"Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 N 485 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов