Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 562 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж.,  N 22, 205-құжат.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      10-тармақта:
      "бюджеттердің, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептіліктің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептіліктің атқарылуы" деген сөздер "республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті атқару, жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "түсуін" деген сөз "түсу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қамтамасыз ету," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету," деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта:
      1) тармақшада "бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептілік" деген сөздер "бюджеттің, бухгалтерлік есеп пен бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің, аудиторлық қызметтің атқарылуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қалыптастыруға қатысу" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу" деген сөздермен толықтырылсын;
      5), 8), 9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мемлекеттік сатып алу, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің атқарылуы саласында, кеден ісі, мемлекеттік меншік мониторингі саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;";
      "8) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
      9) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;";
      "12) мемлекеттік, республикалық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері жоспарларының орындалуы туралы, мемлекеттік, республикалық бюджет бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;";
      17) тармақша алынып тасталсын;
      18) тармақшада "Қазақстан Республикасы" деген сөздердің алдынан "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
      19), 20) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті беру;
      20) мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекет кепілгерлігін беру;";
      "22) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;";
      24) тармақшада "келіссөздер жүргізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз шарттарына қол қою," деген сөздер алынып тасталсын;
      25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "25) бюджеттік мониторингі жүзеге асыру;
      26) мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингі, сондай-ақ мемлекеттің кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді оның орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптары;
      36), 44) және 45) тармақшалар алынып тасталсын;
      53) тармақшада "тізбеге енгізу үшін тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органдары беретін" деген сөздер "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "65) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;";
      мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "65-1) бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімге шығару) жолымен бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;";
      81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "81) жекешелендіру шарттарын, нысанын және түрін анықтау;";
      83) тармақша алынып тасталсын;
      84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "84) қажет болған жағдайда, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту;";
      109) тармақшада "оңалту" деген сөздің алдынан "дәрменсіз борышкердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      111) тармақшадағы "тануды келісу" деген сөздер "тануға келісім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      124) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "124) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындау;";
      125) тармақшада "ақпараттық" деген сөздің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 125-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "125-1) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналасқан ақпаратты сақтау тәртібін айқындау;";
      126), 134), 136), 137), 138), 143), 147), 149), 151) және 159) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "126) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындау;";
      "134) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;";
      "136) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету;
      137) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;
      138) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;";
      "143) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы қабылданған күнгі жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген, нақтыланған, түзетілген көрсеткіштерін және олардың кассалық атқарылуын ұсыну;";
      "147) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;";
      "149) мемлекеттік меншік мониторингі мән-жайы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерін жүйелі зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;";
      "159) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін бақылау;";
      165) тармақшада "республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қаржылық бақылау" деген сөздер "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      174) тармақшада "салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдемдесу" деген сөздер "мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "177) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;";
      180) тармақшада:
      "салықтардың, өсімпұлдардың және айыппұлдардың есептелген сомасы бөлігінде" деген сөздер "салық төлеушілердің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тәртіпте" деген сөз "тәртіппен және мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      182) тармақшада "ұйғарымдарды" деген сөз "ұсыныстарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      192) тармақшада "мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдалануды" деген сөздер "пайдаланған кезде бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      197) тармақшада "нұсқамалардың" деген сөз "ұсыныстардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      198) тармақша ", қажет болған кезде мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есеп деректерінің, материалдарының және ақпараттарының дұрыстығын тексеру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 198-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "198-1) мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық қамту туралы заңнаманың сақталуын бақылау;";
      199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "199) бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылау;";
      200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "200) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын бақылау;";
      203) тармақша алынып тасталсын;
      204) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "құқық қорғау органдарының қаулылары түскен;";
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      205) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "205) мынадай салықтық бақылауды жүзеге асыру:
      салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
      салық нысандарын қабылдау;
      камералды бақылау;
      салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
      салықтық тексеру;
      ірі салық төлеушілердің мониторингі;
      салықтық тексерістер;
      бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
      акцизделетін тауарларды бақылау;
      трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау;
      мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;";
      мынадай мазмұндағы 205-1) және 205-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "205-1 тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
      205-2) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;";
      206) және 207) тармақшалар алынып тасталсын;
      208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "208) Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;";
      мынадай мазмұндағы 210-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "210-1) Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес соттарда талап қою арызын ұсыну;";
      мынадай мазмұндағы 214-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "214-1) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;";
      217) тармақшада "шот-фактуралардың, хабарлама-шоттарының, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттардың және" деген сөздер алынып тасталсын;
      219), 222), 223), 224) және 225) тармақшалар алынып тасталсын;
      20-тармақтың 5) тармақшасында "ведомстволарынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2009 года № 562

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от  24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 22, ст. 205) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 10 :
      слова "исполнение бюджетов, бюджетный учет и отчетность об исполнении бюджетов, учета и отчетность по Национальному фонду Республики Казахстан" заменить словами "исполнение, ведение бухгалтерского учета, бюджетного учета и бюджетной отчетности по исполнению республиканского бюджета и в пределах своей компетенции местных бюджетов, Национального фонда Республики Казахстан на основании отчета Национального Банка Республики Казахстан,";
      после слова "обеспечение" дополнить словами "полноты и своевременности";
      слова "полноты и своевременности перечисления обязательных пенсионных взносов и" заменить словами "исчисления, удержания и перечисления обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсионные фонды, исчисления и уплаты";
      после слова "страхования," дополнить словами "участие в реализации налоговой политики, обеспечение в пределах своей компетенции экономической безопасности, обеспечение соблюдения налогового законодательства Республики Казахстан,";
      в пункте 11 :
      в подпункте 1) слова "бюджетов, бюджетного учета и отчетности об исполнении бюджетов" заменить словами "бюджета, бухгалтерского и бюджетного учета, финансовой и бюджетной отчетности, аудиторской деятельности";
      после слова "терроризма" дополнить словами ", участие в реализации налоговой политики Республики Казахстан";
      подпункты 5), 8), 9) и 12) изложить в следующей редакции:
      "5) межотраслевая координация и методологическое руководство в области государственных закупок, исполнения республиканского и местных бюджетов, бухгалтерского и бюджетного учета, финансовой и бюджетной отчетности, в сфере таможенного дела, государственного мониторинга собственности;";
      "8) составление и предоставление годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год в Правительство Республики Казахстан, центральный уполномоченный орган по государственному планированию и органы государственного финансового контроля, обеспечение координации работы администраторов бюджетных программ при рассмотрении годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год в Парламенте Республики Казахстан;
      9) составление, утверждение и ведение сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам по республиканскому бюджету, внесение изменений и дополнений в сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам;";
      "12) составление отчетов об исполнении планов поступлений денег от реализации товаров (работ, услуг) по государственному, республиканскому бюджету, о поступлении и расходовании денег от спонсорской и благотворительной помощи по государственному, республиканскому бюджету;";
      подпункт 17) исключить;
      подпункт 18) дополнить словами ", утверждаемых в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год";
      подпункты 19), 20) и 22) изложить в следующей редакции:
      "19) ежемесячно по состоянию на первое число месяца, следующего за отчетным, предоставление отчета об исполнении государственного, консолидированного, республиканского и местных бюджетов в Правительство Республики Казахстан, центральный уполномоченный орган по государственному планированию и уполномоченный орган по внутреннему контролю, ежеквартально - в Администрацию Президента Республики Казахстан, отчет об исполнении республиканского бюджета - в Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета;
      20) предоставление поручительств государства по решению Правительства Республики Казахстан посредством заключения в письменной форме договора поручительства государства;";
      "22) предоставление по поручению Правительства Республики Казахстан государственных гарантий на условиях и в порядке, определяемых Правительством Республики Казахстан;";
      в подпункте 24) слова "ведение переговоров, подписание договоров займом Правительства Республики Казахстан," исключить;
      подпункты 25) и 26) изложить в следующей редакции:
      "25) осуществление бюджетного мониторинга;
      26) мониторинг получения, использования, погашения и обслуживания государственных займов и государственного долга, гарантированного государством долга и долга по поручительствам государства, а также требований государства, возникших в связи с исполнением государством обязательств по его гарантиям и поручительствам;";
      подпункты 36), 44) и 45) исключить;
      в подпункте 53) слова "представляемых уполномоченными государственными органами соответствующей отрасли для включения их в перечень" заменить словами "предусмотренных в подпункте 1) пункта 2 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О концессиях";
      подпункт 65) изложить в следующей редакции:
      "65) формирование государственной базы данных налогоплательщиков;";
      дополнить подпунктом 65-1) следующего содержания:
      "65-1) ведение государственного реестра контрольно-кассовых машин путем включения (исключения) моделей контрольно-кассовых машин в (из) государственный (государственного) реестр (реестра);";
      подпункт 81) изложить в следующей редакции:
      "81) определение условий, формы и вида приватизации;";
      подпункт 83) исключить;
      подпункт 84) изложить в следующей редакции:
      "84) привлечение, в случае необходимости, независимых экспертов для консультативного сопровождения концессионных проектов;";
      подпункт 109) дополнить словами "несостоятельного должника";
      в подпункте 111) слова "согласование признания" заменить словами "дача согласия на признание";
      подпункт 124) изложить в следующей редакции:
      "124) определение порядка сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг;";
      в подпункте 125) после слова "эксплуатации" дополнить словом "государственных";
      дополнить подпунктом 125-1) следующего содержания:
      "125-1) определение порядка хранения информации, размещенной на веб-портале государственных закупок;";
      подпункты 126), 134), 136), 137), 138), 143), 147), 149), 151) и 159) изложить в следующей редакции:
      "126) определение порядка оказания электронных услуг субъектам системы государственных закупок и другим заинтересованным лицам;";
      "134) в пределах своей компетенции осуществление разъяснения и дача комментариев по возникновению, исполнению и прекращению налогового обязательства;";
      "136) обеспечение полноты и своевременности зачисления поступлений в бюджет;
      137) зачисление поступлений, направляемых в Национальный фонд Республики Казахстан, и их перевод на счета Правительства Республики Казахстан в Национальном Банке Республики Казахстан;
      138) осуществление операций в иностранной валюте и ведение их учета;";
      "143) предоставление в центральный уполномоченный орган по государственному планированию утвержденные, уточненные, скорректированные показатели республиканского и местных бюджетов и их кассовое исполнение по состоянию на дату принятия указа Президента Республики Казахстан о введении чрезвычайного или военного положения;";
      "147) отслеживание объектов мониторинга по основным производственно-техническим, технологическим, финансово-экономическим, правовым и иным параметрам с целью анализа происходящих изменений и прогноза развития производительных сил в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение;";
      "149) организация проведения систематических обследований объектов мониторинга, осуществляя сбор и анализ информации по предмету государственного мониторинга собственности;";
      "159) контроль за проведением процедуры внешнего наблюдения, реабилитационной процедуры, конкурсного производства;";
      в подпункте 165) слова "государственного финансового контроля при использовании средств республиканского и местных бюджетов" заменить словом "контроля";
      в подпункте 174) слова "содействие органам налоговой службы и другим" заменить словами "оказание содействия";
      подпункт 177) изложить в следующей редакции:
      "177) взаимодействие с органами государственного финансового контроля и правоохранительными органами по вопросам контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о государственных закупках;";
      в подпункте 180):
      слова "уведомления по актам налоговых проверок в части начисленной суммы налогов, пени и штрафов" заменить словами "(налогового агента) на уведомления о результатах налоговой проверки и (или) решения вышестоящего органа налоговой службы, вынесенные по результатам рассмотрения жалоб на уведомления";
      после слова "порядке" дополнить словами "и сроки";
      в подпункте 182) слово "предписаний" заменить словом "представлений";
      в подпункте 192) слова "нецелевого, необоснованного и неэффективного использования" заменить словами "нарушений при использовании";
      в подпункте 197) слово "предписаний" заменить словом "представлений";
      подпункт 198) дополнить словами ", при необходимости проверка достоверности отчетных данных, материалов и информации, предоставленных субъектами системы государственных закупок;";
      дополнить подпунктом 198-1) следующего содержания:
      "198-1) контроль за соблюдением законодательства о казахстанском содержании при государственных закупках;";
      подпункт 199) изложить в следующей редакции:
      "199) контроль за соблюдением условий и процедур предоставления бюджетных кредитов, софинансирование концессионных проектов, государственных гарантий и поручительств государства, связанных грантов и активов государства;";
      подпункт 200) изложить в следующей редакции:
      "200) контроль за целевым использованием бюджетного кредита;";
      подпункт 203) исключить;
      в подпункте 204):
      абзац четвертый изложить в следующей редакции:
      "поступления постановлений правоохранительных органов;";
      абзац шестой исключить;
      подпункт 205) изложить в следующей редакции:
      "205) осуществление налогового контроля:
      регистрация налогоплательщиков в налоговых органах;
      прием налоговых форм;
      камеральный контроль;
      учет исполнения налогового обязательства, обязанности по исчислению, удержанию и перечислению обязательных пенсионных взносов, исчислению и уплате социальных отчислений;
      налоговое обследование;
      мониторинг крупных налогоплательщиков;
      налоговые проверки;
      контроль за соблюдением порядка применения контрольно-кассовых машин;
      контроль за подакцизными товарами;
      контроль при трансфертном ценообразовании;
      контроль за соблюдением порядка учета, хранения, оценки, дальнейшего использования и реализации имущества, обращенного (подлежащего обращению) в собственность государства;
      контроль за деятельностью уполномоченных государственных и местных исполнительных органов в части исполнения задач по осуществлению функций, направленных на исполнение налогового законодательства Республики Казахстан.";
      дополнить подпунктами 205-1) и 205-2) следующего содержания:
      "205-1) использование системы управления рисками;
      205-2) определение объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, на основе косвенных методов (активов, обязательств, оборота, затрат, расходов), в случае нарушения порядка ведения учета;";
      подпункты 206) и 207) исключить;
      подпункт 208) изложить в следующей редакции:
      "208) применение положений международных договоров в порядке, установленном Налоговым кодексом и соответствующим международным договором;";
      дополнить подпунктом 210-1) следующего содержания:
      "210-1) предъявление в суды исков в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в том числе о ликвидации юридического лица по основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 2) и 4) пункта 2 статьи 49 Гражданского кодекса Республики Казахстан;";
      дополнить подпунктом 214-1) следующего содержания:
      "214-1) оказание государственных услуг в соответствии со стандартами оказания государственных услуг;";
      в подпункте 217) слова "счетов к оплате, счетов-фактур, счетов-извещений, актов выполненных работ, накладных и других документов, установленных законодательством Республики Казахстан и" исключить;
      подпункты 219), 222), 223), 224) и 225) исключить;
      в подпункте 5) пункта 20 слова ", за исключением ведомств" исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов