Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы
Кишиневте 2008 жылғы 14 қарашада қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 қарашадағы
N 1065 қаулысымен
мақұлданған
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау жөніндегі күш-жігерді біріктіру қажеттігіне сүйене отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады: "радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объект" - радиоактивті заттар, уытты химикаттар немесе биологиялық құралдар сақталатын, қайта өңделетін, қолданылатын немесе тасымалданатын объект, мұнда авария болған кезде немесе ол қираған кезде адамдардың қаза табуы немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның жойылуы немесе радиоактивті немесе химиялық немесе биологиялық зақымдануы мүмкін;
"Тарап мемлекеті қорғаныс министрлігінің объектісі" - Тараптардың қарулы күштерінің әскери бөлімі немесе ұйымы.
2-бап
Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және Тараптар мемлекеттерінің аумақтарына радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қаупі туралы ақпарат беру жолымен оны бақылау саласында Тараптар өзара іс-қимыл жасайды.
Тараптар осы мақсатта Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауының және бағалауының біріккен жүйесін (бұдан әрі - Біріккен жүйе) құрады.
Біріккен жүйені құру және оның міндеттерді орындау қағидаттары осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көзделген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауының және бағалауының біріккен жүйесі туралы ережеде (бұдан әрі - Біріккен жүйе туралы ереже) айқындалады.
Осы Келісімді іс жүзінде іске асыруды Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрліктері жүзеге асырады.
3-бап
Біріккен жүйе мынадай міндеттерді шешу үшін құрылады:
Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың жай-күйін ұдайы бірлесіп бақылауды қамтамасыз ету;
әрбір Тарап мемлекетінің аумақтарындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және басқа Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қаупі туралы ақпарат беру және алу;
әрбір Тарап мемлекетінің аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және басқа Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қаупі туралы әскерлерді (халықты) хабардар ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіру.
4-бап
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің жанынан Біріккен жүйені құру және жетілдіру бойынша күш-жігерді келісу мақсатында Тараптар мемлекеттерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Үйлестіру комитеті) құрылады.
Үйлестіру комитетінің құрамына оның мүшелері ретінде Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарынан басқа, Тараптардың келісімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің басқа да лауазымды адамдары кіруі мүмкін.
Үйлестіру комитеті Біріккен жүйе туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.
5-бап
Осы Келісім шеңберінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру, оның ішінде Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және Тараптар мемлекеттерінің аумағына радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қаупі туралы ақпаратты Тараптардың беру тәртібі Үйлестіру комитеті әзірлейтін және Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрлері бекітетін Өзара іс-қимыл жоспарында айқындалады.
Тараптардың бірінің мемлекетінің қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау күштері мен құралдарын тікелей басқаруды Өзара іс-қимыл жоспарын ескере отырып, осы Тарап мемлекетінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлерінің бастығы жүзеге асырады.
Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіруді Үйлестіру комитеті жүзеге асырады.
6-бап
Осы Келісім шеңберінде берілетін Тараптардың әрқайсысы мемлекетінің аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және Тараптар мемлекеттерінің аумағына радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қаупі туралы ақпарат тек осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылады. Осы Келісімді іске асыру барысында Тараптардың бірі алған ақпаратты ол басқа Тараптарға залалын келтіре отырып пайдалана алмайды.
Мемлекетаралық құпиялармен жұмыс істеу тәртібі және оларды қорғау 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге немесе құпия ақпаратты (мемлекеттік құпияларды) өзара қорғау (күзету) туралы екі жақты келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
құпия ақпаратты беру және оны қорғау Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптардың ақпаратты қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға құқығы бар.
7-бап
Радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау саласындағы әскери мамандарды оқыту Тараптар арасындағы екі жақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
8-бап
Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
9-бап
Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оны күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап күшіне енеді.
10-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
11-бап
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады.
Әрбір Тарап депозитарийге шығу күніне дейін алты айдан кешіктірмей, бұл туралы жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Келісімнен шыға алады.
12-бап
Осы Келісім оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін және осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдауға әзір Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына басқа да қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық және олар үшін депозитарий қосылу туралы хабарлама алған күнінен бастап күшіне енді деп саналады.
2008 жылғы 14 қарашада Кишинев қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін Түрікменстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
2008 жылғы 14 қарашадағы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттер қорғаныс
министрліктерінің радиациялық, химиялық
және биологиялық жағдайды бақылау
саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге
қосымша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауының және бағалауының біріккен жүйесі туралы ереже
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауының және бағалауының біріккен жүйесі (бұдан әрі тиісінше - Біріккен жүйе, Келісім) Келісімге қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жай-күйін ұдайы бақылауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Келісімге қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрі - Тараптар) үкіметтеріне және олардың әскери басқару органдарына әрбір Тарап мемлекетінің аумағындағы көрсетілген жағдайдың өзгеруі және басқа Тараптар мемлекеттерінің аумағында радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қаупі туралы ақпаратты жедел ұсыну үшін құрылады.
2. Біріккен жүйе міндеттерді Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің мүдделерінде бірлесіп шешу үшін олардың радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалау күштері мен құралдарын (бұдан әрі - Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдары) қамтиды.
Біріккен жүйенің күштері мен құралдары ұлттық қағидат бойынша әрекет етеді және әрбір Тарап мемлекетінің қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалау жөніндегі міндеттерді дербес шешеді.
Біріккен жүйе Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жаппай қырып-жою қаруын қолданудың, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілердегі авариялардың (қираулардың) ауқымы мен салдарын анықтаудың және бағалаудың бірыңғай жүйесінің Жедел-үйлестіру орталығына ақпаратты түрде шоғырландырылатын Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауы мен бағалауының ұлттық жүйелерінен тұрады. Көрсетілген ұлттық жүйелер өз кезегінде, Тараптар мемлекеттерінің әскер түрлері мен тектері бірлестіктерінің, құрамаларының шағын жүйесін (буындарын), сондай-ақ қарулы күштерінің тиісті әскери бөлімдерін қамтиды. Шағын жүйелердің өз құрамында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың жедел, жедел-тактикалық және тактикалық буындары болады. Буындар басқару пункттерінен, ядролық жарылыстарды анықтау күштері мен құралдарынан, радиациялық, химиялық барлаудан және радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау бекеттерінен тұрады.
Тараптардың әрқайсысы өзінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуін дербес қамтамасыз етеді.
Біріккен жүйенің күнделікті жұмыс істеу режимінде радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау жөніндегі міндеттерді тәулік бойы орындау радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау шағын жүйелерінің (буындарының) кезекші ауысымына жүктеледі.
Біріккен жүйенің кезекші күштері мен құралдарын басқару Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының басқару пункттерінен жүзеге асырылады.
Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіпті объектісінде Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруіне ықпал етуі мүмкін төтенше жағдайлар туындаған жағдайда радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау жөніндегі міндеттерді шешу бекітілген Өзара іс-қимыл жоспары негізінде осы Тарап мемлекетінің қорғаныс министрлігінің күштерімен және құралдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдарының бірлескен іс-қимылын басқару аумағында көрсетілген іс-шаралар орындалып жатқан Тарап мемлекетінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының басқару пунктінен жүзеге асырылады.
3. Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдарының бірлескен іс-қимылын үйлестіруді Тараптар мемлекеттерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Үйлестіру комитеті) жүзеге асырады. Үйлестіру комитеті туралы ережені Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі бекітеді.
Үйлестіру комитетінің отырыстары қажетіне қарай, әдетте, жылына бір рет олардың арасындағы алдын ала келісім бойынша айқындалатын Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында кезекпен өткізіледі.
Үйлестіру комитетінің отырыстарын өткізу жөніндегі шығыстарды аумағында отырыс өткізілетін Тараптың мемлекеті көтереді. Үйлестіру комитетінің мүшелерін іссапарға жіберу жөніндегі шығыстарды жіберуші мемлекет көтереді.
4. Үйлестіру комитетінде төрағалық ету Үйлестіру комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Үйлестіру комитетінің төрағасы өз қызметінде Келісімді, Үйлестіру комитеті туралы ережені және бекітілген Өзара іс-қимыл жоспарын басшылыққа алады.
5. Үйлестіру комитетінің төрағасы:
Келісім шеңберінде бірлескен міндеттерді орындау кезінде Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдарының іс-қимылын үйлестіреді;
Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлерінің бастығымен бірлесіп, Өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және дайындауды ұйымдастырады және оны Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрлеріне бекітуге ұсынады;
Тараптар мемлекеттері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлерінің бастықтарымен бірлесіп, Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауының және бағалауының күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін одан әрі дамыту және арттыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуді ұйымдастырады.
6. Келісім шеңберінде өзара іс-қимыл жасау кезінде Біріккен жүйенің күштері мен құралдарына басшылық жасау орыс тілінде жүзеге асырылады.
7. Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) қызметтерінің өкілдеріне радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілерге және Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрліктері күштері мен құралдарының объектілеріне кіруге рұқсат ету әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Орыс тіліндегі түпнұсқа мәтініне сәйкес мемлекеттік тілге аударылды
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Халықаралық ынтымақтастық
департаменті бастығының
міндетін уақытша атқарушы полковник Ә. Кулбаев