Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы деп белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
3) кәсіпорынның құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Осы қаулы кәсіпорын әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1306 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).