Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 164 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі және " 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
     Үкіметінің     
2009 жылғы 17 ақпандағы
N 164 қаулысымен 
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2009 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 091 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрі - субсидиялар) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған жер учаскелері бар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі - АШТӨ) отандық тыңайтқыш өндіруші зауыттардан (бұдан әрі - зауыттар) немесе олардың ресми өкілдерінен алдыңғы жылғы IV тоқсанда және ағымдағы жылы сатып алған тыңайтқыштардың (органикалықты қоспағанда) (бұдан әрі - тыңайтқыштар) құнын ішінара арзандатуға арналады.
      Зауыттардың тізбесін Министрліктің сұрауы бойынша тиісті уәкілетті орган береді.

2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидияларды пайдалану тәртібі

      3. Министрлік ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударуды төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыс (Астана қаласы) әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
      4. Облыстар мен Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемін Министрлік айқындайды және облыстар мен Астана қаласы бойынша облыстардың және Астана қаласының ұсыныстарына және жоспарланған егістік алқапқа тыңайтқыштар енгізудің (қолданудың) ғылыми-негізделген нормаларына сәйкес бөледі. Бұл ретте облыстар (Астана қаласы) субсидиялар бойынша квоталарды жоспарланған егістік алқабының мөлшері туралы мәліметтер бар АШТО-нің өтінімдері негізінде белгілейді.
      5. Субсидиялар осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ іс жүзінде сатқан тыңайтқыштар үшін зауыттарға төленеді. Бұл ретте АШТӨ тыңайтқыштардың құнын (жеткізу орнына дейінгі көліктік шығыстарды ескере отырып) субсидиялар сомасының зауыттарға тиесілі мелшерін алып тастай отырып төлейді.
      6. Тыңайтқыштардың әрбір түрі бойынша АШТӨ тізімін (бұдан әрі - тізім) айқындау үшін облыстың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган), Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
      Жергілікті атқарушы орган ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      7. ВАК-тың жұмыс органы АШТӨ-ден құжаттар қабылдаудың мерзімін  және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
      АШТӨ жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-қа Министрлік бекіткен нысан бойынша тізімге енгізу үшін өтінімді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін (жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін);
      клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесін;
      нөмірі көрсетілген ағымдағы шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасын;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесін.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 689 (2009 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. ВАК-тың жұмыс органы он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды жинауды жүзеге асырады және оларды ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі.
      9. ВАК жұмыс органына ұсынылған құжаттардың негізінде бес жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен нысан бойынша тізім жасайды және оны жергілікті атқарушы органға бекітуге жібереді.
      Осы тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда АШТӨ-ге үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органы бас тарту себебі көрсетілген жазбаша хабарлама береді.
      10. Жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде тізімді бекітеді.
      11. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшін субсидия алу үшін:
      1) жергілікті атқарушы орган зауытқа тізімді береді;
      2) зауыттар ай сайын есептіден кейінгі айдың 1-күніне дейін жергілікті атқарушы органға:
      АШТӨ бөлінісінде сатылған тыңайтқыштардың саны мен сапасы туралы ақпаратты;
      тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімді;
      сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тыңайтқыштарды тиеп жөнелтуге арналған жүк құжаттардың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
      сатылған және сатып алынған тыңайтқыштардың саны туралы зауыт пен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады.
      Тыңайтқыштарды сатып алу-сату шарты үш данада жасалады: біріншісі - зауыт үшін, екіншісі - АШТӨ үшін, үшіншісі - жергілікті атқарушы орган үшін;
      3) жергілікті атқарушы орган:
      бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні жасайды және бекітеді;
      тыңайтқыштардың нақты сатылған көлемі жөніндегі бекітілген акті бойынша, онда көрсетілген тыңайтқыштардың көлемі мен бекітілген субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
      зауыттар сатқан тыңайтқыштардың құнын ішінара арзандатуға субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды;
      4) ұсынылып отырған тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының, тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімнің, тыңайтқыштардың сатылған көлемі жөніндегі актінің, субсидиялар төлеуге арналған ведомостың нысандарын Министрлік бекітеді.
      12. Жергілікті атқарушы орган көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
      13. Бюджеттік қаражаттың уақтылы игерілуін бақылау үшін жергілікті атқарушы орган Министрлікке бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тиісті жылғы 30 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізгенін көрсете отырып бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді.
      Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар және Астана қаласы бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      14. Ай сайын 5-күніне, бірақ тиісті жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей жергілікті атқарушы орган Министрлікке өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидиялар төлеу үшін ведомостың көшірмесін, төленген субсидиялардың көлемдері туралы есепті береді.
      Тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізгені туралы қорытынды есепті жергілікті атқарушы орган келесі қаржы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей береді.

3. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты пайдаланған үшін жауапкершілік

       15. Жергілікті атқарушы орган аумақтық қазынашылық бөлімшеге ұсынылған құжаттардың, субсидиялар аударуға арналған төлем шоттарының дұрыстығы мен толық толтырылғаны үшін, сондай-ақ субсидиялар төлеу негізділігі, зауытқа тиесілі сомаларды дұрыс есептегені үшін жауапты болады.
      16. Министрлік жасалған нәтижелер туралы келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдаланған кезде нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
      17. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері нысаналы трансферттерді жасалған нәтижелер туралы келісімге сай емес нысаналы трансферттер бойынша пайдаланғаны, тікелей және соңғы нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және соңғы нәтижелер туралы есепті бермегені үшін жауапты болады.

Облыстық бюджеттердің және  
Астана қаласы бюджетінің   
2009 жылғы республикалық   
бюджеттен өндірілетін ауыл  
шаруашылығы дақылдарының   
шығымдылығын және сапасын   
арттыруды қолдауға бөлінетін 
ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесіне қосымша 

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 689 (2009 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар
нормативтері

Р/с
N

Өнімнің түрі

Тыңайтқыштардың 1 тоннасының құнын арзандату пайызы, дейін

Сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативі, теңге, дейін

1

Аммиак селитрасы*

50

21 000

2

Аммофос*

50

34 500

3

Карбамид

50

35 000

4

"Б" маркалы МЭРС

50

25 000

5

Нитроаммофос

50

25 000

6

Нитроаммофоска

50

33 000

7

Аммоний сульфаты

50

15 000

8

Супрефос

50

22 500

9

Қосарланған суперфосфат

50

25 000

10

Жай суперфосфат*

50

27 250

11

Калий сульфаты

50

47 500

12

Хлорлы калий

50

47 500

      * Субсидиялар тыңайтқыштар өндіруші отандық зауыт өндірген тыңайтқыштарды сатып алған кезде ғана беріледі                      

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2009 года областными бюджетами и бюджетом города Астаны на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2009 года № 164

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 8 июля 2005 года " О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий " и от 4 декабря 2008 года " О республиканском бюджете на 2009-2011 годы " Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2009 года областными бюджетами и бюджетом города Астаны на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур.
      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 17 февраля 2009 года № 164

Правила
использования целевых текущих трансфертов из республиканского
бюджета 2009 года областными бюджетами и бюджетом города Астаны
на поддержку повышения урожайности и качества производимых
сельскохозяйственных культур

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2009 года областными бюджетами и бюджетом города Астаны на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года "О республиканском бюджете на 2009-2011 годы" и определяют порядок использования областными бюджетами и бюджетом города Астаны целевых текущих трансфертов, выделенных за счет средств республиканского бюджета на 2009 год Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Министерство) по бюджетной программе 091 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур".
      2. Средства на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур (далее - субсидии) предназначаются для частичного удешевления стоимости удобрений (за исключением органических) (далее - удобрения), приобретенных в IV-квартале предыдущего года и в текущем году у отечественных заводов-производителей удобрений (далее - заводы) или их официальных представителей отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями (далее - СХТП), имеющими земельные участки для возделывания сельскохозяйственных культур.
      Перечень заводов представляется по запросу Министерства соответствующим уполномоченным органом.

2. Порядок использования субсидий на поддержку
повышения урожайности и качества производимых
сельскохозяйственных культур

      3. Министерство производит перечисление целевых текущих трансфертов областным бюджетам и бюджету города Астаны в соответствии с индивидуальным планом финансирования бюджетной программы по платежам (далее - индивидуальный план финансирования по платежам) и соглашениями о результатах по целевым трансфертам между акимом области (города Астаны) и Министром сельского хозяйства Республики Казахстан.
      4. Объемы субсидий по областям и городу Астане определяются Министерством, и распределяются по областям и городу Астане с учетом выделенных бюджетных средств и в соответствии с предложениями областей и города Астаны и научно-обоснованными нормами внесения (применения) удобрений на планируемую посевную площадь. При этом областями (городом Астана) квоты по субсидиям устанавливаются на основании заявок СХТП, содержащих сведения о размере планируемой посевной площади.
      5. Субсидии выплачиваются заводам за фактически реализованные СХТП удобрения в соответствии с нормативами субсидий на 1 тонну реализованных удобрений по форме согласно приложению к настоящим Правилам. При этом СХТП оплачивает стоимость удобрений (с учетом затрат на транспортные расходы до места назначения), за вычетом размера причитающейся заводам суммы субсидий.
      6. Для определения списка СХТП по каждому виду удобрений (далее - список) создается межведомственная комиссия (далее - МВК), состоящая из представителей местного исполнительного органа области (города Астаны) (далее - местный исполнительный орган), территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства, научных и общественных организаций аграрного профиля.
      Рабочим органом МВК является местный исполнительный орган.
      7. Рабочий орган МВК обеспечивает публикацию порядка работы МВК в местных средствах массовой информации с указанием сроков приема документов от СХТП и другие необходимые сведения.
      СХТП в сроки, установленные рабочим органом, представляет в МВК заявку для включения в список по форме, утвержденной Министерством, и следующие документы:
      копию свидетельства о регистрации (перерегистрации) юридического лица (копию документа, удостоверяющего личность - для физического лица);
      копию документа, выданного органом налоговой службы, подтверждающего факт поставки клиента на налоговый учет;
      справку банка о наличии текущего счета с указанием номера;
      копию правоустанавливающего документа на земельный участок в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
       Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 12.05.2009 N 689 (вводится в действие с 06.03.2009).
      8. Рабочий орган МВК в течение десяти рабочих дней осуществляет сбор представленных документов и представляет их на рассмотрение МВК. СХТП выдается справка о принятых документах в полном объеме.
      9. МВК на основании представленных в рабочий орган документов, в течение пяти рабочих дней составляет список по форме, утвержденной Министерством, и направляет его на утверждение местному исполнительному органу.
      В случае отказа от включения в данный список, СХТП не позднее трех рабочих дней выдается рабочим органом письменное уведомление с указанием причины отказа.
      10. Местный исполнительный орган в течение двух рабочих дней  утверждает список.
      11. Для получения субсидий за реализованные удобрения по удешевленной стоимости:
      1) местный исполнительный орган представляет заводу список;
      2) заводы ежемесячно в срок до 1 числа месяца, следующего за отчетным, представляют в местный исполнительный орган:
      информацию о количестве и качестве реализованных удобрений в разрезе СХТП;
      реестр по объемам фактической реализации удобрений;
      копии первичных платежных документов на реализованные удобрения, а также накладных на отгрузку удобрений и счетов-фактур;
      договор купли-продажи удобрений между заводом и СХТП о количестве реализованных и приобретенных удобрений.
      Договор купли-продажи удобрений составляется в трех экземплярах: первый - для завода, второй - для СХТП, третий - для местного исполнительного органа;
      3) местный исполнительный орган:
      в течение пяти рабочих дней проверяет представленные документы, составляет и утверждает акт по объемам фактической реализации удобрений;
      по утвержденному акту по объемам фактической реализации удобрений, на основе указанных в нем объемов и утвержденных нормативов субсидий на удобрения, определяет объемы причитающихся бюджетных средств;
      формирует ведомость для выплаты субсидий на частичное удешевление стоимости удобрений, реализованных заводами;
      4) формы рекомендуемого договора купли-продажи удобрений, реестра по объемам фактической реализации удобрений, акта по объемам реализованных удобрений, ведомости для выплаты субсидий утверждаются Министерством.
      12. Местный исполнительный орган для выплаты субсидий в соответствии с индивидуальным планом финансирования по платежам указанной бюджетной программы представляет в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате и счета к оплате, в двух экземплярах.
      13. Для контроля за своевременностью освоения бюджетных средств местный исполнительный орган представляет в Министерство по итогам первого полугодия в срок не позднее 30 июля соответствующего года информацию о реализации бюджетной программы с указанием фактического достижения прямых и конечных результатов.
      В случае неполного освоения какой-либо областью или городом Астаной выделенных средств, Министерство в установленном законодательством порядке вносит предложение в Правительство Республики Казахстан о перераспределении субсидий по областям и городу Астане в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2009 год.
      14. Ежемесячно к 5 числу, но не позднее 25 декабря соответствующего года местный исполнительный орган представляет в Министерство копию ведомости для выплаты субсидий на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур, отчет об объемах выплаченных субсидий.
      Местным исполнительным органом итоговый отчет о фактическом достижении прямых и конечных результатов представляется в Министерство не позднее 1 февраля следующего финансового года.

3. Ответственность за использование средств на поддержку
повышения урожайности и качества производимых
сельскохозяйственных культур

      15. Местный исполнительный орган несет ответственность за достоверность и полноту заполнения представленных документов в территориальное подразделение казначейства, счетов к оплате для перечисления субсидий, а также за обоснованность выплаты субсидий, правильность исчисления причитающихся сумм заводу.
      16. Министерство несет ответственность за неперечисление целевых текущих трансфертов областным бюджетам и бюджету города Астаны в соответствии с индивидуальным планом финансирования по платежам на основании заключенных соглашений о результатах и за недостижение показателей результатов при использовании целевых текущих трансфертов.
      17. Акимы областей и города Астаны несут ответственность за использование целевых трансфертов не в соответствии с заключенным соглашением о результатах по целевым трансфертам, недостижение прямых и конечных результатов, непредставление отчета о прямых и конечных результатах, достигнутых за счет использования полученных целевых трансфертов.

Приложение             
к Правилам использования целевых текущих
трансфертов из республиканского бюджета
2009 года областными бюджетами и бюджетом
города Астаны на поддержку повышения 
урожайности и качества производимых 
сельскохозяйственных культур   

       Сноска. Приложение с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 12.05.2009 N 689 (вводится в действие с 06.03.2009).

     Нормативы субсидий на 1 тонну реализованных удобрений


п/п

Вид продукции

Процент
удешевления
стоимости
1 тонны
удобрений, до

Норматив субсидий
на 1 тонну
реализованных
удобрений,
тенге, до

1

Аммиачная селитра*

50

21 000

2

Аммофос*

50

34 500

3

Карбамид

50

35 000

4

МЭРС марки «Б»

50

25 000

5

Нитроаммофос

50

25 000

6

Нитроаммофоска

50

33 000

7

Сульфат аммония

50

15 000

8

Супрефос

50

22 500

9

Суперфосфат двойной

50

25 000

10

Суперфосфат простой*

50

27 250

11

Сульфат калия

50

47 500

12

Хлористый калий

50

47 500

      * Субсидии представляются только при закупе удобрений, произведенных отечественным заводом-производителем удобрений