"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңына
, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 2008 жылғы желтоқсанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі бойынша ресми іс-шараларды өткізу кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының әуежайына арнайы техникалар, авиациялық отын, арнайы сұйықтық сатып алуға және жөндеуге Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 268500000 (екі жүз алпыс сегіз миллион бес жүз мың) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов