Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1243 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар құрылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Алатау ауданының әділет басқармасы (бұдан әрі - 1-мекеме);
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мемлекеттік мекемесі - Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - 2-мекеме);
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) 1-мекеменің ережесін және 2-мекеменің жарғысын бекітуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 221-жолмен толықтырылсын:
      "221. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Алатау ауданының әділет басқармасы";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі :
      "Мемлекеттік мекемелер" 2-бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-1 жолмен толықтырылсын:
      "27-1. Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі".
      5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

О вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2008 года № 1243

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Создать:
      1) государственное учреждение - территориальный орган Министерства юстиции Республики Казахстан - управление юстиции Алатауского района Департамента юстиции города Алматы Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - учреждение 1);
      2) государственное учреждение Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан - Центр обслуживания населения Алатауского района города Алматы (далее - учреждение 2).
      2. Министерству юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) утверждение положения учреждения 1, устава учреждения 2 и их государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.
      3. Установить, что финансирование учреждений осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете Министерству юстиции Республики Казахстан.
      4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 41, ст. 532) следующие дополнения:
      1) Перечень государственных учреждений - территориальных органов Министерства юстиции Республики Казахстан, утвержденный указанным постановлением, дополнить строкой, порядковый номер 221, следующего содержания:
      "221. Управление юстиции Алатауского района Департамента юстиции города Алматы Министерства юстиции Республики Казахстан";
      2) Перечень организаций, находящихся в ведении Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан, утвержденный указанным постановлением:
      раздел 2. "Государственные учреждения" дополнить строкой, порядковый номер, 27-1 следующего содержания:
      "27-1. Государственное учреждение "Центр обслуживания населения Алатауского района города Алматы".
      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2009 года.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов