Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік кәсіпорын туралы " 1995 жылғы 19 маусымдағы, " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті "Қазаэрожобалау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі - еншілес кәсіпорын) құруға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне еншілес кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруға Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті "Қазаэрожобалау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен 64 417 904 (алпыс төрт миллион терт жүз он жеті мың тоғыз жүз төрт) теңге бөлінсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов