Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 46-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
реттік нөмірлері 41 және 42-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-2-жолмен толықтырылсын:
"
55-2 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Әділетмині |
Шілде |
Тамыз |
Желтоқсан |
М.Б.Бекетаев |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов