Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында :
"Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде :
2-1-тармақта:
үшінші абзацтағы "14 айға дейінгі" деген сөздер "5 жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы "сүт" деген сөзден кейін ", май-тоң май өнімдерін, астық және ұн" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында :
"Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету" деген 2-1-бөлімде:
реттік нөмірі 6-4-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай";
реттік нөмірі 6-5-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған тиісті шарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында :
"Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету" деген 1-1-бөлімде:
реттік нөмірі 6-1-жолдың 4, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
"АШМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ (келісім бойынша), қауымдастықтар, одақтар (келісім бойынша)";
"ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов