"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 21, 200-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
"
14. |
Фосфориттер |
Гиммельфарбское кен орны |
Жамбыл |
Орталық координаталары |
Өндіру |
43о32' 69о33' |
".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов