Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130 және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Темір орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қорының жерінен алаңы 59,0 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Ақтөбе облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін 1995 жылғы 25 желтоқсандағы МГ N 293 (мұнай) сериялы лицензия негізінде жасалған Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы "Көкжиде" кен орнында көмірсутекті шикізатты толық барлауды және өндіруді жүзеге асыруға арналған 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 50 келісім-шартқа сәйкес көмірсутекті шикізатты барлау және өндіру үшін "Lancaster Petroleum" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 5 мамырдағы
N 626 қаулысына
қосымша
Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер
санатына ауыстырылатын Ақтөбе облысы Табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Темір орман
шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі жерінің
экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, га |
Оның ішінде: |
|||||
орман көмкерген |
егістік |
жайылым |
шабындық |
құм |
өзге де жерлер |
||
"Темір орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі |
59,0 |
- |
- |
59,0- |
- |
- |
|
БАРЛЫҒЫ: |
59,0 |
- |
- |
59,0 |
- |
- |