"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңына
, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа Қазақстан Республикасының үлестік жарнасының қалған бөлігін төлеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төлем күніне белгілеген бағам бойынша 2621800 (екі миллион алты жүз жиырма бір мың сегіз жүз) ресей рубліне, оның ішінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың "Инновациялық биотехнологиялар" мемлекетаралық мақсатты бағдарламасын қаржыландыруға 720000 (жеті жүз жиырма мың) ресей рубліне баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов