"Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақтың дәстүрлі музыкасының аса көрнекті өкілі - халық композиторы Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 шілдедегі
N 1035 қаулысымен
бекітілген
Қазақтың дәстүрлі музыкасының аса көрнекті өкілі - халық
композиторы Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл толуын
дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған XVII республикалық Қазақстан драма театрларының фестивалін өткізу |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы III тоқсан |
011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
20449,0 |
2 |
Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған салтанатты концерт өткізу, Біржан сал Қожағұлұлының әндерінен СD дискілер шығару |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы IV тоқсан |
011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
5600,0 |
3 |
"Біржан сал және дәстүрлі қазақ музыка өнері" музыкалық фестивалін өткізу |
Ақмола облысының әкімі |
2009 жылғы III тоқсан |
Жергілікті бюджет |
2350,0 |
Жиыны: |
Республикалық бюджет |
26049,0 |