"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне инфрақұрылым объектілерін салуға ақы төлеуге "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын заңнамада белгіленген тәртіппен ұлғайту үшін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5000000000 (бес миллиард) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.16 N 1841 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов