Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 466 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі N 1295 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 466 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге, атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен айналысуға арналған лицензиясы бар, эмитентпен жасалған агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      8) депонент - депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым.";
      8-тармақта:
      "Қазынашылық міндеттемелерді" деген сөздердің алдынан "Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      "жүзеге асырады," деген сөздерден кейін "егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Агент төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, олар арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру кезінде бастапқы нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға жасалады.";
      10-тармақта "рәсімдері" деген сөзден кейін ", егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақтың 6) тармақшасындағы "міндеттемелерді" деген сөзден кейін (;) белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді";
      13-тармақта "жүзеге асырған күн" және "айналысқа қосу" деген сөздерден кейін ", егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақтың бірінші абзацында "Осы міндеттемелер" деген сөздердің алдынан "Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта "міндеттемелерді өтеу" деген сөздерден кейін ", егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-бөліммен толықтырылсын:
      "10. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
      83. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
      84. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 10 АҚШ долларына баламалы теңгедегі сома.
      85. "Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" деген атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МАОКАМ) деп аталады.
      86. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер екі және үш жыл айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
      87. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру агент арқылы жазылуды жүргізу жолымен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары арасында ғана жүзеге асырылады.
      Агентті тарту туралы шешімді эмитент қабылдайды. Агенттерді іріктеу әлеуетті агенттердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін, әлеуетті агенттер ұсынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі шарттардың қолайлылығын бағалау жолымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады. Тендердің қорытындылары бойынша эмитент агентпен агенттік келісім жасасады.
      88. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу депозитарийдегі депоненттердің дербес шоттары бойынша және депоненттердің дербес шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.
      89. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша құқықтарды растау депозитарийді есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының қосалқы шотынан не атаулы ұстаушыны есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының дербес есеп шотынан көшірме беру жолымен жүзеге асырылады.
      90. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей эмитент депозитарийге арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
      91. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің шығарылымына жазылу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей эмитент бұқаралық ақпарат құралдары және агент арқылы арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы жариялайды. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы хабарландыру мыналарды: арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу және сатып алу, оларды айналысқа қосу тәртібін, шығарылған күнін және нөмірін, айналым мерзімін, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу және өтеу күнін, сыйақы сомасын есептеу әдісін, өтінімдерді қабылдау орнын қамтуы тиіс.
      92. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу он жұмыс күні ішінде жалғастырылады. Эмитент жазылу мерзімін он жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Жазылу мерзімін ұзартқан жағдайда эмитент жазылу мерзімін ұзарту басталған күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы агентті және депозитарийді хабардар етеді және қажет болған кезде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
      93. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылуды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінімді агентке береді және өтінімде көрсетілген арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің санына сәйкес келетін сомада сатып алынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер үшін ақы төлеуді жүргізеді. Өтінімдер бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтінімдер берілетін күнге белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша қолма-қол да және сол сияқты қолма-қол емес нысанда да теңгемен жүзеге асырылады.
      94. Жеке тұлғаның агентті атаулы ұстаудың есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда өтінімді берумен бір уақытта жеке тұлға шотты ашуға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін қоса бере отырып, брокерлік қызмет көрсету және атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалатын шарттың негізінде агенттің ішкі құжаттарына сәйкес дербес шот ашады. Агент депозитарийді есепке алу жүйесінде тиісті қосалқы шот ашуы тиіс.
      95. Жазылу жүргізу кезеңінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға жеке тұлғалар берген өтінімдер кері қайтарылмайды.
      96. Жазылу жүргізу кезеңінде агент операциялық шығыстар үшін жеке тұлғалардан төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақының сомасына енгізіледі.
      97. Жазылу жүргізу кезеңінде агент жұмыс күні ішінде өтінімдер қабылдауды жүргізеді. Келесі күні Астана қаласы уақытымен сағат 11.00-ге дейін Агент қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосін қалыптастырады және эмитентке әрі бұйрықтарды бастапқы орналастыруға депозитарийге жібереді.
      Депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есептейді және сол күнгі Астана қаласы уақытымен сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.
      98. Агент депозитарийдің есебін алған күнінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастырудан түсетін қаражатты эмитентке аударады.
      99. Жазылу аяқталған күнінен бастап екінші күні эмитент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру нәтижелерін агентке жібереді.
      100. Агенттің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы төлеу тәртібі агенттік келісіммен анықталады. Комиссиялық сыйақы мөлшері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
      101. Жазылу аяқталған күнінен кейінгі келесі күн арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталған күні болып есептеледі. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу осы міндеттемелерді өтегенге дейін екі жұмыс күні бұрын аяқталады.
      102. Қазақстан Республикасының резидент жеке және заңды тұлғалары қайталама нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып ала алады.
      103. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушы болып табылатын жеке тұлға бағалы қағаздардың қайталама нарығында арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар операциялар жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайда мәміле жеке тұлға мен агент арасындағы брокерлік қызмет көрсету мен атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалған шарттың негізінде жасалады.
      104. Агент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардан брокерлік қызмет көрсеткені үшін төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақы сомасына енгізіледі.
      105. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу мерзімділігі - жарты жылдық. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен төлем күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар сыйақы төлеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады және сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні өткен соң қайта басталады.
      106. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
      107. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
      S = N * С * 180/360
      мұнда,
      S, теңге - кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
      N, теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
      С, % - купон ставкасы.
      108. Сыйақы төлеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын депозитарий сыйақы алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және сыйақы төлеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
      109. Сыйақы төлейтін күні Астана қаласы уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен ақшаны алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада депозитарийдің позициясына аударады.
      110. Сыйақы төлейтін күні Астана қаласы уақытымен сағат 17.00-ге дейін депозитарий осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес эмитенттен түскен ақшаны депоненттерге аударады.
      111. Депонент сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеуді жүзеге асырады.
      112. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен атаулы құн бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күнінен бастап, екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      113. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар мәмілелерді тіркеу арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
      114. Өтеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын депозитарий өтеу кезінде ақша алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және өтеуге тиесілі АҚШ долларында жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
      115. Өтеу күні Астана қаласы уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада ақшаны депозитарийдің позициясына аударады.
      116. Өтеу күні Астана қаласы уақытымен 17.00-ге дейін депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес депоненттерге ақша аударады және бір уақытта қосалқы шоттардан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.
      117. Депонент өтеу күнінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеуге ақша аударуды жүзеге асырады.";
      осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес мынадай мазмұндағы 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 1 қыркүйектегі
N 1295 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, 
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне   
1-қосымша              

Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін сатып алуға

N ________ ӨТІНІМ

      Осы арқылы өтініш беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (НИН _____ ) (бұдан әрі - облигациялар) сатып алу ниеті туралы хабарлайды.

1. Өтінімді толтыру күні   ____________

2. Өтінімді толтыру уақыты ____________

3. Өтінім берушінің аты-жөні _______________________________________
                            (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)

4. Өтінім берушінің туған жылы ___________

5. Жеке басын куәландыратын құжат
___________________________________          _______________________
      (құжаттың атауы)                               (нөмірі)
_________________________                    _______________________
  (құжат берілген күн)                         (құжатты кім берген)

6. Өтінім берушінің СТН  _____________________________________

7. Тұрақты тұратын мекен-жайы ___________________________________

8. Сатып алынатын облигациялар саны (дана) ___________________

9. Өтінім сомасы (теңге) ___________________

10. Сатушы: агент арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

11. Өтінім берушінің қолы _________________
____________________________________________________________________

Өтінімді қабылдаған
қызметкердің қолы _____________________ / ______________________
                         (қолы)                  (Аты-жөні)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 1 қыркүйектегі
N 1295 қаулысына    
2-қосымша         

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, 
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне   
2-қосымша             

Агентке төленетін комиссиялық сыйақы

Орналастыру көлемі, теңгемен

Комиссиялық сыйақы

бастап

дейін

%

50 000 000

700 000 000

6,50

700 000 000

1 000 000 000

1,90

1 000 000 000

5 000 000 000

1,80

5 000 000 000

10 000 000 000

1,70

10 000 000 000 бастап және одан жоғары

1,60

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2009 года № 466

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2009 года № 1295

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2009 года № 466 "Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных казначейских обязательств Республики Казахстан" следующие дополнения и изменения:
      в Правилах выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных казначейских обязательств Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 3 дополнить подпунктами 7) и 8) следующего содержания:
      "7) агент по размещению специальных среднесрочных казначейских обязательств (далее - агент) - юридическое лицо, от имени и по поручению эмитента осуществляющее размещение специальных среднесрочных казначейских обязательств на основании заключенного с эмитентом агентского соглашения, обладающее лицензией на открытие и ведение банковских счетов физических лиц, на занятие брокерской и дилерской деятельностью с правом ведения счетов клиентов в качестве номинального держателя, трансфер-агентской деятельностью;
      8) депонент - организация, являющаяся клиентом депозитария.";
      в пункте 8:
      после слов "на лицевых счетах Первичных дилеров" дополнить словами "если иное не предусмотрено настоящими Правилами.";
      после слов "при размещении," дополнить словами "если иное не предусмотрено настоящими Правилами,";
      дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Агент осуществляет функции платежного агента, которые заключаются в осуществлении расчетов по специальным среднесрочным казначейским обязательствам на первичном рынке при размещении специальных среднесрочных казначейских обязательств.";
      в пункте 10 после слов "размещения казначейских обязательств" дополнить словами ", если иное не предусмотрено настоящими Правилами,";
      пункт 11 дополнить словами ", если иное не предусмотрено настоящими Правилами";
      пункт 12 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) специальные среднесрочные казначейские обязательства.";
      в пункте 13 после слов "размещенным казначейским обязательствам" и "данных обязательств" дополнить словами ", если иное не предусмотрено настоящими Правилами";
      абзац первый пункта 14 дополнить словами ", если иное не предусмотрено настоящими Правилами";
      в пункте 15 после слов "срока их обращения" дополнить словами ", если иное не предусмотрено настоящими Правилами";
      дополнить разделом 10 следующего содержания:
      "10. Специальные среднесрочные казначейские обязательства
      83. Специальные среднесрочные казначейские обязательства являются купонными эмиссионными ценными бумагами.
      84. Номинальная стоимость специальных среднесрочных казначейских обязательств - сумма в тенге, эквивалентная 10 долларам США.
      85. Название "Государственное специальное среднесрочное казначейское обязательство" на государственном языке именуется "Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МАОКАМ).
      86. Специальные среднесрочные казначейские обязательства выпускаются со сроками обращения два и три года.
      87. Размещение специальных среднесрочных казначейских обязательств осуществляется только среди физических лиц-резидентов Республики Казахстан путем проведения подписки через агента.
      Решение о привлечении агента принимается эмитентом. Отбор агентов осуществляется на основе тендера в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан путем оценки соответствия потенциальных агентов установленным настоящими Правилами требованиям, приемлемости предлагаемых потенциальными агентами условий по размещению специальных среднесрочных казначейских обязательств. По итогам тендера эмитентом заключается агентское соглашение с агентом.
      88. Учет специальных среднесрочных казначейских обязательств и прав по ним осуществляется по лицевым счетам депонентов в депозитарии и на индивидуальных субсчетах инвесторов, открытых на лицевых счетах депонентов.
      89. Подтверждение прав по специальным среднесрочным казначейским обязательствам осуществляется путем представления выписки с субсчета держателя специальных среднесрочных казначейских обязательств в системе учета депозитария либо с лицевого счета держателя специальных среднесрочных казначейских обязательств в системе учета номинального держателя.
      90. Не позднее одного рабочего дня до начала подписки специальных среднесрочных казначейских обязательств, эмитент представляет депозитарию сведения о выпуске специальных среднесрочных казначейских обязательств.
      91. Не позднее, чем за две недели до начала подписки на выпуск специальных среднесрочных казначейских обязательств эмитент через средства массовой информации и агента объявляет о выпуске специальных среднесрочных казначейских обязательств. Объявление о выпуске специальных среднесрочных казначейских обязательств должно содержать: порядок подписки и приобретения специальных среднесрочных казначейских обязательств, их обращения, дату и номер выпуска, срок обращения, ставку вознаграждения, даты выплаты вознаграждения и погашения, метод расчета суммы вознаграждения, место приема заявок.
      92. Подписка на специальные среднесрочные казначейские обязательства продолжается в течение десяти рабочих дней. Эмитент может продлить срок подписки до десяти рабочих дней. В случае продления срока подписки эмитент не позднее одного рабочего дня до даты начала продления срока подписки уведомляет об этом агента и депозитарий и при необходимости представляет сведения о выпуске специальных среднесрочных казначейских обязательств.
      93. При осуществлении подписки на специальные среднесрочные казначейские обязательства физические лица представляют агенту заявку, заполненную по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам и производят оплату за приобретаемые специальные среднесрочные казначейские обязательства в сумме, соответствующей количеству специальных среднесрочных казначейских обязательств, указанному в заявке. Оплата по заявкам может осуществляться как в наличной, так и в безналичной форме в тенге по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату подачи заявок.
      94. В случае отсутствия у физического лица лицевого счета, открытого в системе учета номинального держания агента, одновременно с подачей заявки физическое лицо открывает лицевой счет в соответствии с внутренними документами агента, на основании заключаемого договора на оказание услуг по брокерскому обслуживанию и номинальному держанию с приложением приказа на открытие счета и копии документа, удостоверяющего личность и копии регистрационного номера налогоплательщика. Агент должен открыть соответствующий субсчет в системе учета депозитария.
      95. В период проведения подписки поданные физическими лицами заявки на приобретение специальных среднесрочных казначейских обязательств не могут быть отозваны.
      96. В период проведения подписки агент не взимает плату с физических лиц за операционные расходы. Данные расходы включаются в сумму комиссионного вознаграждения, оплачиваемую эмитентом агенту в соответствии с агентским соглашением.
      97. В период проведения подписки агент производит прием заявок в течение рабочего дня. На следующий день до 11.00 часов времени города Астаны агент формирует и направляет сводную ведомость принятых и удовлетворенных заявок эмитенту и приказы на первичное размещение депозитарию.
      Депозитарий на основании принятых приказов зачисляет специальные среднесрочные казначейские обязательства на соответствующие субсчета и до 12.00 часов времени города Астаны того же дня направляет агенту отчеты об исполнении (неисполнении) приказов.
      98. Агент с даты получения отчета депозитария в течение двух рабочих дней перечисляет средства от размещения специальных среднесрочных казначейских обязательств эмитенту.
      99. На второй день со дня завершения подписки эмитент направляет агенту результаты размещения специальных среднесрочных казначейских обязательств.
      100. Порядок выплаты комиссионного вознаграждения за услуги агента определяются агентским соглашением. Размер комиссионного вознаграждения определяется в соответствии с приложением 2 к настоящим Правилам.
      101. Днем начала обращения специальных среднесрочных казначейских обязательств считается день, следующий за днем завершения подписки. Обращение специальных среднесрочных казначейских обязательств заканчивается за два рабочих дня до погашения данных обязательств.
      102. Приобретать специальные среднесрочные казначейские обязательства на вторичном рынке могут физические и юридические лица - резиденты Республики Казахстан.
      103. В случае принятия решения физическим лицом, являющимся держателем специальных среднесрочных казначейских обязательств, о совершении операций со специальными среднесрочными казначейскими обязательствами на вторичном рынке ценных бумаг, сделка совершается на основании заключенного договора на оказание услуг по брокерскому обслуживанию и номинальному держанию между физическим лицом и агентом.
      104. Агент не взимает плату за брокерское обслуживание с физических лиц, являющихся держателями специальных среднесрочных казначейских обязательств. Данные расходы включаются в сумму комиссионного вознаграждения, оплачиваемую эмитентом агенту в соответствии с агентским соглашением.
      105. Периодичность выплаты вознаграждения по специальным среднесрочным казначейским обязательствам - полугодовая. Выплата вознаграждения держателям специальных среднесрочных казначейских обязательств осуществляется в течение двух рабочих дней с даты выплаты в тенге по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату выплаты вознаграждения.
      Операции со специальными среднесрочными казначейскими обязательствами прекращаются за два рабочих дня до выплаты вознаграждения и возобновляются по истечении двух рабочих дней с даты выплаты вознаграждения.
      106. Расчетная база для исчисления суммы купона по специальным среднесрочным казначейским обязательствам - 30 дней в расчетном месяце/360 дней в расчетном году.
      107. Сумма купона определяется следующей формулой:

      S=N*C*180/360

      где,
      S, тенге - сумма купона специальных среднесрочных казначейских обязательств, подлежащего очередной выплате,
      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества специальных среднесрочных казначейских обязательств, подлежащего очередной выплате по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату выплаты вознаграждения,
      С, % - ставка купона.
      108. За два рабочих дня до даты выплаты вознаграждения депозитарий формирует список держателей, имеющих право на получение вознаграждения, и направляет эмитенту сведения об общей сумме в долларах США, подлежащей выплате вознаграждения.
      109. В день выплаты вознаграждения до 16.00 часов времени города Астаны эмитент переводит деньги на позицию депозитария в сумме, указанной в сведениях о предстоящей выплате вознаграждения, в тенге по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату выплаты вознаграждения.
      110. В день выплаты вознаграждения до 17.00 часов времени города Астаны депозитарий согласно списку, сформированному в соответствии с пунктом 108 настоящих Правил, переводит деньги, поступившие от эмитента, депонентам.
      111. Депонент в течение двух рабочих дней с даты выплаты вознаграждения осуществляет выплату вознаграждения держателям специальных среднесрочных казначейских обязательств.
      112. Погашение специальных среднесрочных казначейских обязательств осуществляется в течение двух рабочих дней с даты погашения специальных среднесрочных казначейских обязательств по номинальной стоимости в тенге по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату погашения.
      113. Регистрация сделок со специальными среднесрочными казначейскими обязательствами прекращается за два рабочих дня до даты погашения специальных среднесрочных казначейских обязательств.
      114. За два рабочих дня до даты погашения депозитарий формирует список держателей, имеющих право на получение денег при погашении, и направляет эмитенту сведения об общей сумме в долларах США, подлежащей погашению.
      115. В день погашения до 16.00 часов времени города Астаны эмитент переводит деньги на позицию депозитария в сумме, указанной в сведениях о предстоящем погашении, в тенге по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату погашения.
      116. В день погашения до 17.00 часов времени города Астаны депозитарий согласно списку, сформированному в соответствии с пунктом 114 настоящих Правил, переводит деньги депонентам и одновременно списывает с субсчетов держателей погашаемые специальные среднесрочные казначейские обязательства.
      117. Депонент в течение двух рабочих дней с даты погашения осуществляет перевод денег в погашение специальных среднесрочных казначейских обязательств.";
      дополнить приложениями 1 и 2 следующего содержания, согласно приложениям 1 и 2 к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Mинистр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение 1       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 1 сентября 2009 года № 1295

Приложение 1       
к Правилам выпуска, размещения,
обращения, обслуживания и погашения
государственных казначейских
обязательств Республики Казахстан

                                   ________
                         ЗАЯВКА № |________|
    на приобретение государственных специальных среднесрочных
           казначейских обязательств Республики Казахстан

      Настоящим заявитель сообщает о намерении приобрести государственные специальные среднесрочные казначейские обязательства Республики Казахстан (НИН ________________) (далее - облигации).
                            ___________
1. Дата заполнения заявки  |___________|
                            ___________
2. Время заполнения заявки |___________|
                     _____________________________________________
3. Ф.И.О. заявителя |_____________________________________________|
            (в соответствии с документом, удостоверяющим личность)
                            ___________
4. Дата рождения заявителя |___________|

5. Документ, удостоверяющий личность
_______________________________            ____________________
|_______________________________|          |____________________|
    (наименование документа)                       (номер)
_______________________________            ____________________
|_______________________________|          |____________________|
     (дата выдачи документа)                (кем выдан документ)
                  _______________________________
6. РНН заявителя |_______________________________|
                                       ______________________
7. Адрес постоянного места жительства |______________________|
                                              _______________
8. Количество приобретаемых облигаций (штук) |_______________|
                                              _______________
9. Сумма заявки (тенге)                      |_______________|

10. Продавец: Министерство финансов Республики Казахстан, выступающее через агента
                       ________________
11. Подпись заявителя |________________|
_________________________________________________________________

Подпись сотрудника
принявшего заявку _______________________/_______________________
                         (подпись)              (Ф.И.О.)

Приложение 2       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 1 сентября 2009 года № 1295

Приложение 2       
к Правилам выпуска, размещения,
обращения, обслуживания и погашения
государственных казначейских
обязательств Республики Казахстан

Комиссионное вознаграждение, выплачиваемое агенту

Объем размещения, в тенге

Комиссионное
вознаграждение

от

до

%

50 000 000

700 000 000

6,50

700 000 000

1 000 000 000

1,90

1 000 000 000

5 000 000 000

1,80

5 000 000 000

10 000 000 000

1,70

от 10 000 000 000 и выше

1,60