Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 639 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.12 № 1434 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 601 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 24, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесінде:
      11-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өзінің мәртебесін растау үшін шетелдік аудиторлық ұйым лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін не ол резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы немесе мемлекеттің құзыретті органы беретін аудиторлық ұйымның мәртебесін растау туралы хаттың түпнұсқасын оның нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады. Бұл ретте шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылуы тиіс";
      13-тармақта "лицензиаттың" деген сөз "өтініш берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады.
      Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      2) тармақшада "аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға" деген сөздер "аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.";
      Ережеге 2-қосымшада:
      "Аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері" деген кестеде:
      "Кірістер - барлығы", "оның ішінде:", "Клиенттердің атауын көрсете отырып "Аудиторлық қызмет туралы" ҚР Заңының 3-бабы 2-тармағына сәйкес берілетін қызметтер бөлінісіндегі кіріс" деген жолдар алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2007 года № 601

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2009 года № 639. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2012 года № 1434

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.11.2012 № 1434 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 20 ноября 1998 года «Об аудиторской деятельности» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2007 года № 601 «Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к аудиторской деятельности» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 24, ст. 282) следующие изменения:
      1) в Правилах лицензирования аудиторской деятельности, утвержденных указанным постановлением:
      абзац второй подпункта 6) пункта 11 изложить в следующей редакции:
      «Для подтверждения своего статуса иностранной аудиторской организацией предоставляется нотариально заверенная копия лицензии либо оригинал письма с его нотариально заверенным переводом о подтверждении статуса аудиторской организации, выдаваемый профессиональной организацией страны или компетентным органом государства, резидентом которой она является. При этом, профессиональная организация, подтверждающая статус иностранной аудиторской организации, должна являться членом Международной федерации бухгалтеров.»;
      в пункте 13 слово «лицензиата» заменить словом «заявителя»;
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      «27. В случае прекращения действия лицензии, в том числе ее лишения, аудиторские организации в течение десяти рабочих дней со дня принятия решения о прекращении действия лицензии, в том числе ее  лишении, возвращают в уполномоченный орган лицензию.
      При лишении лицензии срок исчисляется со дня вступления в законную силу постановления суда.»;
      2) в квалификационных требованиях , предъявляемых при лицензировании аудиторской деятельности, утвержденных указанным постановлением:
      в подпункте 2) слова «аудиторам и (или) иностранным» заменить словами «аудитору (аудиторам) и (или) иностранной (иностранным)»;
      в подпункте 3) слово «трех» заменить словом «двух»;
      абзац второй подпункта 4) изложить в следующей редакции:
      «Аудитор, ранее возглавлявший аудиторскую организацию, которая в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан была лишена лицензии, в течение года с даты вступления в законную силу решения суда о лишении лицензии, не может быть руководителем другой аудиторской организации.»;
      в приложении 2 к Правилам:
      в таблице «Основные показатели деятельности аудиторской организации»:
      строки «Доходы - всего», «в том числе:», «Доход в разрезе услуг, предоставляемых в соответствии с пунктом 2 статьи 3 Закона РК «Об аудиторской деятельности» с указанием наименования клиентов» исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцатиоднодневного срока после первого официального опубликования.

       Премьер-Mинистр
      Республики Kaзaxcтан                       К. Масимов