Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Әбу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты үкіметаралық келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Әбу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты үкіметаралық келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 мамырдағы
N 724 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен
Біріккен Араб Әмірліктерінің
Үкіметі
арасындағы
Қазақстан Республикасы Астана қаласы
Әбу-Даби Плаза кешенін салуға
қатысты
үкіметаралық келісім
ОСЫ КЕЛІСІМ 2009 жылғы ххх
МЫНАЛАРДЫҢ :
(1) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ (бұдан әрі - "Қазақстан Үкіметі" деп аталатын), хххххххх, хххххх, оның өкілдері, цессионарийлері мен құқықтық мұрагерлері
(2) БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ҮКІМЕТІ (бұдан әрі - "БАӘ Үкіметі" деп аталатын) ХХХХХХХХХ, оның өкілдері, цессионарийлері мен құқықтық мұрагерлері арасында жасалды.
Кіріспе:
(А) БАӘ Үкіметі Қазақстан Үкіметімен талқыланған ұсыныстарға сәйкес Құрылыс Объектісін іске асыру үшін АЛДАР-ды тағайындау ниетін білдіреді.
(В) АЛДАР жария акционерлік компаниясы (ALDAR Рrореrtіеs РJSС) Әбу-Дабидің Қор Биржасында тіркелген листингтік компания болып табылады. Әбу-Даби Әмірлігінің Үкіметі АЛДАР жария акционерлік компаниясы акцияларының қомақты пакетін иеленеді немесе бақылайды.
(С) БАӘ Үкіметі мен Қазақстан Үкіметі Құрылыс Объектісін іске асыруға ықпал ету және АЛДАР-ға, сондай-ақ оның Мердігерлері мен Қосалқы мердігерлеріне қатысты салық салу, валюталық реттеу, кедендік ресімдеу, визалық қамтамасыз ету мен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру саласында преференциялар жүйелерін қолдану мақсатында осы Келісімді жасасуға тілек білдірді.
ТАРАПТАР ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ :
1-бап
Жұмысқа орналастыру мәселелері
1.1 Осы арқылы Тараптар Құрылыс Объектісін салуды жүзеге асыру мақсатында АЛДАР-дың кез келген Тарабына Құрылыс Объектісін жүргізудің барлық аспектілеріне қатысты және/немесе кез келген кезеңінде Шетелдік Жұмыскерлерді тартуға және жалдауға рұқсат беріледі деп келісті.
1.2 Осы Келісімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ, Құрылыс Объектісін іске асыру мақсаттары үшін АЛДАР-дың кез келген Тарабымен немесе оның нұсқауы бойынша тағайындау жолымен жалданған және/немесе тартылған және/немесе қатыстырылған тұлға және/немесе персонал мүшесі және/немесе жұмыскер және/немесе қызметші "Шетелдік Жұмыскер" деп түсініледі.
1.3 Тараптар Құрылыс Объектісін ойдағыдай орындау және уақтылы аяқтау Құрылыс Объектісін іске асыру мақсаттары үшін Шетелдік Жұмыскерлердің қажетті санын уақтылы тартуға тікелей байланысты болатынын түсінеді деген шартпен Тараптар осы арқылы Құрылыс кезеңіндегі кез келген уақытта және Құрылыс Объектісін Аяқтау Күніне дейін Шетелдік Жұмыскерлердің жалпы саны 6 600 (алты мың алты жүз) жұмыскерден аспайтын болады деп келісті.
1.4 Осы Келісімнің мақсаттары үшін Шетелдік Жұмыскерлер 2 (екі) санатқа бөлінеді:
(і)
"Әкімшілік Жұмыскерлер"
кәсібі мен біліктілігіне қарамастан, тікелей Құрылыс Объектісін салу үшін жалданбаған персоналды білдіреді, және
(іі)
"Техникалық Жұмыскерлер"
кәсібі мен біліктілігіне қарамастан, тікелей Құрылыс Объектісін салу үшін тартылған персоналды білдіреді.
1.5 Шетелдік Жұмыскерлерді тарту мен жалдауға қатысты, осы арқылы Тараптар төмендегі рәсімдер туралы келісті:
(і) Әкімшілік Жұмыскерге қатысты ШЖК Тартуға арналған жазбаша өтініш мұндай Әкімшілік Жұмыскер Қазақстан Республикасының аумағына кірген күнінен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде тиісті Мемлекеттік Органға берілуі тиіс. Бұл өтініш Әкімшілік Жұмыскердің Қазақстан Республикасының аумағына келу фактісін де растайды. Бұл өтінішті берген Тұлға болған кезде өтінішке қол қойылуы және мөр соғылуы, сондай-ақ оны Уәкілетті Өкіл мақұлдауы тиіс. Өтініш Әкімшілік Жұмыскер туралы мынадай деректерді қамтуы тиіс: (а) толық аты, (b) азаматтығы, (с) паспортының нөмірі, берілген күні мен қолданылу мерзімі, сондай-ақ паспортты берген органның атауы. Кез келген мұндай өтініш тиісті Әкімшілік Жұмыскер паспортының куәландырылған көшірмесімен сүйемелденуге тиіс, сондай-ақ онда оған қатысты ШЖК Тартуға Рұқсат алуға арналған өтініш берілетін тиісті тұлға Құрылыс Объектісінің мақсаттары үшін уәкілетті Әкімшілік Жұмыскер болып табылатынын растайтын анық өтініш қамтылуға
(іі) Қазақстан Үкіметі өзіне осы арқылы жоғарыда көрсетілген тармақ (і) сақталған жағдайда жоғарыда көрсетілген тармақта (і) көрсетілген Әкімшілік Жұмыскерге қатысты ШЖК тартуға Рұқсат алуға арналған барлық өтініштер ШЖК Тартуға Рұқсат алуға арналған өтініш тиісті Мемлекеттік Органның қарауына қабылданған күнінен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде қаралатын болады деген міндеттеме алады.
(ііі) Техникалық Жұмыскерлерге қатысты ШЖК Тартуға Рұқсат алуға арналған өтініш Техникалық Жұмыскерлер Қазақстан Республикасының аумағына кіргенге дейін тиісті Мемлекеттік Органға берілуі тиіс. Өтінішті берген тұлға болған кезде бұл өтінішке қол қойылуы және мөр соғылуы, сондай-ақ оны Уәкілетті Өкіл мақұлдауы тиіс. Өтініш Техникалық Жұмыскер туралы мынадай деректерді қамтуы тиіс: (а) толық аты, (b) азаматтығы, (с) паспортының нөмірі, берілген күні мен қолданылу мерзімі, сондай-ақ паспортты берген органның атауы. Кез келген мұндай өтініш тиісті Әкімшілік Жұмыскер паспортыны куәландырылған көшірмесімен сүйемелденуге тиіс, сондай-ақ онда оған қатысты ШЖК тартуға Рұқсат алуға арналған өтініш берілетін тиісті тұлға Құрылыс Объектісінің мақсаттары үшін уәкілетті Техникалық Жұмыскер болып табылатынын растайтын анық өтініш болуға тиіс.
(іv) Қазақстан Үкіметі осы арқылы өзіне жоғарыда көрсетілген (ііі) тармақ сақталған жағдайда жоғарыда көрсетілген (ііі) тармақта көрсетілген Техникалық Жұмыскерлерге қатысты ШЖК Тартуға Рұқсат алуға арналған барлық өтініштер ШЖК Тартуға Рұқсат алуға арналған өтініш тиісті Мемлекеттік Органның қарауына қабылданған күнінен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде қаралатын болады деген міндеттеме алады.
(v) Ұлттық қауіпсіздік, денсаулық пен имандылықты қорғау негіздері бойынша болмаса, ШЖК тартуға Рұқсат беруде қарсылық болмайды.
1.6 ШЖК Тартуға арналған әрбір Рұқсат Құрылыстың бүкіл кезеңіне берілуі тиіс. Қазақстандық Заңнаманың Шетелдік Жұмыскерлерді тартуға қатысты неғұрлым қолайлы жағдайларды көздейтін ережелерін қоспағанда, Шетелдік Жұмыскерлерді тарту рәсімдері тек қана және тұтастай осы Келісіммен реттелетін болады. Құрылыс Объектісінің мақсаттары үшін қолдануға болатын жағдайда, бұл ережелер Шетелдік Жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне және мұндай Шетелдік Жұмыскерлерді Қазақстан Республикасына тартуға қатысты қолданылады.
1.7 Қазақстан Үкіметі АЛДАР Тараптарына ШЖК Тартуға Рұқсат алу процесінде қолдау көрсететін болады, сондай-ақ құжаттаманы қарау және беру процесін жеделдету мақсатында бір уәкілетті байланыс жасайтын тұлғаны тағайындайды.
2-бап
Шетелдік жұмыскерлер үшін визалық қолдау
2.1 Осы 2-баптың мақсаттары үшін "Шетелдік Жұмыскер" деген ұғым кез келген Әкімшілік Жұмыскер отбасының барлық тікелей мүшелерін де (жұбайы немесе зайыбы және балалары) қамтиды деген шартпен Құрылыс және Пайдалану кезеңінде Қазақстан Үкіметі Құрылысқа тартылған және Қазақстанда жалданған барлық Шетелдік Жұмыскерлер үшін құжаттарды қарау және визалар беру жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайтын болады. Құжаттарды қарау және визалар беру Қазақстандық заңнаманың құжаттарды қарауға және визалар беруге қатысты неғұрлым қолайлы жағдайларды ұсынуы мүмкін ережелерін қоспағанда, Күшіне Енген Күні қолданыста болған Қазақстандық Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2.2 Қазақстан Үкіметі визаларды қарау және беру процесін жеделдету мақсатында бір уәкілетті байланыс жасайтын тұлғаны тағайындайды.
3-бап
Қазақстан Республикасының заңнамасы, Кодекстері,
өзгерістер мен толықтырулар
3.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі Құрылыс Объектісінің Құрылысы мен оны іске асыру мына ережелерге сәйкес жүзеге асыруға тиіс екенін растайды:
3.1.1 Құрылыс барысында АЛДАР мен оның тағайындалған Мердігерлері Құрылыс Объектісіне қатысты жұмыстардың 100 %-ына дейін қосалқы мердігерлікке беруге құқылы;
3.1.2 АЛДАР Құрылыс барысында салынған не тұрғызылған кез келген объектілер мен құрылыстардың (аяқталған да, аяқталмаған да) жалғыз иесі болып қалады;
3.1.3 Құрылыс Объектісі үшін қандай да бір Мердігер немесе Қосалқы Мердігер жүзеге асыратын және ұсынатын жұмыстардың және/немесе жабдықтардың қандай да бір шартта көзделген құны осы шарттың барлық тараптарының жазбаша келісімі бойынша мұндай құн өзгертілген жағдайдан басқа, мұндай шарттың бүкіл мерзімі ішінде өзгеріссіз және тіркелген күйінде қалуы тиіс.
3.1.4 АЛДАР-дың Мердігерлермен жасасқан шартында тиісті ереже болған кезде АЛДАР-дың мұндай шарттар бойынша жауапкершілігі тиісті шарттарда келісілетін белгілі бір сомалармен шектелетін болады;
3.1.5 АЛДАР-дың Мердігерлермен жасасқан шартында тиісті ереже болған кезде Мердігерлердің ешқандай жағдаяттарда Құрылыс Объектісі үшін Құрылыс Алаңына тиісті түрде жеткізілген кез келген материалдарды немесе жабдықты (АЛДАР-ға тиесілі де, тиесілі емес те) қоса алғанда, Құрылыс Алаңында орналасқан орындалған, сол сияқты орындау процесіндегі қандай да бір жұмыстардың нәтижелерін кешіктіруге құқығы болмайды. Осы ереже Мердігерлер мен Қосалқы мердігерлер арасындағы қатынастарда да қолданылады.
3.1.6 АЛДАР немесе АЛДАР тағайындаған кез келген тұлға Құрылыс Объектісіне байланысты жұмыстарды Мердігерлердің орындауын бақылауды жүзеге асыратын болады. Жүзеге асырылатын жұмыстардың сапасына немесе көлеміне келеңсіз, зиянды немесе құндық әсер етуі мүмкін шарт талаптарын орындаудан ауытқығаны үшін Мердігерлер толық жауапты болады. Мердігерлер жұмыстардың бақылауды жүзеге асыру барысында табылуы мүмкін басқа да кемшіліктері үшін (санына немесе сапасына қатысты) де жауапты болады. АЛДАР немесе АЛДАР тағайындаған кез келген тұлға тиісті шарттарда айқындалған мерзімдер ішінде кез келген уақытта жұмыстардың кемшіліктерін немесе шарт ережелерінен ауытқуларды (және/немесе олардың салдарларын) түзетуге қатысты өзінің талаптар қою құқығын жүзеге асыра алады.
3.1.7 Құрылыс Объектісін салу АЛДАР немесе Мердігерлер әзірлеген Жобалық Құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жобалық Құжаттама еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы Қазақстан Заңнамасының ережелеріне сәйкес келген жағдайда оны тиісті Мемлекеттік Органдар мақұлдауы тиіс.
3.1.8 Дауларды, оның ішінде Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікке байланысты дауларды қарау 15.4-бапқа сәйкес төрелік арқылы жүзеге асырылады.
3.1.9 Егер бұл осы бапта баяндалған ережелерге (қазіргі уақытта да, болашақта да) қайшы келмейтін болса ғана, АЛДАР және/немесе Мердігерлер жасасқан кез келген шарттарды қоса алғанда, Қазақстандық Заңнама Құрылыс Объектісін Салуға және Пайдалануға қолданылады.
4-бап
Салықтар
Құрылыс Объектісін іске асыруға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Үкіметі мынадай салықтық және кедендік преференциялар береді:
4.1 Корпоративтік табыс салығы
4.1.2 АЛДАР Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға байланысты Құрылыс және одан кейінгі 20 жыл мерзіміне корпоративтік табыс салығынан (бұдан әрі -
"КТС"
) босатылады. КТС-дан босату кезеңі 2034 жылғы 31 желтоқсанда бітеді.
4.1.3 Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде АЛДАР КТС-ны және/немесе КТС бойынша аванстық төлемдерді төлемейді.
4.1.4 Қандай да бір күмәндәрді болғызбау үшін КТС-дан босату Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға байланысты Құрылыс және одан кейінгі 20 жыл ішінде АЛДАР алған, акцияларды және өзге де мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірісті қоса алғанда, кірістердің барлық түрлеріне қолданылады.
4.1.5 КТС мақсатында АЛДАР тіркелген активтердің құнын кез келген салық кезеңінде өз қалауы бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы Қазақстандық Заңнамада тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың шегерімдеріне қатысты белгіленген лимиттерден аспайтын сомада шегерімге жатқызуға құқығы.
4.1.6 КТС-дан босату кезеңінен кейінгі кезеңдер ішінде акцияларды және өзге де мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын кіріс Қазақстандық Заңнамада белгіленген тәртіппен АЛДАР-дың бухгалтерлік деректері негізінде есептеледі.
4.2 Төлем кезінен ұсталатын табыс салығы
4.2.1 АЛДАР-ға және/немесе оның құрылтайшыларына және/немесе қатысушыларына Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға байланысты төленетін кіріс пен өзге де төлемдер Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде төлем көзінен ұсталатын табыс салығынан босатылады. Төлем кезінен ұсталатын табыс салығынан босату кезеңі 2034 жылғы 31 желтоқсанда бітеді.
4.2.2 Қандай да бір күмәндерді болғызбау үшін төлем көзінен ұсталатын табыс салығынан босату АЛДАР-дың және/немесе оның құрылтайшыларының және/немесе қатысушыларының Қазақстандық Заңнама бойынша немесе өзгеше түрде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болмауына немесе болуына қарамастан, Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға байланысты АЛДАР және/немесе оның құрылтайшылары және/немесе қатысушылары Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде алған дивидендтерді, сыйақыларды (проценттерді) және қызметтер көрсетуге арналған келісім-шарттар бойынша кірістерді қоса алғанда, мұнымен шектелмей, кірістердің барлық түрлеріне қолданылады.
4.2.3 Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға байланысты резидентте, резидент емес те өзінің құрылтайшыларына және/немесе қатысушыларына және/немесе басқа да заңды тұлғаларға (мұндай заңды тұлғалар АЛДАР тобына кіретініне немесе кірмейтініне қарамастан) АЛДАР төлеуі тиіс кез келген кіріс Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде төлем көзінен ұсталатын табыс салығынан босатылады. Төлем кезінен ұсталатын табыс салығынан босату кезеңі 2034 жылғы 31 желтоқсанда бітеді.
4.2.4 Қандай да бір күмәндерді болғызбау үшін төлем көзінен ұсталатын табыс салығынан босату Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға байланысты АЛДАР төлейтін қарыздар бойынша сыйақыны (проценттерді) және қызметтер көрсетуге арналған келісім-шарттар бойынша кірістерді қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей, резиденттер мен резидент еместер кірістерінің барлық түрлеріне, мұндай резидент еместердің Қазақстандық Заңнама бойынша немесе өзгеше түрде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болмауына немесе болуына қарамастан қолданылады
4.3 Қосылған құн салығы
4.3.1 АЛДАР Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде және Құрылыс Объектісіне және оны пайдалануға байланысты қосылған құн салығынан (бұдан әрі -
"ҚҚС"
) босатылады. ҚҚС-дан босату кезеңі 2034 жылғы 31 желтоқсанда бітеді.
4.3.2 Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және өз қызметін филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен қызметтер мен жұмыстарды сатып алу кезінде төленетін ҚҚС-ны қоса алғанда, АЛДАР қандай да бір ҚҚС-ны есептемейді және төлемейді.
4.3.3 АЛДАР-мен келісім-шарттары бар Мердігерлер Құрылыс және Пайдалану кезеңінде АЛДАР-ға Тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден пайда болған, тек Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға байланысты жасалған айналымдар бойынша ҚҚС-дан босатылады. Құрылыс Объектісіне және оны Пайдалануға қатысты Мердігерлер де Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және өз қызметін филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен қызметтер мен жұмыстарды сатып алу кезінде төленетін ҚҚС-дан босатылады. Бұл араграфта көзделген ҚҚС бойынша преференциялар Құрылыс Объектісі Аяқталған Күні қолданысын тоқтатады.
4.3.5 Мердігерлермен келісім-шарттары бар Қосалқы мердігерлер Құрылыс кезеңі ішінде Мердігерге Тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатудан пайда болатын айналымдарға қатысты ҚҚС-ның нөлдік ставкасын қолдануға құқылы.
4.3.6 АЛДАР немесе оның Уәкілетті Өкілі 4.3.4. және 4.3.5-параграфтарға сәйкес Мердігерлердің немесе Қосалқы мердігерлердің ҚҚС бойынша преференцияларды қолдануының дұрыстығын парасаттылықпен растау үшін тиісті әкімшілік рәсімді әзірлеу және енгізу бойынша барлық қажетті парасатты шараларды қабылдайды.
4.3.7 Егер, Мердігер 4.3.4. параграфында көрсетілмеген Тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сату бойынша айналымы болған жағдайда Мердігер ҚҚС мақсаттары үшін айналым деректері бойынша 4.3.4. параграфында көрсетілген айналымнан бөлек есеп жүргізуге міндетті.
4.4 Импортқа және кедендік баждарға салынатын ҚҚС
4.4.1 Осы Келісімге сәйкес Құрылыс және Пайдалану мақсаты үшін АЛДАР, оның Мердігерлері және Қосалқы мердігерлері әкелетін Тауарлар мен Көлік Құралдары (алкоголь өнімдерін, сыраны, темекі өнімдерін, бензинді, дизель отынын қоспағанда), сондай-ақ АЛДАР-дың Мердігерлері мен Қосалқы мердігерлерінің осы Келісімге сәйкес Құрылыс және Пайдалану мақсаты үшін тартылған персоналы мен жұмыскерлері әкелетін жеке мүлік Қазақстандық Заңнамаға сәйкес белгіленген мынадай төлемдер мен салықтарды төлеуден босатылады:
(А) Кедендік төлемдер;
(В) Импортқа салынатын ҚҚС;
(С) Демпингке қарсы, қорғау және өтемдік баждар;
(D) Акциздер.
4.4.2 Осы Келісімге сәйкес Құрылыс және Пайдалану мақсаты үшін АЛДАР, оның Мердігерлері және Қосалқы мердігерлері әкелетін Тауарлар мен Көлік Құралдары (алкоголь өнімдерін, сыраны, темекі өнімдерін, бензинді, дизель отынын қоспағанда), сондай-ақ АЛДАР-дың, оның Мердігерлері мен Қосалқы мердігерлерінің осы Келісімге сәйкес Құрылыс және Пайдалану мақсаты үшін тартылған персоналы мен жұмыскерлері әкелетін жеке мүлік экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, Қазақстандық Заңнамада белгіленген тарифтік емес реттеу шараларын және өзге талаптарды қолданбай кедендік ресімделуге тиіс.
4.4.3 Тұтынылмаған Тауарлар мен Көлік Құралдары (оның ішінде Құрылыс пен Пайдалануды әкімшілендіруге арналған: автомобильдер, ұйымдастыру техникасы және т.б.) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс әкетілуі, иеліктен шығарылуы және/немесе осы Келісімнің мақсатынан бөлек өзге мақсаттарда уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.
4.4.4. 4.4.3-параграфта көрсетілген Тауарлар мен Көлік Құралдарын әкету осы Келісімнің 4.4.1-параграфында санамаланған төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, Қазақстандық Заңнамада белгіленген тарифтік емес реттеу шаралары мен өзге талаптарды қолданбай, мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- АЛДАР - Құрылыс Объектісін Аяқтаған Күннен кейінгі 20 жылдық кезең аяқталған күннен бастап 5 жылдан кешіктірмей;
- Мердігерлер және/немесе Қосалқы Мердігерлер - Құрылыс Объектісін Аяқтаған Күннен бастап 5 жылдан кешіктірмей.
4.4.5 4.4.3-параграфта көрсетілген Тауарлар мен Көлік Құралдарын таңдап алынған кеден режиміне сәйкес шығарылған күнінен бастап 5 жыл өткенге дейін иеліктен шығарған және/немесе уақытша пайдалануға берген жағдайда, мұндай Тауарлар мен Көлік Құралдарына иеліктен шығарған және/немесе уақытша пайдалануға берген күні қолданыстағы Қазақстандық Заңнамаға сәйкес 4.4.1-параграфта санамаланған төлемдер мен салықтар салынады.
4.4.3-параграфта көрсетілген Тауарлар мен Көлік Құралдарын таңдап алынған кеден режиміне сәйкес шығарылған күнінен бастап 5 жыл өткен соң иеліктен шығарған және/немесе уақытша пайдалануға берген кезде мұндай Тауарлар мен Көлік Құралдарына 4.4.1-параграфта санамаланған төлемдер мен салықтар салынбайды және сөзсіз шығарылған болып есептеледі. Мұндай Тауарлар мен Көлік Құралдары қазақстандық Тауарлар мен Көлік Құралдары мәртебесін алады.
Көрсетілген жағдайларда мұндай Тауарлар мен Көлік Құралдарына тарифтік емес реттеу шаралары және Қазақстандық Заңнамада белгіленген өзге талаптар қолданылмайды.
4.4.6 Осы Келісімге сәйкес Құрылыс және Пайдалану мақсатында тартылған АЛДАР персоналы мен жұмыскерлері әкелген жеке мүлік Қазақстан Республикасының аумағынан Құрылыс Объектісі Аяқталған Күннен кейінгі 20 жылдық кезең аяқталған күннен бастап 1 жылдан кешіктірілмей, 4.4.1-параграфта санамаланған төлемдер мен салықтар төлеуден босатылып, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын және Қазақстандық Заңнамада белгіленген өзге талаптар қолданылмай әкетілуі мүмкін.
4.4.7 Мердігерлер мен Қосалқы мердігерлердің осы Келісімге сәйкес Құрылыс және Пайдалану мақсатында тартылған персоналы мен жұмыскерлері әкелген жеке мүлік Қазақстан Республикасының аумағынан Құрылыс Объектісі Аяқталған Күннен бастап 1 жылдан кешіктірілмей, 4.4.1-параграфта санамаланған төлемдер мен салықтар төлеуден босатылып, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын және Қазақстандық Заңнамада белгіленген өзге талаптар қолданылмай әкетілуі мүмкін.
4.4.8 4.4.1, 4.4.2-тармақшалардың ережелері мыналарға қолданылады:
(а) АЛДАР - Құрылыс кезеңінде және Құрылыс Объектісін Аяқтаған Күннен кейінгі 20 жыл ішінде; және
(б) Мердігерлер мен Қосалқы мердігерлер - Құрылыс кезеңінде ғана.
4.4.9 Осы Келісімнің мақсатында Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын Тауарлар мен Көлік Құралдары кедендік ресімдеуді жүзеге асырған күні қолданыста болған Қазақстандық Заңнамаға сәйкес кедендік ресімделуге тиіс.
4.5 Кеден режимінің тұрақтылығы
4.5.1 Мұндай Қазақстандық Заңнама және/немесе халықаралық шарттар осы Келісімде көзделген кеден мәселелерін реттейтін ережелерге қарағанда АЛДАР үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің ережелеріне Қазақстандық Заңнаманың да, халықаралық шарттардың да әрекеті қолданылмайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісімде көзделген кеден режимінің абсолюттік тұрақтылығына кепілдік береді және мұндай кепілдік Қазақстандық Заңнамадағы және/немесе Қазақстан Республикасы қол қоюшы тарап болып табылатын және акциздік тауарлар импортының тәртібі мен шарттарын айқындайтын халықаралық шарттардағы кез келген өзгерістерге де қолданылатынын мойындайды. Кеден режимі тұрақтылығының кепілдігі ұлттық және экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және имандылық негіздерді, сондай-ақ, Қазақстандық Заңнамаға сәйкес көзделген кез келген өзге де негіздерді қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей, осы Келісімнің қолданылуы кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кері қайтарып алмайды.
4.6 Басқа салықтар
4.6.1 АЛДАР Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде Құрылыс Объектісіне және/немесе оны Пайдалануға байланысты туындайтын мынадай салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерге ие болмайды:
(а) Жер салығы;
(b) Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
(с) Мүлік салығы;
(d) Көлік құралдарына салынатын салық.
4.6.2 4.6.1-параграфта көзделген салықтық преференциялар 2034 жылғы 31 желтоқсанда қолданысын тоқтатады.
4.7 Есептілік
4.7.1 АЛДАР Қазақстандық Заңнамаға сәйкес салық есептілігін жасауға және тапсыруға міндеттенеді.
4.7.2 Жоғарыда баяндалғанға қарамастан, АЛДАР осы Келісім және/немесе 2009 жылғы 31 наурыздағы Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша Құпия болып табылатын қандай да бір ақпаратты ашуға міндетті емес.
4.8 Осы Келісімнің шарттарын сақтау
4.8.1 Қазақстан Үкіметі АЛДАР осы Келісімде көзделген барлық салықтық және кедендік преференцияларды Күшіне Енген Күнінен бастап пайдалануы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
4.9 Салық режимінің тұрақтылығы
4.9.1 Тараптар осы Келісімнің шарттарын тиісті түрде талқылағанын мойындайды және осы арқылы осы Келісім онда белгіленген салық режиміне негізделетінімен келіседі, сол арқылы Қазақстан Үкіметі осы Келісімде көзделген салық режимінің абсолюттік тұрақтылығына кепілдік береді. Қазақстандық Заңнама және/немесе халықаралық шарттар осы Келісімде көзделген салық режиміне қарағанда АЛДАР үшін халықаралық шарттар неғұрлым қолайлы жағдайларды қоспағанда, салық режиміне қандай да бір Қазақстандық Заңнама, сондай-ақ, салық мәселелерін реттейтін халықаралық шарттар әсер етпейді. Салық режимінің тұрақтылық кепілдігін ұлттық және экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және имандылық негіздерін, сондай-ақ, Қазақстандық Заңнамада көзделген өзге де негіздерді қоса алғанда, шектеусіз, Қазақстан Үкіметі бүкіл Мерзім ішінде алып тастамайды немесе кері қайтаруын алмайды.
4.9.2 Тараптар осы арқылы Күшіне Енген Күні қолданыстағы Қазақстандық Заңнамада көзделген және осы Келісімде тікелей көрсетілмеген Салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төлеу жөніндегі тиісті міндеттеме туындаған сәтте қолданыста болған Қазақстандық Заңнамаға сәйкес төленуі тиіс екендігімен келіседі. Осы Келісімнің қандай да бір ережелеріне қарамастан, АЛДАР Күшіне Енген Күнінен кейін Қазақстандық Заңнамамен енгізілген қандай да бір Салықтарды және/немесе өзге де міндетті төлемдерді төлеуге міндетті емес.
4.10 Қолдау және жәрдем көрсету
4.10.1 Қазақстан Үкіметі АЛДАР-ға салық және кеден мәселелерін қарауда жәрдем көрсетеді әрі ресми құжаттаманы өңдеу және беруге жәрдемдесу мен жеделдету мақсатында бірыңғай байланыс жасайтын тұлғаны ұсынады.
4.11 Жалпы белгіленген салық режиміне көшу
4.11.1 Салықтардан және Кедендік төлемдерден босату кезеңінен кейінгі кезеңдер ішінде, яғни, 2035 жылғы 1 қаңтардан бастап АЛДАР Қазақстандық Заңнамаға сәйкес Салықтар мен Кедендік төлемдерді есептеуі және төлеуі тиіс.
4.12 Жауапкершілік
4.12.1 4.3.4, 4.3.5-параграфтарға және 4.4-бапқа қатысты Қазақстандық Заңнаманы Мердігерлердің және Қосалқы мердігерлердің қандай да бір бұзғаны үшін жауапты болмайды.
4.12.2 АЛДАР кез келген Салықтар мен Кедендік төлемдерге қатысты Күшіне Енген Күніне Қазақстандық Заңнамада көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапты болады. АЛДАР-ға Күшіне Енген Күнінен кейін Қазақстандық Заңнамамен белгіленген кез келген әкімшілік санкциялар қолданылмайды.
4.13 Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеуден босату
4.13.1 Құрылыс кезеңі және одан кейінгі 20 жыл ішінде трансферттік баға белгілеу саласындағы Қазақстандық Заңнама АЛДАР-ға қолданылмайды.
4.14. Осы Келісімге байланысты емес операцияларға салық салу
4.14.1 Оған қатысты осы Келісімде салықтық және кедендік
преференциялар көзделген іске асырудан өзге мақсаттар үшін тауарларды (қызметтер мен жұмыстарды) қоса алғанда, АЛДАР немесе оның Мердігерлері мен Қосалқы мердігерлері жүзеге асыратын Құрылыс Объектісіне және/немесе оны Пайдалануға байланысты емес операцияларға Қазақстандық Заңнамаға сәйкес салықтық және кедендік төлемдер салынатынымен Тараптар келіседі.
5-бап
Экспроприация
5.1 Мұндай шаралар заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мүдделерде кемсітушіліксіз, жедел, барабар және тиімді өтемақы төлей отырып қабылданған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына АЛДАР Тобының инвестициялары экспроприацияланбайды, мемлекет иелігіне алынбайды, немесе оларға экспроприация, мемлекет иелігіне алу, реквизиция (бұдан әрі - "экспроприация") сияқты салдарлары бар өзге де шаралар қолданылмайды.
5.2 Өтемақы АЛДАР Тобына алдағы экспроприация туралы мәлім болған сәтке дейін (бұдан әрі - "Құн күні") экспроприацияланған инвестициялардың әділ нарықтық құнына тең болуы тиіс. Нарықтық әділ құн бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкес айқындалуы тиіс. Әділ нарықтық құн АЛДАР Тобының өтініші бойынша Құн күніне нарықтық валюта бағамы бойынша кез келген еркін айырбасталатын валютада көрсетілуі тиіс.
5.3 Өтемақы толық іске асырылатын және еркін айырбасталатын валютада еркін аударылатын болуы тиіс және қандай да бір шектеулерсіз және кідірістерсіз жүзеге асырылуы тиіс. Өтемақы экспроприация күнінен бастап және төлеудің нақты күніне дейін төлем валютасына қатысты нарықтық шарттарда белгіленген қолданыстағы ставкаға сәйкес пайыздарды қамтуы тиіс.
5.4 Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері Инвестициялардан түсетін кірістерге және таратылған жағдайда таратудан түсетін түсімге де қолданылады.
5.5 Осы Келісімнің 15.4-бабының ережелері үшін залал келтірместен, инвестициялары экспроприацияланған АЛДАР Тобы (немесе АЛДАР Тобын құрайтын кез келген тұлға) осы бапта баяндалған ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті сот немесе өзге де құзыретті органдарының өз ісін жедел қарауын және өз инвестицияларының құнын кідіріссіз айқындауына құқылы.
6-бап
Шығындарды өтеу
6.1 Қазақстан Республикасының аумағындағы соғыс немесе басқа да қарулы қақтығыстар, бүлік, көтеріліс, бүліншілік салдарынан инвестициялары шығынға ұшыраған АЛДАР Тобына (немесе АЛДАР Тобын құрайтын кез келген тұлғаға) Қазақстан Республикасының Үкіметі реституцияға, өтеуге, өтемақыға немесе басқа да реттеуге қатысты өз инвесторларына немесе кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынатын режимге қарағанда қолайлылығы кем емес, АЛДАР Тобының (немесе АЛДАР Тобын құрайтын кез келген тұлғаның) пікірі бойынша инвестор үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын режимді ұсынады.
6.2 Осы 6-баптың 1-тармағының ережелері үшін залал келтірместен, осы баптың 1-тармағында аталған жағдайда кез келген мыналардың:
(а) Қазақстан Республикасы күштерінің немесе билігінің оның инвестицияларын немесе оның бір бөлігін тәркілеуінің, немесе;
(b) Қазақстан Республикасының күштері немесе билігі инвестицияларды немесе оның бір бөлігін жағдайдың қажеттілігімен талап етілмеген жоюының салдарынан шығын шегетін АЛДАР Тобына (немесе АЛДАР Тобын құрайтын кез келген тұлғаға) кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі реституция немесе өтемақы беруі тиіс, бұл кез келген жағдайда жедел, барабар және тиімді болуы тиіс. Бұл ретте өтемақы инвестициялар тәркіленген немесе жойылған күнінен бастап нақты төлем күніне дейін 5-баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
7-бап
Инвестицияларға байланысты төлемдерді еркін аудару
7.1 АЛДАР Тобының Қазақстандық Заңнаманы сақтауы шартымен Қазақстан Республикасының Үкіметі АЛДАР тобына Инвестицияларға байланысты қаражаттың Қазақстан Республикасына және оның шегінен тыс барлық аударымдары мен төлемдері еркін және шектеулерсіз жүзеге асырылатынына кепілдік береді.
7.2 Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісімнің бүкіл қолданылу мерзімінің ішінде АЛДАР Тобының мыналарға құқығы бар екендігіне кепілдік береді:
а) Құрылыс Объектісін іске асырудан алынған пайданы қоса алғанда, Құрылыс Объектісінен алынған ақша қаражатын Қазақстан Республикасынан Қазақстандық Заңнамада белгіленген рәсімдерге сәйкес аудару;
b) Қазақстандық Заңнамада белгіленген рәсімдерге сәйкес Қазақстан Республикасында да және оның шегінен тыс жергілікті және шетелдік валютада да банк шоттарын ашу. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шоттар ашу Қазақстандық Заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс;
с) Қазақстан заңнамасының хабарлау және валюталық операцияларды тіркеу режиміне қатысты талаптарын қоспағанда, капиталмен жасалатын операциялар бойынша төлемдерге және аударымдарға байланысты шектеулерден босату;
d) резидент еместермен келісім-шарттар, сондай-ақ Шетелдік Жұмыскерлерге жалақы, жәрдемақы және өзге де сыйақылар төлеуді көздейтін операциялар бойынша төлемдерді қоса алғанда, ағымдағы операциялар бойынша төлемдерге және аударымдарға байланысты шектеулерден босату;
е) кез келген басқа шетел валютасына немесе Қазақстан Республикасының заңды валютасына шетелдік валютаны сатып алу немесе сату күніне нарықтық еркін валюта бағамы бойынша кәдімгі банктік алымдарды қоспағанда, қандай да бір алымдарсыз немесе баждарсыз сатып алу немесе сату;
f) осы Келісім бойынша немесе кез келген басқа келісім немесе келісім-шарт немесе Құрылыс Объектісіне қатысты осыған ұқсас құжат бойынша кез келген төлемдерді жүзеге асырады;
g) Қазақстан Республикасының шегінен тыс Шетелдік валютаны аудару, ұстау және сақтау;
h) Қазақстан Республикасының шегінен тыс құрылған кез келген Мердігерге Құрылыс Объектісінің мақсаты үшін осындай Мердігер ұсынған Тауарлар, жұмыстар, технология мен қызметтер үшін Шетелдік валютада шетелге төлемдерді жүзеге асыру;
і) мұндай айырбастау міндетті болып табылатын болғанда Құрылысқа қатысы бар қандай да бір шартқа немесе келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында банктік шоттарда орналастырылған Шетелдік валютаны мәжбүрлеп айырбастаудан босату.
7.3 Егер жоғарыда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе басқа Мемлекеттік Органның рұқсаты талап етілетін жағдайда Қазақстан Үкіметі мұндай рұқсат алуда АЛДАР Тобына жәрдемдесетін болады. Қазақстандық Заңнаманың кез келген ережелеріне қарамастан, мұндай рұқсат тиісті рұқсат алуға жүгінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.
7.4 Қазақстан Республикасының Үкіметі АЛДАР Тобына "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының N 57-ІІІ Заңының
32-бабында
көзделген "арнайы валюталық режим" енгізілген жағдайда (барлық өзгерістерді, толықтыруларды ескере отырып, жаңа ережелерді енгізумен, жаңа редакцияны қабылдаумен) "арнайы валюталық режимнің" ережелерін толықтыруды және/немесе өзгертуді қоса алғанда, "арнайы валюталық режимді" енгізуге, қолдануға және іске асыруға қатысты Қазақстандық Заңнаманың бір де бір ережесі, сондай-ақ, "арнайы валюталық режимге" қатысты белгіленген шараларды, әрекеттерді, шектеулерді, шарттарды және/немесе санкцияларды алып тастамай, Құрылыс Объектісіне қолданылуға тиіс еместігіне кепілдік береді.
8-бап
Құрылыс Объектісін іске асыруды қамтамасыз ету
8.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Шарттың талаптарына сәйкес қолдауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып, БАӘ Үкіметі АЛДАР-дың өз қызметін мыналардың:
8.1.1 Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті (1) мен ALDAR Properties PJSC (2) компаниясының арасында жасалған 2007 жылғы 2 тамыздағы Өзара түсіністік туралы меморандумның; және
8.1.2 "АЛДАР ЕуроАзия" ЖШС (1) және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Астана қаласының әкімдігі (2) арасында жасалған 2009 жылғы 31 наурыздағы Өзара түсіністік туралы меморандумның (бұдан әрі бірлескен
"АЛДАР келісімі"
деп аталатын) талаптарына сәйкес жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
9-бап
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сендірулері
9.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі осы арқылы мыналарды растайды және кепілдендіреді:
9.1.1 ол осы Келісімге қол қоюға және осы Келісімге сәйкес өз
міндеттемелерін орындауға заңды құзыретті және құқықты
болып табылады;
9.1.2 ол болашақта ешқашан осы Келісімнің ережелеріне теріс әсер етуі немесе жоюы немесе кез келген материалдық нысанға өзгертуі немесе ауыстыруы мүмкін қандай да бір Қазақстандық Заңнаманы қабылдамайды немесе оған бастамашылық жасамайды не оны қолдамайды;
9.1.3 ол Қазақстандық Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің барлық бөлімшелерінің және республикалық та, жергілікті де деңгейлердегі тиісті Мемлекеттік Органдардың осы Келісімнің барлық талаптарын сақтауын және орындауын, сондай-ақ, осы Келісімде белгіленген әр түрлі рәсімдер мен функцияларды іске асыруға және орындауға жәрдемдесу үшін тағайындалған тұлғалардың нұсқауларын сақтауды және орындауды қамтамасыз етеді;
9.1.4 осы Келісімде белгіленген талаптар мен ережелер, сондай-ақ міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді және осы Келісімді ратификациялауға және/немесе бекітуге қатысты іс-қимылды орындау нәтижесінде ол Қазақстандық Заңнамаға сәйкес Құрылысқа және Құрылыс Объектісіне қатысты басымды құқықтық режимді білдіретін болады;
9.1.5 ол Қазақстандық Заңнамаға сәйкес барлық тиісті Мемлекеттік Органдарда Жобалық Құжаттамаға жататын мақұлдауды, келісуді, рұқсатты, лицензияларды, келісімдерді және санкциялаудың кез келген басқа да түрлерін қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей, немесе Құрылысты жүзеге асыру үшін қажетті болуы мүмкін қандай да бір өзгеше түрде Құрылыс Объектісіне жатқызылатын барлық мақұлдауды, келісімді, рұқсатты, лицензияларды, келісімдерді және санкциялаудың кез келген басқа да түрлерін ұсынуды және беруді де қамтамасыз ететін болады.
9.1.6 егер байланыс жасайтын тұлға кез келген сәтте осы Келісімде көзделген өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда, ол байланыс жасайтын жаңа тұлғаны уақтылы (1.7, 2.2, 4.10.1-тармақтарға сәйкес) тағайындайды.
10-бап
БАӘ Үкіметінің сендірулері
10.1 БАӘ Үкіметі осы арқылы осы Келісімге қол қою және оған сәйкес өз міндеттемелерін орындау үшін заңды құзыретті және құқықты болып табылатынын растайды және кепілдік береді.
11-бап
Құпиялылық
11.1 Құпиялылық туралы міндеттемелер
11.1.1 Әрбір Тарап екінші Тарап алдында құпиялылықты сақтауға және екінші Тараптың келісімінсіз кез келген басқа тұлғаларға (өз жұмыскерлерінен, агенттерінен, АЛДАР Тобынан немесе осындай ақпарат қажет кәсіби консультанттардан басқа) екінші Тараптың шаруашылық қызметіне немесе өзге істеріне немесе осы Келісім нысанына қатысты, Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа ашуы немесе беруі мүмкін немесе оған екінші Тараптың рұқсат етілген қол жетімділігі бар не екінші Тарап өзге тәсілмен алған (осы Келісім жасалған күнге дейін немесе одан кейін) кез келген ақпаратты жария етпеуге және ешбір жағдайларда өз мақсатында пайдаланбауға, сондай-ақ өз жұмыскерлері, агенттері, АЛДАР Тобы немесе кәсіби консультанттар тарапынан құпиялылықтың сақталуы туралы осыған ұқсас міндеттеменің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерін салуға міндеттенеді.
11.2 Айрықшалық
11.2.1 11.1-бапта көрсетілген міндеттемелер:
(а) бұл 11.1-бапта келтірілген қандай да бір міндеттемелерді бұзу нәтижесінде болған жағдайлардан басқа, уақыттың белгілі бір сәтінде жалпыға белгілі болып табылатын; немесе
(б) заң бойынша немесе кез келген мемлекеттік, ресми немесе реттеуші органның қандай да бір талаптарына сәйкес жария етілуі тиіс кез келген ақпаратқа қолданылмайды.
11.3 Әрекет ету мерзімі
11.3.1 11.1-бапта көрсетілген міндеттемелер осы Келісімнің қолданылу мерзімі тоқтатылғаннан кейін жиырма төрт күнтізбелік ай ішінде күшінде қалатын болады.
11.4 Ақпаратты қайтару
11.4.1 Мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір Тарап екінші Тарапқа қатысты 11.1-бапта келтірілген міндеттемелер нысаны болып табылатын кез келген ақпаратты барлық көшірмелерімен бірге екінші Тарапқа қайтаруға немесе осындай қайтаруды қамтамасыз етуге барлық ақылға қонымды күш-жігерін салуға тиіс, өйткені мұндай ақпарат материалдық-заттай нысанда болады, сондай-ақ бұл іс жүзінде қаншалықты жүзеге асырылатындығына байланысты мұндай ақпаратты өзінің барлық компьютерлерінен, мәтіндерді электронды өңдеуге арналған құрылғыларынан және өзге де ақпараттық-іздестіру жүйелерінен жоюға тиіс.
12-бап
Хабарландырулар
Тараптардың бірде біреуі екінші Тараптың келісімінсіз осы Келісімнің мәніне қатысты тиісті келіссөздер болатыны туралы қандай да бір жария хабарландырулар жасай алмайды немесе өздерінің осындай ақпарат қажет кәсіби консультанттарын, АЛДАР Тобын және аға буын қызметкерлерін қоспағанда, осындай келіссөздердің болатыны туралы мәліметтерді немесе осындай келіссөздер барысына немесе талқыланатын мәселелерге қатысты кез келген ақпаратты мұндай хабарландыру немесе ақпаратты жария ету заңға немесе қандай да бір мемлекеттік, ресми немесе реттеуші органдардың немесе саудасына қандай да бір Тұлғаның бағалы қағаздары жіберілген қор биржасының талаптарына сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, қандай да бір басқа тұлғаларға жария ете алмайды, бұл ретте егер Тараптардың біріне хабарландыру жасау талап етілсе, мұндай Тарап мұндай хабарландырудың мәні, жасалуы мен мерзімдері туралы қарсы Тараппен консультация өткізуі тиіс.
13-бап
Инвестор және инвестициялар
Тараптар АЛДАР Тобы (не АЛДАР Тобының құрамындағы кез келген тұлға) осы Келісімнің, сондай-ақ ICSID (1-қосымшада "Орталық" деген ұғымда айқындалған) конвенциясының мақсаты үшін "инвестор" болып табылатынын мойындайды және онымен келіседі. Бұдан әрі Тараптар жоғарыда баяндалғандармен шектелмей, ICSID конвенциясының 25 (2) (b) бабының және Қазақстандық Заңнаманың мақсаттары үшін АЛДАР Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясы болып саналатынын мойындайды және онымен келіседі. Тараптар Құрылыс Объектісіне қатысты АЛДАР Тобының (не АЛДАР Тобының құрамындағы кез келген тұлғаның) қатысуын, сондай-ақ АЛДАР Тобының Құрылыс Объектісіне байланысты барлық қабылданған әрекеттері, жасалған шарттары және жұмсалған ақша қаражаты осы Келісімнің, сондай-ақ ICSID конвенциясының мақсаттары үшін "инвестициялар" болып есептелетінін мойындайды және онымен келіседі. Осыған байланысты жоғарыда баяндалғандармен шектелмей, "инвестициялар" термині тауарлар, құқық және кез келген мүдделер сияқты, бірақ мұнымен шектелмейтін, атап айтқанда мынадай кез келген мүлікті қамтиды:
а) жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ ипотека, кепілдер, ауыртпалықтар сияқты кез келген мүліктік құқықтарды және бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы мен осыған ұқсас құқықтар;
b) акциялар, акцияларға және қатысудың өзге түрлеріне қатысты сыйақылар, сондай-ақ Тараптың аумағында құрылған компаниялардағы миноритарлық және жанама мүддені қоса алғанда, кез келген мүліктік мүдде;
с) ақша қаражатына меншік құқығы не борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ материалдық құқы бар, орындауды талап ететін кез келген құқық;
d) авторлық құқық, патенттер, лицензиялар, сауда белгілері, өнеркәсіптік үлгілер, сызбалар, техникалық процестер, ноу-хау, сауда атауы, сондай-ақ гудвилл сияқты зияткерлік, коммерциялық, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік құқығы;
е) Тараптардың теңіз аймағында орналасқандарды қоса алғанда, табиғи ресурстарды барлауға, өсіруге, өндіруге не пайдалануға арналған концессияларды қоса алғанда заңнамаға не шартқа сәйкес ұсынылған концессиялар;
Инвестицияларды аумағында не теңіз аймағында инвестициялар жүзеге асырылған Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асыру шартымен "инвестициялар" термині осы Келісім күшіне енгенге дейін жүзеге асырылған инвестицияларға да, сол сияқты осы Келісім күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылған инвестицияларға да жүзеге асырылуы мүмкін инвестицияларға да қатысты қолданылады.
Мұндай нысанды өзгерту аумағында не теңіз аймағында инвестициялар жүзеге асырылған Тараптың заңнамасына қайшы келмеуі шартымен мүлік инвестицияланған нысанды кез келген өзгерту оларды инвестициялар ретінде айқындауға залал келтірмейді.
14-бап
Инвестицияларды қорғау
АЛДАР Тобының (не АЛДАР Тобының құрамындағы кез келген тұлғаның) инвестицияларына Қазақстан Республикасының аумағында әрқашан әділ және тең режим, сондай-ақ жан-жақты қорғау мен қауіпсіздік қамтамасыз етілетін болады. Қазақстан Республикасы өз аумағында АЛДАР Тобының (АЛДАР Тобының кез келгенінің) инвестицияларын басқаруға, пайдалануға, қолдануға, иелік етуге немесе иеліктен шығаруға бөгет болуы мүмкін ешбір дәлелсіз немесе кемсітушілік шараларға жол бермейді. Қазақстан Республикасы АЛДАР Тобының (не АЛДАР Тобының кез келгенінің) инвестицияларына қатысты қабылданған кез келген міндеттемелерді сақтайтын болады.
15-бап
Осы Келісімнің қолданылуы
15.1 Қолданылуы
15.1.1 Осы Келісімнің, сондай-ақ осы Келісім құқықтарының, міндеттемелері мен өзге де ережелерінің Тараптар үшін міндетті күші болады, ал Мемлекеттік Органдар жағдайында Тарап, барлық Мемлекеттік Ұйымдар және Жергілікті Органдар үшін олардың кез келгенін құрудағы, басқарудағы, олардың мәніндегі не ықпалындағы өзгеріске қарамастан, және Мемлекеттік Органдардың төлем қабілетсіздігіне, тоқтатылуына, қайта ұйымдастырылуына, біріктірілуіне не тіршілік қабілетіндегі, меншігіндегі не заңдық болмысындағы өзге өзгеріске (кез келген Мемлекеттік Органды ішінара не толық жекешелендіруді қоса алғанда) қарамастан, міндетті күші болады.
15.1.2 Тараптың мүдделерді, сондай-ақ барлық немесе кез келген құқықтарды, міндеттемелерді және осы Келісімнің шеңберінде оған қатысты өзге де ережелерді жалғаспалы сақтап қалумен сыйыспайтын шараларды басқаға беруге, беруге, қабылдауға не қабылдауға мүмкіндік беруге құқығы жоқ.
15.2 Қосымша шарттар
15.2.1 Осы Келісімге қол қойылғаннан кейін Тарап өзінің ұлттық заңнамасының шеңберінде Құрылыс Объектісіне қатысты мұндай Мемлекеттің басым құқықтық режимі ретінде Конституцияға сәйкес оған күш, сондай-ақ халықаралық құқық шеңберінде міндеттілік беру үшін осы Келісімді ратификациялау және/немесе оған қосылу үшін өз Парламентіне (і) дереу және тиісінше ұсынуға, (іі) мұндай Мемлекеттің салық салу саласындағы заңдарды қабылдау құзыретіне сәйкес осы Келісімнің ережелеріне құқықтық күш беру үшін қажетті заңнаманы қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей, өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Құрылыс Объектісіне қатысты мұндай Мемлекеттің басым құқықтық режимі ретінде Конституцияға сәйкес Келісімді орындауға бағытталған заңнама жобаларына, сондай-ақ осы Келісімнің болмысын (атап айтқанда, құқықтарды, кепілдіктерді, босатуларды, гранттарды, артықшылықтарды, стандарттарды, құқықтардан бас тартуды, Мемлекетке қатысты және оның Аумағы шеңберінде Құрылыс Объектісіне қолданылатын заңдық жауапкершілікті өтеуді) қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін өзге де актілерді тез және тиісінше дайындау үшін қажетті барлық іс-қимылды қабылдауға және (ііі) шұғыл мерзімде осы Келісімді ратификациялауды және/немесе оған қосылуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұндай кез келген заңнаманы мұндай ратификациялауға және/немесе қосылуға дейін не бірге қабылдау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға міндеттенеді.
15.3 Тараптар арасындағы даулар
15.3.1 Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптардың даулары мүмкіндігіне қарай келіссөздер мен консультациялар жолымен шешілетін болады.
15.3.2 Егер дау Тараптардың кез келгені келіссөздер жүргізу туралы жазбаша өтініш берген күннен кейін 6 (алты) ай ішінде осылайша шешілмеген болса, дау кез келген Тараптың өтініші бойынша осы Келісімнің ережелеріне, сондай-ақ халықаралық құқықтың қолданылатын нормаларына сәйкес төрелік соттың қарауына берілуі мүмкін. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаған болса, Тарап ұсынылған өзгеріспен келіспейтін жағдайларды қоспағанда, Тараптар өзгерткен (а) не төрешілер өзгерткен (b) ережелерді қоспағанда, ЮНСИТРАЛ Төрелік регламентін қолданатын болады.
15.3.3 Әрбір Тарап төрелік туралы өтінішті алғаннан кейін 2 (екі) ай ішінде төрешіні тағайындайды. Екі төреші төраға ретінде үшінші төрешіні сайлайды. Төраға үшінші мемлекеттің азаматы болуы тиіс. Үш адамнан тұратын төрелік соттардың мүшелерін тағайындауға қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссияның Төрелік регламенті (ЮНСИТРАЛ Төрелік регламенті) ережелерде көрсетілген тағайындаушы тұлға БҰҰ Халықаралық Сотының Президенті болатынын қоспағанда, төрелік сотты тағайындау үшін барлық тиісті өзгерістерге сәйкес қолданылатын болады. Егер Президент кез келген Тарап Мемлекетінің азаматы болып табылса не ол өзгеше түрде көрсетілген функцияларды орындай алмаса, кез келген Тарап Мемлекетінің азаматы болып табылмайтын не өзгеше түрде көрсетілген функцияларды орындаудан шеттетілмеген БҰҰ Халықаралық сотының шені бойынша одан кейінгі мүшесі қажетті тағайындаулар үшін шақырылады.
15.3.4 Егер өзгеше уағдаласылмаған болса, үшінші төреші сайланғаннан кейін 6 (алты) ай ішінде барлық құжаттар берілуі тиіс, ал тыңдау аяқталуы тиіс. Төрелік сот қайсысы соңынан болатынына қарай, құжаттар соңғы тапсырылған күннен не тыңдаулар аяқталған күннен кейін 2 (екі) ай ішінде шешім шығаруы тиіс.
15.3.5 Төраға, сондай-ақ басқа төрешілер шеккен шығыстарды және төрелік қараудың өзге де шығасыларын Тараптар тең мөлшерде төлейтін болады. Бірақ, төрелік сот өз қалауы бойынша шығыстардың не шығасылардың көп бөлігін Тараптардың біріне жүктеуге құқылы.
15.4 АЛДАР Субъектілері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің не Мемлекеттік Органның арасындағы даулар
15.4.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі өзі (және/немесе кез келген тиісті Мемлекеттік Орган) мен АЛДАР Субъектілерінің кез келгенінің (не АЛДАР Субъектілерінің кез келгенінің) арасындағы Дауды Орталықтың төрелігінде немесе Стокгольм қаласы, Сауда палатасы Төрелік институтының ережелеріне сәйкес қарауға және осыған байланысты шығарылған кез келген төрелік шешімді орындауға сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісім береді.
15.4.2 Қазақстан Республикасының Үкіметі осы төрелік қараудың не төрелік шешімді орындаудың кез келген сатысында Даудың екінші тарабы болып табылатын АЛДАР Субъектілері (не АЛДАР Субъектілерінің кез келгені) оның залалының бір бөлігін не барлығын жабатын сақтандыру өтемін алғанына байланысты келіспеушіліктер білдірмейтінімен (өз атынан, сондай-ақ барлық тиісті Мемлекеттік органдардың атынан) келіседі және оны мойындайды.
15.4.3 Шешім Дау тараптары үшін түпкілікті және міндетті болып табылады, сондай-ақ аумағында осындай шешімді мойындау мен орындау сұралатын Мемлекеттің заңдарына сәйкес мойындауға және орындауға жатады.
16-бап
Әр түрлі
16.1. Тіл
16.1.1 Осы Келісім қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды. Қайшылық немесе сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы әрдайым артықшылыққа ие болады.
16.2 Хабарламалар
16.2.1 Қандай да бір Тарап жіберетін кез келген хабарлама жазбаша түрде жасалуы тиіс және адресатқа оның төменде көрсетілген мекен-жайы бойынша қолма қол немесе факспен немесе электронды почтамен немесе курьермен жіберген жағдайда тиісті түрде жіберілген болып есептеледі:
Қазақстан Үкіметі:
Почталық мекен-жайы:
Телефон:
Факс:
Назарына:
БАӘ Үкіметі
:
Почталық мекен-жайы:
Телефон:
Факс:
Назарына:
немесе адресат болып табылатын (16.2-бапқа сәйкес) тарап көрсеткен кез келген басқа мекен-жай немесе нөмір.
16.3 Мерзім
16.3.1 Егер ол Тараптардың жазбаша келісімімен бұдан бұрын тоқтатылмаса немесе ұзартылмаса, осы Келісімнің мерзімі (бұдан әрі - "Мерзім" деп аталатын) бітуі немесе аяқталуы салдарынан оның барлық шарттарын орындау немесе тоқтату сәтіне дейін толық күшінде қолданылады.
17-бап
Анықтамалар
17.1 Анықтамалар
Осы Келісімде (кіріспені қоса алғанда) пайдаланылған бас әріппен жазылған терминдер осы құжатта өзгеше белгіленбеген болса, 1-қосымшада келтірілген мәнге ие болады.
17.2 Кейбір сілтемелердің түсіндірмесі
17.2.1 Егер контекст өзгеше талап етпесе, осы Келісімде:
(а) Баптар мен параграфтарға сілтемелер осы Келісімнің Баптары мен параграфтарына сілтемелер болып табылады;
(b) жекеше түрге сілтемелер көпше түрдің мағынасын және керісінше қамтиды, егер осы Келісім бойынша қандай да бір сәтте екі тараптан астам тарап бар болса, "әрбір" тарапқа немесе "екінші" тарапқа сілтемелер немесе осыған ұқсас тіркестер барлық тараптарға немесе контекстің талаптарына сәйкес тараптардың кез келгеніне сілтемелер ретінде түсіндірілуі тиіс және егер өзгеше тікелей айтылмаған болса, екі немесе одан астам тараптар қабылдаған кез келген міндеттеме ортақ болады;
(с) "тұлға" кез келген жеке тұлғаны, серіктестікті, заңды тұлғаны, компанияны (кез келген сипаттағы), мемлекетті немесе мемлекеттік органды, сондай-ақ әрбір жағдайда дербес құқық, субъектілігінің болуына немесе болмауына қарамастан, заңды тұлға құқықтарынсыз кез келген қауымдастықты немесе ұйымды қамтиды;
(d) "компания" кез келген заңды тұлғаны қамтиды; және
(е) кез келген уақыт кезеңдеріне сілтемелер григориан күнтізбесіне негізделуі және григориан күнтізбесіне сәйкес есептелуі тиіс.
КЕЛІСІМ РЕТІНДЕ ЖАСАЛДЫ
Қазақстан Үкіметі үшін және атынан
хххххххххххххххххххххххххх
ҚОЛ ҚОЙДЫ
Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі үшін және атынан
хххххххххххххххххххххххххх
ҚОЛ ҚОЙДЫ
1-қосымша
Осы 1-қосымша қоса беріліп отырған Келісімде пайдаланылатын және өзге анықтамасы жоқ бас әріппен жазылған терминдер мынадай мәнге ие:
Әкімшілік Жұмыскер 1.4 (і) бабына сәйкес АЛДАР айқындайды.
Аффилиирленген Тұлға кез келген Тұлғаға қатысты бір немесе бірнеше
делдалдар арқылы мұндай Тұлғаны тікелей немесе
жанама бақылайтын, мұндай Тұлғамен бақыланатын
немесе онымен бірге ортақ бақылауда болатын
кез келген екінші Тұлға. Осы анықтама
мақсатында "бақылау" Тұлғаны тікелей немесе
жанама басқару немесе акционерлік капиталдың
жартысынан астамын құрайтын дауыс беру құқығы берілген немесе акциялар пакетін иелену
негізінде оны басқарудың және саясатының
принциптерін айқындау немесе өзгеше түрде
бақылау немесе заңнамаға немесе мұндай
өкілеттіктер немесе дауыс беру құқығын
ұсынатын Тұлғалар арасындағы келісімге сәйкес
Ұйымның капиталына қатысудың өзге де үлесін
беретін өкілеттікті білдіреді.
Келісім ықтимал түзетулерді, өзгерістерді немесе
ауыстыруларды есепке ала отырып, оған барлық
Қосымшаларды қоса алғанда, осы Келісімді
білдіреді.
АЛДАР "Алдар ЕуроАзия" ЖШС Қазақстандық Заңнамаға
сәйкес құрылған және қызметін жүзеге асыратын
заңды тұлғаны, АЛДАР (ALDAR Properties PJSC)
жария акционерлік компаниясының
аффилиирленген тұлғасын білдіреді.
АЛДАР Тобы АЛДАР-ды, АЛДАР жария акционерлік компаниясын
(ALDAR Properties PJSC) және оның
Аффилиирленген Тұлғаларының кез келгені
білдіреді.
АЛДАР Тараптары АЛДАР-ды, кез келген Мердігерді, Қосалқы
мердігерді немесе Құрылыс Объектісіне қатысты
қызметті немесе соңғысымен байланысты
қызметті жүзеге асыратын кез келген екінші
Тұлғаны білдіреді.
АЛДАР Субъектілері АЛДАР Тараптарының және (немесе) АЛДАР
тобының кез келгендерін немесе кез келгенін
білдіреді.
АЛДАР Келісімі 8.1.2-параграфта айқындалған.
АСТАНА Қазақстан Республикасы Астана қаласының
жергілікті атқарушы органын білдіреді.
Уәкілетті Өкіл оларға осы Келісімнің шарттары бойынша
берілген белгілі бір құқықтарды,
жеңілдіктерді, артықшылықтар мен босатуларды
уақтылы және тиімді жүзеге асырудың әдістері
мен тәсілдеріне қатысты АЛДАР Тараптарына
жәрдем көрсететін мұндай тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметін жазбаша
хабардар ете отырып, АЛДАР тағайындаған
тұлғаны білдіреді.
Орталық 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында
қол қоюға ашылған Мемлекеттер мен басқа
мемлекеттердің тұлғалары арасындағы
инвестициялық дауларды шешу туралы
конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық
дауларды реттеу жөніндегі халықаралық
орталықты (ICSID) білдіреді.
КТС Қазақстандық заңнамадағы анықтамаға сәйкес
корпоративтік табыс салығын білдіреді.
Конституция ықтимал өзгерістерді, толықтыруларды немесе
ауыстыруларды ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Конституциясын білдіреді.
Құрылыс мұндай қызметтің Аумақта немесе одан тыс
жерлерде жүргізілуіне қарамастан, Құрылыс
Объектілері бойынша монтаждау жұмыстарын
бағалаумен, әзірлеумен, жобалаумен, салумен,
тұрғызумен, құрылысымен және жүзеге асырумен
тікелей немесе жанама байланысты кез келген
қызметті білдіреді және мұндай қызмет Күшіне
Енуі күнінен бастап және Құрылыс
Объектілерінің Аяқталу Күніне дейін жүзеге
асырылады деп көзделеді.
Мердігер АЛДАР-ға немесе оның Аффилиирленген
Тұлғаларына немесе олардың мүдделерінде
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді немесе
Құрылыс Объектілеріне байланысты
технологияларды тікелей немесе жанама
жеткізетін кез келген Тұлғаны, оның ішінде
барлық консультанттарды, сондай-ақ мұндай
Тұлғаның кез келген құқықтық мұрагерлерін
немесе заңды цессионарийлері мен мұндай
консультанттарды білдіреді. Термин кез келген
екінші Тұлғаның жұмыскерлері ретінде жұмыс
істейтін жеке тұлғаларды қамтымайды.
Кедендік Төлемдер осы Келісім күшіне енген күні немесе одан
кейін қолданылатын Қазақстан
Республикасындағы мынадай кедендік төлемдерді
білдіреді: 1) кеден баждары; 2) кедендік
алымдар; 3) алымдар; 4) алдын ала шешім үшін
төлемақы.
Құрылыс Объектісі Құрылыс Алаңында тұрғызылатын және Әбу-Даби
Плаза деп аталатын көп функционалды кешенді
білдіреді.
Құрылыс Объектісін осы Келісімде айтылған ережелерді іске асыру
Іске асыру туралы үшін және оның негізінде Қазақстан Үкіметі,
Келісім АСТАНА мен АЛДАР арасында жасалатын құрылыс
объектісін іске асыру туралы келісімді
білдіреді.
Құрылыс Объектісін Қазақстандық Заңнамаға сәйкес (қолданысына
Аяқтау Күні байланысты) Құрылыстың барлық Объектісінің
пайдалануға берілуін немесе аяқталуын
білдіреді.
Дау АЛДАР-дың кез келген Субъектісі мен Қазақстан
Республикасының Үкіметі не АЛДАР-дың кез
келген Субъектісі мен кез келген Мемлекеттік
Орган арасындағы Құрылыс Объектісін Іске
асыру туралы Келісімнен не оған байланысты
туындайтын дауларды қоса алғанда, бірақ
онымен шектелмейтін Құрылыс Объектісін Салуға
және Пайдалануға қатысты кез келген дауды
білдіреді.
Күшіне Ену Күні БАӘ Үкіметінің Қазақстан Үкіметінен осы
Келісімді Қазақстандық Заңнамаға сәйкес
ратификациялау туралы ресми хабарлама алған
күнін білдіреді.
Ұйым олардың мемлекеттік немесе жеке меншік
болып табылуына, кез келген мемлекеттің
заңнамасына сәйкес немесе заңды құзырына
немесе екі немесе бірнеше Тұлғалар арасындағы
жазбаша келісімдерге сәйкес құрылғандығына
немесе ұйымдастырылғанына қарамастан, кез
келген компанияны, корпорацияны,
жауапкершілігі шектеулі қоғамды,
серіктестікті, жауапкершілігі шектеулі
серіктестікті, бірлескен кәсіпорынды,
кәсіпорынды, қауымдастықты, трасты немесе
басқа заңды тұлғаны немесе басқа ұйымды
білдіреді.
Шетелдік валюта кез келген шетелдік мемлекеттің валютасын,
оның ішінде халықаралық және есептесу
бірліктерін білдіреді.
Шетелдік Жұмыскер 1.2-бапта айқындалған.
Тауарлар "Көлік құралдары" деген ұғымда көрсетілген
көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы арқылы
тасымалданатын кез келген мүлікті, оның
ішінде ақпарат көздерін, валюталық
құндылықтарды, электр, жылу және өзге де
энергия мен көлік құралдарын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасында өндірілген кез
келген мүліктер мен заттарды білдіреді.
Қазақстан Үкіметі құрылымында, нысанында қандай да бір уақыт
кезеңінде немесе өзгеше түрдегі қандай да бір
өзгерістерге қарамастан, Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органын,
оның ішінде оның барлық органдарын,
филиалдарын, олардың әкімшілік және өзге де
бөлімшелерін, сондай-ақ барлық атқарушы және
реттеуші органдарын, агенттіктерін,
департаменттерін, министрліктерін, олардың
басқаруға, реттеуге, салықтарды, баждар мен
өзге де алымдарды алуға, лицензияларды немесе
рұқсаттарды беруге немесе бекітуге немесе
өзгеше түрде Құрылыс Объектісіне тікелей
немесе жанама түрде (қаржылай немесе өзгеше
түрде) немесе Құрылыс Объектісіне (Жергілікті
Органдар мен Мемлекеттік Ұйымдарды
қоспағанда) қатысты кез келген құқықтар
немесе міндеттемелерге ықпал етуге уәкілетті
әкімшілік органдары мен ресми тұлғаларын
білдіреді.
Әбу-Даби Үкіметі құрылымында, нысанында қандай да бір уақыт
кезеңінде немесе өзгеше түрдегі қандай да бір
өзгерістерге қарамастан, Әбу-Дабидің орталық
атқарушы органын, оның ішінде барлық
органдарды, филиалдарды, олардың әкімшілік
және өзге бөлімшелерін, сондай-ақ барлық
атқарушы және реттеуші органдарды,
агенттіктерді, департаменттерді,
министрліктерді, олардың әкімшілік органдары
мен ресми тұлғаларын білдіреді.
Инвестициялар 13-бапта айқындалған.
Қазақстандық Заңнама міндетті заңды күші бар және Конституцияны,
барлық басқа заңдарды, кодекстерді, заң күші
бар жарлықтарды, жарлықтарды, заңға тәуелді
актілерді, ережелерді, ресми хабарламаларды,
декларацияларды, қағидаттық шешімдерді,
бұйрықтарды, нормативтік актілер мен
саясатты, Қазақстан тарабы болып табылатын
немесе болуы мүмкін барлық халықаралық
келісімдерді, сондай-ақ мұндай халықаралық
келісімдерді ратификациялау немесе орындау
туралы барлық мемлекетішілік қаулыларды,
заңдар мен жарлықтарды, сондай-ақ барлық
мұндай құқықтық құралдардың басымдыққа ие сот
түсіндірмелерін қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының толық құқықтық режимін
білдіретін Қазақстан Республикасының заңдарын
білдіреді.
Жергілікті Органдар құрылымындағы, нысанындағы қандай да бір
өзгерістерге немесе өзге де өзгерістерге
қарамастан, мемлекет билігінің барлық
жергілікті және муниципалды органдары мен
олардың барлық құрамдас элементтерін, оның
ішінде барлық мемлекеттік мекемелерді,
филиалдарды, олардың әкімшілік және өзге де
бөлімшелерін, сондай-ақ барлық атқарушы және
реттеуші органдарды, агенттіктерді,
департаменттерді, министрліктерді және
басқаруға, реттеуге, салықтарды, баждар мен
өзге де алымдарды алуға, лицензияларды немесе
рұқсаттарды беруге немесе бекітуге не болмаса
өзгеше түрде Құрылыс Объектісіне тікелей не
жанама (қаржылай немесе өзгеше түрде) немесе
Құрылыс Объектісіне қатысты кез келген
құқықтар немесе міндеттемелерге ықпал етуге
уәкілетті ресми тұлғаларды білдіреді.
Тұтынылмаған 4.4.1-параграфта көрсетілген төлемдер мен Тауарлар мен Көлік салықтардан босатыла отырып, АЛДАР, Мердігер
құралдары немесе Қосалқы мердігер әкелген, Құрылыс пен
Пайдалануда әкімшілендіруді және оны
басқаруды қоса алғанда, Құрылыс Объектісін
Салу және Пайдалану мақсаттары мен кезеңі
ішінде пайдаланылмаған кез келген көлік
құралдарын, жабдық пен материалдарды
білдіреді.
Пайдалану Құрылыс Объектісіне қатысты сақтандыруды,
иеленуді, пайдалануды, жөндеуді, ауыстыруды,
қайта жабдықтауды, техникалық қызмет
көрсетуді, кеңейтуді, ұзартуды және сол
немесе өзге уақыт кезеңінде Құрылыс
Объектісін қорғауды білдіреді.
Тараптар Қазақстан Үкіметі мен БАӘ Үкіметін білдіреді,
"Тарап" көрсетілген үкіметтердің кез келгенін
білдіреді.
Жобалау ықтимал ұзартуды, жаңартуды, ауыстыруды,
Құжаттамасы түзетулерді немесе олардың шарттарына сәйкес
өзге де өзгерістерді ескере отырып,
Құрылыстың мақсаттары үшін АЛДАР дайындаған
немесе АЛДАР-дың нұсқауы бойынша дайындалған
кез келген суреттерді, жобаларды, сызбаларды,
сұлбаларды, есептерді, өлшемдерді,
сипаттамаларды, тұсаукесерлерді, жобалауға
арналған тапсырмаларды және өзге құжаттарды
білдіреді.
Тұлға кез келген жеке тұлғаны немесе кез келген
заңды тұлғаны білдіреді.
Құрылыс Алаңы Құрылыс Объектісінің орналасқан жері ретінде
ұсынылған және Құрылыс Объектісінің нақты
орналасқан жері мен Құрылыс Объектісінің
мақсаттары үшін қандай да бір жұмыстар
жүргізілетін қандай да бір қызметтер
көрсетілетін, қандай да бір Тауарлар
сақталатын кез келген орынды шектеусіз қоса
алғанда, Құрылысқа және Пайдалануға
байланысты кез келген қызмет жүзеге
асырылатын Қазақстан Республикасының Астана
қаласының аумағындағы кем дегенде 7 (жеті)
гектар жерді білдіреді. Құрылыс Объектісінің
орналасқан жері ретінде ұсынылған Құрылыс
Алаңы бөлігінің географиялық орналасуы 2009
жылғы 31 наурыздағы Өзара түсіністік туралы
Меморандумда көрсетілген деректерге сәйкес
келуі тиіс.
Мемлекеттік контекстің және әр түрлі мемлекеттік
Органдар құрылымдардың заңи құзырының талаптарына
сәйкес мыналарды: (і) Үкіметті, (іі) барлық
Мемлекеттік Ұйымдарды, (ііі) барлық
Жергілікті Органдарды және (iv) барлық немесе
санамаланған қандай да бір органдардың ішінен
қандай да бірінің немесе олардың құқықтық
мұрагерлерінің және құқықтық
цессионарийлерінің атынан әрекет ететін кез
келген Тұлғаны білдіреді.
Мемлекеттік Ұйым Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан
Үкіметі капитал үлесін немесе соған ұқсас
қатысу үлесін тікелей немесе жанама иеленетін
және Қазақстан Үкіметінің агенттері мен
өкілдерін қоса алғанда, Қазақстан Үкіметі
тікелей немесе жанама бақылайтын Ұйымды
білдіреді. Осы анықтама мақсатында "бақылау"
Тұлғаны тікелей және жанама басқару
өкілеттігін немесе заңнамаға сәйкес немесе
өзгеше түрде шарт бойынша акциялардың пакетін
иелену негізінде оны басқару қағидаттары мен
саясатын айқындауды білдіреді.
Қосалқы мердігер барлық немесе бірнеше Мердігерлермен немесе
олардың кез келгенімен келісім(дер) жасасқан
және тікелей немесе жанама барлық немесе
бірнеше Мердігерлерге немесе олардың кез
келгеніне Құрылыс Объектісіне байланысты
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді немесе
технологияларды жеткізетін кез келген
Тұлғаны, сондай-ақ мұндай Тұлғаның кез келген
құқықтық мұрагерлерін немесе құқықтық
цессионарийлерін білдіреді.
Салықтар Мемлекеттік Органдарға төленуі тиіс немесе
олар алатын барлық қолданыстағы немесе
болашақ салықтарға, алымдарға, баждарға,
жарналар мен өзге де төлемдерге байланысты
пайыздарды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды (оның
ішінде қаржы санкциялары және әкімшілік
жазаларды) қоса алғанда, жоғарыда
айтылғандарды білдіреді және "Салық" жоғарыда
айтылғандардың кез келгенін білдіреді.
Техникалық Жұмыскер 1.4 (іі) бапқа сәйкес АЛДАР айқындайды.
Мерзім 16.3-бапқа сәйкес айқындалады.
Аумақ Қазақстан Республикасының құрлық аумағын,
оның аумақтық суларын және оның үстіндегі әуе
кеңістігін, сондай-ақ оған қатысты ел
халықаралық құқыққа сәйкес егемен құқықтарға
ие болатын Қазақстан Республикасының заңи
құзырында тұрған теңіз аймақтарын білдіреді.
Бағалау Күні 5.2-бапқа сәйкес айқындалады.
ҚҚС Қазақстандық Заңнамаға сәйкес белгіленген
анықтамаға сәйкес қосылған құн салығын
білдіреді.
Көлік Құралы техникалық паспортта немесе техникалық
журналда көзделген қарапайым қосалқы
бөлшектерді, жинақтаушылар мен жабдықтарды,
сондай-ақ көрсетілген көлік құралдарымен
бірге оларды тасымалдаған жағдайда олардың
конструкцияларында көзделген олардың құю
сыйымдылықтарында болатын отынды, жағар май
материалдарын және хладагенттерді қоса
алғанда, халықаралық тасымалдар үшін
пайдаланылатын кез келген теңіз, ішкі су,
әуе, автомобиль көліктерін білдіреді.
ШЖК Тартуға Қазақстан Республикасында еңбекті орындауға
арналған Рұқсат Шетелдік Жұмыскерді тартуға арналған рұқсатты
білдіреді.
РҚАО-ның ескертпесі: бұдан әрі келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.