"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының органдары туралы ережелер туралы" және "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығының саны, құрылымы және квоталық лауазымдарды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасында бөлу туралы" Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылғы 1 қаңтар 31 желтоқсан кезеңінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарына тұрғын үйді жалдағаны үшін төлем айына 2 000 АҚШ доллары мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қаражатты жұмсау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне 002 "Қарулы Күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету" бағдарламасының 106 "Сыртқы саяси мүдделерді қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүргізілетін болады деп белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарын қаржылай қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 686 қаулысы ;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 тамыздағы N 738 қаулысы .
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов