"Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 1284 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3) тармақшасына сәйкес ұйымдар мен мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметін ретке келтіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне:
      Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың (бұдан әрі - қазақстандық қамту) үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясат шараларын пысықтау  және іске асыру;
      қазақстандық қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;
      бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын (30 қаңтардан кешіктірмей) ұсынатын қазақстандық қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз ету;
      белгілі бір тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге сұранысты талдау қорытындылары бойынша қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту жөнінде шаралар әзірлеу;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамтудың мониторингі, сондай-ақ тиісті ұйымдар беретін жүргізілген, жүргізілетін және келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдау;
      ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылау және оның мониторингі және бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруы жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылық ету;
      тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерімен бірлесіп, қазақстандық қамту есебінің әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
      ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту бойынша ақпараттар беру нысандарын бекіту;
      қазақстандық өндірушілер өндірген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің, олардың өндірушілері мен тұтынушыларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
      офсеттік саясаттың іске асырылуына әдістемелік басшылық ету және бақылау жөніндегі функциялар;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне - жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге асыруға ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау жөніндегі функциялар;
      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына ұйымдардан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі бекіткен нысандардың негізінде сәйкес қазақстандық қамту бойынша ақпараттар жинау, талдау және оларды осы министрлікке беру жөніндегі функциялар берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің:
      жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
      жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есептің және алдағы жылға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алудың жылдық бағдарламасының нысандарын бекіту;
      жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалардан жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыруды, өндірілетін және өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты сұрату жөніндегі функцияларын беруді қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қазақстандық қамту бөлігіндегі заңдары талаптарының бұзылуына әкімшілік жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
      3) Қазақстанда шығарылған өнімдер туралы ақпаратты пайдаланушылар үшін қол жетімділікті қамтамасыз ететін тиісті электрондық ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах казахстанского содержания при закупке товаров, работ и услуг, приобретаемых организациями и государственными органами"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 1284

       Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах казахстанского содержания при закупке товаров, работ и услуг, приобретаемых организациями и государственными органами".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Указ Президента Республики Казахстан

О некоторых вопросах казахстанского содержания
при закупке товаров, работ и услуг, приобретаемых
организациями и государственными органами

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, в целях повышения доли казахстанского содержания при закупках товаров, работ и услуг организациями и государственными органами, а также упорядочения деятельности государственных органов в данной сфере ПОСТАНОВЛЯЮ :
      1. Наделить:
      1) Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан функциями по:
      выработке мер и реализации государственной политики по увеличению доли казахстанского содержания при закупках товаров, работ и услуг организациями и государственными органами (далее - казахстанское содержание), осуществляемых на территории Республики Казахстан;
      координации и методологическому обеспечению деятельности государственных органов по вопросам казахстанского содержания;
      обеспечению свода и анализа общей информации по казахстанскому содержанию, ежегодно (не позднее 30 января), предоставляемой Министерством финансов Республики Казахстан, Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан на основании совместно утвержденных форм;
      выработке мер по увеличению доли казахстанского содержания по итогам анализа спроса на определенные товары, работы и услуги;
      мониторингу казахстанского содержания в закупках товаров, работ и услуг организаций, по перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан, а также анализу предоставляемой соответствующими организациями информации о проведенных, проводимых и планируемых на следующий год закупках товаров, работ и услуг;
      контролю и мониторингу казахстанского содержания в закупках национального управляющего холдинга, национальных холдингов, национальных компаний, их дочерних и аффилиированных компаний, иных юридических лиц с участием государства и принятию мер в случае выявления нарушений;
      методическому руководству деятельности местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы) по формированию перечня товаров, работ и услуг, производимых на территории области (города республиканского значения, столицы), и их производителей;
      разработке и утверждению совместно с министерствами финансов, энергетики и минеральных ресурсов методики расчета казахстанского содержания при закупке товаров, работ и услуг;
      утверждению форм предоставления организациями информации по казахстанскому содержанию в закупках товаров, работ и услуг;
      формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, производимых казахстанскими производителями, их производителей и потребителей, а также разработке и утверждению критериев их оценки для внесения в данный реестр;
      методическому руководству и контролю за реализацией офсетной политики;
      2) Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан - функцией по сбору и анализу информации о произведенных, производимых и планируемых на следующий за отчетным периодом год закупках товаров, работ и услуг, предоставляемой недропользователями и (или) лицами, уполномоченными недропользователями осуществлять закупку товаров, работ и услуг для проведения операций по недропользованию;
      3) местные исполнительные органы областей (города республиканского значения, столицы) функциями по сбору, анализу и предоставлению в Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан информации по казахстанскому содержанию от организаций на основании форм, утвержденных данным министерством.
      2. Правительству Республики Казахстан:
      1) обеспечить передачу Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан функций Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан по:
      формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей, а также разработке и утверждению критериев их оценки для внесения в данный реестр;
      утверждению формы отчета недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах и годовой программы закупки товаров, работ и услуг на предстоящий год;
      запрашиванию у недропользователей и (или) лиц, уполномоченных недропользователями осуществлять закупку товаров, работ и услуг для проведения операций по недропользованию, информации о производимых и произведенных закупках товаров, работ и услуг;
      2) в двухмесячный срок разработать и внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект закона, вытекающий из настоящего Указа, в том числе, предусматривающий административную ответственность за нарушение требований законов Республики Казахстан в части казахстанского содержания;
      3) обеспечить функционирование соответствующих электронных информационных ресурсов, обеспечивающих доступность для потребителей информации о продукции казахстанского происхождения;
      4) принять иные необходимые меры по реализации настоящего Указа.
      3. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев