2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімге , Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (кеден одағының жоғарғы органының) үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесінің "Кеден одағының комиссиясы туралы" 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 5 шешіміне және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 29 мамырдағы N 53 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының бекітуіне мынадай кандидатуралар:
Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының Жауапты хатшысының орынбасары лауазымына;
Төлеген Болатұлы Нұрбаев - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры лауазымына;
Дина Қияшқызы Ақпанбаева - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары лауазымына ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Миниcтрі К.Мәсімов