Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы N 984 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 902 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2018 № 902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 маусымдағы
N 984 қаулысымен
бекітілген

Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру
кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда,
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды
хабардар ету ережесі

      1. Осы Ереже "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету тәртібін белгілейді.

      2. Желісінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізетін ұялы байланыс операторлары желіде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, олар анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бірінші басшының немесе оның міндеттерін орындайтын адамның қолымен тиісті хабарламаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жібереді.

      3. Хабарлама ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмелерімен және онда көрсетілген мәліметтерді бейнелейтін құжаттармен қоса осы Ережеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.

  Ұялы байланыс операторларының
өз желісінде бірдей сәйкестендіру
кодтары бар бірнеше абоненттік
құрылғыларды байқаған жағдайда,
жедел-іздестіру қызметін жүзеге
асыратын органдарды хабардар
ету ережесіне қосымша

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.

Өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқау туралы хабарлама

      _____________________________________________________________________

      (ұялы байланыс операторының атауы)

      бізге тиесілі ұялы байланыс желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар мынадай абоненттік құрылғылар жұмыс істейтіні туралы хабарлайды:

Р/с

N

Сәйкестендіру коды

Желіде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғылар анықталған күні және уақыты

Желіде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғылар анықталған сәтте абоненттік құрылғының жұмыс орны (базалық станцияның жұмысы шегінде)

Абоненттік нөмір

Абонент туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректері, шоттарды жеткізу үшін мекенжайы; жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, почталық мекен-жайы)

1

2

3

4

5

6








      Ұялы байланыс

      операторының басшысы ______________ ___________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

Об утверждении Правил уведомления операторами сотовой связи соответствующих органов, осуществляющих оперативно-розыскную деятельность, в случае обнаружения в своей сети нескольких абонентских устройств с идентичными идентификационными кодами

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2009 года № 984. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 902.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.12.2018 № 902 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 15 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила уведомления операторами сотовой связи соответствующих органов, осуществляющих оперативно-розыскную деятельность, в случае обнаружения в своей сети нескольких абонентских устройств с идентичными идентификационными кодами.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 26 июня 2009 года № 984

Правила
уведомления операторами сотовой связи соответствующих органов,
осуществляющих оперативно-розыскную деятельность, в случае
обнаружения в своей сети нескольких абонентских устройств
с идентичными идентификационными кодами

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 15 Закона Республика Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" и определяют порядок уведомления операторами сотовой связи соответствующих органов, осуществляющих оперативно-розыскную деятельность, в случае обнаружения в своей сети нескольких абонентских устройств с идентичными идентификационными кодами.

      2. Операторы сотовой связи, ведущие реестр идентификационных кодов абонентских устройств, работающих в их сети, в случае обнаружения в сети нескольких абонентских устройств с идентичными идентификационными кодами, в течение трех рабочих дней с момента обнаружения направляют в Министерство внутренних дел Республики Казахстан за подписью первого руководителя или лица, исполняющего его обязанности, соответствующее уведомление.

      3. Уведомление оформляется согласно приложению к настоящим Правилам с приложением копий договора об оказании услуг сотовой связи и документов, отражающих сведения указанные в нем.

  Приложение
к Правилам уведомления операторами
сотовой связи соответствующих
органов, осуществляющих
оперативно-розыскную деятельность,
в случае обнаружения
в своей сети нескольких абонентских
устройств с идентичными
идентификационными кодами

      Сноска. Приложение с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 18.06.2010 № 613.

      Министерство внутренних дел

      Республики Казахстан

Уведомление
об обнаружении в своей сети нескольких абонентских устройств
с идентичными идентификационными кодами

      ________________________________________________

      (наименование оператора сотовой связи)

      уведомляет о том, что в принадлежащей нам сети сотовой связи работают

      следующие абонентские устройства с идентичными идентификационными кодами:

п/п

Идентифика-

ционный

код

Дата и

время

обнаружения

в сети

нескольких

абонентских

устройств с

идентичными

идентифи-

кационными

кодами

Место

работы

абонентского

устройства в

момент

обнаружения в

сети нескольких

абонентских

устройств с

идентичными

идентификацион-

ными кодами

(в пределах

работы базовой

станции)

Абонент-

ский

номер

Сведения об

абоненте

(для

юридических

лиц - данные

свидетельства о

государственной

регистрации,

адрес для

доставки счетов;

для физических

лиц - фамилия,

имя и отчество,

место

жительства,

номер и

дата выдачи

документа,

удостоверяющего

личность,

почтовый

адрес)

1

2

3

4

5

6








      Руководитель оператора

      сотовой связи ____________ __________

      (подпись) (Ф.И.О.)