Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылғы 14 қарашада Кишинев қаласында қол қойылған ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасаудағы және оларды одан әрі дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісім мынадай ескертпемен бекітілсін:
"Келісімнің дербес деректерді трансшекаралық беру туралы 9-бабы бойынша міндеттемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындайтын болады".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасаудағы және оларды одан әрі дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын енгізу жөніндегі іс-шараларды қамтитын жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру кезінде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын әзірлеудің, ресімдеу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін құрудағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында,
терроризм қаупіне және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ паспорттық және шекаралық бақылауды жетілдіру мақсатында жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын бірлесіп және тиімді пайдаланудың маңыздылығын тани отырып,
жас буынның паспорттық-визалық құжаттар жүйесін дамыту және пайдалану саласында заңнаманы үйлестіру қажеттігін негізге ала отырып, Тараптар қатысушысы болып табылатын осы саладағы халықаралық шарттарды және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын басшылыққа ала отырып,
осы Келісімді дәйектілікпен іске асыруға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты оның дербес деректерін өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасау процестерін үйлестіру болып табылады.
2-бап.
Терминдер мен анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаты үшін келтірілген терминдердің мынадай мағыналары бар:
жас буынның паспорттық-визалық құжаттары - мемлекеттің аумағынан тыс жерде азаматтың жеке басын куәландыратын, құжат иесінің биометрикалық деректерін қамтитын құжаттар, азамат өз мемлекетінен шығуды және өз мемлекетінің аумағына кіруді осы құжаттар бойынша жүзеге асырады;
үшінші мемлекеттің азаматы - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығының (бодандығының) болуына дәлелі бар жеке тұлға;
азаматтығы жоқ адам - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығының (бодандығының) болуына дәлелі жоқ жеке тұлға;
биометрикалық деректер - адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және соның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын (цифрлық фотосурет, саусақтарының таңбасы, көздің нұрлы қабығының бейнесі және басқа да биометрикалық дербес деректер), осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес дербес деректер субъектісінің жазбаша нысандағы келісімі болған кезде ғана өңделетін мәліметтер;
электрондық цифрлық қолтаңба - қолтаңбаның ашық кілтін пайдалану Кезінде тиісті рәсімнің көмегімен:
оларға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойғаннан кейін бастапқы деректердің өзгермейтіндігін растауға;
электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтке сәйкес жабық кілтті пайдаланып жасалғандығын анықтауға;
осындай куәлік болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтіне арналған тіркеу куәлігінің иесін анықтауға мүмкіндік беретін қолтаңбаның жабық кілтін пайдаланып, бастапқы электрондық деректерді өзгерту нәтижесінде алынған электрондық деректер;
ақпараттық жүйе операторы - ақпараттық жүйені пайдалану жөніндегі, соның ішінде оның дерекқорында бар ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
дербес деректерді трансшекаралық беру - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің біреуінің мемлекеттік шекарасы арқылы осы Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің мемлекеттік билік органына, жеке немесе заңды тұлғасына ақпараттық жүйе операторының дербес деректерді беруі;
жалпыға бірдей қол жетімді дербес деректер - дербес деректер субъектісінің келісімімен шектеусіз адамдар тобына қол жетімділік берілген немесе осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес құпиялылықты сақтау талабы қолданылмайтын дербес деректер;
дербес деректер - белгілі бір немесе осындай ақпараттың негізінде айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат, оның ішінде оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні және жері, мекенжайы, отбасылық жағдайы, білімі, кәсібі, табыстары, басқа да ақпарат;
электрондық деректер - электрондық нысанда ұсынылған адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
жабдықтарды стандарттау - бірдей техникалық мақсаттағы жабдықтарды салыстыру үшін негізге алынған техникалық сипаттамалар мен параметрлерді орнату және қолдану процесі;
жабдықтарды сертификаттау - аппаратураның белгіленген стандарттарға, өзге де нормалар мен техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру.
3-бап.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасаудың мақсаттары
мен міндеттері
Тараптар:
- осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын пайдалана отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттер азаматтарының үшінші мемлекеттерге шығуын және үшінші мемлекеттер азаматтарының осы Келісімге қатысушы мемлекеттерге келуін өзара негізде қамтамасыз ету;
- осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шекараларын азаматтардың кесіп өтуінің оңтайлы жағдайларын жасау мақсатында жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасайды.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасаудың негізгі міндеттері:
- жеке басты куәландыратын құжаттарды бұрмалаудың, қолдан жасаудың немесе заңсыз пайдаланудың алдын алу шараларының көмегімен заңсыз көші-қонды болдырмау;
- шекара бақылауының, сондай-ақ жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын беруді және оның айналысын бақылау тиімділігін арттыру;
- шекара және көші-қон бақылауын жетілдіру, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде заңсыз көші-қонға, терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шараларын іске асыру;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын қазіргі заманғы қорғау әдістері мен құралдарын қолдану есебінен қолдан жасаудан қорғауды арттыру;
- заңсыз көші-қонға, криминалдық және террористік көріністерге қарсы күрес саласында құқық қорғау органдарының мемлекетаралық ынтымақтастығы процесінде ақпарат алмасудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау тиімділігін арттыру болып табылады.
4-бап.
Жасалатын мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қойылатын
негізгі шарттар
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасау кезінде Тараптар мынадай шарттарды сақтайды:
- жеке бастың қадір-қасиетін кемсітпей және денсаулыққа зиян келтірмей, азаматтардың биометрикалық деректерін тіркеу;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарында бар азаматтардың биометрикалық деректерін заңсыз қайта шығару мүмкіндігін болдырлау;
- мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және осы ақпаратты жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының түпнұсқалығын тексеру үшін қажет мәліметтермен ғана шектеу;
- азаматтардың мемлекеттік ақпараттық жүйеде олар туралы қамтылған ақпаратқа осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасының талаптарына сәйкес қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5-бап.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасаудың
құқықтық негіздері
ТМД-ға қатысушы мүдделі мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын енгізу үшін Тараптар:
- жеке басты куәландыратын құжаттарда биометрикалық деректерді пайдалану мүмкіндігін;
- биометрикалық деректерді тіркеу және азаматтар туралы ақпаратты кейіннен автоматтандырылған өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ азаматтар туралы дербес, оның ішінде биометрикалық деректерді сақтау жүйесін бақылау қағидаттарын;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын әзірлеуге, ресімдеуге және бақылауға қатысатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық атқарушы билік органдарының өкілеттігін, жауапкершілігін және өзара іс-қимылын;
- мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған ақпаратқа қол жеткізу тәртібін;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарына енгізілетін азаматтар туралы ақпараттың құрамы мен мазмұнын, оны құжаттандыру, өңдеу, сақтау, пайдалану және қорғау тәртібін;
- мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану мәселелерін;
- ТМД-ға қатысушы мүдделі мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын енгізу үшін қажетті халықаралық стандарттармен үйлестірілген биометрикалық деректерді пайдалану саласында стандарттарды әзірлеу тәртібін айқындайтын ұлттық заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.
6-бап.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасаудың ұйымдастырушылық-техникалық қағидаттары
Тараптар мынадай базалық принциптерде мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасайды:
- осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде оларды кеңейту процесінде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының ақпараттық жүйелеріне кезең-кезеңмен көшу;
- ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасау саласындағы технологиялық процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды жетілдіру;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарын қолдан жасаудан қорғауды жоғары технологиялық әдістермен және құралдармен қамтамасыз ету;
- құжаттандырылған ақпаратқа заңдық күш беру және оны жүйеде сақтау, өңдеу және беру кезінде қорғау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану;
- ақпараттық жүйе ресурстарына құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдар қызметкерлерінің нақты уақыт режимінде алыстан санкцияланған қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің үшінші мемлекеттердің ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- жеке адам туралы мәліметтерді есепке алу саласында ТМД-ға қатысушы мүдделі мемлекеттердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және ресурстармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасау үшін қолданылатын жабдықтар мен технологияларды стандарттау және сертификаттау жөнінде ұсынымдар дайындау;
- бірыңғай стандарттар мен жалпы әдіснамалық әдістер негізінде мемлекетаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.
7-бап.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасау жөніндегі бірлескен іс-шаралары
Осы Келісімнің шеңберінде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің тиімді өзара іс-қимылы үшін Тараптар:
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық және өзге де сәйкестендіру құжаттарын өзара тестілеуді жүргізуді;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
- дайындау және полиграфиялық қорғау технологияларын, биометрикалық және басқа да ақпараттық технологияларды, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу мен пайдалануды;
- көші-қон және шекаралық бақылау міндеттерін шешу кезінде қорғалған ақпараттық, оның ішінде дербес сипаттағы деректер алмасуды ұйымдастыруды;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық банкін құруды;
- жас буынның паспорттық-визалық құжаттарында қамтылған ақпаратты санкциясыз оқу мүмкіндігін болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді.
8-бап.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер жасаудың қаржылық-экономикалық негіздері
Қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жаңасын әзірлеуді және жаңғыртуды қоса алғанда, жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасау жұмыстарын қаржыландыруды мүдделі Тараптар ұлттық бюджеттерде тиісті мақсаттарға көзделетін қаржы қаражатының шеңберінде жүзеге асырады.
9-бап.
Дербес деректерді трансшекаралық беру
Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бара-бар қорғауды қамтамасыз ететін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің дербес деректерді трансшекаралық беруі ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің конституциялық құрылыс негіздерін, азаматтардың адамгершілігін, денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін.
Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бара-бар қорғауды қамтамасыз етпейтін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің дербес деректерді трансшекаралық беруі:
- дербес деректер субъектісінің жазбаша нысанда келісімі болған;
- визаларды беру, сондай-ақ азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы мәселелер бойынша осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген;
- егер бұл осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажет болса, ұлттық заңнамада көзделген;
- трансшекаралық ақпарат алмасу кезінде электрондық құжаттарды өзара тану туралы шарттар жасасқан;
- дербес деректер субъектісі тарабы болып табылатын шартты орындау;
- дербес деректер субъектісінің жазбаша нысанда келісімін алу мүмкін болмаған кезде дербес деректер субъектісінің немесе басқа да адамдардың өмірін, денсаулығын, өзге де өмірлік маңызды мүдделерін қорғау жағдайларында жүзеге асырылады.
Құзыретті органдар осы Келісімнің іске асырылуына жауаптылар болып табылады, олардың тізбесін әрбір Тарап айқындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы хабарламаны тапсырған кезде депозитарийге береді.
Тараптардың әрқайсысы 30 күн ішінде депозитарийге құзыретті органдардың тізбесін өзгерту туралы жазбаша хабарлайды.
Тараптар осы Келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде оның іске асырылуына жауапты құзыретті органдардың тізбелерімен алмасады.
Құзыретті органдар дайындау және полиграфиялық қорғау технологияларын, биометрикалық және басқа да ақпараттық технологияларды, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу мен пайдалану мәселелері бойынша осы Келісімнің Тараптары арасында тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.
11-бап.
Өзара іс-қимыл принциптері
Жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін дамыту жөнінде бірлескен іс-шараларды өткізу осы Келісімге қатысушы әрбір мемлекеттің экономикалық және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тең құқықтық және өзара тиімділік принциптерінде жүзеге асырылады.
Осы Келісім өзі қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан ол үшін туындайтын Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
12-бап.
Даулы мәселелерді шешу
Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі.
13-бап.
Келісімнің күшіне енуі
Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
14-бап.
Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Әрбір Тарап депозитарийге одан шыққанға дейін кемінде 6 айдан кешіктірмей осы туралы жазбаша хабарлама жіберіп, осы Келісімнен шыға алады.
Осы Келісім ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекеттің депозитарийге мұндай қосылу туралы құжаттарды беру жолымен қосылуы үшін ашық.
Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2008 жылғы 14 қарашада Кишинев қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі үшін
Армения Республикасының Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
Грузияның Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
Молдова Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Түрікменстанның Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
Украинаның Үкіметі үшін