мердігер он күн ішінде осындай жағу туралы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті. Мұндай хабарлама ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу себептерін және жағылған газдың мөлшері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
84-бап. Мұнай операцияларын жүргізу процесінде авариялар
мен өзге де қауіпті оқиғаларды болдырмау
іс-шаралары
1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігер осы Заңға сәйкес адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп тудыратын авариялар мен өзге де қауіпті оқиғаларды, сондай-ақ кенорындарын игерудің оң тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, мұнай операцияларын жүргізу процесіндегі меншікті жою қатерін болдырмау жөніндегі барлық тиісті шараларды қолдануға міндетті.
2. Мердігер мұнай операцияларын жүргізу кезінде, сондай-ақ мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде және жобалық құжаттардың құрамындағы оларды бекіту кезінде апаттар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың бағдарламаларын әзірлеуге міндетті.
85-бап. Көмірсутек шикізаты кенорындарын жайластыру
1. Қажет кәсіптік объектілерді және көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және тасымалдау үшін қажетті инфрақұрылымның өзге де объектілерін салу белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Көмірсутек кенорындарын жайластыру объектілерін жобалау және салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі, болуы мүмкін авариялық жағдайлардың зардаптарын шектеу және азайту жөніндегі тиісті шаралармен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Жайластыру объектілерін салу кезінде кенорнын игерудің қабылданған технологиялық нұсқасының жобалық көрсеткіштерінің өзгеруіне және өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуына апарып соқпас үшін жобалық құжатпен белгіленген оларды пайдалануға қосу кезектілігі сақталуға тиіс.
86-бап. Шекараға жақын кенорындарындағы барлау мен
өндірудің ерекшеліктері
1. Егер мердігер жүргізілген барлау немесе өндіру нәтижесінде кенорны шекараға жақын екенін білген жағдайда мердігер бұл туралы құзыретті органды дереу хабардар етуге міндетті.
2. Аумағында немесе қарауында осы шекараға жақын кенорнының бір бөлігі жатқан мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық келісімі болмаған жағдайда құзыретті орган мұндай мемлекетпен тиісті келісімге қол жеткізгенге дейін шекараға жақын кенорнында барлау мен өндіруді тоқтатуды талап етуге құқылы. Бұл ретте келісім-шарт құзыретті орган барлау мен өндіруді қайта бастауға рұқсат бергенге дейін өзінің қолданылуын тоқтатқан болып саналады.
3. Осы Заңның нормалары мен Жер қойнауы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы шекараға жақын кенорнында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа қайшы келмейтін бөлігінде барлау мен өндіру жөніндегі қарым-қатынасқа қолданылады.
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген шекараға жақын кенорындарында барлау мен өндіру жұмыстарын жүргізудің тәртібі мен шарттары осы заңның нормалары алдында артықшылығы бар.
87-бап. Бір тұтас объекті ретінде кенорнында барлау
немесе өндіру
1. Егер мердігер барлау немесе өндіру операцияларын жүргізетін кенорнының бір бөлігі басқа мердігердің келісім-шарттық аумағының шегінде болған жағдайда, онда мұндай мердігерлер өзінің таңдауы бойынша:
1) осы кенорнында барлау және (немесе) өндіру жұмыстарын жүргізу құқығына ие бір ғана мердігер немесе ішінара бір келісім-шарттың негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие бірнеше мердігер қалу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде белгіленген беру рәсімдерін сақтай отырып барлау және (немесе) өндіру жүргізуге арналған өз құқығын беруге;
2) жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізе және мұндай шартты құзыретті органмен алдын ала келісе отырып, бірыңғай тұтас ретінде кенорнына бірлесіп барлау мен өндіру жүргізу туралы шарт жасасуға міндетті.
2. Мердігерлер осы баптың 1-тармағын сақтамаған жағдайда құзыретті орган сот тәртібімен біртұтас объекті ретінде мердігерлерден кенорнында бірлескен барлау немесе өндіру туралы шарт жасасуды талап етуге құқылы. Бірлескен барлау немесе өндіру туралы шарт жасасу кезінде барлық кенорындарына арналған бірыңғай жұмыс бағдарламасы жасалады, ол жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен міндетті түрде келісілуі тиіс.
3. Бірлескен барлау немесе өндіруді жүзеге асырушы мердігерлер оларға келісім-шартта, сондай-ақ жұмыс бағдарламасында жүктелген міндеттемелерді орындау бойынша ортақ жауапты болады.
88-бап. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды
тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік адамның өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешенін орындаудың белгіленген нормаларының сақталуымен, жерүсті және жерасты құрылыстары мен жабдықтарды қауіпсіз салуға және пайдалануға жағдай жасалуымен, сондай-ақ ықтимал авариялардың жойылуымен қамтамасыз етіледі.
2. Мұнай, сондай-ақ оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау кезінде мердігер пайдаланатын жабдық пен басқа мүлік техникалық регламентпен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4. Мұнай төгу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарын құрастыру мен пайдалану жағдайлары мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын техникалық регламентпен белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуі тиіс.
5. Мұнай өңдейтін зауыттарға өңдеуге жеткізілетін мұнай осы Заңмен белгіленген қауіпсіздік нормаларына және өзге де. нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс.
6. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде
қауіпсіздік шараларының кешені белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жобалау құжатында алдын ала ескерілуі тиіс.
89-бап. Ұңғымалар салу
1. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру жөніндегі барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. Ұңғымаларды салу жобалары өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
2. Ұңғымаларды салу жобаларын:
газдың құрамында күкіртті сутегі мөлшерден алты пайыз артық болған;
құрлықтағы тереңдігі бес мың метрден астам;
теңіздегі тереңдігі төрт мың метрден астам;
сағалық қысымы 35 мегапаскальдан астам болған жағдайда құзыретті орган бекітеді.
Ұңғымалардың басқа түрлері бойынша салу жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
3. Ұңғымаларды салу жобаларын жасау бойынша арнайы талаптарды құзыретті орган бекітеді.
9-тарау. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу
90-бап. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай
операцияларын жүргізудің ортақ шарттары
1. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігер бұл операцияларды теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын басқа да заңды қызметке кедергі жасамау және зиян келтірмеу үшін жүзеге асыруға тиісті. Бұл ретте өз кезегінде теңізді заңды пайдалануды жүзеге асырушы мердігерлер теңіз қорғау аймақтарының немесе қауіпсіздік аймақтарының режимін сақтауға тиіс.
2. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігерлер теңізде қоршаған ортаны қорғау бойынша ең жақсы тәжірибені басшылыққа алуға міндетті.
3. Теңізде мұнай операцияларын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстардың міндетті шарты кемінде елу пайыз мөлшерінде ұлттық компанияның тиісті келісім-шартына мердігер есебінде қатысу ұлесі болып табылады.
Мұнай операцияларын жүргізу үшін теңіздің түбін пайдалану құқығы жер ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсат беру жолымен беріледі.
4. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігер мұндай тұлғаның кінәсі болуына қарамастан, теңізде өткізілген мұнай операцияларының нәтижесінде пайда болған теңіздің ластану жағдайында жеке немесе заңды тұлғаларға және қоршаған ортаға келтірілген залал мен шығын үшін жауапты болады.
5. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігер теңіздің ластануын болдырмау жөнінде арнайы бағдарламалар жасауға және мұндай бағдарламаларды осы Заңның 84-бабында белгіленген тәртіппен бекітуге міндетті. Мұндай бағдарламалар жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі бақылауды, персоналдың оқуын, ұңғымаларды бақылауға алу жөніндегі іс-шараларды, авариялық және басқа қауіпті оқиғалар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықпен және материалмен қамтамасыз етілуін не сонымен қатар теңіздегі аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданатын өзге де ұйымдардың тартылуын қамтуы тиіс.
6. Авариялар мен өзге де қауіпті оқиғаларды болдырмау жөніндегі арнайы бағдарламаға сәйкес теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігер қолданған алғашқы шараларға қарамастан теңіз ластанған жағдайда авариялар мен өзге де қауіпті оқиғаларды болдырмау жөніндегі арнайы бағдарламаға сәйкес, мердігер бұл үшін барлық қолжетімді құралдармен теңіздің ластану деңгейін жою не төмендету үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға міндетті.
7. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігер меншіктегі не осындай адамның пайдалануындағы теңіз құрылыстарына инспекция жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы инспекцияны
жүргізуге өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін тасымалдауды өз
есебінен ұйымдастыруға міндетті. Теңіз құрылыстарында мемлекеттік
органдардың өкілдерінің инспекция жүргізуі Қазақстан Республикасының
Үкіметі анықтайтын тәртіппен жүзеге асырылады және теңізде мұнай
операцияларын жүзеге асыратын мердігердің қалыпты қызметіне кедергі
жасамауға тиіс.
8. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігер мемлекеттік органның жазбаша рұқсатын алмай теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Мердігер рұқсат алу үшін жоспарланған орналастыруды не теңіз құрылыстарын салуды бастағанға дейін құзыретті органға өтінішпен баруға міндетті. Өтініш жоспарланған теңіз құрылысының сипаттамасын, мерзімін және орналасқан жерін не осындай теңіз құрылысын салу бойынша жүргізілетін жұмыстарды қамтуы тиіс. Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігердің өтінішін қарауға және өтініш берген кезден бастап 30 күннен кешіктірмей тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Теңізде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған жұмыстардың орындалуын және (немесе) қызметтердің көрсетілуін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы баппен белгіленген нормалар қолданылады.
9. Ішкі су айдындарында мұнай операцияларына теңіздегі мұнай операцияларына белгіленген осы Заңның ережелері қолданылады.
10. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында алдын ала ескерілуі тиіс.
91-бап. Мұнай операцияларын сақтық аймағының шегінде
жүргізу
1. Мұнай операцияларын сақтық аймағының шегінде жүзеге асыратын мердігер осы Заңның 111 -бабында белгіленген талаптарға сәйкес тиісті мұнай операцияларын жүргізуге міндетті.
2. Мұнай операцияларын сақтық аймағының шегінде жүзеге асыратын мердігер теңіздің ластануын болдырмау жөнінде арнайы бағдарламалар әзірлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Заңның 84-бабында белгіленген тәртіппен бекітуге міндетті. Мұндай бағдарламалар барлау немесе өндіру объектілерін теңіз ортасынан қорғаудың тиісті дәрежесінде шұғыл консервациялау бағдарламасын, қоршаған ортаға зиян келтіруге қабілетті сақтаудағы мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерітіндісін және басқа заттарды су басу аймағынан шығаруды, теңізді және басқа шаруашылық қызметін заңды пайдалануды, сондай-ақ теңіз ластанған жағдайда суды оқшаулау және тазарту жөніндегі бағдарламаларды қамтуы тиіс.
3. Осы бапқа сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігер қолданған ластанудың алдын алу шараларына қарамастан теңіз ластанған жағдайда мердігер теңіздің ластану зардаптарының қауіптілігін барлық қолжетімді құралдармен жою не азайту үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға міндетті.
92-бап. Теңізде барлау және өндіру жүргізудің шарттары
1. Теңізде барлауды жүзеге асыратын мердігер келісім-шарттық аумақтың барлық қажетті геофизикалық және сейсмикалық зерттеулері жүргізілген жағдайда ғана іздестіру және барлау ұңғымаларын бұрғылауга кірісуге құқылы.
2. Мердігер бұрын бұрғыланған ұңғыманы бақылаудан шығару кезінде қысымды түсіру үшін ұңғыманы бітей бұрғылауды қоспағанда, құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз іздестіру, барлау, игеру ұңғымаларын немесе басқа ұңғымаларды бұрғылауды бастауға құқығы жоқ, мұндай ұңғымаларды бақылаудан алудың басқа әдістерін қолдану мүмкін емес немесе қалыптасқан жағдайда тиімсіз болып табылады. Бұл ретте мердігер осындай бітейтін ұңғымаларды бұрғылау туралы шешім қабылдауға ықпал еткен нақты жағдайлар мен себептерін көрсете отырып, ақылга қонымды мерзімде осындай бітейтін ұңғымаларды бұрғылауды бастау туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Құзыретті орган мердігерде не оларды қызықтыратын қосалқы мердігерде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті лицензиясы болған, жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасында мердігерге жүктелген жұмыстардың орындалуын белгілейтін факті, теңіз құрылысы бойынша тиісті инспекцияның қорытындысы болған, мердігердің осы ұңғыманы бұргылау кезінде туындайтын қауіп-қатерді міндетті сақтандыру бойынша міндеттемелерінің сақталу фактісі болған, осындай ұңғыманы бұрғылау жобасы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындагы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң тұжырымы болған және мемлекеттік органның теңіз құрылысын салуға немесе орналастыруға рұқсаты болған жағдайда ұңғыманы бұрғылауға рұқсат береді. Өтінішке осындай өтініште көрсетілген фактілерді растайтын тиісті құжаттар қоса берілуге тиіс.
4. Құзыретті органның жазбаша рұқсаты болмаса қойнауқатішілік қысымды сақтау үшін ілеспе және табиғи газды толтыруға тыйым салынады. Құзыретті орган мұндай рұқсатты басқа әдістер қойнауқатішілік қысымды сақтауға тиімсіз және мұндай толтыру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген мұндай толтыруды сипаттайтын жоба бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң тұжырымы болған кезде қоршаған орта мен адам өмірі үшін жеткілікті қауіпсіздік деңгейіне ие болғанда беруге құқылы.
5. Теңізде барлау мен өндіруді жүзеге асыратын мердігерде теңіз құрылысында немесе 30 минуттық қол жететін жерде теңізді тазарту жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мөлшерде тиісті жабдық, материалдар мен заттар болуы міндетті. Мемлекеттік органдар олардың құзыретіне сәйкес материалдарға, заттарға, олардың саны мен қолжетімділігіне қойылатын нормативтер мен талаптарды белгілейді.
6. Осы Заңға сәйкес бекітілетін теңізде авариялық және басқа да қауіпті оқиғаларды болдырмау бағдарламалары, барлау мен өндіру жүргізу кезінде теңіздің ластанған жағдайда теңізді дереу оқшаулау және тазарту шараларын қамтуы тиіс.
93-бап. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану
1. Теңізде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын мердігердің мемлекеттік органның жазбаша рұқсатынсыз мұнай газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жұмыстарын бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Заңның 90-бабының 7-тармағында белгіленген жалпы тәртіппен беріледі.
2. Теңізде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге
асыратын мердігердің табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау
мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лицензиясынсыз мұнай-газ құбырын пайдалануды бастауға құқығы жоқ. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы мердігердің өтінішінің негізінде мұнай-газ құбыры бойынша тиісті инспекцияның тұжырымы, қауіп-қатерді міндетті сақтандыру бойынша осындай тұлғаның міндеттерінің сақталу фактісі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мұнай-газ құбырында авариялар мен басқа да қауіпті оқиғаларды болдырмау жөніндегі бағдарламасы болған жағдайда өтініш берген кезден бастап отыз күннен кешіктірмей лицензия беру туралы шешім қабылдайды.
3. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде жүргізіліп жатқан операциялардың адамның өмірі мен денсаулығына және
қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен
нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында алдын ала ескерілуі тиіс.
94-бап. Теңізде мұнай қоймалары мен резервуарларын салу
және пайдалану
1. Теңізде мұнай қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.
2. Тікелей теңіз құрылыстарынан мұнайды танкерлермен тасымалдау
кезінде мұнайды уақытша сақтауды (20 күннен көп емес) қоспағанда, теңіз құрылыстарында мұнайды сақтауға және жиып қоюға тыйым салынады.
95-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен
қондырғылар
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоршаған ортаны және биоресурстарды қорғау және сақтау шартымен теңізде мұнай операцияларын жүргізуге, ғылыми зерттеулерге және басқа мақсатқа арналған жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат беретін және реттейтін айрықша құқығы болады.
2. Осындай жасанды аралдардың, бөгеттердің, құрылыстар мен қондырғылардың айналасына әр нүктенің сыртқы жағынан бес жүз метр қашықтыққа созылатын қауіпсіздік белдемдері орнатылады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар сондай-ақ олардың айналасындағы қауіпсіздік белдемдері халықаралық кеме қатынасы мен балық аулау кәсібіне арналған аса маңызды дағдылы теңіз жолдарында кедергі бола алмайтын жерлерге орналастырылады.
3. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды күтіп ұстауға және пайдалануға жауапты ұйымдар олардың қорғалуын,
сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы ескертетін тиісті құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар егер олар шаруашылық немесе өзге мақсатқа пайдаланылмайтын болса адамдардың қауіпсіздігіне қатер, кеме қатынасына немесе балық аулау кәсібіне кедергі жасамау үшін бөлшектенуге тиісті.
5. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды жасау, пайдалану және қолдану Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мұнай операцияларын жүргізу кезінде жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды монтаждауға, пайдалануға және қолдануға рұқсат беру тәртібі мен шарттары туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
96-бап. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде
қалдықтарды тастау және көму
1. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастауға және теңіздің түбіне көмуге тыйым салынады.
2. Техникалық суды теңізге тастау оларды белгіленген нормативтерге дейін тазарту шартымен мемлекеттік бақылау органдарының рұқсатымен және бақылауымен ғана жүзеге асырылады.
97-бап. Теңіздегі ғылыми зерттеулер
1. Теңіздегі ғылыми зерттеулер құзыретті органның рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғалар, шетелдік мемлекеттік және құзыретті халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізген кезде мынадай принциптер сақталуы тиіс:
1) теңіздегі ғылыми зерттеулер теңізді заңды пайдалануды жүзеге асырушы басқа тұлғаларға жөнсіз кедергі жасамауға тиіс;
2) теңіздегі ғылыми зерттеулер табиғат қорғау іс-шараларын сақтай отырып тиісті дәрежедегі ғылыми әдістермен және құралдармен жүргізіледі;
3) теңіздегі ғылыми зерттеулер барысында жиналған барлық деректер оларды өңдегеннен және талдағаннан кейін Қазақстан Республикасына берілуі тиіс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдын ала рұқсатынсыз емін-еркін таратылмауға немесе жариялануға тиісті емес.
98-бап. Өндірілген мұнайды өлшеу
1. Мердігер келісім-шарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу мен салмақтауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдіске сәйкес жүрпзеді.
2. Мердігер белгіленген тәртіппен анықталған уақыт мерзімінен кейін жүйелі түрде құзыретті органның өкілінің қатысуымен мұнайды салмақтау және өлшеу үшін қолданылатын жабдықтар мен аспаптарға сынау жүргізеді.
3. Егер сынау немесе байқау кезінде жабдықта немесе аспапта ақау болса, онда жарамсыздық мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда ақаудың мерзімі осының алдындағы өлшеуден ақауды анықтаған күнге дейінгі уақыттың жартысы ретінде анықталады.
10-тарау. Магистральдық құбыр көлігі
99-бап. Магистральдық құбырға меншік құқығы
1. Магистральдық құбыр бөлінбейтін технологиялық жүйе болып табылады және мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Магистральдық құбырларды салу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
3. Магистральдық құбырлар, сондай-ақ меншігінде магистральдық құбыры бар заңды тұлғалардағы қатысу үлестері (акция пакеттері, жарналары), меншігінде қазақстан қоғамының тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар стратегиялық объектілерге жататын магистральдық құбырлары бар заңды тұлғалардың қабылдайтын шешімдеріне тура немесе жанама шешім белгілейтін немесе ықпал ететін мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалардың қатысу үлестері (акциялар пакеттері, жарналары), оларды иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне ықпал етуі мүмкін.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген кез келген мүлік ауыртпалығын үшінші тұлғалардың құқықтарымен немесе оны кез келген себеппен иеліктен алуға тек Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен қабылданатын үшінші тұлғалардың құқығымен стратегиялық объектілерге салық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша рұқсат етіледі.
5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мүлік жеке меншікте болған және оның меншік иесінің мүлікті сату немесе оны кез келген тәсілмен иеліктен шығару ниеті болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес анықталатын нарықтық құны бойынша мүлікті меншік иесінен алуда (сатып алуда) басым құқыққа ие.
6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мүлікті иеліктен шығаруға бағытталған және осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарын бұзуға жасалған мәмілелер мен өзге іс-әрекеттер оларды жасаған кезден бастап жарамсыз болып табылады.
100-бап. Магистральдық құбырды пайдалану
1. Магистральдық құбыр объектілерін пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, магистральдық құбырды техникалық пайдалану, қауіпсіздік және қорғау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген ереже барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, жер пайдаланушылар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар магистральдық құбырдың иесімен өзара іс-қимыл кезінде орындау үшін міндетті болып табылады.
2. Энергиямен жабдықтау кәсіпорындарына магистральдық құбыр иесінің келісімінсіз белгіленген энергия тұтыну лимитін шектеу жөнінде режимдік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
3. Магистральдық құбырдың иесі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдармен және басқа мүдделі кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім бойынша магистральдық құбыр объектілерін қауіпсіз пайдалану шарттарын қамтамасыз ету, ықтимал аварияларды, төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарын жою жөнінде бірлескен іс-шаралар әзірлейді.
4. Магистральдық құбырдың иесі оның техникалық пайдалану, қауіпсіздік және қорғау ережелерінің сақталуына жауапты болады.
5. Магистральдық құбырды қорғау аймағында оның иесінің келісімінсіз жұмыстың кез келген түрлері мен іс-әрекетке тыйым салынады.
6. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылыс нормалары мен ережелерімен белгіленген ең қысқа қашықтық шегінде магистральдық құбырға қатысы жоқ кез келген объектіні салуға тыйым салынады.
101-бап. Магистральдық құбыр иесінің жергілікті өкілді
және атқарушы органдармен және жүк
жөнелтушілермен өзара қарым-қатынасы
1. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың мұнай сақтау және тарату процестеріне байланысты магистральдық құбырдың оперативті өндірістік қызметіне араласуға құқығы жоқ.
2. Авариялық қызметтердің жұмысшылары, магистральдық құбырдың авариялық және арнайы техникасы басқа жұмыстарға алаңдай алмайды.
3. Магистральдық құбырдың өткізу қабілетінің бар резервімен оның иесінің жүк жөнелтушіге мұнайды тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл ретте жүк жөнелтушілердің бірдей тариф бойынша көлік қызметтерін алуға тең құқығы болады.
102-бап. Магистральдық құбырларды қорғау аймақтары
1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, сондай-ақ қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында магистральдық құбырлар трассасының өн бойына (кез келген түрде оларды төсеу) оның ішінде магистральдық құбыр объектілерінің айналасына магистральдық құбырлардың қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламент талаптарына сәйкес арнайы белгілермен жерді білдіретін қорғау.
аймағы қалыптасады. Бірнеше құбырды бір техникалық дәлізге орналастырған кезде барлық құбыр үшін біртұтас қорғау аймағы құрылады.
2. Магистральдық құбырды қорғау аймағына: құрылыстардың, құрылғылар мен басқа объектілердің, қызметтік жолдардың сақталуын, беріктігін және орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қажет қорғайтын орман аймақтары, жер учаскелері, сондай-ақ сел қауіпті, көшкін қауіпті аймақтарда орналасқан магистральдық құбырды бұру сызығына жанасатын және басқа қауіпті әсерге ұшыраған жерлердегі жер учаскелері кіреді.
3. Физикалық қорғауға жататын қорғау аймақтарының шекаралары мен магистральдық құбыр объектілері магистральдық құбыр қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес белгіленеді.
4. Магистральдық құбырлар инженерлік коммуникациялармен бірге бір техникалық дәлізден өткен немесе олар өзара қиылысқан кезде осы құбырлар мен коммуникацияларды пайдаланатын ұйымдардың өзара қарым-қатынасы магистральдық құбырлардың қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес анықталады.
5. Магистральдық құбырлардың қорғау аймақтарында магистральдық құбырлардың иесі беретін жазбаша рұқсатсыз және қорғау ұйымдарының бұл туралы хабарламасынсыз шаруашылық қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
103-бап. Суасты құбырлары мен кәбілдерді салу, төсеу және
пайдалану
Суасты құбырлары мен кәбілдерді салу, төсеу және пайдалану мұнай айналымы саласындағы техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
11-тарау. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану, халықтың және персоналдың қауіпсіздігі
104-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың, жер
қойнауын тиімді және кешенді пайдаланудың
міндеттері
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану:
1) халықтың денсаулығын және өмірін қорғауға;
2) жер қойнауының ресурстарын тиімді және кешенді пайдалануға;
3) табиғи ландшафтарды сақтау және бүлінген жерлерді, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіруге;
4) жер сілкінуді, көшкінді, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстіңгі бөліктерінің энергетикалық жай-күйін сақтауға;
5) су объектілерінің табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз ету бағыттарына негізделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелерді және басқа шараларды қамтиды.
105-бап. Жалпы экологиялық талаптар
Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген экологиялық талаптар басымдық ретте сақталуға тиіс.
106-бап. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің
экологиялық негізі
Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін осы операцияларды жүргізуге мемлекеттік экологиялық сараптама берген онды қорытынды және соның негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның міндетті шарт ретінде келісім-шартқа тиісті экологиялық талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес берген экологиялық рұқсаты қажетті экологиялық негіз болып табылады.
107-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен
жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар
1. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, соның ішінде өндіруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін берілетін пайдалы қазбалар, кенорындары жер қойнауы учаскелері қорының ауқымы мен құрылымын нақты бағалау үшін жер қойнауын ілгерілей геологиялық зерттеудің толымдылығын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелерді таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4) кенорнын игеру кезінде айырып алынған және жер қойнауында өтелген қорлар негізгі және онымен бірге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттерді, соңың ішінде минералдық шикізатты, өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын нақты есепке алу;
5) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді жою;
6) су жинау алаңдарында және жерасты сулары жинақталған жерлерде ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
7) жер қойнауын кенорындарының сапасын төмендететін немесе оларды пайдалануды және игеруді күрделілендіретін су басудан, өрттен және басқа сүрапыл факторлардан қорғау;
8) жер қойнауын пайдалану, әсіресе мұнайды, газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргізуде жер қойнауын ластанудан сақтау;
9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кенорнын игеру объектілерін тоқтатып қою мен тарату жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
10) өндірісті және тұрмыстық қалдықтарды мен орналастыру кезінде олардың су ағызатын алаңдарда және жерасты сулары орналасқан жерлерде жиналуын болдырмау мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланумен, пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық зерттеу, барлау мен игеруді жүзеге асырумен байланысты жұмыстарды жобалау кезінде осы баптың 1-тармағында көзделген жер қойнауын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндетті.
108-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және
консервациялау
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлау мен өндіруге, соның ішінде жерасты суларын, шипалы балшықты, қалдық суларды ағызуға үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панелдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қатысты жұмыстар жүргізілетін немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде, сондай-ақ келісілген және бекітілген жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорларын толық өңдеген жағдайда таратуға немесе консервацияға жатады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жұмыстарын орындауға дереу кіріседі. Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажеттігі жағдайында жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілердің оларды тарату немесе консервациялау басталғанға дейін сақталуын қамтамасыз ететін кешенді іс-шаралар өткізеді.
3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымдары әзірлеген, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органнан келісуден өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер.қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау ережесінің негізінде жобаны жобалау мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен тарату немесе консервациялау жобасына сәйкес таратылады немесе консервацияланады.
4. Жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, жер ресурстарын басқару және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құзыретті орган құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдар тарапынан бекітілген жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау жұмыстарын қабылдау актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттамалар жұмыстар аяқталған кезге дейін толықтырылады және белгіленген тәртіппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтауға беріледі.
6. Объектіні таратуға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды мердігер Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банкідегі арнайы депозиттік шотқа аударады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды мердігер жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырады. Тарату қорын құру тәртібі, тарату қорына аударымдардың көлемі, осындай төлемақылардың мерзімділігі туралы шарттарды келісім-шарт айқындайды.
109-бап. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан
ерекше құнды жер қойнауы учаскелері
1. Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және үзілістік құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелері ерекше күзетілетін құқықтық режимі болатын не мемлекеттік табиғи-қорық қорының дағдылы, бірегей және сирек кездесетін геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін сақтауға арналған шаруашылық қызметі реттелетін режимдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.
2. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерін қорғау мен пайдаланудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгіленеді.
3. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерін өзге қажеттер үшін алып қоюға жол берілмейді.
4. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиісті учаскеде жұмысты тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
110-бап. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салу шарттары
1. Елді мекендерді, өндірістік кешендерді және басқа шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға рұқсат жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның маңызы аздығы жайындағы қорытындыларын алғаннан кейін ғана беріледі.
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салу, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардың және пайдалы қазбаларды өндіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен жүргізіледі.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда рұқсатсыз құрылыс салу оған келісім-шарт аумағының жерлерін қалпына келтіруге және салынған объектілерді қайта бұзуға кеткен шығындардың қайтарымынсыз тоқтатылады.
111-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
сақтық аймағының шегінде жүргізу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қонауын пайдалану жөніндегі осы операцияларды судың деңгейінің көтерілуі жағдайында теңіздің ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететіндей етіп жүргізуге міндетті.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушының кінәсы болу-болмауына қарамастан оның келісім-шарттық аумағынан теңіздің ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян мен залал үшін жауапкершілікте болады.
112-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше
экологиялық оқиғалар аймақтарында және ерекше
қорғалатын табиғат және мәдениет объектілерінде
мұнай операцияларын жүргізу
1. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық оқиғалар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғат және мәдениет объектілерінде мұнай операцияларын жүргізу мүмкіндігі туралы жалпы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуымен мемлекеттік экологиялық сараптамалар қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
2. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық оқиғалар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғат және мәдениет объектілерінде мұнай операцияларын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Кенорнын пайдалану кезінде теңіздің қорық бөлігіндегі мұнайды тасымалдау экологиялық заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып құбырмен жүзеге асырылады.
113-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және
қызметкерлердің қауіпсіздік жағдайларын
қамтамасыз ету
1. Жер қойнауын пайдаланушы заңда көзделген жұмыс жүргізу қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу және оны жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
3. Жер қойнауын пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитарлық ережелері мен нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды өнеркәсіпте жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалауы жөніндегі уәкілетті орган және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары мыналар болып табылады:
1) жұмысқа арнаулы дайындығы және мамандығы бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиісті арнаулы білімі бар адамдарды жіберу;
2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаларға сай келетін машиналарды, жабдықтар мен заттарды қолдану;
4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын, есепке алу және дұрыс сақтау, сондай-ақ оларды орнымен және қауіпсіз пайдалану;
5) жұмыстың технологиялық циклын қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және басқа бақылаулар кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
6) кеніштің атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
7) жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шектерін анықтайтын техникалық құжаттамалары мен аварияларды жоюдың жоспарларын мәліметтермен уақытылы толықтыру;
8) қатқыл пайдалы қазбалар кенорындарын игерудің, мұнай, газ және жерасты суларының кенорындарын игерудің және орналастырудың
жобалары мен технологиялық сызбаларының жобалау жүйелерін сақтау;
9) газдардың күтпеген жерден шығарылуын, судың, пайдалы
қазбалардың және кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуін,
сондай-ақ тау соққыларын болжау және алдын алу жөніндегі арнайы іс-шараларды жүзеге асыру.
5. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жер қойнауын пайдалану операциялары әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туған жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға кідіріссіз баяндауға міндетті.
7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауіпті әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана жер қойнауын пайдалану жоніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес құтқару қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
12-тарау. Жер қойнауын зерттеуді, пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау
114-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылаудың міндеті жер жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту бөлігінде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау:
1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттік мониторингін;
2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келісім-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды;
3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және қалдық суларды ағызуды бақылауды;
4) жер қойнауының кенорны мен қоршаған ортаның бүлінуіне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендік процестерден сақталуын бақылауды;
5) жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануын және таратылуын бақылауды;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды;
7) жер қойнауын пайдалану және минералдық шикізаттарды өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды;
8) минералдық шикізаттарды өндіру мен өңдеу кезінде қоршаған
ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалау шешімдерінің сақталуын
бақылауды қамтиды.
115-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды
мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын зерттеуді және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын зерттеуді және пайдалануды мемлекеттік бақылау міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың кенорындарын іздестіру және бағалау, өндіру кезінде минералды шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану, өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшін геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды мемлекеттік бақылау:
1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алуды қамтамасыз ететін, кенорындарының бай учаскелерін таңдап игеруді болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кенорындарын игерудің техникалық жобалары шешімдерінің сақталуын бақылауды;
2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында өтелген қорлар мен оларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алудың дұрыстығын бақылауды қамтиды.
116-бап. Мұнай операцияларын жүргізуді мемлекеттік
бақылау
Мұнай операцияларын жүргізуді мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар (олардың құзыреттерінің шегінде) жүзеге асырады. Тексерістерді жүзеге асыратын осы органдардың қызметкерлері коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
13-тарау. Жер қойнауының мемлекеттік қоры
117-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке
алу
1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады.
2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мыналар жүргізіледі:
1) жер қойнауының мемлекеттік мониторингі;
2) жер қойнауына мемлекеттік сараптама;
3) геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтау;
4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансын жүргізу;
5) мыналардың:
кенорындары мен пайдалы қазбалар білінулерінің;
жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көметін және қалдық суларды ағызатын орындардың;
техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрларын жүргізу.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар алғашқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен арнаулы нысандарға сәйкес береді.
118-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі
1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, олардың өзгеруін уақтылы анықтау және бағалау, келеңсіз процестердің зардаптарының алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін бақылау жүйесі болып табылады.
2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі құрылымының, мазмұнының жүзеге асырылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
119-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы
1. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдерді, жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кенорындарының қоры мемлекеттік сараптауға жатады.
2. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие мердігер өндіруді пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана бастауға құқылы. Мемлекеттік сараптаманың барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудің тиімділігі жайындағы қорытындылары оларды мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшері мен сапасын, олардың республика экономикасындағы маңызын, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа жай-күйін объективті бағалауға мүмкіндік берген жағдайда мемлекеттік сараптама кенорнын геологиялық зерделеудің кез келген сатысында жүргізілуі мүмкін.
4. Барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық ақпарат та мемлекеттік сараптауға жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерін жер қойнауын пайдалануға беру геологиялық ақпаратты мемлекеттік сараптаудан өткізгеннен кейін ғана шешіледі.
5. Жер қойнауына мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен кең таралған пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссия жүзеге асырады.
120-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы
1. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының жай-күйін есепке алу мақсатында жүргізеді.
2. Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансында коммерциялық жолмен табылған, пайдалы қазбалардың әр түрінің қорының мөлшері, сапасы мен зерттелу дәрежесі, олардың орналасуы, өндірістік игерілу дәрежесі, өндіру, ысырабы мен өнеркәсіптің пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер болуы қажет.
3. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа енгізу және оларды мемлекеттік баланстан шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөніндегі ақпаратты табыс етеді.
121-бап. Кенорындарының және пайдалы қазбалар
білінулерінің мемлекеттік кадастры
1. Кенорындарының және пайдалы қазбалар білінулерінің мемлекеттік кадастрын, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын геологиялық зерттеудің салалық (секторлыд) және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуді, кенорнын кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу мақсатында жүргізеді.
2. Кенорындарының және пайдалы қазбалар білінулерінің мемлекеттік кадастры әрбір кенорны бойынша негізгі және онымен бірге жатқан басқа пайдалы қазбалардың саны мен сапасы және олардағы компоненттердің мөлшері мен сапасы, кенорнын игерудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жай-күйі мен оны геологиялық-экономикалық бағалау, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған білінулері туралы мәліметтерден құралады.
3. Кенорындарының және пайдалы қазбалар білінулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
122-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтік
қалдықтарды көмудің және қалдық суларды ағызудың
мемлекеттік кадастры
1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жедел алу, шешімдерді қабылдау, жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көметін және қалдық суларды ағызатын жерлердің жай-күйін жоспарлы бақылау мақсатында жүргізеді.
2. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастры мөлшері мен сандық көрсеткіштері көрсетілген көмілген заттар мен ағын сулардың типтері мен түрлерін сипаттайтын мәліметтер, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
123-бап. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік
кадастры
1. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
2. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштерін, тау-кен-техникалық және экологиялық жай-күйі көрсетілген техногендік минералдық түзілімдердің типі мен түрлерін сипаттайтын үйме объекті туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
14-тарау. Жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
124-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы
талаптарды бұзғаны үшін жауаптылық
1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылық жүктейді.
2. Жер қойнауын пайдалануға байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып жасалған мәмілелер жарамсыз болып табылады.
Көрсетілген мәмілелерді жасауға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көтереді.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы басқа да бұзушылықтар үшін жауапкершілік белгіленуі мүмкін.
4. Кінәлі тұлғаларды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту оларды келтірген зияндарын өтеу міндеттерінен босатпайды.
5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы қабылдаған уәкілетті орган әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей, мұндай қаулының көшірмесін құзыретті органға жіберуге міндетті.
Егер әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы органмен келісім-шарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушыға қатысты шығарылса, әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулының көшірмесі жер қойнауын пайдаланушымен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге келісім-шарт жасасқан облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы органға жіберіледі.
Егер анықталған бұрмалаушылық жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартта, жұмыс бағдарламасында не жобалау құжаттарында көзделген міндеттемелерді орындамауына байланысты болған жағдайда құзыретті орган немесе облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы орган, жер қойнауын пайдаланушыға әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулының көшірмесін алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, жер қойнауын пайдаланушының орын алған бұзушылықты белгіленген мерзімде жою жөніндегі міндетін жазбаша хабарламада көрсетеді.
125-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы
заңның бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу
1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер зиян еңсерілмейтін күштің салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде және тәртіппен келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
2. Жер қойнауын тиімді пайдалану саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
126-бап. Дауларды шешу
1. Келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
2. Егер келісім-шартты орындауға, өзгертуге және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сотқа бере алады.
15-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
127-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қатысты қолданылады.
2.Осы Заң қолданысқа енгенге дейін берілген лицензиялар мен жасалған келісім-шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының олармен байланысты барлық актілері өз күшін сақтайды.
3. Осы Заң күшіне енген кезге дейін берілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық лицензиялар мұндай лицензияларды берген кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзарту мерзімін қоса алғанда, олардың қолданылу мерзімдері өткенге дейін өз күшін сақтайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі лицензияларды тоқтата тұру, қайтарып алу, тоқтату, сондай-ақ жарамсыз деп тануға қатысты осы Заңға сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды ескерусіз қабылданған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 17 қаңтардағы Заң күші бар Жарлығының нормалары қолданылады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын берілген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның (Қазақстан Республикасы Үкіметінің) функциялары құзыретті органға жүктеледі.
5. Осы Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында өнімді бөлу туралы келісімдер жасалмайды.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасы жасаған өнімді бөлу туралы келісімдер оларды жасаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес оларда келісілген шарттарда өз күшін сақтайды.
128-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы
Заңы
(ҚР Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 Ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат, 2006 ж. N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат, N 3, 22-құжат, N 8, 52-құжат, N 9, 67 -құжат; N 19, 148-құжат);
2) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21,787-құжат;2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 22, 170-құжат);
3) "Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар) туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, шілде, 2005 ж., N 13, 54-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті