Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1103 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 618-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесінде:
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов