Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 1398 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-жолмен толықтырылсын:

"

68.

"Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ акциялар пакетінің 100 %

";

      "Магистралдық мұнай құбырлары" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жолдағы 2-баған "("Өзен" БМАС-тан (0 км.) Ресей Федерациясының шекарасына дейін (1237,4 км.) ұзындығы 1237,4 км.)" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 14-жолдағы 2-баған "(Ресей Федерациясының шекарасынан (214,7 км.) "Павлодар" БМАС-қа дейін (437,3 км.) ұзындығы 222,6 км.)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Атом энергиясын пайдаланатын объектілер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

"

2.

"Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" РМК "Геофизикалық зерттеулер институты" ЕМК Бурабай геофизикалық обсерваториясының филиалы (Бурабай кенті)

";

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ЕМК - еншілес мемлекеттік кәсіпорын".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2009 года № 1398

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 31, ст. 330) следующие дополнения:
      в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе "Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты" дополнить строкой, порядковый номер 68, следующего содержания:
"

68.

100 % пакета акций АО "Национальный центр космических
исследований и технологий"

                                                                  ";
      в разделе "Магистральные нефтепроводы":
      в строке, порядковый номер 3, графу 2 дополнить словами "(от ГНПС "Узень" (0 км.) до границы с Российской Федерацией (1237,4 км.) протяженностью 1237,4 км.)";
      в строке, порядковый номер 14, графу 2 дополнить словами "(от границы с Российской Федерацией (214,7 км.) до ГНПС "Павлодар" (437,3 км.) протяженностью 222,6 км.)";
      в разделе "Объекты использования атомной энергии" дополнить строкой, порядковый номер 2, следующего содержания:
"

2.

Филиал геофизической обсерватории Боровое ДГП "Институт
геофизических исследований" РГП "Национальный ядерный центр
Республики Казахстан" (поселок Боровое)

                                                                  ";
      Примечание: расшифровку аббревиатур дополнить строкой следующего содержания:
      "ДГП - дочернее государственное предприятие".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов