Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1347 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында, 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 3-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген кірістерден Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейді.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін әлеуметтік аударымдардың ең жоғары мөлшері есепті кезеңде есептелген әлеуметтік салық сомасынан аспауға тиіс.";

      10-тармақта:

      бірінші абзацтағы "15" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермерлік қожалықтар, арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері, арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.";

      17-тармақта:

      бірінші абзацтағы "хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.";

      18-тармақта:

      екінші абзацтағы "банктік шотында" деген сөздер "банктік шоттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жағдайда," деген сөзден кейін "міндетті" деген сөзбен толықтырылсын;

      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1. Төлеуші оларға әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, салық органдарының өкімі бойынша банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Салық органының банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру өкімінің күшін шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.";

      18-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-2. Төлеушінің банктік шоттары болмаған немесе төлеушінің банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.";

      28-тармақта:

      "кейінгі" деген сөзден кейін "екінші" деген сөзбен толықтырылсын;

      "(тұратын)", "тіркеуін ескере отырып" және "және аударылған" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года № 683

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1347. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2020 года № 530

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.08.2020 № 530.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года № 683 "Об утверждении Правил исчисления и перечисления социальных отчислений" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 25, ст. 323) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах исчисления и перечисления социальных отчислений, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Социальные отчисления в Фонд не уплачиваются с доходов, установленных подпунктами 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12) пункта 3 статьи 155 и подпунктами 12), 18), 24), 30), 32) пункта 1 статьи 156 и подпунктами 4), 5), 6) пункта 3 статьи 357 Налогового кодекса.";

      пункт 9 дополнить абзацем тринадцатым следующего содержания:

      "При этом максимальный размер социальных отчислений для самостоятельно занятых лиц не должен превышать сумму исчисленного социального налога за отчетный период.";

      в пункте 10:

      в абзаце первом цифры "15" заменить цифрами "25";

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "Крестьянские или фермерские хозяйства, применяющие специальный налоговый режим, субъекты малого бизнеса, применяющие специальный налоговый режим на основе упрощенной декларации, индивидуальные предприниматели, применяющие специальный налоговый режим на основе патента, уплачивают суммы социальных отчислений в сроки, предусмотренные налоговым законодательством Республики Казахстан.";

      в пункте 17:

      в абзаце первом слова "в течение пяти рабочих дней со дня получения уведомления" исключить;

      дополнить абзацем третьим следующего содержания:

      "Плательщики в течение пяти рабочих дней со дня получения уведомления представляют в налоговый орган список участников системы обязательного социального страхования";

      в пункте 18:

      в абзаце втором слова "банковском счете" заменить словами "банковских счетах";

      после слов "задолженности по" дополнить словом "обязательным";

      пункт 18-1 изложить в следующей редакции:

      "18-1. По распоряжению налоговых органов в случае, если плательщик не представил списки участников системы обязательного социального страхования, за которых производятся социальные отчисления, в сроки, установленные Правительством Республики Казахстан, банки и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, обязаны приостановить все расходные операции на банковских счетах плательщиков и исполнять указания, касающиеся перечисления обязательных социальных отчислений, пенсионных взносов и налоговой задолженности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      Распоряжение налогового органа о приостановлении расходных операций по банковским счетам отменяется налоговым органом, вынесшим распоряжение о приостановлении расходных операций, не позднее одного рабочего дня, следующего за днем устранения причин приостановления расходных операций по банковским счетам.";

      пункт 18-2 изложить в следующей редакции:

      "18-2. В случае отсутствия у плательщика банковских счетов или недостаточности денег на банковских счетах плательщика налоговый орган приостанавливает расходные операции по кассе плательщика в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.";

      в пункте 28:

      после слова "числа" дополнить словом "второго";

      слова "с учетом регистрации", "(жительства)" и "и перечисленным" исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2009 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов