Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 177 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 591 қаулысында :
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқытудың күндізгі нысаны бойынша үшінші және келесі курстарда білім алатын баламалы "үздік" бағасы бар білім алушыларға қосымша білім беру гранттарын тағайындауды қамтамасыз етсін.
      2-2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға тағайындалған қосымша білім беру гранттарын орналастыруды жүргізсін.";
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы
жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      "Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру" деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Үкімет жоғары білім алу үшін ақылы негізде оқып жатқан жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөнінде шаралар қабылдайды.";
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз тобын қолдау" деген VIII бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:

"

4-1

Жоғары оқу орындарының ақылы негізде білім алатын үшінші және келесі курстарының үздік білім алушылары үшін білім беру гранттарын тағайындау

БҒМ, ДСМ

БҒМ-нің бұйрығы

2009 жылғы ақпан

                                                               ";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:

"

14-1

Жоғары оқу орындарының техникалық, жаратылыстану-ғылыми және медициналық мамандықтар бойынша ақылы негізде білім алатын бірінші курстан бастап баламалы "жақсы" және "өте жақсы" бағасы бар, сондай-ақ көп балалы және тұрмысы нашар отбасыдан шыққан студенттерге, жетім студенттерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге, мүгедек студенттерге, ата-аналары зейнеткер жасына жеткен студенттерге ұзақ мерзімді білім беру кредиттерін беру

БҒМ, ДСМ, "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ

Үкімет қаулысы

2009 жылғы наурыз

                                                               ".
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 020 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғары оқу орындарының ақылы негізде білім алатын үшінші және келесі курстарының үздік білім алушылары үшін қосымша білім беру гранттарын беруге жұмсалатын шығындарды ескерсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

О мерах по поддержке отдельных категорий обучающихся в высших учебных заведениях

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2009 года № 177

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2008 года № 591 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием, а также с техническим и профессиональным образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета (за исключением подготовки специалистов в организациях образования Комитета национальной безопасности Республики Казахстан) на 2008/2009 учебный год":
      дополнить пунктами 2-1 и 2-2 следующего содержания:
      "2-1. Министерству образования и науки Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке присуждение дополнительных образовательных грантов обучающимся по программам высшего образования на платной основе по очной форме обучения на третьем и последующих курсах, имеющим эквивалент оценки "отлично".
      2-2. Администраторам бюджетных программ в установленном законодательством порядке провести размещение присужденных дополнительных образовательных грантов на подготовку специалистов с высшим образованием.";
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 2008 года № 1085 "О Плане совместных действий Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового  рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы":
      в Плане совместных действий Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы, одобренном указанным постановлением:
      раздел "Реализация инновационных, индустриальных и инфраструктурных проектов":
      дополнить абзацем двенадцатым следующего содержания:
      "Правительство примет меры по поддержке отдельных категорий обучающихся в высших учебных заведениях, проходящих обучение на платной основе по получению ими высшего образования.";
      3) в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2009 года № 6 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы":
      в Плане мероприятий по реализации Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы, утвержденном указанным постановлением:
      раздел VIII "Обеспечение занятости и поддержка социально уязвимых слоев населения":
      дополнить строкой, порядковый номер 4-1, следующего содержания:
  "

4-1

Присуждение дополнительных
образовательных грантов для
отличников высших учебных
заведений третьего и
последующих курсов, обучающихся
на платной основе

МОН,
МЗ

Приказ МОН

Февраль
2009 года

                                                     ";
      дополнить строкой, порядковый номер 14-1, следующего содержания:
  "

14-1

Предоставление долгосрочных
образовательных кредитов
студентам высших учебных
заведений, начиная с первого
курса обучающимся на платной
основе по техническим,
естественно-научным и
медицинским специальностям,
имеющим эквивалент оценки
«хорошо» и «отлично», а
также из числа многодетных,
неполных и малоимущих семей,
студентам-сиротам и
студентам, оставшимся без
попечения родителей,
студентам-инвалидам, студентам,
родители которых являются
инвалидами, студентам,
родители которых достигли
пенсионного возраста.

МОН,
МЗ,
АО «ФНБ
Самрук-
Казына»

Постановление
Правительства

Март
2009
года

                                                         ".
      4. Министерству финансов Республики Казахстан совместно с Министерством образования и науки Республики Казахстан внести изменения в сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам республиканского бюджета на 2009 год в пределах средств, предусмотренных по бюджетной программе 020 "Подготовка специалистов с высшим и послевузовским образованием" Министерства образования и науки Республики Казахстан.
      5. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан учесть при уточнении республиканского бюджета на 2009-2011 годы затраты на предоставление дополнительных образовательных грантов для отличников высших учебных заведений третьего и последующих курсов, обучающихся на платной основе.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан                         К. Масимов