Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат, N 13, 146-құжат; 2008 ж., N 1, 1-құжат; N 28, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта "55" деген цифрлар "57" деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Ищанов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қайрат Қыдырбайұлы Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ғабидолла Рахматоллаұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы
Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович Төрағасы
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы министрі
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мұратұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
мына:
"Шөкеев - Премьер-Министрінің орынбасары,
Өмірзақ Естайұлы төрағаның орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайулы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары,
төрағаның орынбасары";
көрсетілген Комиссияның құрамынан М.С. Өтебаев, Б.Ә. Сағынтаев, Ә.Ғ. Сәйденов, Б.М. Сапарбаев, Ғ.О. Пірматов, З.Я. Балиева шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев