Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" (бұдан әрі - Академия) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау және білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы және Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, Қожа Ахмед Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті (бұдан әрі - ХҚТУ) қызметінің шарттары туралы Түрік Республикасымен үкіметаралық келісімнің жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құрсын;
2) Академия студенттерін оқытуды аяқтау мақсатында ХҚТУ-ға "Педиатрия" және "Стоматология" мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру мәселесін қарасын;
3) медициналық мамандықтар бойынша босайтын білім беру гранттары есебінен қолданыстағы заңнамада белгіленген өлшемдерге сәйкес келетін ХҚТУ-ға және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарына ауыстырылатын Академия студенттеріне білім беру гранттарын беруді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 шілдедегі
N 1037 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.