Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда:
"Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:
"3-4. Жануарлар дүниесі объектілері, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер
Р/с |
Атауы |
ҚР СЭҚ ТН коды |
1. |
Жабайы тірі аңдар |
0106-дан |
2. |
Тірі балық (0301 10 тауар позициясындағы сәндік балықты қоспағанда) |
0301-ден |
3. |
Құстардың қабықты жұмыртқалары |
0407 00 900 0 |
4. |
Жабайы аңдардың қаны |
0511-ден |
Ескертпе. Осы тармақта көрсетілген тауарлар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаттарымен әкелінеді. Тыйым салулар осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу кезінде жеңілдік тәртібі көзделген жеке тұлғаларға қатысты "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысында көзделген нормалардың шегінде қолданылмайды.";
"Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Жануарлар дүниесі объектілері, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер
Р/с |
Атауы |
ҚР СЭҚ ТН коды |
1. |
Жабайы тірі аңдар |
0106-дан |
2. |
Тірі балық (0301 10 тауар позициясындағы сәндік балықты қоспағанда) |
0301-ден |
3. |
Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық, 0304 тауар позициясындағы балықтың жон еті мен басқа да еттерін қоспағанда |
0302 |
4. |
Мұздатылған балық, 0304 тауар позициясындағы балықтың жон еті мен басқа да еттерін қоспағанда |
0303 |
5. |
Мұздатылған тұщы су шаяндары |
0306 19 100 0 |
6. |
Мұздатылмаған тұщы су шаяндары |
0306 29 100 0 |
7. |
Тірі, жаңа ауланған немесе салқындатылған судағы омыртқасыздар |
0307 91 000 0-ден |
8. |
Мұздатылған судағы омыртқасыздар |
0307 99 180 0-ден |
9. |
Өзге де судағы омыртқасыздар |
0307 99 900 0-ден |
10. |
Құстардың қабықты жұмыртқалары |
0407 00 900 0 |
11. |
Қауырсын мен мамық, үй құстарын қоспағанда |
0505 10 900 0-ден |
12. |
Өңделмеген немесе бастапқы өңдеуден өткен, бірақ пішінге келтірілмеген піл сүйегі, тасбақалардың сауыттары, киттің мұрты және кит мұртынан жасалған қылтанақтар, мүйіздер, бұғы мүйіздері, тұяқтар, тырнақтар, аяқ тырнақтары мен тұмсықтары; осы өнімдердің ұнтақтары мен қалдықтары; (аң аулауға берілген рұқсат құжаттарға (аң аулауға рұқсат, аң аулау хаттамасы, олжа алу парағы) сәйкес табылған аңшылық олжаларды қоспағанда) |
0507-ден |
13. |
Мускус |
0510 00 000 0-ден |
14. |
Жабайы аңдардың қаны |
0511-ден |
15. |
Бекіре уылдырығы және оны алмастырушылар |
1604 30 |
16. |
Жабайы аңдардың терілері |
4103 90 900 0-ден |
Ескертпе. Осы тармақта көрсетілген тауарлар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаттары бойынша әкетіледі. Тыйым салулар осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу кезінде жеңілдік тәртібі көзделген жеке тұлғаларға "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысында көзделген нормалардың шегінде қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде сыртқы сауда қызметін реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын шаралар туралы Евразиялық экономикалық қауымдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республиканың
Премьер-Министрі К. Мәсімов