Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 21, 200-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12 және 13-жолдармен толықтырылсын:
"
12 |
Фосфориттер |
Көк Жон кен Жамбыл орны Аралтөбе учаскесі, 1,17 ш. км |
Жамбыл |
43 о 25' 69 о 49' |
өндіру |
13. |
Фосфориттер |
Көк Жон кен орны Кесіктөбе учаскесі, 7,73 ш. км |
Жамбыл |
43 о 32' 69 о 34' |
өндіру |
".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов