"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің "Қызылордажаңғырту" арнаулы ғылыми-жаңғырту шеберханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдап алынсын.
2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қызылордажаңғырту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
3. Осы қаулының 1 және 2-тармақтары іске асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қызылордажаңғырту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов