Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, бір жүзінші, бір жүз бірінші, бір жүз екінші, бір жүз үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;";
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов