Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 294 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-79-жол алынып тасталсын.
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 226-6-жол алынып тасталсын.
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):
1-тармақтың бірінші абзацы "ҚазАгро" ұлттық холдингі," деген сөздерден кейін "Ұлттық медициналық холдинг"," деген сөздермен толықтырылсын.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.01 № 152 Қаулысымен.