"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы
Заңына
және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым геморрагиялық қызба ауруының таралуына байланысты малды, мал қораларын және оларға іргелес аумақтарды өңдеу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде 196781700 (бір жүз тоқсан алты миллион жеті жүз сексен бір мың жеті жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов