"Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 1404 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы  Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Астанада 2008 жылғы 17 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа (бұдан әрі - Шарт) адалдығын растай отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Шарттың 12-бабы мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Шартта көзделген ережелерді кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында Уағдаласушы Тараптар әрбір үш жылдық кезеңге Ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды".

2-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық интеграция жөніндегі іс-қимыл жоспарының күші жойылады.

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Шарттың 23-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      2008 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында, екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы          Қырғыз Республикасы
             үшін                            үшін

      Осымен, 2008 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                             Б. Пискорский

О проекте Закона Республики Казахстан "О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о союзнических отношениях между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой от 25 декабря 2003 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года № 1404

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о союзнических отношениях между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой от 25 декабря 2003 года".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Закон Республики Казахстан

О ратификации Протокола о внесении изменений
в Договор о союзнических отношениях между
Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой
от 25 декабря 2003 года

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений в Договор о союзнических отношениях между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой от 25 декабря 2003 года, подписанный в Астане 17 апреля 2008 года.

      Президент
      Республики Казахстан

Протокол о внесении изменений
в Договор о союзнических отношениях
между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой
от 25 декабря 2003 года

      Республика Казахстан и Кыргызская Республика, далее именуемые Договаривающимися Сторонами,
      подтверждая приверженность Договору о союзнических отношениях между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой от 25 декабря 2003 года (далее - Договор),
      договорились о нижеследующем:

Статья 1

      Изложить статью 12 Договора в следующей редакции:
      "В целях поэтапной реализации положений, предусмотренных настоящим Договором, Договаривающиеся Стороны на каждый трехлетний период принимают Планы мероприятий по сотрудничеству".

Статья 2

      После вступления в силу настоящего Протокола План действий по экономической интеграции между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой, являющийся неотъемлемой частью Договора, утрачивает силу.

Статья 3

      Настоящий Протокол временно применяется с даты подписания и вступает в силу в порядке, предусмотренном статьей 23 Договора.
      Совершен в городе Астана 17 апреля 2008 года в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском, кыргызском и русском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.
      В случае возникновения разногласий при толковании положений настоящего Протокола, Договаривающиеся Стороны будут обращаться к тексту на русском языке.

      За Республику Казахстан          За Кыргызскую Республику