Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 465 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 шілдедегі
N 1096 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық
қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді қолдану нәтижелерін талдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, электр станциялары (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 2010 жылғы 20 қаңтар, 2011 жылғы 20 қаңтар, 2012 жылғы 20 қаңтар |
2 |
Электр энергетикасы саласындағы субъектілердің қызметін реттеудің саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік қатынастарды дамытуға бағытталған әдістерін жетілдіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА |
2010 жылғы 20 сәуір |
3 |
Электр энергиясындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру және электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымының моделін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА,"КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша) |
2010 жылғы 20 шілде |
4 |
Электр энергетикасы саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі өлшемдерін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА |
2010 жылғы 20 қазан |
5 |
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда алаңын пайдалана отырып, Орталық Азия энергетикалық сауда алаңы негізінде электр энергиясының мемлекетаралық нарығының моделін қалыптастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша), "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша) |
2011 жылғы 20 қаңтар |
6 |
Электр қуаты нарығының моделін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша) |
2011 жылғы 20 наурыз |
7 |
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына электр энергетикасында нарықтық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу |
ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, ЭБЖМ |
2011 жылғы 20 қазан |
Ескертпе: аббревиатураларды ң толы қ жазылуы:
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
ҚЭҚ - Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы
"КЕGОС" АҚ - "Электр желілерін басқару жөніндегі
қазақстан компаниясы" "КЕGОС" (Каzаkhstаn
Еlеktrісіtу Grіd Ореrаtіng Соmраny)
акционерлік қоғамы
"КОРЭМ" АҚ - "Электр энергиясы мен қуаты нарығының
қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы
электр станциялары - уәкілетті органмен энергия өндіруші
ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолда бар
активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға,
қайта жаңартуға және техникалық қайта
жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске
асыру жөніндегі инвестициялық
міндеттемелерін көздейтін келісім
жасасқан энергия өндіруші ұйымдар